Студопедия — Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.






Тас ғасыры,оның кезеңдері мен ескерткіштері.Тас ғасыры – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың – 8/7 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтартарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзатқоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған. Палеолит. Ежелгі тас ғасыры.

1. Олдувай (ертедегі немесе төменгі палеолит) - 2,6 млн. - 700 мың жыл.

1. Ашель - 700 - 150 -200 мың жыл.

1. Мустье (орта палеолит) - 150-200 - 35-30 мың жыл.

Кейінгі немесе жоғарғы палеолит- 40-35 мың жыл - б.з.д.Ю-мыңжылдық. Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 10 - 7-мыңжылдықтар. Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 7-6 - 4-мыңжылдықтар. Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит - голоценге жатады.Ерекшелігі: Тас ғасыры мен қола дәуірі арасында жатқан ерекше дәуір энеолит деп аталады. Бұл кезеңнің шекарасы немесе хронологиялық шектеуі әлі толық анықталмаған, дегенмен де ол шамамен- б.з.д. 4-3 - 2 мыңжылдықтар аралығында орын алады.Ертедегі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Палеолит дәуірінде адамдардың қоғамдық ұйымдары өте күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда болды. Ол ерте ашелъге сәйкес келеде. Осы кезеңде бірте-бірте жаңа әлеуметтік организмнің, яғни алғашқы қауымның пайда болуының алғы шарттары қалыптаса бастады. Іс жүзінде алғашқы қауымның жетілген түрлері тек кейінгі палеолитте ғана қалыптасады. Ол, көптеген зерттеушілердің пікірінше, прогрессивтік дамудың алғашқы айқын нышандарының бірі болып, неандертальдықтардын кәзіргі адам түріне айналу кезеңімен түспа-тұс келді.Қазақстан жерінен табылған энеолит ескерткіштері Иманбұрлық, Сексеуілді -1, -2 және Павлодарға жақын жерде, Ертіс өзенінің жағасына орналасқан Железинка поселкесінің маңынан табылған обаны жатқызуға болды. Төменгі палеолиттік ескерткіштер Қазақстанның Жамбыл облысындағы Қаратаудан 50-жылдары табылды (мұны тапқан Х. Алпысбаев). Бөріқазған, Тәңірқазған және Тоқалы 1,2,3, сонымен бірге Шу өзенінің оң жағалауындағы Қазанғап қоныстары белгілі. Бұл жерлерден көбінесе тастан жасалған шапқыштар табылған. Ортаңғы палеолиттің ескерткіштері Қазақстанның барлық аймағынан табылған Оңтүстік және Шығыс Қазақстаннан, Маңғыстау түбегінен мустье дәуірінің қоныстары табылған. Бұларға Сарысу өзені бойындағы Мұзбел, Ертіс өзені, Қанай ауылының маңындағы қоныстар жатады. Қазба жұмысы кезінде бизонның, ақбөкеннің, арқардың, жабайы жылқының, т. б. сүйектері, ал құралдардан қырғыштар, сүйір ұштықтар, пышақ тәріздес пластиналар ұшырасты. Жоғарғы палеолит ескерткіштері Орталық және Шығыс Қазақстаннан да табылған. Батпақ – 8, Семізбұғы, Қарабас – 3, Агренсор – 2 осындай ескерткіштер тобына жатады. Неолиттік ескерткіштерден Есіл өңіріндегі – Атбасар мен Торғай үстіртіндегі Маханжар мәдениетін, Ақмола облысындағы – Атбасар мәдениетін, Төлес мәдениеттерін, Оңтүстік Қазақстандағы – Қараүңгір, Атырау облысындағы – Шатпакөл, Құлсары – 1–5, Шаңдыауыл, Қыземшек, Жыланқабақ, Қойқара, Сарықамыс, Шаянды тұрақтары, Маңғыстаудағы Шебір – 7, Сенек-1, -4, -5, -8, Үштаған-1, Семек-10, Ақтау қаласы маңындағы Қосқұдық-1, т. б. тұрақтарды айтуға болады. Оңтүстік Қазақстан жерінен (Жаңашілік 1–3, Маятас, Бөген, т. б.), Қаратаудан (Соркөл, Шаханта, т. б.), Қызылжар қаласына жақын Есіл бойынан (Мичурин, Боголюбов-2, Явленко– 2), Атбасар маңынан (Тельман-7, -8а, — 9а, — 14а), Қарағанды маңында Сарыарқадан (Әкімбек және Қарағанды – 15), Көкшетау маңындағы далалық Шағалалы жағалауынан (Виноградовка – 2а, -12), Торғай ойпаңы ауданынан (Тұз, Дүзбай-6, т. б.), Қостанай қаласы маңынан (Дачная және Евгеньевка), Батыс Қазақстан облысынан (Сарыайдын, Шәуші, т. б.), Екібастұз төңірегінен (Талдыөзек 21, Шідерті, т. б.), Маңғыстаудан (Шақпақата – 2, Қызылсу – 1, т. б.) табылды.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 4046. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия