Студопедия — XІХ ғасырдың І жартысындағы ақындар, суырып салма жыршылар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

XІХ ғасырдың І жартысындағы ақындар, суырып салма жыршылар






Аты – жөні Өмірбаяны - Еңбектері
Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) қазіргі Батыс Қазақстан обл. Орда ауданында туған. Болашақ ақынның әкесі Ішкі Ордадағы ауқатты, ханға жақын, ықпалды адамдардың бірі болған. Ақындық талабымен көзге түскен Махамбетті өзіне тартуға тырысқан Жәңгір хан өз ұлы Зұлқарнайынмен қосып, Орынборға оқуға жібереді. 20 жастағы ақын хан мұрагері Зұлқарнайынға ағалық ақылын аямай, 1824-1829 ж.ж. осы қалада тұрды. Алайда көп ұзамай‑ақ Махамбет пен Жәңгірдің арасы суыды. 1829 ж. Шаруалар толқуына қатысқаны үшін Махамбет біраз уақыт Калмыков бекінісінде қапаста ұсталды. Кейіннен ол Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісіне белсене қатысты. Жалынды өлеңдерімен еңбекшілерді жігерлендірген Махамбеттің жауынгерлік қабілеті де, ақындық шабыты да көтеріліс ісіне жұмсалды. Исатай ұрыс даласында қаза болғаннан кейін де Махамбет халықты көтерілісті жалғастыруға шақырады. Ақын патша жендеттері қолынан, билеуші сұлтан Баймағамбеттің төңірегіне топтасқан көтерілістің қарсыластарының айла-шарғысымен 1846 ж. 20 қазан күні қапыда қаза болды.
Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867) Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында туған. 1836-1838 жж. Кіші Ордадағы көтеріліске қатысты. Шернияздың әдебиет саласына қосқан жаңалығы – суырып салма өнерді жетілдіруі. Феодалдардың оғаш мінездерін әжуалап, әшкереледі.
Сүйінбай Аронұлы (1822-1895) Алматы обл., Жамбыл ауданы, Қаракәстек ауылында туған. Тапқыр, тілге жүйрік Сүйінбай 14-15 жастан-ақ ақындық өнерге машықтана бастады. Оның өлеңдерінде өмір шыңдығы, еңбекшілердің ой-арманы айқын сезіледі. Ол Жетісу ақындарының алтын діңгегі атанып, Жамбылдың ұстазы болған ақын.
Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895) Көкшетау обл., Қызылту ауылында туып өскен. Жастай екі көзінен айрылып, ақындық өнері күн көрудің негізі болды.Шөже- ірі эпик ақын, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының ең көркем нұсқасы оның айтуымен тараған. Ш.Уәлиханов Шөженің суырып салма өнерін жоғары бағалаған.
Тілеуке Құлекеұлы (Шал ақын) (1748-1819) Көкшетау өңірінде туған. Әкесі - Абылай ханның батырларының бірі, анасы - Төле бидің туған қызы. Шал ақынның жыр-дастандарында қазақтың шығу тегіне қатысты тарихи аңыздар түгелдей қамтылған.
Нысанбай Жаманқұлұлы (1812-1871) Кенесары көтерілісіне қатысқан. «Наурызбай‑Қаншайым» дастанында соғыс жорықтарын жазған.
Дулат Бабатайұлы (1802-1874) Ақын Шығыс Қазақстан обл., Аягөз ауданында туып-өскен. «Бейшара менің қазағым», «О, Сарыарқа, Сарыарқа!», «Ақжайлау мен Сандықтас» өлеңдерінен халықтың ауыр жағдайына күйініші көрінеді. Ақын бұрынғы хан билігіне қайтып оралуды армандайды. Халық мүддесі және ел тәуелсіздігі жолында күрескен Еспембет биді дәріптейді. 1880 ж. жарық көрген «Өсиет- нама» дастанына патша үкіметі тыйым салды.
Мұрат Мөңкеұлы (1803-1906) Шығармашылығы негізінен Батыс Қазақстанда болған оқиғалармен тығыз байланысты. Ол халықтың өз тәуелсіздігі үшін күресінің жаршысына, ұраншысына айналды. «Үш қиян» өлеңінде патша үкіметінің отарлау жағдайындағы қазақтардың күйінішті өмірін суреттеген. «Қазтуған», «Шалгез» өлеңдері - өткен заманның жырауларының дәстүрін жаңа заман талаптарына сәйкес одан әрі дамытуға жол салған эпикалық үлгілер.
Жантөре 1809 ж. қарсыластары өлтірген Кіші жүздің ханы. Атақты «Шалқыма» күйін шығарған.
Әбіл ақын ХІХ ғ. І жартысында өмір сүрген ақын «Қырық ноғайлық батырлар» атты үлкен эпикалық үлгіні сақтап, кейінгі ұрпаққа қалдырды.
Сармалай (Садық) (1835-1885) ХІХ ғ. аса үздік сазгер, сыбызғышы, шын есімі – Садық. «Қоңыр қаз» күйіндегі қаздың қайғылы қаңқылынан Қыз Жібек Төлегеннің қазаға ұшырағанын біледі. Ол – эпос, аңыз-ертегілердің желісі бойынша тамаша күйлер шығарды («Нар идірген», «Қоңыр бұқа»)

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 2463. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

Стресс-лимитирующие факторы Поскольку в каждом реализующем факторе общего адаптацион­ного синдрома при бесконтрольном его развитии заложена потенци­альная опасность появления патогенных преобразований...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия