Студопедия — Курс жұмысын рәсімдеу және орындауға қойылатын талаптар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Курс жұмысын рәсімдеу және орындауға қойылатын талаптар






Курс жұмысы компьютер және принтерді қолдану арқылы А4 форматтағы ақ қағаздың бір бетінде бір интервал арқылы жүзеге асырылуы қажет. Шрифт – жай, кегль 14.

Курс жұмысы мәтінін теріп жазу парақ бетінде келесідей шектеулерге сәйкес жүргізілуі керек: оң жағы – 10 мм, сол жағы – 30 мм, жоғарғы жағы – 20 мм, төменгі жағы – 20 мм.

Белгілі бір терминдерге, формулаларға, теоремаларға шрифтің әртүрлі гарнитураларын қолдану арқылы көңіл аударудың компьютерлік мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат етіледі.

Жұмыстың көлемі 25-30 бет болуы керек. Жұмыстың титулдық бетін толтыру № 1 қосымшада келтірілген үлгіде жүргізіледі, онда реттік сан көрсетілмейді. Бірақ ол жұмыстың жалпы бет санына есептеледі, әрбір бетті араб сандарымен нөмірлеп, беттің төменгі жағында ортасына белгілейді. Жұмыстың барлық сөздері қысқартылмай толық жазылады. Титулдық беттен кейінгі келесі бетте жұмыстың мазмұны (№ 2 қосымша) көрсетіледі. Одан келесі беттерде мәтін жазылады. Әрбір бөлімнің мазмұны жаңа беттен бас әріптермен басталады. Бөлім мен мазмұнының арасы 15-20 мм болуы керек.

Курс жұмысының құрылымдық элементтері:

− титулдық бет;

− мазмұны;

− кіріспе;

− негізгі бөлімдер;

− қорытынды;

− колданылған әдебиеттер тізімі;

− қосымшалар.

Титулдық бет курс жұмысының ең бірінші беті болып табылады және жекелеген курс жұмысын іздегенде қажетті ақпараттың көзі ретінде қолданылады. Әр бөлім жаңа парақтан басталуы керек. Жалпы курс жұмысының парақтары кіріспеден бастап барлық бөлімдерді қамти отырып, қорытындымен қоса, қолданылған әдебиеттердің тізімінің ең соңғы парағына дейін нөмірленеді. Соңынан ретіне қарай қосымшалар қосуға болады.

Курс жұмысының соңында қолданылған әдебиеттер мына ретпен көрсетіледі:

– ресми құжаттар:

1) заңдар;

2) үкіметтің каулылары мен шешімдері;

3) нормативті-құқықтық құжаттар мен ережелер.

– алфавит бойынша монографиялар, ғылыми жинақтар, газет-журнал мақалалары және интернет сайттары.

Жазылып біткен курс жұмысы көрсетілген уақытта тексерілуге кафедраға тапсырылады. Оған курс жұмысына жетекшілік ететін оқытушылар тарапынан ескерту жасалып, қайта өңдеуге, толықтыруға қайтарылуы мүмкін. Түзетілген және қайта өңделіп, толықтырылған талапқа сай курс жұмысы оқытушыларға рецензия жазуға беріледі.

Курс жұмысы ауызша қорғалады. Оның мазмұны және ол бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруі студенттің оқыған теориялық әдебиеттер мен, зерттеп талдаған нақты мәліметтерді терең меңгергенін аңғартуы керек.

Курс жұмысының соңына студент өз қолын қойып, жұмыс жазылып біткен күнін, айын, жылын көрсетеді.

 

 

 

«Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасы

 

 

«Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу» пәнінен

 

(тақырыптың атауы)

 

тақырыбы бойынша

 

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1360. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия