Студопедия — Тақырып. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің мәселелері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің мәселелері






Түйінді сөздер: заң, заңдылық, құқықтық тәртіп, құқықтың қағидалары

Қарастырылатын сұрақтар:

1 Заңдылықтың түсінігі. Құқықтық тәртіптің түсінігі.

2 Конституциялық заңдылық – заңдылық және құқықтық тәртіптің негіздері. Құқықтық тәртіп және қоғамдық тәртіп. Осы заманғы мемлекеттерде заңдылықтың бұзылуы: себептері, нысандары, болдырмау жолдары.

3 Заңдылық деформациясы: себептері,нысаны, алдын алу жолдары

4 Құқықтық негилизмнің нысаны. Құқық негилизмі мемлекет және құқықтың тоериялық қателіктері ретіндегі тұжырымдамасы

5 Заңдылық пен әділеттілік, жан мен әріптің қарама қайшылық заңдылығы. Зағ мен шынайы өмір, құқық пен арды нысандау

Заңдылық — заңдардың, басқа да нормативтік-құқықтық актілердің Республика аумағында мүлтіксіз жөне дәлме-дәл орындалуы. Заңдарды сақтайтын, орындайтын, жүзеге асыратын мемлекет органдары, ұйымдары, мекемелері, кәсіпорындары, лауазым иелері, азаматтар, қоғамдық бірлестіктер. Егер аталған субъектілер заңдарды мүлтіксіз орындаса қоғамда, мемлекетте заңдылық үстемдік етеді деп айтуға болады. Егер заңдар орындалмаса, бұзылса қоғамда заңдылық бұзылды деп айтады. Заңдылықтың сақталуы, үстем болуы — қоғам өмірінің тұрақтылығының алғы шарты. Заңдылық бұзылса демократияға, адамдардың құқықтары мен бостандықтарына зор нұқсан, зиян келтіріледі, қоғамдық тәртіп бұзылады.

Заңдылық қағидаттары (принциптері) - заңдылықтың мазмұнын ашатын, білдіретін негізгі идеялар, негіздер (бастаулар). Бұларға жататындар:

а) заң үстемдігі - ең жоғарғы акт ретінде бүкіл нормативтік актілердің және құқықты жүзеге асырудың бүкіл актілерінің заңға бағыныштылығы;

ә) заңдылықтың тұтастығы (жалпыға бірдей міндеттілігі) — белгілі бір мемлекеттік бүкіл аумағында құқық шығармашылығы мен құқықты жүзеге асырудың құқықтық қатынастардың субъектілері қызмет атқаруларының бірыңғай бағыттылығы.

б) заңдылықтың мақсаттылығы - қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін, өзі ең қолайлы әрі қатал түрде заң аясынан шықпайтын құқықтық әрекеттер нұсқасын таңдап алудың қажеттілігі;

в) заңдылықтың іске асатындығы - барлық қызметтердің түрлерінде құқықтық нормалардың орындалуына шын мәнісінде жету және қандай да болсын құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктен құтылмайтындықтың орнығуы.

Заңдылық Қазақстан аумағының барлық жерінде біртүтас құбылыс болып орнауы қажет. Мемлекеттің өр жерінде өр түрлі заңдылық болмайды. Алматының өз заңдылығы, Семейдің өз заңдылығы - бірінен-бірінің ерекшелігі болуы мүмкін емес. Егер олай болса, қоғамда тәртіпсіздік, бассыздық орын алатын болады. Заңдылық барлық Республика аумағында тұтас орнатылуы тиіс. Заң Батыс Қазақстанда сақталып, Шығыс Қазақстанда сақталмайтын, мойындалмайтын болса, ол заңдылықты бұзған болып саналады. Заңдылықты мақсаттылыққа қарсы қоюға болмайды. Себебі кез келген заң бір мақсатқа жету үшін жасалады. Заңдылықтың бұзылуының бір себебі — оны мақсаттылыққа қарсы қою. Жергілікті жердің ерекшелігін немесе басқа жағдайларды сылтауратып заңды бұзушылыққа жол берілмеуі керек.

Заңдылықты нығайту үшін кепілдіктер қажет. Олар: а) экономикалық кепілдік — қоғам шаруашылығының деңгейі жоғары болып, заңды жүзеге асыру үшін қаражат жеткілікті болуы керек; ә) саяси кепілдік — мемлекет органдары заңға сүйене отырып, өзіне тапсырған қызметті оралымды, тиімді істеуі қажет; б) құқықтық кепілдік — заңдарды үнемі жетілдіріп отыру, заңды бұзушылықтың алдын алу, сот әділдігін жүзеге асыру, жауаптылықтан бұлтартқызбау, әлеуметтік бақылау, т.с.с.

Қоғам тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген.

Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Қоғамдағы тәртіп түрлі әлеуметтік нормалардың, былайша айтқанда, адамдардың мінез-құлқын реттейтін қағидалардың өсерімен яғни күшімен орнатылады.

Әлеуметтік нормалардың ең негізгісі, алғашқы пайда болғаны әдет-ғұрып, дәстүр қағидалары. Әр халықта олар ежелден-ақ қалыптасқан. Қазақ халқы әдеттерінің заң түрінде күші болған, "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", "Тәуке ханның Жеті жарғысы" – бұлар негізінен әдеттік заңдардың жинақтары. Осындай әдеттердің күшімен қоғамда тәртіп орнатылған.

Әлеуметтік нормалардың маңызды түрі - әдептік нормалар. Әдептік нормалардың құқықтық сипаты болмайды. Олар адамға құқық бермейді, міндет жүктемейді. Олар адамның ар-ұятын, намысын қалыптастырып, солар арқылы қоғамдық тәртіп орнатуға ұйтқы балады. Әдептік нормалар құқықтық нормаларға түрткі, негіз балып отырады. Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттік, адамгершілік мәні жоғары балады.

Құқықтық нормаларды қолдану нәтижесінде қоғамда құқықтық тәртіп орнығады. Демек, құқықтық тәртіп дегеніміз құқықтық нормаларды жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық тәртіп.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Нормативтік құқықтық актілер:

5. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж. (7 қазан 1998 ж. өзгерістермен толықтырулармен)

6. ҚазССР мемлекеттік егемендігі туралы Декларация 25 қазан 1990ж.

Әдебиеттер:







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2952. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия