Студопедия — Кесте 15. Ең төменгі сиымдылықтың 1 м топырақ қабатындағы өнімді ылғал мөлшері, мм
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кесте 15. Ең төменгі сиымдылықтың 1 м топырақ қабатындағы өнімді ылғал мөлшері, мм






 

Топырақ типі және механикалық құрамы Топырақ қабаты бойынша (см) өнімді ылғал мөлшері, мм
0-20 0-50 0-100
Қара топырақтар
Сазды      
Ауыр балшықты      
Орташа балшықты      
Женіл балшықты      
Қара-қоныр топырақтар
Ауыр балшықты      
Орташа балшықты      
Женіл балшықты      
Құмдақ      

 

Қазақстанның негізгі аймақтарында мамыр айының ІІ-ІІІ онкүндігінде топырақтың 1 м қабатындағы мүмкін өнімді ылғал қоры бойынша анықтамалық жадығаттарды қолдануға болады (Кесте 16).

 

Кесте 16. 15-25 мамыр кезеңінде 1 м топырақ қабатындағы мүмкін өнімді ылғал қоры, мм

 

Аймақ Орташа көпжылдық қоры Жекелеген жылдардағы мүмкіндігі, %
         
Орманды дала 120-135 70-80 95-110 130-145 150-170 160-180
Қуаңшылықты дала 110-150 65-90 85-125 120-160 135-185 145-200
Құрғақ дала   65-85        

 

Солтүстік Қазақстан жағдайында көпжылдық орташа мәліметттер бойынша танаптық жұмыстар жүргізу алдында (сәуір айының ІІІ онкүндігі) топырақтың 1 м қабатындағы өнімді ылғал мөлшері, әдетінше, ең төменгі сиымдылықтан төмен және 65-тен 160 мм –ге дейін өзгереді. Өнімді ылғал мөлшерінің ең жоғары деңгейінің (120-160мм) мүмкіншілігі әртүрлі жылдар бойынша 50% аспайды, себу жұмыстарын жүргізу алдында ол 10-15 мм-ге төмендейді.

Топырақ-климат аймақтары бойынша топырақтың 1м қабатындағы өнімді ылғалдың орташа қоры 110 –нан (құрғақ дала) 120-150 мм-ге дейін (орманды дала, құаңшылық дала) өзгереді, бірақта 10 жылда бір рет минималды деңгейге (65-90мм) төмендейді және 10 жылда бір рет максималды деңгейге (145-200 мм) көтеріледі,ал орташа ылғал қоры мен жылдар саны 10-нан 4-5 және 1-2 жыл аралық орташа мен максимальды немесе минимальды ылғал қоры да орын алады.

Сонымен, Қазақстанның далалы аймақ жағдайында өнімді ылғал мөлшері бойынша әрбір 10 жылдың 1-2 жылы қолайсыз(құаңшылық), 2-3 жылы жақсы және 4-5 жыл орташа ылғал қорымен сипатталады.

Өнімді ылғал қоры жаздың екінші жартысындағы және өткен жылдың күзіндегі ылғалдану жағдайына, қыста түскен жауын-шашын мөлшеріне байланысты. Осы жағдайларды есептей отырып себу алдындағы топырақтың мүмкін ылғал қорының көрсеткіштерін болжауға болады.

Суармалы ылғал мөлшерін есептеу әдістемесі. Суармалы ылғал мөлшерінің орташа көрсеткіштері жалпы су жиынтығы арқылы тепе-тендік (баланс) формула бойынша есептелінеді, оның кіріс болігіне суармалы ылғал мөлшері(Ыс) қосылған:

НМӨ * Кс = Ыт + Ыжш + Ыс –Ық,

немесе

НМӨ * Кс = Ықо * 0,7 + Ыс – Ық.

Суармалы ылғал мөлшері жоғарыда көрсетілген тепе –тендік формуладан шығарылып келесі анықтамамен есептелінеді:

Біржылдық дақылдар үшін:

Ыс = НМӨ * Кс – Ыт – Ыжш + Ық;

Көпжылдық дақылдар үшін:

Ыс = НМӨ * Кс – Ықо * 0,7 + Ық.

Суармалы ылғал мөлшерін есептегенде НМӨ – егістіктер ылғалмен оңтайлы қамтамасыз етілген жағдайда дақылдардың, сорттардың потенциалды мүмкін өнім деңгейін тиісті анықтамалық әдебиеттерден алынады.

Мысал, ретінде суармалы жағдайда жоғары агротехникалық деңгейде өсірілген бірқатар мал азықтық дақылдардың жасыл балаусасының потенциалды өнімдерін (ПӨ) келтіруге болады:

- сүрлем дақылдар (жүгері, шай жүгері, күнбағыс және т.б.) – 450-750 ц/га;

- көпжылдық шөптер (жоңышқа, қылтықсыз арпабас және т.б.) – 350-550 ц/га;

- біржылдық шөптер (судан шөбі және т.б.) – 250-350 ц/га.

Дақылдарды суландыру жағдайында өсіргенде дақылдың, сорттың потенциалды мүмкіндігін ескере отырып, өнімнің мүмкін дәрежесін негізге алу қажет және супайдалану коэффициентін пайдаланып, өнімге қажетті ылғалды есептеп шығару керек, ал суды топырақ ылғалдылығы ең аз сусиымдылығының 75-80% болатындай етіп жіберген жөн, әсіресе өсімдіктердің өсіп-дамуына ылғалдың өте жоғары қажетсіну кезеңдерінде.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2663. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия