Студопедия — бап. Алдын ала декларациялау 9 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

бап. Алдын ала декларациялау 9 страница






523-бап. Кеден органдарының лауазымды адамдарын
көтермелеу

1. Қызмет мiндеттерiн үлгілi орындағаны және қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшiн кеден органдарының лауазымды адамдарына көтермелеу мен наградалардың мынадай түрлерi:
1) алғыс жариялау;
2) бiр жолғы ақшалай сыйақы беру;
3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
4) Құрмет грамотасымен марапаттау;
5) "Кеден органдарындағы үздiк қызметi үшiн" омырауға тағатын белгiсiмен марапаттау;
6) "Кеден қызметiнiң еңбек сiңiрген қызметкерi" Құрмет белгiсiмен марапаттау;
6-1) 3, 2, 1 дәрежелі «Кеден органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медалімен марапаттау;
6-2) «Кедендік ынтымақтастықты дамытқаны үшін» ведомстволық медалімен марапаттау;
6-3) «Кеден қызметінің ардагері» ведомстволық медалімен марапаттау;
7) кезектi арнаулы атақты мерзiмiнен бұрын беру;
8) атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген атақтан бiр саты жоғары арнаулы атақ беру;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көтермелеу нысандары көзделеді.
2. Көтермелеу ретiнде бұрын берілген тәртiптiк жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастау қолданылуы мүмкiн.
Ескерту. 523-бапқа өзгерту енгізілді - 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

524-бап. Кеден органы лауазымды адамының демалысы

Кеден органдары лауазымды адамдарына екі лауазымдық айлықақысы мөлшеріндегі сауығуға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күндік жыл сайынғы ақы төленетін демалыс берiледi.

525-бап. Кеден органдары лауазымды адамдарын
зейнетақымен қамсыздандыру

Кеден органдарының лауазымды адамдарын зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

526-бап. Кеден органдары лауазымды адамдарын құқықтық
және әлеуметтік қорғау

1. Кеден органдарының лауазымды адамдары мемлекеттік биліктің өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады.
2. Кеден органының лауазымды адамы қызметтік міндетін орындауға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда қаза тапқан адамның отбасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайларда және тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын алаң алуға құқылы.
3. Кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда - қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына немесе асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне):
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен бюджет қаражаты есебінен қаза тапқан адамның атқарған соңғы қызметі бойынша алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерінде біржолғы өтем төленеді;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде және тәртіппен асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.
4. Кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты, өзiнiң кәсіби қызметін одан әрi жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейтiндей болып мертiккен не денсаулығына өзге де зақым келген жағдайда, аталған адамға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет қаражаты есебінен мынадай мөлшерде:
1) бірінші топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражат мөлшерінде;
2) екінші топтағы мүгедекке - он сегіз айлық ақшалай қаражат мөлшерінде;
3) үшінші топтағы мүгедектерге - алты айлық ақшалай қаражат мөлшерінде;
4) мүгедектiк белгiленбей, еңбек қабiлетін тұрақты жоғалтуы анықталған кезде - бiр жарым айлық ақшалай қаражат мөлшерінде біржолғы өтем төленедi.
5. Егер кеден органы лауазымды адамының қаза табуы (қайтыс болуы), жарақат алуы, жаралануы (мертiгуi), ауруы қызметтiк мiндеттерiн атқаруына қатысы жоқ жағдайларға байланысты болғандығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтем төленбейдi.
Ескерту. 526-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.06.20 N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

72-тарау. Кеден органдарының және олардың лауазымды
адамдарының жауаптылығы

527-бап. Кеден органдарының жауаптылығы

1. Кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден заңдарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Кеден органдарының Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келмейтін актілер шығаруы салдарынан келтірілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өтелуге тиіс.

528-бап. Кеден органдары лауазымды адамдарының
жауаптылығы

Кеден органдарының лауазымды адамдары заңсыз шешімдер шығарғаны, әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық және өзге де жауаптылықта болады.

73-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

529-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Кодекс, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 19-баптың 12) тармақшасын, 290-баптың 5-тармағын және 433-баптың 2-тармағын қоспағанда, 2003 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

530-бап. "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды
деп тану туралы

2003 жылғы 1 мамырдан бастап "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 1995 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 13; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 18, 367-құжат; 1997 ж., N 11, 144-құжат; N 12, 189-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 46-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 20, 717-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; N 10, 244-құжат; N 18, 338-құжат; 2001 ж., N 15-16, 224-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 6, 74-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат) күші жойылды деп танылсын.

531-бап. Өтпелі ережелер

1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялары болған жеке және заңды тұлғалар осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін оған сәйкес келтіруге міндетті.
2. "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісім-шарттар негізінде берілген жеңілдіктер ол келісім-шарттар бұзылмаған жағдайда, сол келісім-шарттарда белгіленген мерзімге дейін өз күшін сақтайды.

Қазақстан Республикасының
Президенті

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 396. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия