Студопедия — Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар






Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бөтен текті түр - Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасында жоқ, пайда бола қалған жағдайда елеулі экономикалық және экологиялық залал келтіруі мүмкін жәндіктің, өсімдік ауруларын қоздырушының және арамшөптің түрі;

2) жерсіндіру-карантиндік көшеттіктер – импорттық отырғызылатын және тұқымдық материалдағы карантинді объектілердің және басқа да ерекше қауіпті зиянды организмдердің жасырын жұғуын анықтау үшін арнайы жабдықталған көшеттіктер;

3) импорттық карантиндік рұқсат – карантинге жатқызылған өнімді уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат беретін құжат;

4) карантинге жатқызылған өнім - өздері арқылы карантинді объектілерді таратуы мүмкін кез келген материалдар (жүктер);

5) карантинді аймақ - карантинді объектінің анықталуына байланысты белгіленген тәртіппен карантинге жатқызылған деп жарияланған аумақ;

6) карантинді объект - бекітілген карантиндік түрлер тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп;
7) карантинді объектінің таралу ошағы - карантинді объект анықталған және өсімдік карантині жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылуға тиіс немесе жүзеге асырылып жатқан аумақ;

8) карантиндік сертификат - мемлекет ішінде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;
9) карантиндік шара - Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілердің енуін немесе таралуын болғызбауға бағытталған рәсім;

10) өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган)–өсімдіктер карантині саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар–карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою, залалданған, карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын залалсыздандыру және тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған мемлекеттік іс-шаралар жүйесі;
12) өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын – Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын мемлекеттік кәсіпорын;

13) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау – өкілетті орган жүзеге асыратын, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың және Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын тексеру жөніндегі қызмет;
14) өсімдіктер карантині (фитосанитариялық қорғау) – Қазақстан Республикасының өсімдік ресурстары мен өсімдіктен алынатын өнімін карантинді объектілерден қорғауға бағытталған, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
15) фитосанитариялық бақылау бекеті – шекара және кеден пункттері аумағында (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізетін пункттер) орналасқан, уәкілетті орган ведомствосының өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған бөлімшесі;
16) фитосанитариялық сертификат – карантинге жатқызылған экспорттық өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;
17) фитосанитариялық тәуекелді бағалау - қолданылуы мүмкін фитосанитариялық шараларды ескере отырып, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен уәкілетті орган жүргізетін, карантинді объектілердің ену, орнығу немесе таралу ықтималдығын және осыған байланысты болатын әлеуетті биологиялық және экономикалық зардаптарды ғылыми негізделген бағалау;

18) фумигациялық отрядтар - карантинге жатқызылған өнімді уәкілетті органның нұсқамаларына сәйкес немесе жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша газбен дезинсекциялау әдісімен залалсыздандыруды жүзеге асыратын, өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорынның бөлімшелері.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда – ҚР 2009.07.17. №189-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 601. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия