Студопедия — Шекаралары.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Шекаралары.






Сөз тіркестері

Мақсаты:ҚР-ның географиялық орны мен шекаралары туралы студенттердің білімдерін кеңейту, отансүйгіштік тәрбие беру.

 

1. Сөздік жұмысы:

жер аумағы – територия

Үнді мұхиты – Индийский океан

Тынық мұхит – Тихий океан

Құрлық – материк, суша; континент

қоңыржай белдеу – умеренно прохладный пояс

ойпат – низменность

шөлейт – полупустыннный

шөл – пустыня, голая (безводная) степь), жажда

ұланғайыр – необъятный (некончаемый), безпредельный

меже – рубеж

ендік – широта (геогр)

 

2. Ойтүрткі сұрақтар.

1.Қазақстан қай құрлықта орналасқан?

2.ҚР-сы қандай мемлекеттермен шектеседі?

3.Қазақстанның территориясы үлкен бе, кіші ме?

4.Қазақстан табиғаты қандай?

 

3. Мәтінді оқып, түсінігін айтыңыздар.

Қазақстан Еуразия құрлығының ішкі жағына орналасқан. Тынық мұхит пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхиттан бірдей дерлік қашықтықта жатыр. Оның мұхиттардан шалғай жатқандығы әрі территориясының орасан үлкендігі климатына әсер етеді.

Республика жер аумағы жөнінен Еуразия құрлығындағы Ресей, Қытай, Үндістан мемлекеттерінен кейінгі төртінші орында тұр. Жалпы аумағы – 2724,9 мың квадрат километр. Батысындағы Каспий ойпатынан шығысындағы Алтай тауларына дейін 3000 км және солтүстігінде Батыс-Сібір ойпатынан оңтүстігіндегі Тянь-Шань тауларына дейін 1700 км жерді алып жатыр.

Республиканың географиялық орны оның территориясының табиғат жағдайларын анықтайды. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктеріне орналасқан. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Еуропа жерлері қоңыржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа жерлері субтропиктік климатымен ерекшеленсе, Қазақстан территориясы құрғақ және шұғыл континенттік климатымен ерекше көзге түседі. Қазақстан табиғатының бір шетінің екінші шетімен айырмашылығы үлкен. Мысалы, оңтүстікте тау етектерінде шие мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық болып, боран соғып тұрады. Географиялық орнына қарай еліміздің территориясында орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан.

Ұланғайыр аумақты алып жатқан еліміздің шекарасының ұзындығы – 15000 км. Оның 12000 километрі құрлықпен, 3000 километрі Каспий және Арал теңіздерімен өтеді. Солтүстік бастысы мен солтүстігінде Ресей Федерациясымен, шығысында Қытай Халық республикасымен, Өзбекстанмен, оңтүстігінде Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түркіменстанмен шектеседі. Қазақстан шекарасының бірқатар бөлігі табиғи межелерден тұрады (Алтай, Тянь-Шань таулары, Каспий, Арал теңіздері).

 

4. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Қазақстан Еуразия материгінің қай бөлігінде орналасқан?

2.Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?

3.Республикамыз Еуразия құрлығында жер аумағы жөнінен нешінші орында тұр?

4.Қазақстанның жер аумағы қанша км?

 

5. Сөйлемдерді мәтінге сәйкес аяқтаңыздар.

Қазақстан Еуразия құрлығының........................................................................

Тынық мұхит пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ...............................................

................................................................................................................................

Республика жер аумағы жөнінен Еуразия құрлығындағы................................

................................................................................................................................

Республиканың географиялық орны..........................................................................

Қазақстан қоңыржай белдеудің................................................................................

Географиялық орнына қарай......................................................................................

Ұланғайыр аумақты алып жатқан еліміздің шекарасының.....................................

Солтүстік бастысы мен солтүстігінде.......................................................................

 

6. Берілген сөз тіркестерінен сөйлем құраңыздар.

Еуразия құрлығы, жер аумағы, географиялық орны, орманды дала, ұланғайыр аумақ, табиғи межелер.

 

Сөз тіркестері Толық мағыналы, кем дегенде екі сөздің әрі тұлғалық жағынан, әрі мағналық жағынан байланысуын сөз тіркесі деп атайды. Мысалы: ақылды қыз, кең дала, қызық фильм.

 

Сөз тіркестерінің түрлері

Еркін сөз тіркестері Тұрақты сөз тіркестері
Қоңыржай белдеу Биік тау Табиғи меже Ет пісірім Асқар тау Ну орман

7. Фразеологиялық сөздіктен берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағыналарын табыңыздар.

Ат төбеліндей –

Ит тұмығы өтпейтін –

Қозы көш жер –

 

8. Мақал-мәтелдердің мағынасын ұғынып, есте сақтаңыздар.

Туған жер – алтын бесік.

Әр құстың өз ұясы өзіне қымбат.

Құс қайда ұшса да, өз ұясын біледі.

Елің – панаң,

Жерің – анаң.

Отан – қуат,

Отбасы – шуақ.

 

9. Шағын мәтінді оқыңыздар.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1030. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия