Жоғары берікті шойынның шағынқұрылымыЖоғары берікті шойынды магний қосып түр өзгерушілік әдісімен алады, оның сұр шойыннан айырмашылығы графит қосымшалары шар тәрізді түрде болады. Шар тәрізді графиттің кернеуді шоғырлау қабілеті жалпақ бетті графитке қарағанда кіші, сондықтан ол металдық негіздің жарықтылық қасиеттерін аз төмендетеді. Шар тәрізді графит бар шойындар жоғары беріктікке және біраз созымдылыққа ие болады. Жоғары берікті шойындардың құрлымы сұр шойынның құрлымына ұқсас келеді, бірақ оның графиттері шар тәріздес. Сондықтан жоғары берікті шойын құрылымының келесі түрлері болуы мүмкін: феррит+шар тәріздес графит-феритті жоғары берікті шойын, феррит+перлит+шар тәріздес графит-феррит-перлитті жоғары берікті шойын және перлит+шар тәріздес графит-перлитті жоғары беріеті шойын (4.5-сурет). 4.5-сурет. Феррит-перлитті жоғары берікті шойын-феррит+перлит+шар тәрізді графит
|