Студопедия — Деп аталады. Инфекциялық ауру – инфекцияның ең айқын көрінісі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Деп аталады. Инфекциялық ауру – инфекцияның ең айқын көрінісі






Инфекциялық ауру – инфекцияның ең айқын көрінісі. Алайда

кейбір инфекциялық аурулар атиптік түрде, ал кейде клиникалық;

белгілері білінбей жасырын түрде өтеді.

Көптеген жұқпалы аурулардың өздеріне тəн өрбуімен

клиникалық белгілері болады. ол ішкі мүшелермен ұлпалардың;

өзгеріске ұшырауымен сипатталады.

Клиникалық біліну мен өзгешеліктеріне қарай жұқпалы

аурулардың өршуі аса жіті, жіті, жітіден төмен, созылмалы болады.

кейбір жағдайда аурудың клиникалық белгілері білінбейді.

Сондықтан аурудың мұндай түрін симптомсыз деп атайды.

Ауру қоздырғышының өзіне тəн қасиетін дəлелдеу үшін, оны

ауру оргаизмнен бөліп алады, зертханалық жануарларды зақымдау

арқылы аурудың клиникалық белгілерін айқындап, тəжірбиелік

жануар өлгеннен соң микробтың таза өсіндісін бөліп алады.

Зертхана жануарлары дегеніміз – тəжірбиежасауға арнайы

питомниктерде немесе зертханаларда өсірілетін əр түрлі ұсақ;

малдар. Олар жұқпалы ауруларға диогноз қою, неше түрлі

патологиялық жағдайларды, оған қарсы қолданатын дəрілерді,

диагностикалық сарысуларды, вакциналарды тексеру үшін

қолданылады.

Микробиология тəжірбиесінде көбірек пайдаланылатын

жануарлар: ақ тышқандар, теңіз шошқалары, қояндар.

Зертханалық жануарларды бекіту.

Ақ тышқанды қолмен немесе пинцетпен құйрығынан ұстап

бекітеді. Бас бармақ жəне сұқ саусақпен құлағынан жəне желке

терісінен ұстайды. Сонда жануарлардың тыпыршуына жол

бермейтін тері бүрмесі пайда болады.

Теңіз шошқасын арқасынан сипап, қолды кеудесіне қарай

ығыстырып, басымен жоғары ұстап, екінші қолмен денесінің;

артынан көтермелеп тұрады.

Үй қлянын құлағынан ұстап басып тұрып бекітеді. Үй

қояндарын кейбір жағдайда бет орамалмен немесе арнаулы

станоктабекітуге болады.

Зертханалық жануарларды зақымдау əдістері

Тері астына ауру жұқтыру үшін жотаны бүйір, құрсақ, тізе

қатпарын белгілеп алады. Инъекция жасайтын жерді спиртпен

өңдейді. Жұқпалы материалды денесіне параллель етіп терінің;

қатпары астына жібереді. Содан аоң денеге жіберген материал

кейін шығып кетпес үшін инені 45°С бұрыш жасай шығарып алады.

Ет ішіне ендіру – инені сан етіне сұғады.

Тері ішіне ендіру – теріні аздап тартып, оның қатпарына сүйір

бұрыш жасап инені сұғады. Сонда иненің тесігі терінің беткі

қабатында болуы тиіс. Инъекция жерінен тері кішкентай көпіршік

сияқты ісініп шығуы керек.

Вена ішіне ендіру – тышқандардың құйрықта, ал үй

қояндарының құлақта орналасқан веналарына жіберу арқылы

жүзеге асырылады. Материал ендіретін жердің жүнін қырқып,

тазартып, спиртпен өңдейді. Қан толық толуы үшін қан

тамырларын қолмен қысады да, спиртпен өңдейді. Тышқан

__________құйрығын жылы суға малып қояды. Жіңішке инемен қанның;

ағысына қарай инені ендіреді де, ол жерге материалды жібереді.

Содан соң инені шығарып алып, ол жерді спиртке малынған

мақтамен өңдейді.

Құрсақ ішіне енгізгенде жануарларды басын төмен қаратып

артқы аяғынан ұстап көтереді. Сонда ішек қарын кеуде қуысының;

диафрагмасына қарай ауысады. Осылай жасағанда іш қуысы

босайды, ішек қарынды зақымдамай инені оңай енгізуге мүмкіндік

туады. Ине сұққан жер кіндік пен шаптың арасындағы ақ сызықтан

шеттеу болып көрініп тұрады.

Ми ішіне ендіру – тышқандарды желке аймағына басты қыса

батырып бекітеді. Инъекция жасайтын жерді спиртпен өңдеп, инені

шаншиды. Инені 2 мм тереңге сұғып, материалдысол жерге

жібереді. Инені енгізгеннен кейін инъекция орнын спиртке

малынған мақтамен өңдейді.

Сабаққа қажет материалдар мен құрал – жабдықтар:

зертханалық жануарлар, залалсыздандырылған шприцтер,

жұқтыруға арналған микробтар культурасы, залалсыздандырылған

мақта, иодталған спирт, қайшы, пинцет.

Зертханалық жануарлардың өлексесін сою

Өлексені тақта бетіне немесе жайпақ аяқшаға құйып,

қатырылған парафин бетіне, болмаса арнаулы терең кюветтерде

керіп бекітеді. Соятын жерді спиртпен немесе 3 - 5% - ті карбол

ерітіндісімен дезинфекциялайды. Союды құрсақұқолтығынан

бастап, кеудеге, ақ сызықпен апарыпалдыңғы аяқтың қолтығына,

артқы аяқтың тізе бүрмесіне созады.

Құрсақ қуысын ашу. Семсер тəрізді шеміршіктен бастап төмен

қарата тіледі. Құрсақ қабырғаларын қабырға доғасының екі жағына

қарай қайырып бөлектейді жəне терінің шеттерін бір жағына қарай

тартып қояды. Бүйрек, бауыр жалаңаштанғанша ішекті солға қарай

пинцетпен тартып қояды.

Кеуде қуысын ашу. Кеуде қуысын қабырғамен қоса кесіп,

жоғары қарай ығыстырып қояды.

Студенттердің өзіндік жұмыстары

Мүшелерден пастер түтікшесімен материал алады да,

спиртовка жалынында қоректік ортаға себеді. Себлген

пробиркаларға белгі салады. Мүшелерден заттық əйнекке жағынды

жасайды, бояйды, микроскоппен қарайды, суретін дəптерге салады.

Союға пайдаланағн құралды дезинфекциялаушы ерітіндіге







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 845. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия