Студопедия — Семинарлар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Семинарлар






  Апта Сабақ түрі Сағат саны Әдебиеттер
1. Семинар Тіл туралы ғылым   1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  СОЖЖ Тіл туралы ғылым    
2. Семинар Тілдің мәні   1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  СОЖЖ Тілдің мәні    
3. Семинар Фонетика және фонология   1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  СОЖЖ Фонетика және фонология    
4. Семинар Лексикология   1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  СОЖЖ Лексикология    
5. Семинар Грамматика   1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  СОЖЖ Грамматика    
6. Семинар Тілдің шығу тегі. Даму тарихы.   1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  СОЖЖ Тілдің шығу тегі. Даму тарихы.    
7. Семинар Жазу   1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  СОЖЖ Жазу    
8. Семинар Тілдердің топтасуы   1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  СОЖЖ Тілдердің топтасуы    

«Тіл біліміне кіріспе» пәні бойынша терминдерге түсініктеме (ГЛОССАРИИ)

(студенттер үшін)

1. Агглютинация (латын тілінен –жабыстыру, қабысу)- жалғаудың бір түрі; түбірге немесе негізгі сөзге бір мәнді жұрнақтардың жалғануы арқылы сөз және форма тудырудың түрі

2. Аккомодация (латын – бейімделу) – көршілес дауыстының әсерінен дауыссыз дыбыстар артикуляциясында болатын өзгерістер.

3. Акустика (есту) – физика тарауы, дыбыс туралы ілім. 2) дыбыстық акустика – жалпы акустика тарауы, дыбыстық сигнал құрылымын, дыбыстық пайда болуы мен қабылдануын қарастырылуы.

4. Акцент (латын – «екпін») – 1) екпін; 2) дыбысталудың бір ерекшелігі; 3) жеке алып ерекшелеу; 4) шетел тілдерінен енген дыбыстарды туған тіл нормаларына сай дыбыстау.

5. Алфавит –(грек алфавитінің алғашқы екі әрпі атауынан туған alpha u beta) тарихи тәртіппен орналасқан фонографиялық жазу әріптерінің жиынтығы.

6. Антонимия –(гректің anti - қарсы және onima - атау) қарама-қарсы мағыналы лексикалық бірліктер арасындағы семантикалық қатынас түрі.

7. Тілдерді ареалды жіктеу – аумақтық қарым-қатынасқа түсу негізінде, әлем тілдерін зерттеу және оларды ұқсастығына қарай жіктеу.

8. Артикуляция (латын «мүшеге бөліп айту») – дыбыстарды айту кезінде сөйлеу мүшелерінің жұмысы.

9. Ассимиляция ( латын –ұқсасу) – сөйлеу кезінде бір типтес дыбыстардың артикуляциялық ұқсасуы. (мысалы, қатаң, ұяң ұқсастығы).

10. Әріп – жазудың фонографиялық белгісі.

11. Әдеби тіл – жалпыға ортақ белгіленген нормасы мен қоғамда жоғары статусқа ие және тарихи қалыптасқан жалпыхалықтық тілдің түрі.

12. Белгі – ақиқат шындықтың кез келген құбылысын көрсетуге және ақпаратты жеткізуге арналған материалдық-идеалдық құрылым.

13. Белгілеу(тілдерді) Кодификация - тілдік норма мен қалыптардың грамматикада, сөздіктер мен анықтамаларда бекітіп жүйеленуі.

14. Валенттілік ( латын –«күш») – сөздің басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түсу қабілеттілігі.

15. Вариант (латын «өзгермелі») – тілдік бірліктің әртүрлілігі, білдірудің бір тәсілі, нақты сөйлеу бірліктерінің іске асу түрлері.

16. Генеалогия (гректің «шежіре») – тұлғалар мен құбылыстардың шығу тегі мен туыстық байланыстарын зерттейтін пән.

17. Гиперо-гипонимикалық топтар – сөздердің семантикалық өрістегі ұқсастығы мен иерархиялық байланыстылығы. Гипероним – басқа сөздердің мағынасын өзіне бағындыратын бірлік.

18. Г ипоним – сематикасы жағынан басқа сөзге тәуелді сөз.

19. Грамматика (грек «әріп, жазба») 1) грамматикалық құрылым, ереже жүйесі мен тіл бірліктерінің үйлесімді құрамы. 2) грамматикалық құрылым жайлы ілім.

20. Г рамматикалық форма – лексика тұрғысынан өзгермей, тек грамматикалық мағынасы өзгеретін лексема нұсқасы.

21. Грамматикалық класс(сөздің) - ортақ грамматикалық мағынасы және морфологиялық, синтаксистік белгілері бар лексемалар жиынтығы

22. Грамматикалық мағына – тілдік бірліктер арасындағы байланысты көрсететін жалпылама мағына.

23. Графика – алфавит әріптері мен диакритикалық таңбалардың дыбыстық тіл құрамына қатысын зерттейтін тіл білімінің саласы.

24. Денотат - сөзбен берілген зат немесе шындық құбылысы.

25. Диакритикалық белгілер - әріп оқылуындағы өзгерістер мен нақтылауларды көрсететін жазу жолы үсті, асты немесе ішіндегі таңбалар.

26. Диалект – белгілі бір аймақ шеңберінде қолданылатын тіл ерекшеліктері.

27. Диахрония – бір уақыт шеңберінде тілдің тарихи дамуы және даму үрдісінде тілді зерттеу.

28. Дивергенция – екі немесе одан да көп тілдік құбылстардың немесе тілдердің тарихи даму барысында бір-бірінен алшақтауы.

29. Диссимиляция - біркелкі немесе ұқсас дыбыстардың әр басқа немесе сәл ғана ұқсас дыбыстар болып өзгеруі.

30. Диэреза – сөз ішінде белгілі бір дыбыстың немесе буынның түсіріліп айтылуы.

31. Дыбыс – акустикалық тұрғыдан –сөйлеу мүшелерінің қатысы арқылы пайда болған ауадағы діріл, вибрация; артикуляцияда – сөйлеу мүшелер жұмысының өнімі; функционалды тұрғыдан – мағына ажырату және құрылымдық қызмет атқаратын фонема варианты.

32. Жазу – уақыт пен қашықтыққа тәуелсіз, сөйлеудің графикалық тіркеу түрі.

33. Жаргон –белгі бір әлеуметтік топта қолданылатын жалпыхалықтық тілдің түрі.

34. Жаргонизм – жаргонға тән ерекше сөздер тобы.

35. Жалпыхалықтық тіл – тілдің қызмет ететін бар топтарының(әдеби тіл, диалект, жаргон т.б.) жиынтығы

36. Жүйе - өзара байланысты бірліктер жиынтығы.

37. Идеограмма – идеографиялық жазу таңбалары (цифрлар, химиялық, математикалық белгілер, иероглифтер)

38. Идеография – шартты белгілермен сәйкес келетін адам санасындағы ұғымдарды

39. Иерархиалық қарым-қатынастар – тілдік бірліктер арасындағы өзара тәуелді пен бағынышты қарым-қатынас түрі.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1536. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия