Студопедия — IX ғасырдың екінші жартысы – ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

IX ғасырдың екінші жартысы – ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті






Ø Қалалық мәдениеттің дамуы

  1. Отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейгенкезең: Х – ХІІ ғғ;.
  2. Бұрын Оңтүстік Қазақстанда 30 қаланың орны белгілі болса, ал кейінгі зерттеулер бойынша, қалалардың саны: 37

v Жазба деректерде алғашқы кезеңде 6 қала ғана аталса, соңғы кезде 33-ке жетті.

  1. Орта ғасырда қалалардың топтаса орналасқан жері: Оңтүстік Қазақстан (Арыс өзенінің Сырдарияға қосылатын тұсындағы сағалары).

R Кенже аймағыАрыстың орта ағысы, орталығы Осбаникет қаласы.

R Фараб аймағыАрыстың Сырдарияға құяр жері, орталығы Отырар қаласы.

R Шауғар (Йасы) аймағы – Қарнақ, Қарашық, Шур (Сури), Шағылжан қалалары.

  1. Қалалық отырықшылық мәдениеттің тағы бір қанат жайған жері: Жетісу.
  2. Оңтүстік-батыс Жетісудың; қалалық отырықшылық мәдениетінің орталығы: Тараз.

v Бұл аймақтан 36 қала жұрты табылды.

  1. Солтүстік-шығыс Жетісудың қалалық отырықшылық мәдениетінің орталығы – Лабан, Алматы, Талхир.

v Бұл аймақтан 70 қала жұрты ашылған.

F Қалалар көлемі, экономикалық жағынан негізінен 3 топқа бөлінеді:

1. 30 га асатын қала жұрттары: Испиджаб [6], Отырар [7], Сауран [8], Тараз [9], Баласағұн [10].

2. 10 га – 30 га дейінгі қалалар: Бурух, Хурлуг, т.б.

3. 10 га жетпейтін қалалар: Алмалық, Лавар, Қапал, Ақтам, Арасан, т.б.

  1. Х-ХІІ ғасырларда Қазақстан аумағында көлемі жағынан ірі қалалар: Испиджаб, Отырар.
  2. Қазақстанның орталық; және шығыс аймақтарында отырықшылық мәдениеттің дами бастаған кезі: Х-ХІІ ғ;.
  3. Х-ХІІ ғасырларда Ұлытау етегіндегі ортағасырлық қалалар: Басқамыр, Аяққамыр.
  4. Х-ХІІ ғасырларда Кеңгір өзенінің бойындағы ортағасырлық қалалар: Сарайлы, Торайлы.
  5. Х-ХІІ ғасырларда Қазақстанда сәулетті ірі құрылыстардың көптеп салынуына ықпал еткен жағдай: Ислам дінінің нығая бастауы.
  6. Х–ХІІ ғ;. қала құрылысының жүйесіндегі басты бір жаңалық, мұсылман дінінің енуіне байланысты пайда болған: Мешіттер.

v Осы кездегі қалалардың құрылыс жүйесінің тағы бір жаңа түрі: шығыс моншасы.

  1. Ең ертедегі мешіттің орны табылған қала: Құйрықтөбе.
  2. Х-ХI ғасырлар аралығында Боран мұнарасы салынған аймақ Жетісу.
  3. X-XII ғасырларда Тараз қаласының маңындағы (18 шақырым) сәулет өнерінің тамаша туындысы: Бабаджа-қатын, Айша-бибі кесенелері.
  4. Бабаджа қатын кесенесінің шамамен салынған мерзімі: Х-ХІ ғасырлар.
  5. Тараз қаласының маңындағы Айша-бибі кесенесінің салынған уақыты ХІ-ХІІ ғасырлар.
  6. Отырар қаласынан табылған екі шығыс моншалары жатады: ХІ-ХІІ ғасырларға.

v Отырар моншалары құдық суын пайдаланған.

  1. Қазір мұражайға айналдырылған, ХХ ғасырдың 60-жылдарына дейін жұмыс істеген шығыс моншасы орналасқан қала: Түркістан.
  2. Шығыс моншасының жобасымен салынған «Арасан» моншасы орналасқан: Алматыда.
  3. XI–XII ғасырларға жататын «қоржын үй» табылған қала: Құйрықтөбе.

v «Қоржын үй» - қатар жасалған үш бөлмелі, бір-бірімен байланысты үйлер.

  1. ХІІ ғасырда пайда болған, қалалардағы тұрғын үйлерде орнатылған, қолданылған суды сыртқа шығаратын құбыр (жуынды су ағатын құдық;): ташнау.
  2. Терракота: ғимараттарды сәндеу үшін қолданылатын оюланған кірпіш.
  3. Сәулет өнерінде оюлы және жылтыратылған кірпіштер кеңінен пайдаланыла бастады: ХІ ғ;.
  4. Сәулет өнерінде терракоталар кеңінен қолданылған ғасырлар: ХІ–ХІІ ғғ;.

v Арыстан бейнесі бедерленген терракоталық тақталар табылды: Қызылөзен қаласынан.

  1. Бор тасты күйдіру арқылы алынатын құрылыс материалы: Ғаныш.

 

Ø Қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы

& Х–ХІІ ғасырларда қыш құмыралар әрі сәнді, әрі мықты және әр түрлі қалыпта жасалынған. Қалалардан табылған ыдыс түрлерінің тағы бір ерекшелігі, олардың іші-сырты жылтырап тұратын түрлі түсті әйнек тәрізді сырмен (бояумен) сырланған. Ондай сырмен сырланған ыдыстардың бояуы өшпей, ешбір химиялық өзгеріске ұшырамай сол алғашқы түсін сақтап қалған.

  1. Х–ХІІ ғасырларда Қазақстандағы қыш құмырашылардың жетістігі: Шыны (әйнек) бұйымдар жасау.

v Шыны ыдыстарды үрлеу тәсілімен жасаған.

  1. X ғасырға жататын шыны ыдыстар табылған қала: Йасы, Отырар, Тараз.
  2. Отырар, Тараз, Түркістаннан табылған шыны ыдыстар жатады: Х ғасырға.
  3. Х-ХІ ғасырларда әйнек жасау кәсібі дамыған қала: Отырар, Тараз.
  4. Орта ғасырда ұсталықтағы шеберліктің жетісітігі: зергерлік кәсіп.
  • Орта ғасыр қолөнерінде дамыған кәсіптерінің бірі – сүйек ұқсату. Сүйектен жасалған бұйымдардың ішінде көбірек кездесетіндері мүйізден жасалған әшекейлер.
  1. Сүйектен жасалған түйреуіштер, шахмат тастары табылған қала: Талғар.

v Кесілген сүйектер, сүйектен жасалған қалалақшалар табылды: Құйрықтөбе.

v Алматы қаласының оңтүстік-батысындағы түрік дәуірінің зиратынан табылған: сүйекпен қаптап жасалған садақ;.

R Халықтар арасында сауда байланысы болғандығына мысал бола алатын сирек кездесетін құнды жәдігер табылды: Отырардағы күміс көмбеден.

R Ортағасырлық Қазақстан қалаларындағы мата сатуға арналған керуен сарайлардағы арнайы бөлмелер: Тимдер.

  1. 1210 және 1217-1218 жылдарда Хорезм шахы Мұхамед Текеш теңге соқтырған қала: Отырар.

v ХІ ғасырда Тараздағы және Испиджабтағы теңге сарайларында шыға бастаған ақшалық бірлік: Күміс дирхемдер.

v Отырарда соғылған, мыстан жасалып ұсақ тиындар қызметін атқарған ақша: Фельстер.

v ХІІІ ғасырдың ортасында Қазақстан м ен Орта Азияда теңгенің дәстүрлі үш түрін (динар, дирхем, фельс) шығарған жалғыз қала: Отырар.

? Шаштан басқа елдерге сүйекпен қаптап, күміс жалатқан ерлер, жебе салатын қорамсақтар, шатырлар шығарылса, ал мұнда түріктердің былғарысы, бағалы терілері әкелінген әл Макдисидің; хабарлауынша.

  1. X-XII ғасырларда ірі және кіші қалалардың Сырдария, Шу, Талас өзендерін жағалай орналасуы осы саланың дамығанын көрсетеді: Егіншіліктің;.

v Отырар қаласы аймағындағы егіндік жерлердің 60–70%-ға жуығы Х–ХІІ ғғ. игерілген.

v XIV ғасырдың аяғы – XV ғасырдың басында Шу аңғарында өңделетін жердің жалпы көлемі 700 мың шаршы метр.

Ø Дін және мәдениет. Исламның таралуы

  1. Адамдардың шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын наным-сенім: Тотемизм.
  2. Оғыздар өздерінің шыққан тегін байланыстырып, қорғаушысы ретінде табынған жануар: Қой.
  3. Түрлі халықтарда соңғы кезге дейін береке-байлық, денсаулық, сонымен қатар, қаскөй күштерден үй ішін қорғаушы рөлін атқарып келген: Фарн.
  4. Орта ғасырлық (қырғыз халқында) отқа табыну қасиетін байланыстырды: «қасиетті Ұмай анамен».
  5. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, Қазақстанда, ертедегі діни наным дәстүрлері кең тараған аймақ: Жетісу.
  6. Орта Азияда будда дінің (манихейлік) таратуда маңызды роль атқарған: соғдылар.
  7. Орта ғасырлық Қазақстанда буддизм таралған аймақ: Оңтүстік Қазақстан.
  • Христиандық крестің таңбасы салынған кірпіштер қолданылған шарап ашытатын орын табылды: Ақтөбе қала жұртынан.
  1. Орта Азия мен Қазақстанға ислам діні кеңінен тарай бастады: Арабтардың келуімен.
  2. Арабтардың «дін үшін соғыс» деген ұранмен көрші елдерді жаулап ала бастаған уақыты: 633 ж.
  3. 714 жылы Шашты басып алып, Испиджабқа жорық жасаған араб қолбасшысы: Кутейба ибн Муслим.
  4. «Дін үшін соғыс» ұранымен араб қолбасшысы Насыр ибн Сейяр Қазақстанның Оңтүстігін басып алды: 737-748 жж.
  5. Х ғасырда ислам дінін алғаш рет мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекет: Қарахан.
  6. Қарахан мемлекетінің билеушісі Мұса Боғра исламды мемлекеттік дін етіп жариялаған жыл: 960 ж.
  7. Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастаған уақыт: Х ғасыр.
  8. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Х ғасырдағы қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығы туралы жазған ғұлама: Әл-Макдиси.

 

Ø Ғылым мен білімнің дамуы

  1. Қазақ жерінде ғылым білім салаларының дамуына ықпал еткен дін: ислам.
  2. Х ғасырдан бастап Қазақстанда әдеби және ғылыми шығармалар жазылған тіл: араб.
  3. Дүние жүзіне Аристотель сынды ғұлама ғалымдардың бірі ретінде танылған: Әл-Фараби.
  4. «Әлемнің екінші ұстазы» Әбу Наср әл-Фарабидің өмір сүрген уақыты: 870 – 950 жж.
  5. IХ-Х ғ. өмір сүрген данышпан, Шығыстың атақты ғалымы: Әл-Фараби.
  6. Әбу Насыр әл-Фараби дүниеге келген қала: Фараб аймағындағы Отырар қаласы.
  7. Әбу Насыр Әл-Фарабидің Отырар қаласында білім алған тілі: қыпшақ;.
  8. Әбу Наср әл-Фараби өз шығармаларын жазған тіл: Араб.
  9. Түрік тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын зерттеген белгілі ғұлама: Махмұд Қашғари.
  10. Махмұд Қашғаридің өмір сүрген жылдары: 1030 – 1090 жж.
  11. М. Қашғаритүркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы және тілі туралы жазған орта ғасырлық энциклопедист ғалым.
  12. М. Қашғари қалдырған үш (3) кітаптан тұратын мәңгі өшпес мұра: «Түрік тілдерінің сөздігі» («Диуани луғат ат-түрк»).
  13. Махмұд Қашғари «Түрік тілдерінің сөздігі» («Диуани луғат ат-түрк») еңбегін жазудан бұрын түгелге жуық аралап шықты: Түріктердің елі мен жерін.

F «Түрік тілдерінің сөздігі» («Диуани луғат ат-түрк»):

v ХІ ғасырдағы түркі әдебиетінің жазу тілінің үлгілері көрініс тапты.

v Түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы болып табылатын еңбек.

v Түрік тілдес тайпалардың тілі, тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мағлұмат беретін еңбек.

  1. Махмұд Қашғари «Түрік тілдерінің сөздігі» еңбегін жазуда түрік тілдерін өзара салыстыра зерттеушілердің көшбасшысы болды деген пікірді айтқан: Н.А.Баскаков.
  2. Орыс ғалымы А.Н.Кононов айтуы бойынша М.Қашғаридің өз еңбегін жазудағы басты мақсаты: түрік тілінің мәртебесін көтеру, оның араб тілінен ешбір кем түспейтіндігін дәлелдеу.
  3. Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында дүниеге келген ғұлама: Жүсіп Баласағұни.
  4. Жүсіп Баласағұнидің өмір сүрген жылдары: 1021–1075
  5. Жүсіп Баласағұнидің, алғаш рет түрік тілінде жазылған еңбегі: «Құт негізі – білік» («Құтадғу білік»).

v ХІ ғасырда түркі тілдес халықтардың алғашқы ақсүйектер әдебиетінің ескерткіші.

v ХІ ғасырға дейінгі түрік тілді халықтардың қоғамдық ой-санасында орын алған ғылыми еңбек.

v «Сөздің көркі – мақал», «Жастығымда бейнет бер, Қартайғанда дәулет бер» деген қазақ мақал-мәтелі кездеседі.

v Түрік тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық саяси өмірі, әдет-ғұрып, наным-сенімдері туралы мағлұматтар көптеп кездеседі.

  1. Ж.Баласағұни еңбегін Баласағұнда бастап, аяқтаған қаласы: Қашғар.
  2. Ж. Баласағұни «Құтадғу білік» еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқаны үшін алған лауазым атағы: Ұлы хас – хажип.
  3. «Арабша, тәжікше кітаптар көп. Ал бұл – біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ» деп өз тілін қорсынып, араб, парсы сияқты жат елдің тілінде сөйлеу, шығарма жазу сияқты әрекеттерге қарсы болған ғұлама: Ж. Баласағұни.
  4. Жазба әдебиеттің көрнекті өкілі, Қарахан мемлекетінің кезінде даңқы шыққан, көзінің тірі кезінде-ақ «ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы» деп атанған ақын: Ахмет Иүгінеки.
  5. Орта ғасырлық ақын Ахмет Иүгінекидің түрік тілінде жазған кітабы: «Ақиқат сыйы».

v Халықты инабатты болуға, адал өмір сүріп, арамдықтан аулақ болуға шақырған Қарахан халқына түсінікті түрік тілінде жазылған дастан.

  1. Орта ғасырлық ақын, исламның сопылық бағытының негізін салушы, насихаттаушы: Қожа Ахмет Йасауи.
  2. Ахмет Йасауи дүниеге келген қала: Сайрам.
  3. Ахмет Йасауи әкесі Ибраһим: атақты ғұлама адам.

v Шешесі – Мұса шайқының қызы Айша (бір деректерде Қарашаш).

  1. Жастай жетім қалған Ахмет Йасауиді тәрбиелеп өсірген: әпкесі Гауһар-Шаһназ.
  2. Белгілі орта ғасырлық ақын және исламды таратушы Йасауидің ұстазы: Арыстан баб.
  3. Ахмет Йасауидің Бұхара қаласында діни білім алуына көмектескен ғұлама: Жүсіп Хамадани.
  4. Ахмет Йасауидің түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған еңбегі: «Диуан-и хикмет».

v Адамды адалдыққа, имандылыққа, даналыққа, кішіпейілділікке шақырады.

  1. Ахмет Йасауидің шәкірті, ислам дінін уағыздаушы, орта ғасырлық белгілі ақын, ел ішінде Хакім ата атанған: Сүлеймен Бақырғани.
  2. ХШ ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстанда мұсылман дінінің кең түрде етек жая бастауына байланысты жарық көрген «Жүсіп-Зылиқа» атты поэманың авторы: Әли.

v Поэма махаббаттағы адалдықты жырлаған, діни сарында жазылған.

 

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 8352. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия