Студопедия — Ағзалардың көбею формалары.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ағзалардың көбею формалары.






Табиғатта көбеюдің кең таралған екі түрі бар: жыныссыз көбею және жыныстық көбею.

Жыныссыз көбею. Жыныссыз көбею – көбеюдің қарапайым түрі болғандықтан, жыныстық көбеюден бұрын пайда болған деп есептеледі. Көбеюдің бұл түрі өсімдіктерге де, жануарларға да тән. Жыныссыз көбеюдің өзінің екі түрі болады: нағыз жыныссыз көбею және вегетативті (өсімдіктерде) көбею.

Осы жасушалардың тобынан дамудың барысында дербес өзіндей түр пайда болса, оны нағыз жыныссыз көбею деп атайды.

Вегетативті жолмен көбею. Құрылысы күрделі өсімдіктердің, тамыры, сабағы және жапырағы арқылы, сонымен қатар саңырауқұлақ пен қына тәрізді төменгі сатыдағы өсімдіктердің денесінің бір бөлшегі арқылы көбеюін вегетативті көбею деп атайды.

Жыныстық көбею. Жыныстық жолмен көбею деп сперматозоид пен жұмыртқа жасушалары ядроларының қосылуын айтады. Жыныс жасушаларын гамета деп атайды. Ендеше аналық және аталық жыныс бездерінде гаметалар дамиды. Аналық организмде жұмыртқа жасушалары, ал аталық дара организмде сперматозоидтер түзіледі.

Партеногенез. Табиғатта сирек болатын жыныстық көбеюдің ерекше түр өзгерістерін партеногенездеп атайды. Партеногенез грекше «parteno» - қыз, «genesis» - туу, пайда болу, яғни «ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан жаңа аналық организмнің дамуы» деген мағынаны білдіреді.

Қосылу үдерісі ( конъюгация ). Бактериялардың қосылу (коньюгация) арқылы көбеюі. Бұл - бактериялардың генетикалық материалдар алмасу жолдарының бірі. Шартты түрде «аталық» деп есептелетін бір бактерия өз ДНҚ-сын шартты түрдегі екінші «аналык» бактерияға береді де өзі өледі. «Аналық» бактерия екі ДНҚ молекуласын құрамдастырып, соңынан қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Қосылу арқылы көбеюге ұшыраған жасуша ұрпақтары ата-енелерінің екеуіне тән белгілерге ие болады. Бұдан келесі ұрпактардың өзгергіштігі және тіршілікке бейімділігі артады.

Организмдердің көбеюі мен жеке дамуы.

Жасушалар санының көбеюі жасушаның бөлінуінен басталады. Бөлінудің алдында храмосомаларда өзгерістер болады және ДНҚ редупликациясы жүреді. Бұл құбылыс прокариоттар мен эукариотар жасушаларына (клетка) тән. Жасушаның бөліну аралықтары болады, оны жасуша циклі деп атайды. Жасуша бөлінуінің үш жолы бар: 1) митоз немесе күрделі бөліну (сома жасушалары); 2) амитозды немесе тікелей (қарапайымдардың) бөліну; 3) мейоз – күрделі (жыныс жасушаларының) бөлінуі.

— Митоз (кариокинез) – ядроның бөлінуі. Жасуша ядросының бөліну процесі – митоз бірінен кейін бірі ретпен келіп отыратын бес фазадан тұрады: 1) профаза; 2) прометафаза; 3) метафаза; 4) анафаза; 5) телофаза. Жасушаның митозды жолмен бөлінуі көбеюдің маңызды бір жолы болып табылады. Митоз (грекше “mitos” – жіп), кариокинез (грекше “karyon” – ядро және “kinesis” - өзгеріс, қозғалыс), яғни ядро жіпшелерінің бөліну ерекшеліктері деген мағынаны білдіреді. Профаза. Профаза кезінде интерфазада екі еселенген хромосомалар жіңішке жіпше пішінге келіп, тұрқы қысқарады. Профазаның орта шенінде әрбір хромосома ширатылған екі жіпшеден, яғни хроматидадан тұрады. Прометафаза. Бұл фазада ядро қабығы ериді. Осыған байланысты кариоплазма мен цитоплазма араласып кетеді де, екі еселенген хромотидалар (жас хромосомалар) бейберекет таралады. Осыдан кейін іле-шала хромосомалардың жасуша экваторына қарай қозғалу процесі басталады. Метафаза. Метофазаның бас кезінде хромосома қабықшасы байқалады. Метафазаның ортасында хромасосалардың барлығы экваторға жинақталып, экватор жазықтығына жинақталған хромосомалардың әрқайсысы ахроматин жіпшелеріне жабысады. Анафаза. Анафазада ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидалар бір-бірінен ажырап, жеке хромсаларға айналады. Анафазаның соңында хромосоманың шиыршығы жазылады,осыған орай хромосомалар біртіндеп ұзарады және жіңішкереді. Телофаза. Телофазада профазаға қарама-қарсы процестер жүріеді. Телофазаның басында хросомалар полюстерге жетіп,олардың жылжуы тоқталады. Ең соңында цитоплазма бөлініп,екі жас жасуша пайда болды.Оны цитокинез деп атайды.

Мейоз (гр. meіosіs — кішірею, азаю) — жетіліп келе жатқан жыныс жасушаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы). Мейоз кезінде әрбір жасуша екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Осының нәтижесінде жасушалардың гаметадағы хромосомалар саны бастапқы кезеңдегіден екі есе азаяды. Мейоздың бөліну уақытындағы екі сатысын 1-мейоз және 2-мейоз деп атайды. Әрбір мейоздық бөлінуде төрт сатысы бар: профаза, метафаза, анафаза және телофаза. 1-мейоздың профазасы лептотена, зиготена, пахитена, диплотена және диакинез секілді бес кіші кезеңдерден тұрады. Әр жасушада хромосомалардың саны мейоздың бастапқы кезеңіндей екі қатар (2N) емес, бір N болады. Мейоздың биологиялық маңызы өте зор. Мейоз жыныс жолымен көбейетін организмдер ұрпақтарының хромосома санының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, гаметаларда жаңа гендік комбинациялар пайда болуына мүмкіншілік береді.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 7176. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия