Студопедия — Дәріс 1. Кіріспе 1 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс 1. Кіріспе 1 страница






1тақырып Философия, оның пәні және функциясы

1. Философияның пәні: Дүние және Адам

2. Дүниеге көзқарастың формалары және типтері.

3. Философияның негізгі сауалының проблемалары және тарихи қалыптасуы. Философиялық білімнің тарихи типтері.

4. Философияның негізгі функциялары. Философиялық білімнің құрылымы.

 

Адам мәселесі философияның "мәңгі" шешіп келе жатқан және шешіле бермек мәселелер қатарына жатады. Өткен дәуірлердегі философиялық шығармалар мен бүгінгі заманымыздағы ізденістерді қамтитын әдебиеттерге зер салсақ, олардың көпшілігі адам туралы, немесе адамға қатысы бар дүниелер туралы ой қозғайтынын аңғарар едік. Ол түсінікті де, өйткені адамға қатысы жоқ қандай философия болмақ?

Адам өмірінің кұндылығы мен мәні, тағдыры мен мақсаты, бас бостандығы, қоғамдағы орны, рухани дүниесі мен көзқарасы туралы сан қилы сауалдар төңірегінде философия тарихында әр түрлі пікірлер, ойлар, ізденістер толастамады. Дәуіріне сай ғылым мен қоғам дамуының жетістіктерін бойына сіңірген философиялық ағымдар пайда болды. Адам мәселесі, "мәңгі" мәселе болуымен қатар мәңгі жаңа мәселе, өйткені бір кезде қойылған мәселелерді басқа тарихи жағдайда дүниені басқаша түсініп, басқаша ойлайтын адамның шешуіне тура келеді. Әсіресе, адамзат дамуының өтпелі, күрделі кезеңдерінде осы мәселе қайта жанданып өзінің маңызын арттыра түседі. Қоғамдық қатынастардың шиеленісуі, ғылым мен техниканың дамуы, рухани-саяси, экологиялық даңдарыстардың өрбіп-өршуі, жалпы айтқанда қандай да болсын даму процестерінің сипаты өзгеріп отырған кезде, адам мәселесі туралы түсінігіміз де басқаша болмақ.

ХХ ғасырдың соңында адамзаттың қуат-күшінің құдіреті артып отырған кезеңде баршаның, жеке адамның тағдыры сол адамның қолында, оның ой-санасының деңгейіне, рухани қабілетіне байланысты екендігі айқын көрініс тауып отыр. Аңызға сүйенсек, грек ойшылы Диоген қолына шырақ алып Афинаның күн сәулесіне шомылған көшелерінен бір нәрсе іздеп жүрсе керек. Не іздеп жүрсің деп сұрағандарға: Адамды іздеп жүрмін деген екен. Әрине, Диоген тірі адамды іздеп жүрмеген, "адамдықты" яғни адамның мәнін іздеген. Міне осы адамды адам қылып тұрған басты қасиеті туралы әр түрлі пікірлер бар. Қандай да болмасын бір құбылысты түсінудің дағдылы екі әдісі бар. Бірінші әдіс бойынша қарастырып отырған құбылысты одан тыс басқа құбылыспен салыстыру, яғни "сыртқы" дүниелермен, табиғатпен, қоғаммен қатынасына көңіл аударылады. Ал екінші әдіс бойынша адамның "ішкі" дүниесіне, жан сезіміне, рухани қасиетіне мән беріледі.

Адамды осылай бөліп қарастыру, яғни адамның табиғи-биологиялық жағын әлеуметтігіне қарсы қою біржақтылыққа ұрындырады. Адам - биоәлеуметтік жан. Философия тарихында адам мәселесін осы екі факторға бірдей сүйене қарастырған қағидалар болған.

Әрине, осы мәселеге тарихи тұрғыдан қарап, өткендегі философиялық ізденістердің жетістіктерін сақтап пайдалану керектігі күмән туғызбайды.

Ұсынылып отырған шағын оқу құралының бірінші бөлімінде философиялық ойдың алғашқы кезеңінен бастап, жаңа заман философиясы аралығындағы адам мәселесі қамтылған. Осы оқу құралына кірмеген философиялық кезеңдердегі адам туралы ізденістер келесі бөлімде жалғасын табады деп сендіреміз.

 

Әдебиеттер:

1 Алтай Ж. Философия тарихы:оқулық/Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетәли.-2-шi басылымы.-Алматы:Раритет.-2006.-310 б.

2 Байтенова Н. Ж. Философия:учебник для студ. вузов/КазНУ им. аль-Фараби; сост. Н. Ж. Байтенова.-Алматы:Қазақ университетi.-2006.-390 с.

3 Нысанбаев Ә. Философия тарихы/[ғылыми ред. Ә. Нысанбаев; құраст.: Ә. Нысанбаев, Ғ. Құрманғалиева; аударғандар: Д. Раев, А. Құлсариев].-Астана:Аударма.-2006.-484 б..-(Мәдени мұра)

 

2 Тақырып Шығыс мәдениетіндегі философия феномені

1.Шығыс мәдениетіндегі философия. Көне үнді философияның шығуы және кезендері

2. Көне үнді философияның мектептері

3. Көне Қытай философиясы. Мифологиялық сананың ерекшелігі “Өзгерістер кітабындағы” алғашқы филофиялық көзқарастардын элементтері.

4. Көне Қытай философиясының дәстүрлі мектептері. Даостық философияның жалпы сипаттамасы.

Ең көне философиялық ілімдердің бастаулары ежелгі шығыс мемлекеттерінде Вавилон мен Мысырда, Қытай және Үндіде пайда болды. Европалық пиғыл бойынша бүкіл адамзат өркениетінің бастауын гректерден, христиан ілімінен іздеу керек деген бір жақты түсінік қалыптасып қалған. Шындығында, философия тарихшысы Диоген Лаэртский, философиямен бірінші болып айналысқандар деп вавилондықтарды, египеттіктерді, парсыларды атайды. Мысырлықтар өзінің қарапайым философиясында құдайлар, адамдар туралы толғанған.

Шумерліктердің мифологиясында адамдарды құдайлар жасаған. Шумерлердің “Гильгамеш туралы аңызында мәңгілік өмірді іздеген Урук қаласының патшасы Гильгамеш адам өмірінің мән мағынасы өмір мен өлім туралы ойланады. Ол мәңгілік өмірдің жоқтығын түсініп, адам өзінің қысқа ғұмырында іс істеп, қалдыруы керек. Мәңгілік өмір деп соны айтады. Дүние мәңгі, өлмейтін тек құдайлар, ал адам өлмек.

Қытай ежелгі мәдениеті, көне тарихы бар ел. Қытай философиясының шығу тегін ежелгі мифологиялық ой-сананың үстемдік құрған уақыттан іздестіру керек.

Қытай мифологиясында аспан мен жерді, тіпті бүкіл табиғатты құдіретті күш ретінде адам тіршілігінің қажетті ортасы деп қарастырған. Осы мифологиялық ортадан ерекше күш ретінде – Аспан (Тянь) бөлініп, бүкіл дүниені басқаратын күш деп ұғынған.

Аспан – бүкіл тіршіліктің қайнар көзі, себепшісі, сондықтан да, елдің, мемлекеттің синонимі ретінде қолданылады. Ежелгі қытайлардың түсінігі бойынша табиғи құбылыстар, адамның тыныс тіршілігі мемлекет істері барлығы да көк аспанға байланысты.

Көне Қытай мифологиясында алғашқыда дүниеде тәртіп, үйлесімділік болмаған. Осы хаос – шым-шытырық дүниеде үйлесімдік орнататын екі күш бар. Ол аспан күші Ян және жердегі күш Ин. Осы екеуінің қосылуының нәтижесінде адамдар, хайуанаттар, бүкіл дүние пайда болады.

Қытай философиясы “күресуші патшалықтар” немесе “жаулаушы мемлекеттер” дәуірінде көрініс тапты. Біздің заманымызға дейінгі VІІ-VІ ғасырда Қытай көптеген дербес патшалықтарға бөлінгені тарихтан белгілі. Олар бір-бірімен жауласуда, билік үшін таласуда болды. Міне осындай әлеуметтік саяси жағдайдың шиеленісудің кезінде, Құдіретті тәңірге аспанға сенудің негізсіз екенін халық түсіне бастады. Өмірдегі қайшылықтарды көктен іздемей, жерде, күнделікті тіршілікте екенін түсіне бастады.

Аспан тәңірінің іргесі шайқалды. Ол олма, тіпті сыни көзқарастар пайда болды. Оны, сол кездерде халық ішінде таралған мақал-мәтелдерден байқауға болады.

Міне осындай әлеуметтік өзгерістер адам санасына әсер етіп, әр түрлі көзқарастардың жіктеліп, сараласуына әсерін тигізді. Әр түрлі көзқарастарға негізделген философиялық ағымдар шыға бастады. Сол мектептердің ішіндегі беделдісі – Конфуцийшілдер мектебін айтамыз.

Қытай философиясының негізін қалаушы қытай ұлтының рухани бітім болмысын жасаушы ретінде Конфуцийдің (Кун-фу-цзы) алатын орны өзгелерден ерекше.

Көне Қытай ойшылы Конфуции (б.з.д. 551-479) діни, табиғат философиясына онша ықылас аудармай, адам қоғам мәселесімен айналысқан. «Лунь-Юй» атаулы шығармамен (шәкірттері құрастырған) танысқанда адамның бойында бір біріне тәуелді бес қасиет болуы шарт. Олар: «жэнь» – адамгершілік, сүйіспеншілік; «синь» – сенім, адалдық; «и» – міндет, әділдік; «ли» - әдет-ғұрып; «чжи» - ақыл, білім. Осы қасиеттерді бір сөзге біріктірсек ол «жэнь» – Конфуции этикасының өзегі. Адамға деген сүйіспеншілікті кең мағынада түсінбеу керек. Әр адамның қоғамда өзіне тиісті орны бар. Жоғарыда айтылған қасиеттерді жүзеге асыру білімге негізделеді. Білім деп Конфуции теориялық білімді емес, практикалық маңызы бар білімдерді айтады. Білім әдет-ғұрып ережелері арқылы орындалады., Әдет-ғұрып ережелерін іске асырудың бір шарты ата-бабалар аруағына сиыну. Әдет-ғұрыптың текті «ізгі ниетті ерлер» ойдағыдай орындай алады, ал қарапайым адамдар тек өздерінің пайдасын ойлаудан аспайды. Жалпы, Кун-фу-цзы тәлімділік өсиеттерге негізделген адамның бейнесін жасады. Адамдарды екі тобының «цзюнь-цзы» мен «сяо-жэньнің» әлеуметтік бейнесі бір біріне қарама-қарсы. Бірінші: міндет пен заңға бағынады, екіншісі өз пайдасын ойлайды. Бірінші өзіне талап қояды; екінші басқаларға талап қойғыш. Біріншісі басқа адамдармен келісімді өмір сүре отырып оларға ермейді, екінші басқаларға ере отырып олармен келісті өмір сүрмейді. «Ізгі ниетті адамның» өмірі бір функциямен шектелмейді, ол жан-жақты жетілген адам. Жетілген адам қайырымды бола тұрып ысырапшыл емес; еңбекке ықтиярсыз көндіру арқылы адамдардың ашуын шақырмайды; ұлық бола отырып кішік; құрмет көре отырып, қатыгез емес. Міне жетілген адамның әлеуметтік сипаты осындай.

Конфуцидің ілімін ары қарай дамытқан Мэн-цзы (б.з.д. 372-289ж.). Ол адам туғанынан, табиғатынан қатыгез дегенге келіспейді. Ол конфуцишіл Гао-цзымен де келіспейді. Гао-цзы адамның табиғатын буырқанып ағып жатқан суға теңеген: оның жолын шығысқа ашсаң – шығысқа ағады, батысқа ашсаң – батысқа ағады. Судың ағуына батыс та шығыс та бірдей. Сол сияқты адам табиғаты қатыгез де, қайырымды да емес. Мэн-цзы осыған қарсы пікір айтады. Су қайда ақсада төменге ағады. Адамның да табиғаты солай. Адамның табиғаты қайырымдылыққа, жақсылыққа ынталы. Адамды қатыгез қылатын ерекше жағдай: аштық, соғыс, жұт. Конфуцидің жолын ұстаған ойшыл Сюнь-цзының пікірінше, адам табиғатынан қатыгез. Дүниеқұмарлық адамға туа біткен қасиет. Егер адам табиғатынан қайырымды болса тәрбиенің, заңның, әдет-ғұрыптың, тіпті мемлекеттік биліктің қажеті не? Оның барлығы бар. Адамды бір біріне келістіретін қоғамдық өмір дейді Сюнь-цзы.

Қытай философиясының келесі беделді мектебі – Даосизм. Даосизмнің негізін қалаушы Лао-цзы деген жорамал бар. Даостардың негізгі мәселесі адам емес – болмыс, табиғат. Дао ұғымы – алғашқы негіз, бейнесіз, шексіз, затсыз, барлық заттардың қайнар көзі, тегі. Барлығы даодан шығады және соған барады. Дао – бүкіл болмыстың, соның ішінде адамның өмір жолы. Барлық тіршілік соған бағынады, ал дао жолынан тайған кезде адам бақытсыздыққа ұрынады. Даостар адам табиғатын жетілдіруге қарсы келмейді, бірақ қоғамның әсерін мойындамайды. Адам табиғатпен келісімді қатынаста болған жағдайда, шектен шықпай оның заңдылықтарымен санасып өмір сүре алады. Ол үшін өзің мен өзің бола білу керек. Адамның табиғилығын бұзбау – даосизмнің негізгі принципі.

Үндістан – адамзат ­­­өркениетінің бір ошағы. Көне Үнді философиясының бастауы – Ведалар – біздің заманымызға дейінгі үшінші және бірінші мыңжылдықтардың аралығында шығып рухани мәдениеттің, соның ішінде философияның дамуына орасан зор әсер етті.

Ведалар санскриттен аударғанда «білім, ілестіру» деген мағынаны білдіреді. Ведалар – алғашқы діни көзқарастар, дүние, адам туралы алғашқы философиялық ойлар. Ведалар төрт жинақтан тұрады. Олардың ең көнесі – Самхиттер (ән-ұрандар). Самхиттер де төрт жинақтан тұрады. Олар: Ригведа, Брахмандар, Араньяктар, төртінші философиялық жинақ – Упанишадтар. Осылардың ең көнесі – Ригведа. Ригведада үш мың құдайдың аты аталған. Адамды құдай тұдырған, жасаған. Адам тірі табиғаттың бір бөлігі. Жануарлар, өсімдіктердің адамдардан айырмашылығы аз, өйткені оларда да тән мен жан бар. Тән өледі, жан мәңгі. Тән өлгенмен жан өлмейді. Жан басқа бір тәнге көшеді. Осындай көшу, басқа жанға айналуды “сансара” деп атайды. Жанның басқа тәнге өтуі, адамның мінез құлқымен тығыз байланысты. Құдайға құлшылық етіп, құрбандық шалып, яғни дхарма ережесін бұлжытпай орындаған адам жоғарғы варнаға айналады. Варна – жік, тап, әулет деген мағынаны білдіреді. Көне үнділер төрт варнаға бөлінген. Олар: брахмандар, кшатрилер, ваишьялар және шудралар. Әр варнаның қоғамдағы бекітілген өз орны бар, олар бір-біріне өте алмайды. Осы әлеуметтік жіктеу веда әдебиетінен алынған. Ригведаға сүйенсек адам Пурушадан шығады. Үнді мифологиясында Пуруша деп “әлем – адамды” айтады. Пурушаның аузынан – брахмандар, қолынан – кшатрилер, жамбасынан – ваишьялар, аяғынан – шудралар жаралса керек. Әр варнаның өзінің “дхармасы” бар. Осы заңдылықты дұрыс орындамасан, төменгі варна болып, қайта туасын. Упанишадтағы негізгі мәселесі – адам мәні, мәнез-құлқы, психикасы.

Адам психикасының құрылымының күрделілігін зерттей отырып, оның элементтерінің яғни сананың, еріктің, жадтың арасындағы өзара байланыстарға ерекше мән береді. Болмыстың алғашқы негізі рухани бастауы – Брахман, немесе Атман. Брахман мен Атман синоним ретінде қолданылғанмен, кейде Брахманды құдай, ал Атманды жан деп те қарастырады. Упанишадтың кейбір үрдістерінде Брахман және Атман табиғат пен адамның бейнесіз рухани негізі деп түсіндіреді.

Адам мәселесі Будда ілімінде тереңірек қойылған. Будда ілімінің негізін қалаған Сиддхарта Гаутама. Ілім төрт ақиқаттан тұрады: 1. өмір азап, 2. Азаптың себебі бар, 3. Азаптан құтылу бар, 4. Құтылудың сегіз жолы бар. Азап деп, жер бетіндегі көрінісі өмір сияқты, алдамшы тірлікті айтады. Азаптың себебі тәннің құмарлығына, ықыласына еріп, материалдық заттың жетегінде кетуде жатыр. Бірақ одан да басқа, адамда қасиет бар. Ол рухани қасиет. Бойында рухы бар адам азаптан құтылады. Азаптан, қасіреттен құтылудың жолдары бар. Ол жолдың басы өшу, өлу емес, тәннің құмарлығына тиым салу арқылы таза рухани тірлікке – Нирванаға өту. Нирвана – санскриттен аударғанда өшу, сөну, құтылу арқылы рахат сезімге бөленуді білдіреді. Оған жеткен адамды – архат, яғни әулие, жетілген адам деп атайды. Рахат сезімге, тыныштыққа бөленудің кілті – ұстамдылық. Күнәдан арылудын жолын ұстаған адамды – “бодхисаттва” деп атайды.

Шығыс философиясы адамзат мәдениетін қалыптастыруға өздерінің үлесін қоса білді. Олардың адам мәселесі төңірегіндегі ізденісі босқа кеткен жоқ. Өткенді жоққа шығармай, сонымен бірге табынбай, еліктемей қажетке жарата білу керек.

 

Әдебиеттер:

1 Алтай Ж. Философия тарихы:оқулық/Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетәли.-2-шi басылымы.-Алматы:Раритет.-2006.-310 б.

2 Байтенова Н. Ж. Философия:учебник для студ. вузов/КазНУ им. аль-Фараби; сост. Н. Ж. Байтенова.-Алматы:Қазақ университетi.-2006.-390 с.

3 Нысанбаев Ә. Философия тарихы/[ғылыми ред. Ә. Нысанбаев; құраст.: Ә. Нысанбаев, Ғ. Құрманғалиева; аударғандар: Д. Раев, А. Құлсариев].-Астана:Аударма.-2006.-484 б..-(Мәдени мұра)

 

3 Тақырып Антикалық мәдениеттегі философия

Жоспар:

1. Антика философияның шығуы және кезендері.

2. Алғашқы негіз мәселесі Диалектиканың қалыптасуы.Элей мектебі. Софистика.

3. Классикалық кезеннің философиясы:Сократ, Платон, Аристотель, Перипатетиктер.

4. Эллин дәуірі: киниктер, эпикурліктер, стоиктер, скептиктер. Плотон және неоплотониктер.

 

Адам туралы толғаныстар грек аңыздары, гомер поэзиясы арқылы жеткен көне грек дiндерi мен космологиясының антроморфизмдық сипатынан байқаймыз.

Оған дәлел ретiнде Гомердiң “Илиада” мен “Одиссея” эпостарын қарастырайық.

Осы эпостарда адамдардың қайдан, қалай пайда болғаны туралы ештеме айтылмайды. Ондағы кейiпкерлер жартылай құдайлар, жартылай адамдар, алыптар, табиғаттың дүлей күштерi ретiнде бейнеленген. Олардың iс әрекетiнен адам қасиеттерiн табамыз. Адамдарды құдайларға қарсы қою арқылы, салыстыра келе, адамдарға лайық қасиеттердi ажыратамыз.

Құдайлар мәңгi өмiр сүрсе, адамдардың өмiрi қысқа. Олар құдайларға жалына тiршiлiк етедi. Адам тәннен, үш түрлi рухтан тұрады. Оның бiріншiсi – “псюхе” – тiршiлiктiң басы яғни жан. Рухтың екiншiсi – “тюмос” – сезiмталдық, үшiншiсi – “ноос” – ақыл. Осының алғашқы екеуiн жануарлардан, ал барлығын құдайлар мен адамдардан табамыз.

Гомерден кейiнгi мифологиялық туындыларда адам туралы мардымсыз мәлiмет сақталмаған. Грек философиясының бастапқы кезеңiнде адам космос дүниесiмен бiте қайнастыра қаралғанымен қоймай, тiптi оның шағын көрiнiсi деп есептелген.

Плутарх және Пифагордың айтуынша космос ұғымын күллi әлем түзiлiсiне алғашқы рет милеттiктер (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен) қолданған. Пифагорлықтар космосты адамға ұқсас организм деп бiлген. Ал организм дегенiмiз жаны бар болмыс. Осы болмыстан құдайдың, табиғаттың, адамның қасиеттерiн көруге болады. Алғашқы грек философтары әлемнен адамды тапса, адамнан әлемдi көре бiлген.

Алғашқы грек философтарының iлiмiнде натурфилософиялық сарын басым болды. Сол кезеңдегi рулық қоғамның ыдырауы мен құл иеленушi қоғамның қалыптаса басталуы яғни өтпелi кезең осы философтардың iлiмiне әсерiн тигiзбей қоймады. Ескi шаруашылық және саяси өмiрдiң өзгерiске ұшырауына байланысты халық бұқарасы ояна бастады. Осы кезеңде милет даналары халықты ұстамдылыққа,сабырлылыққа шақырды. Олар, өзiңдi өзiң танып бiл, мөлшерден шықпа деген ұран тастады. “Өзiңдi өзiң таны” дегенi өзiңнiң болмысыңның өмiр сүруi принциптерiн дайын күйiнде тауып отырған космостық тұтастыққа қосқан үлесiңдi таны дегенi едi. Бүкiл әлем құпия сырларға толы деген түсiнiктi грек даналары қайта қарастыра бастады. Космостан адам атына сай күштердi iздестiрдi. Грек мәдениетiнiң гүлдену барысында әлеуметтiк рухани өмiрде пiкiр таластары жанданды.

(б.з.д.) Ү ғасырдың екiншi жартысында өз iлiмдерiн дәрiптей бастаған софистер мен Сократ мектебi қалыптасты. Софистер сөз өнерiн меңгерген орақ тiлдi адамдар едi. Көне грек сөзi “софистэс” – бiлгiр, деген мағынаны бiлдiрдi. Халық жиналған жерлерде, сот мәжiлiстерiнде тыңдаушыларды нандырып, сендiру, иландыру аса қажет өнер болатын. Сондықтанда ойлай, икемдi сөйлей бiлетiн софистердiң шығуы кездейсоқ емес едi.

Олардың iлiмiндегi басты мәселе адам едi. Софистер мектебiнiң iргесiн қалаушы Протагор “Адам дүниедегi барлық заттың өлшемi, бардың бар екенiн, жоқтың жоқ екенiн анықтайды” деген қанатты сөзiмен жұртқа әйгiлi болды. Адам жан күйiн рахат сезiмге бөлейтiннiң барлығы жақсы, ал азап әкелетiннiң барлығы жаман. Жақсы мен жамандықтың өлшемi сезiмталдық деп ұқты Протагор.

Космологиялық философия адамның өмiр сүру принциптерiнiң негiзiн табиғаттың, дүние түзiлiсiнен iздесе, софистер сол өмiрдiң өзiнен iздедi. Олар өздерiнiң қызметiн ағартушылық деп ұқты. Өмiрдегi кездесетiн құбылыстардың барлығын да адам өзi тудырады деп үйреттi. Қабiлет және инабаттылық қасиеттер адамға туа бiтпейдi, жүре келе тәжiрибе жинақтау арқылы, тәрбие арқылы жетпек дедi софистер.

Әдетте, Сократты адам философиясын жасаушы дейдi. Цицеронның айтуынша Сократ философияны көктен жерге түсiрiп, қалаларға, үйлерге кiргiзiп, зұлымдық, жақсылық пен жамандық туралы ойланып-толғануды үйреткен екен.

Сократтың ықыласы адамның инабаттылық танымдық қасиетiне қойған мақсат-мүддесiн танып бiлуге ауды. “Өзiңдi өзiң танып бiл” деген нақыл сөздi ұстанған Сократ адамның мақсаты өзiнiң моральдық қасиетiн жетiлдiру үшiн еңбек ету керек деп уағыздады. Ол үшiн бiлiм алу мен қатар өзiңдi тани бiлуiң керек. “Тану” дегенiмiз - дайын ақиқатты қабылдау емес.

Адам iзденсе, өзiн сынаққа салса, өзiнiң қандай екендiгiн бiлер едi. “Мейiрiмдiлiк”, “әдiлдiк” т.б. ұғымдардың мағынасын ашу үшiн Сократ көп еңбектендi. Тiптi Сократ философияны мейiрiмдiлiк пен зұлымдықты танып бiлетiн ғылым деп түсiндi. Мейiрiмдiлiк дегенiмiз - игiлiк пайда, осыдан мейiрiмдiлiк деп нақты жағдайда не пайдалы, не ақылға қонымды болса соны танып бiлiп iске асыру деп ұқты. Егер адам жақсылықтың не екенiн бiлсе, ол ешқашанда жамандыққа жоламас едi. Жаман қылық адасумен бара бар. Ал кiм өз еркiмен адасқысы келедi дейсiң. Сондықтан да дейдi Сократ - жамандық, зұлымдық, бiлместiктiң нәтижесi, демек бiлiм – инабаттылықтың бастау көзi.

Сократ адамды жануарлар мен құдай аралық күш дейдi. Адамның iшкi рухани дүниесiне мән бере отырып Сократ оны “даймонион” деп атайды. “Даймонион” - “iшкi дауыс”- құштар көңiлдiң жақсылыққа, биiктiкке, ақиқатқа деген ұмтылысының кепiлi.

Шындығында Сократты адам туралы философияның бiр дәстүрiн, атап айтсақ жан туралы инабаттылыққа, (этикаға) қатысты дәстүрдiң бастаушысы деп бағалауымыз керек.

Софистер мен Сократ зерттеген адам болмысынан грек философтарының тағы бiр өкiлдерiнiң назары бiзге белгiлi космологиялық, метафизикалық мәселелерге ауысады. Адам туралы iзденiстер толастамай басқа принциптерге негiзделiп жалғаса бердi. Атақты грек философы Демокрит әлемдегi барлық заттар ары қарай бөлiнбейтiн қарапайым бөлшектерден – атомдардан тұрады деп түсiндi. Атомның саны көп, бiр-бiрiнен бос кеңiстiкпен бөлiнген жануарлар мен адам тәнi атомдардан құралады. Ал табиғатта жан мен ақыл бар. Табиғаттағы жан мен ақылдың алып жүрушiсi – жылылық пен от.

Жануарлардың табиғаттан айырмашылығы өз бойына жылылықты мол жинауына байланысты. Ал адам болса бойына жылылық пен отты көп жинайды. Тiршiлiк пен ақыл осы жылылық пен оттың мөлшерiне байланысты. Адам бойына жылылықты жақсы сiңiргендiктен жер бауырламай, тiк жүредi. Сондықтан адам парасатты ойлы, қабiлеттi. Адам жаны мен тәнi қалай туса солай өледi, оны құрайтын атомдар ыдырайды. О дүние жоқ, болуы да, мүмкiн емес. Демокриттiң адам туралы iлiмi осы принциптерге негiзделген. Сонымен бiрге Демокрит қоғамдық құбылыстарды табиғаттың жалғасы емес, адамдардың келiсiмiнiң нәтижесi деп түсiнген. Жоқшылықтың тауқыметiн көрген адамдар бiр бiрiне жәрдемдесе, қауымдасып өмiр сүреді. Табиғатқа елiктеу арқылы бiздер өрмекшiден – тоқу мен жамауды, қарлығаштан - баспана салуды, әншi құстар - аққу мен бұлбұлдан ән айтуды үйрендiк – дейдi Демокрит. Заңдарды адамдар шығарады. Егер адамдар өзара әдiл болған болса, заңдардың қажетi болмас едi. Адамды тәрбиелегенде оның ықтиярымен санасқан жөн. Ар-ұяттан безген адамды тәрбиелеу нәтиже бермейдi. Тәрбие мен оқып үйрену тығыз байланыста. Бiлiм алу үшiн үш нәрсе керек, олар: табиғи қабiлет, жаттығу және уақыт. Адам құдайдан көмек күтпей өз қабiлетiне сенуi керек. Азды қанағат тұтқан адам бақытты. Бақыт байлықта емес, жанның тазалығында.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 930. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия