Студопедия — Ық және жеке тұлға
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ық және жеке тұлға






Нені білу керек: Құқық және жеке тұлға. Жеке тұлға туралы жалпы ұғым. Адам әр кезеңде әр түрлі атанады; жеке тұлға, азамат, индивид, субъект. Осы атуларды болашақ заңгер анықтау керек.

Білуге міндетті: Адамның құқығы мен бостандығы – мемлекеттің ең қымбат қазынасы. Адамның құқығы мен бостандығының мазмұны. Құқықтық мәртебе, олардың негізгі түрлері.

Бақылау нысаны – Конституіция баптарын талдау.

Студенттердің өзіндік жұмысы оқу жоспарында көрсетілген. Мемлекет және құқық теориясын жан-жақты, терең және ауқымды меңгеру үшін СӨЖ өте маңызды, нәтижелі жұмыс түрі. Бұл жұмысты орындау үшін студенттерге ең бірінші ҚР-ның Конституциясын оқып, талдап, терең ұғынуы қажет. Нормативтік құқықтық актілермен жұмыс жасау өте тиімді.

Мемлекет және құқық теориясы курсы бойынша оқу сабақтарының бір нысаны тәжірибелік сабақтар болып табылады. Оқу сабақтарының бұл нысаны студенттердің теориялық ойлану қабілеттілігін арттырып, азаматтық заңдылық нормаларының мәні мен мазмұнын түсінуге жол ашады.

Тәжірибелік сабақтарды жүргізу барысында келесі педагогикалық құралдарды пайдалануңға болады:

- Топтық және жеке жаттығулар;

- Ойындар;

- Демонстрациялар;

- Дискуссиялар;

- Ауызша сұрау;

- Тренингтер;

- Тестілеу

- Тәжірибелік сабақтарда студент өзінің теориялық білімін нақты жағдайда қолдана алады. Студент әр уақытта оқытушының сөзін бөліп, өзінің хабарламасын айтып, жеткізуіне болады. Ал оқытушы болса, сол хабардың мазмұнын ары алып кетуі керек.

- Тренингтер студенттер үшін өте пайдалы. Тренинг үзіліссіз әңгіме ретінде жүзеге асырылуы қажет. Бұл бағдарлама лидерлік қасиеттерді дамытуға бағытталған.

- Ойындар. Студенттердің қызығушылығын арттырып, олардың жеке-дара қызметін қалыптастырады.

- Осы мақсат жүзеге асырылуы үшін әрбір студент дербес, дайындалып, емтиханға дайын болуы қажет.

- Тәжірибелік сабақтарға дайындалу барысында жұмыс дәптеріне жазуларды жазып отыруы қажет.

Ұсынылып отырған әрбір тапсырмада СӨЖ-ді орындау түрлері көрсетілген.

1.Ауызша дайындау. Студент көрсетілген әдебиеттер бойынша тақырыпты оқып, меңгеріп, тақырып саясатын түсініп, сол тақырып бойынша жауап береді. Алдымен тақырып нені талап етіп отыр, студент нені білуі керек, қандай жағдайларға көңіл бөлінуі тиіс, соны анықтау – негізгі мақсат.

2. Баяндама. Бұл СӨЖ-ді орындаудың жазбаша түрі. Студент тақырып бойынша көрсетілген әдебиеттерден барлық материалдарды жинастырып, тақырыпты көлеміне байланысты 2-3 сұрақтан тұратын жоспарға енгізіп, жалпы көлемі стандартты қағаздың (формат – А-4) 5 беттен кем емес жазбаша жұмысты оқытушыға өткізеді.

3. Реферат. Бұл да жазбаша жұмыс. Студент тақырып бойынша реферат жазғанда, жұмыс ғылыми тұрғыдан қарастырылады. Тақырыпты талдау кезінде тек оқулықтарға ғана сүйенбей, ҚР-ның Конституциясына, «ҚР-ның нормативтік құқықтық актілер» туралы заңына, ғылыми монографияларға да көңіл бөлінеді. Шетелдер ғалымдарының тұжырымдамаларына сілтеу жасап (Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, Халықаралық құқық және т.б.) өзінің ой-пікірімен тақырыпты талдайды. Жұмыс көлемі 5 беттен кем болмауы керек.

4. Бақылау жұмысы. Студент тақырып бойынша жоспарды бекітіп, әдебиеттер тізімін қарастырып, білім деңгейін анықтауға талпынады. Белгіленген мерзімде студент өзінің дайындаған тақырыбы бойынша оқытушының сұрақтарына жазбаша жауап береді. Жазбаша бақылау жұмысының көлемі 2 бет (формат А-4).

5. Тест. Тест студенттердің бір-екі тақырып көлемінде білім деңгейін жазбаша анықтау. Бұл жұмысты орындағанда заң терминдеріне аса маңызды көңіл бөлінеді. Заң терминдерін түсіну, дұрыс қолдану, мазмұнына қарай топтау – тестің нәтижесі.

6. Үлгілер сызу. Студенттердің үлгілерді дұрыс құрастыруы, оларды дұрыс талдап беруі, үлгілердің мазмұнының тақырыпқа сәйкес келуі осы тапсырманың талабы. Егер студент тақырыпты дұрыс түсінсе, өзінің қалауы бойынша үлгілер сызып, сол бойынша тақырыптың мазмұнын ашып берсе, оның білімі дұрыс бағаланады







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 710. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия