Студопедия — Quot;Алаш" газеті
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Quot;Алаш" газеті






XX ғасырдың басында қазақ халқы Ресей орталығының жүргізген отарлық саясатының қанауы мен езгісінен әбден жаншылып, жєбірленудің шегіне жетті. Сол қысылтаяң уақытта көш бастар көсемдердің көп алдына шығуы, олар дүниеге әкелген басылымдардын қазақ ұлтының көкейіндегісін дөп басуы заңды құбылыс болатын. Міне, осындай "Қазақ" газетінің ықпал-әсерінен елдік мұратты ту етіп дүниеге әкелген "Сарыарқа" газеті еді. «Буржуазияшыл –ұлтшылардардың үні» деген атақ тағылып келген басылым Семей қаласында 1917-1918 жылдарда шығып тұрған."Сарыарқа" газеті — қазақтың ұлттық қоғамдық-саяси жүйесіне тың серпіліс, жаңа леп әкелген басылым. "Сарыарқа" газеті қазақ баспасөз тарихында бағзыдан жетіп, үзіліп қалған мемлекеттік, ұлттық билік үрдістерді жаңа дәуірге сәйкес үйлестіріп, сабақтастырған, ұлттық автономия құруды кең насихаттаған, сол арқылы дербес саяси елге айналуға үлес қосқан жєне Алашорда үкіметінің органы болды. «Сарыарқаны» басқарған - Халел Ғаббасұлы, жазушылары: Ермекұлы, Бөкейханұлы, Тұрғынбайұлы, Райымжан Марсекұлы сынды қазақ оқығандары атқарды. Газет тілшілері Ә. Бөкейханов, Х.Ғаббасұлы, Ж.Аймауытұлы, Т.Құнанбайұлы, М. Тұрғанбайұлы, Ж. Аймауытұлы, Манан Тұрѓанбайұлы, Биахмет Сєрсенұлы, Мұхтар Әуезұлы, Әлімхан Ермекұлдарының көтерген мәселелері, жазған тақырыптары сан алуан. Халыққа газет-журнал, кітап тарату мақсатын көздеп Семей облысының қазақ құрылтайында ашылған "Теңдік" серіктігі "Сарыарқаны" бастыру міндетін өз мойнына алды, "Теңдік" серіктігіне кірем деушілер жарнасын төлеп мүше болды. "Сарыарқа" газетіндегі қозғалған басты-басты мәселелер: "Оқу-ағарту", "Әдеби-мәдени", "Әлеуметтік шаруашылық", "Милиция құру", "Босқын қазақ-қырғыздарға көмек", "Әйел теңдІгі", "Жер туралы", "Сайлау туралы", "Әскер қызметі туралы", "Бүкіл ресейлік Құрылтайға даярлық", "Автономия шарттары", т.т.

Сарыарқаның» көтерген мәселесі: Алашорда өкіметін құру, қазақ мемлекетін жасау, жолаған елдікті қайта орнықтау болды. Сондай-ақ Алашорданың Семей тобының саяси бағдарламасы да осында басылды. Ең бастысы сол кездегі қазақ қайраткерлерінің іс-қимылдапрымен де осы газеттен танысуға болатын еді.

30-шы жылдары М.Әуезовке «алашордашыл», «буржуазиялық ұлтшыл» деген ат қойып, айдар тағып,қудалаған кездегі оған таңылған айып-Алашорда баспасөзімен тығыз қатынаста болғандығы еді. «Ұлтшыл алашордашылардың тілі болды» деп қараланып келген «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш», «Бірлік туы» газеттері, «Абай» журналы туралы ақиқат пікір енді-енді айтыла бастады. Кеңес өкіметі жылдарында ол басылымдар жайында жұмған аузымызды ашпауға тырыстық, ал айтсақ тек «Ұлтшыл газет-журналдар» ретінде кінәлауға мәжбүр болдық. Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол,тайғақ кешу» романында алашорда баспасөзі жайлы нақтылы деректер келтірілген. «Әр жерде-ақ газет шығара бастады. Семейде «Сарыарқа» газеті, Ташкентте «Алаш» газеті, соңынан «Бірлік туы», Бөкейлікте, Астрахань қаласында «Ұран» газеті, Ақмолада «Тіршілік» газеті, Орынборда бұрынғы белгілі «Қазақ» газеті.

«Сарыарқаның» нөмірін ақтарып, жобалы мақалаларын, түрлі хабарларын, түрліше мағұлматтарды оқыдым... Сол 1917-1917 жылғы дүбір,ұлы майданда Семейле шыққан «Сарыарқа» газеті «Алаштың» тілі болды...» «Сарыарқа» газеті ол кезде «Алашорданың» бас үкіметінің тілі»,-деп жазыпты Сәкен Сейфуллин. Шындығында қазақ зиялыларының біразын маңына топтастырған, ел болашағы үшін күрескен газеттердің бірі әрі бірегейі осы «Сарыарқа» болатын. Газет беттерінде Алашорда үкіметінің қаулы-қарарларына, құжаттарға, алаш жаңалықтарына, ұлт бостандығын нысана еткен, жұртшылықты ғылымға, мәдениетке үндеген көптеген мақалаларға кеңінен орын берілген. Онда басылған әрбір материал рухқа толы,жұртшылықтың жүрегінде намыс үрлеп,жігер отын лаулататын пафоспен жазылады. Алаш үкіметі жарияланғаннан кейін Әлімхан Ермекұлы жазған бас мақалаға назар аударсақ,сол кездегі қоғамдық-саяси ахуалдан хабардар боламыз: «Алаш автономиясы келіп,азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ Орада тігіліп,алаш туы көтерілді.Үлкен ауылдарға қоңсы қонып,шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды:Отансыз жұрт Отанды болды.Автономия-бізге өмірлік мақсұт еді.Алыстағы жұлдыз еді.Іштегі дертті айта алмай,күрмеліп жүрген қызыл тіл бұл күнде дүние жүзін жаңғыртып,Алаш ұранын шақырып отыр. Алаш!Алаш! Көтер басты, уақыт жетті, сүртелік көзден аққан қанды жасты... «Мәдениет һәм ұлт» мақаласында семинарист Әуезовты қазақ мәдениетінің барар жері,жетер көкжиегі қатты толғандырады.Азамат тарихындағы мәдениеттің алатын орны туралы сөз қозғай келіп,мәдениеттің тұрмыспен байланыстылығы жөнінде өзіндік ой өрбітеді.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1362. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия