Студопедия — Күйшілер
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Күйшілер






XIX ғасырдың II жартысында халық сазгерлері мен классикалық сипатта қалыптаса бастаған музыка өнерінің негізі қаланды.

Аса көрнекті күйші, домбара өнерінің классигі Құрманғазы Бөкей Ордасындағы Жиделі деген жерде дүниеге келген. Ең алғашқы ұстазы Ханбазар. Құрманғазының күйді орындау шеберлігін дамытуына ықпал еткен Бөкей Ордасындағы халық сазгерлері Ұзақ, Байбақты, Баламайсан, Байжұма, Шеркеш, Соқыр Есжан.

Құрманғазы өзінің алғашқы күйлерінің бірі “Кішкентайды” Исатай Тайманұлына арнаған. Сарыарқа күйінде туған жерді, кең байтақ даланы сипаттайды. Құрманғазының би күйлері Балбырауын және Қызыл қайың. Оның 60-тан астам күйі сақталған. 1880 жылдардың аяғында күйші Астрахань маңындағы Сахмаға қоныс аударып, сонда қайтыс болды.

Шәкірттері: Дина, Ерғали Есенжанұлы, Меңдіғали Сүлейменұлы, Сүгірәлі, Көкбала, Шора, т.б.

XIXғ. Тәттімбет Қазанғапұлы шертпе күйдің негізін салған. Ол домбыра тартуды әкесінің інісі Әлиден үйренген. Тәттімбет XII-XVII ғасырларда туған күйлерге ерекше мән берді. 40-тан астам күй шығарған Тәттімбет 1855 жылы Петербургке барып, өнері үшін күміс медальға ие болды. Тәттімбет “Бестөре” күйін төрелердің халықты жәбірленуіне байланысты шығарған.

Бөкей Ордасында 2 жылға созылған Исатай мен Махамбеттің көтерілісі келешекте Дәулеткерей Шығайұлының көзқарасының қалыптасуына әсер етті. Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887ж.ж.) домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін қалаған күйші. Дәулеткерей Бөкей Ордасын басқару жөніндегі Уақытша Кеңестің төрағасы Г.Ващенконың көмегімен далалық әкімшілік құрамына сайланды. “Төре күйлерінің атасы” атанған Дәулеткерей “Желдірме” күйінің авторы. Сазгердің 40-қа жуық күйлері сақталған.

1809ж. қарсыластары өлтірген Кіші жүздің ханы Жантөре атақты “Шалқыма” күйін шығарған болатын.

XIXғ. II жартысында өмір сүрген атақты күйші, қобызда ойнаудың асқан шебері Ықылас Дүкенұлы болған. Белгілі туындылары “Ықыластың күйі” мен “Қоңыр күйі”. Патша шенеуніктері мен байларды сынап “Жарым патша”, “Бестөре” күйлерін шығарған. Баласы Жүсіпбек оның “Қорқыт” күйін кеңінен насихаттап, кейінгі ұрпаққа жеткізді.

Ағартушылыр. Ш. Уалиханов (1835-1865ж.ж.)

Ш. Уәлихановтың туған жері Құсмұрын бекінісі. Шоқанның шыққан тегі ақсүйек, Шыңғыс тұқымы. Шын есімі Мұхаммед-Қанапия. Оның сана-сезімінің ерте оянуына әжесі Айғаным әсер еткен. Шоқан 1847-1853 жылдары Сібір кадет корпусында білім алды. Оқуға түскенде жасы 12 жаста болса, 18 жасында бітіріп, корнет деген атақ алып шықты.

Ш. Уалиханов 1855 жылы Гасфорттың экспедициясына қатысып, Жетісу, Тарбағатай, Орталық Қазақстан, Іле Алатауында болып, аңыз-өлеңдерді жинады. Ал 1856ж. Ыстықкөлді топографиялық суретке түсіріп, Семенов Тянь–Шанскиймен бірге Құлжаға барса, 1857ж. 22 жасында орыс географиялық қоғамына толық мүше болып қабылданды. 1857 жылы Алатау қырғыздарына барып, қырғыз эпосы “Манасты” қағазға түсірді.

1858-1859ж.ж. Ш. Уалиханов өзінің атақты Қашқарияға сапарын жасап (Марко Поло мен Иезуит Гоестен кейін бұл елге тұңғыш барған шетелдік), әлемге әйгілі “Қашқар сапарынан туған еңбек” (бұл еңбек кейде “1858-1859 жылдардағы алты шаһар немесе Қытай провинциясының батысындағы алты қала жағдайы” деп те беріледі) деген шығармасын жазды. 1865 жылы бұл еңбек ағылшын тіліне аударылған. Шоқан ұйғыр халқының музыка өнері, әні мен биі туралы құнды деректер қалдырды.

1859-1861 жылдары Петербургте болып, орыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы өкілдерімен араласты. 1860 жылы Петербургте ержүрек жиһангез және Орта Азия халықтары өмірін зерттеуші ретінде құрметтеліп, орденмен марапатталды. Орыс жазушысы Ф. Достоевскиймен алғаш 1854 жылы Омбыда танысып, Семейде, Петербургте қайта кездеседі. 1861 жылдан кейін бұрынғы бағытынан өзгере бастаған Ф.Достоевскийдің көзқарасына Шоқан сын көзбен қарай бастады.

1861 жылы ауруға шалдығып, ауылына қайтады. 1862 жылы Атбасар округінің аға сұлтаны болуға кандидатурасын ұсынып, сайлауға қатысады. Бірақ қабылданбайды. 1864 жылы Шоқан генерал Черняевтің әскери экспедициясы құрамында Әулиеата бекінісін алуға қатысады. Генералдың әділетсіз істеріне наразы болып, 1864 жылдың маусымында Верныйға қайтады.

“Ислам діні” деген мақаласында былай дейді: “Қазақстанда ислам діні VIIIғ. тарағанымен XIXғ. аяғына дейін тұрғындардың жүрек түкпіріне жете қойған жоқ”.

Ш. Уәлихановтың ең соңғы еңбегі (“Қытайдағы дүнгендер көтерілісі”) 1865ж. “Руский инвалид” газетінде жарық көрген. 1865ж. сәуірде Шоқан ауыр науқастан Алтын-Емел жотасында қайтыс болды.

Ы. Алтынсарин (1841-1889ж.ж.)

Ы.Алтынсарин атасы Балғожаның қамқорлыығында болған. 1857ж. Ыбырай Орынбордағы орысша мектепті алтын медальмен бітірді. Ы.Алтынсаринның 1857ж. меңгерген тілдері орыс, араб, татар, парсы. 1864 жылы Орынбор бекінісіндегі мектепте оқытушы болды.

XIX ғасырдың II жартысындағы көрнекті ағартушы, жаңашыл педагог Ыбырай Алтынсарин 1864ж. Торғайда тұңғыш рет қазақ мектебін ашты. Ыбырай 1879ж. Торғай облысындағы мектептің инспекторлығына тағайындалды. Ы.Алтынсаринның Ырғыздағы жарқын істерінің бірі қазақ қыздарына арнап мектеп ашты (1879ж).

Ы.Алтынсаринның “Қыпшақ Сейітқұл” әңгімесінде егіншілік кәсібі уағыздалған. Ы.Алтынсаринның негізгі оқу құралы “Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық” деп аталады. Ы.Алтынсаринның “Қырғыз хрестоматиясы” орыс алфавитінде жазылған.

А. Құнанбаев (1845-1904ж.ж.)

Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбайұлы Шыңғыстауда туылған. Шын аты Ибраһим. Оған “Абай” деген есімді шешесі Ұлжан қойған. Абай әжесі Зеренің тәрбиесінде өсті. Абай тобықты руынан шыққан. Сондықтанда әкесі Құнанбай тобықты руының старшыны болған. Абай Семейдегі Ахмет-Риза медресесінде 3 жыл, ал “Приходская школада” (Семейде) 3 ай оқиды. Алайда, әкесі Құнанбай Абайды ел басқаруға араластыру үшін оқуын бітіртпей алдырады. Осылайша, Абай 9 жыл Шыңғыс болысын басқарды.

Абайдың сана–сезімін кеңейтуге Л. Толстой үлкен әсер етті. Абай Гетенің өлеңдерін аударған.

Абайдың философиялық нақыл сөздері “Ғақлиялар” шығармасында берілген. 1900ж. жарық көрген Абайдың “Орта жүз қазақ руларының шығу тарихы туралы жазбалар” еңбегінде Семей облысындағы қазақтардың рулық құрамы туралы айтылған.

Абайдың ұлы Әбдірахман Петербургтегі Михайлов артиллерия училищесін бітірді. Сүйікті ұлы Мағауия 1904ж. науқастан көз жұмып, 40 күн өткен соң өзі де қайғыдан құса болып қайтыс болды.

Абайдың шығармалары баспадан 1909ж. бастап шыға бастады.

 

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1957. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия