Студопедия — Ыма және оның топталуы туралы түсінік
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ыма және оның топталуы туралы түсінік






Мұнай және газ ұңғыларын пайдалану тәсілдері

 

Тексерген Казбекова Г.К

Орындаған Нұрбаева Н.Н

 

Ақтөбе-2010

Жоспар

Ұңғыма және оның топталуы туралы түсінік…………………………………….

Фонтанды пайдалану тәсілі 2

Әр түрлі пайдалану әдістер кезіндегі, ұңғы тереңдігі 3

бойынша қысымның өзгеруі 3

Фонтанды мұнай ұңғылары... 4

Механизацияланған ұңғылар. 6

Ұңғы құрал-жабдықтары.. 8

Қолданылған әдебиеттер тізімі 11

ыма және оның топталуы туралы түсінік

Ұңғыма дегеніміз жер қыртысында арнайы бұрғылау аспаптарымен қазылатын диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр формалы тау-кен құрылысы. Ұңғыманың басталатын жері - сағасы, цилиндр беті – қабырғасы немесе оқпаны, ең төменгі шеті – түбі деп аталады. Сағасынан түбіне дейінгі ұңғыма осі бойынша арақашықтық – ұзындығы L, ал ұңғыма осі проекциясының тіке аралығы – тереңдігі һ деп аталады.

Ұңғыма тіке және көлбете-бағытталып, түбі тұтастай және керн алынып, диаметрі жоғарыдан төмен қарай кішірейіп бұрғыланады. Ол кен орнының геологиялық жағдайына және ұңғыма конструкциясына байланысты.

Ұңғыма оқпанының осі іс жүзінде кеңістіктік қисық болып келеді. Осі тіке бағытынан 20-30 – қа дейін ауытқыған ұңғыма тіке ұңғыма деп аталады. Белгілі бір бағытта және белгілі бір бұрышпен қисайтылып бұрғыланған ұңғыма көлбете-бағытталған ұңғыма деп аталады. Тіке бағыттан 900 – қа ауытқығын ұңғыма көлбеу (горизонталь) ұңғыма деп аталады.

Сағалары бір-біріне жақын орналасқан (3м жақын емес) көлбете-бағытталған ұңғымалар шоғыр құрайды. Кен орындарын мұндай тәсілмен қазу шоғырлама бұрғылау деп аталады.

Өнімді қабаттарды құрғату немесе олардың өнімділігін арттыру мақсатымен негізгі оқпаннан бірнеше қосымша оқпан бұрғыланған ұңғыма көп оқпанды ұңғыма деп аталады.

Ұңғыма диаметрі 59...1000мм аралығында болады. Ұңғыма диаметріне байланысты үлкен (ротор диаметрінен 760мм- ден жоғары), қалыпты (558...190мм аралығында) және кішірейтілген (190мм-ден кіші) болып бөлінеді.

Шартты түрде тереңдігі 1000м-ге дейінгісі – таяз, 5000м-ге дейінгісі – терең, 5000м-ден жоғарысы - өте терең ұңғыма деп аталады.

Ұңғымалардың мақсаты, тағайындалуы әр түрлі болуы мумкiн. Барлық ұңғымалар келесідей топтарға бөлiнедi:

1. Тіректік ұңғыма – ірі кен орындарының геологиялық құрамы мен гидрогеологиялық жағдайын зерттеу, мұнай мен газ жиналатын шөгінді тау жыныстарының таралу заңдылықтарын анықтау үшін бұрғыланады.

2. Параметрлік ұңғыма – төмен тереңдіктердегі тау жыныстарының геологиялық құрылымын зерттеу және перспективалы кен орындарын анықтап, оларда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мақсатымен бұрғыланады.

3. Құрылымдық ұңғыма – тіректік және парапметрлік ұңғымаларды бұрғылау барысында алынған құрылымдарды мұқият зерттеу, осы құрылымдарда іздеу-барлау жобаларын дайындау мақсатында бұрғыланады.

 

4. Іздеу ұңғымасы – геологиялық іздеу жұмыстары мәліметтері бойынша дайындалған кен орындарының мұнай-газдылығын анықтау немесе жаңа мұнай-газ қорларын ашу мақсатымен бұрғыланады. Іздеу ұңғымаларын бұрғылау барысында тау жынысының үлгілерін, су, газ, мұнай сынамаларын алу арқылы кен орнының геологиялық қимасы анықталады.

5. Барлау ұңғымасы - өндірістік мұнай-газдылығы анықталған кен орындарында мұнай мен газ өнімдерінің қорын есептеу кен орнын пайдалануға дайындау мақсатымен бұрғыланады.

6. Пайдалану ұңғымасы – толық барланған және пайдалануға дайындалған кен орындарында мұнай мен газ өндіру мақсатымен бұрғыланады. Бұл ұңғымалар қатарына кен орнын тиімді пайдалануға тікелей қолданылатын бағалау, бақылау және айдау ұңғымалары да жатады.

а) бағалау ұңғымасы - өнімді қабаттардың жұмыс режимін, пайдалану көрсеткіштерін, сұлбасын анықтау үшін пайдаланылады.

ә ) бақылау ұңғымасы - кен орнының игерілу режимін үзбеу қадағалап отыру үшін пайдаланылады.

б) айдау ұңғымасы - өнімді қабаттардың қабат қысымын түсірмей ұстап тұру мақсатымен пайдаланылады.

7. Арнайы ұңғыма – өндірістік су қалдықтарын жинау, жерасты мұнай-газ қоймаларын дайындау, ашық фонтанды тоқтату, техникалық су қорларын барлау және пайдалану үшін қолданылады.

Ұңғымаларды бұрғылау тек мұнай және газ өнеркәсібінде қолданылмайды, сондай-ак басқа да пайдалы қазбаларды барлап – алуға, тұрғын жерлерді сумен қамтамасыз етуге, жер асты орталығын өшіруге, шахталарды вентиляциялауға және т.б. мақсаттарда бұрғыланады.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1243. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия