Студопедия — Сiмдiктердi қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңы туралы түсінік.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сiмдiктердi қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңы туралы түсінік.






Осы Заң өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған.

Жалпы ережелер. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi.

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) Арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) – тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын кейiннен кәдеге жарату немесе жою арқылы қауiпсiз сақтауға арналған сақтау орындары;

2) арнаулы техника – пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдануға арналған құрылғы және (немесе) жабдық;

3) ауыл шаруашылық мақсатындағы объектiлер - ауыл шаруашылық және өзге де жерлер, өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiруге, сақтауға және қайта өңдеуге арналған астық сақтау орындары, көкөнiс сақтау орындары, қоймалар, ашық алаңдар, өндiрiстiк және өзге де үй-жайлар;
4) ерекше қауiптi зиянды организмдер – оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейiм, экономикалық, экологиялық залал келтiретiн және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне енгiзiлген зиянкестер мен өсiмдiктер аурулары;
5) зиянды организмдер – топыраққа, өсiмдiкке және ауыл шаруашылық өнiмiне терiс әсер ететiн зиянкестер, арамшөптер және өсiмдiктердiң аурулары;
6) зиян тигiзудiң экономикалық шегi – зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң ысырабын туғызатын, фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудi қажет ететiн саны;
7) өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау (мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау) – уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;
8) өсiмдiктердi қорғау – өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдерден ысырабын болғызбау мақсатымен фитосанитариялық мониторинг әдiстерiн, фитосанитариялық iс-шараларды әзiрлеуге және практикада қолдануға бағытталған қызмет саласы;

9) өсiмдiк шаруашылығы өнiмi – халықтың - тамақ өнiмдерiне, мал шаруашылығының–жемшөпке және өнеркәсiптiң шикiзатқа деген қажеттерiн қанағаттандыруға арналған өнiм;

10) пестицидтер (улы химикаттар) – зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ егiндi жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсiру және өсiмдiктердiң өсуiн реттеу үшiн пайдаланылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар;

11) пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру – тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға, жоюға бағытталған iс-шаралар;

12) пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тipкeу – препараттарды биологиялық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалау процесiн аяқтайтын рәсiм, оның нәтижесi бойынша жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында оларды Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасына сәйкес қолдану құқығына тiркеу куәлiгi берiледi;

13) пестицидтердiң (улы химикаттардың) бастапқы компоненттерi – пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiруге арналған химиялық және басқа да заттар;

14) пестицидтердiң (улы химикаттардың) қалдық мөлшерi – өсiмдiк шаруашылығы өнiмi мен қоршаған орта объектiлерiндегi пестицидтер (улы химикаттар) құрамының мөлшерлiк көрсеткiшi, олардың адам мен жануарларға қауiпсiздiгi осы көрсеткiш арқылы бағаланады;

15) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау) – бастапқы компоненттердiң негiзiнде пестицидтер (улы химикаттар) дайындаудың технологиялық процесi;

16) пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмi – Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлiп тiркелген пестицидтер (улы химикаттар) тiзбесi;

17) өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) – өсiмдiктердi қорғау саласындағы басшылықты және мемлекеттiк саясатты iске асыруды, сондай-ақ өз өкiлеттiгi шегiнде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

18) фитосанитариялық ахуал – ауылшаруашылық мақсатындағы объектiлердiң зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң санымен және зиян тигiзуiмен анықталатын қалыптасқан жай-күйi;

19) фитосанитариялық болжам – фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудiң мерзiмдерi мен көлемдерiн жоспарлау мақсатында зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң ықтимал таралуы мен дамуы дәрежесiн алдын ала айқындау;

20) фитосанитариялық мониторинг – зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердi зерттеудi, байқауды, олардың дамуы мен таралуын есепке алуды, сондай-ақ осылардың негiзiнде фитосанитариялық болжам әзiрлеудi қамтитын iс-шаралар жүйесi;

21) фитосанитариялық нормативтер – фитосанитариялық iс-шаралар көлемiн анықтау үшiн пайдаланылатын белгiленген шамалар параметрлерi;
22) фитосанитариялық iс-шаралар – зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң саны мен зиян тигiзуiн азайтуды қамтамасыз ететiн шаралар кешенi.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.06 №209, өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.17 №188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 №189-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.10 №383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 715. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия