Студопедия — Лекция мазмұны. Инвестициялардың тиімділігі инвестициямен байланысты шығындар мен нәтижелердің қатынасын көрсететін және бір
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция мазмұны. Инвестициялардың тиімділігі инвестициямен байланысты шығындар мен нәтижелердің қатынасын көрсететін және бір






Инвестициялардың тиімділігі инвестициямен байланысты шығындар мен нәтижелердің қатынасын көрсететін және бір инвестициялардың басқаларына қарағандағы экономикалық артықшылықтары туралы айтуға болатын көрсеткіштер жүйесімен сипатталады. Инвестициялардың тиімділік көрсеткіштері келесі белгілер бойынша жіктелінеді:

Инвестициялардың экономикалық тиімділігінің критерийі көрсеткіші бойынша:

- абсолютті, бұл жерде жалпылайтын көрсеткіштер жобаны жүзеге асырумен байланысты нәтижелер мен шығындардың құндық бағалары арасындағы айырма ретінде анықталады;

- қатысты, бұл кезде жалпылайтын көрсеткіштер жоба нәтижелерінің құндық бағаларының оларды алуға кеткен жиынтық шығындарға қатынасы ретінде анықталады;

- уақытша, онымен инвестициялық шығындардың өтелу мерзімі бағаланады.

Әртүрлі уақытта болатын ақша шығындары мен нәтижелерді салыстыру әдісі бойынша:

- статикалық, бұл кезде әртүрлі уақыт сәттерінде пайда болатын ақша ағымдары бірдей бағалы болып бағаланады;

- динамикалық, бұл жерде жобаны жүзеге асырумен байланысты ақша ағымдары әртүрлі уақытта болатын ақша ағымдарының салыстыруын қамтамасыз ете отырып, олардың дисконтталуы арқылы эквиваленттік негізге келтіріледі.

Статикалық әдістер деп есептік бағаларға негізделген әдістерді атайды, ал динамикалық әдістер деп дисконтталған бағаларға негізделген әдістерді атайды.

Статикалық әдістер тобына инвестициялардың өтелу мерзімі (Payback Period, PP) және инвестициялардың тиімділік коэффициенті (Accounting Rate of Return, ARR) әдістері жатады.

Инвестициялық жобаларды бағалаудың кең тараған статикалық көрсеткіші өтелу мерзімі болып табылады.

Жобаның өтелу мерзімі – бұл эксплуатациядан түскен табыстар бастапқы инвестицияларға тең болған (капиталдық шығындар және эксплуатациялық шығындар) кезде объектіні жүзеге асыру сәтінен бастап оны пайдалану сәтіне дейінгі кезең болып табылады. Жобаны статистикалық қаржылық бағалаудың тағы бір көрсеткіші инвестициялардың тиімділік коэффициенті (Account Rate of Return немесе ARR) болып табылады. Берілген коэффициент пайданың есептік нормасы немесе жоба рентабельділігінің коэффициенті деп аталады.

Инвестициялық жобаларды бағалаудың динамикалық әдістеріне таза ағымды құн (Net Present Value, NPV), инвестициялардың рентабельділік индексі (Profitability Index, PI), ішкі рентабельділік нормасы (Internal Rate of Return, IRR), модификацияланған ішкі рентабельділік нормасы (Modified Internal Rate of Return, MIRR), инвестицияның дисконтталған өтелу мерзімі (Discounted Payback Period, DPP) жатады.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1220. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия