Студопедия — Азақстандағы ұжымдастыру саясаты
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстандағы ұжымдастыру саясаты






Ұжымдастыру дегеніміз - халықтың мал-мүлкін, астығын т.б. мемлекеттің тәркілеп алып, бұрынғы байлар мен кедей-шаруаларды бір жерге ұжымдастырып біріктіру, яғни осылайша ұжымшар (колхоз) жасап, таптық теңсіздікті жою.

1927ж. БК(б) партиясының XV съезі ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ұжымдастыруды 1932ж. көктеміне қарай аяқтау көзделді. Кеңес үкіметі Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды отырықшылдыққа көшіруді 1933ж. аяқтауды көздеді. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада ұжымшар құрылысы жедел дамытылды.

1928 жылы Қазақстандағы барлық шаруашылықтардың 2% ғана ұжымдастырылған болса, 1931ж. 65% ұжымдастырылды. 1932ж. Акпанда Шу ауданында 150км. жерден хапық көшіріп әкелініп, 400 киіз үйден «қала»үлгісі жасалды.

Қазақстанда ұжымдастыру саясаты бай -кулактарды тәркілеуден басталды. 1928ж. 27 тамызда «Аса ірі байлар мен жартылай феодалдар тәркілеп және жер аудару» туралы декрет шықты. Осы декретке сай деревня мен ауылдарға қатал нұсқаулар мен орасан құкықтарға ие болған 4812 уәкіл жіберілді. 1928ж. ең ірі 657 жартылай феодал мен бай жер аударылды.

Ұжымдастыру жылдарында 1 млн. астам (онын 414 мыңы кейін елге қайтып оралса, 616 мыңы қайтып оралған жоқ) қазақ республикадан тыс жерлерге көшіп кетті (1930ж. каңтарынан 1931ж. маусым аралығында Қазақстаннан басқа жаққа 1млн.70мың адам көшіп кеткен). XX ғ. 20-30 жылдарындағы Қазақстандагы қазақтардың үлесінің азаюына ашаршылық және миграция салдары себеп болды.

Ұжымдастыру жылдары 145 мың ірі қара мал ірі байлардан алынып, шаруашылыққа бөлінді. 1928 жылы Қазак АКСР-індегі мал саны 41 млн. кұрады. 1929ж. Қазақстандағы мал саны 40,5 млн. болса, 1933ж. 4,5 млн. ғана қалды. 1931-1932ж.ж. Шұбартау ауданында малдың 80% мемлекетке өткізілді. Торғайда «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұран пайда болды. 1932 жылы Коммунистік партияның Орталық Комитеті «Казақстанның ауылшаруашылығы, атап айтқанда мал шаруашылығы туралы» қаулы қабылдады.

1929 ж. ауылшаруашылығын ұжымдастыру барысында Қазакстанда алғаш рет МТС-р құрылды.

Қазақстанның астықты аудандарындағы колхоздық құрылыстың түрі ауыл шаруашылық артелі болса, малды аудандардағы колхоздық құрылыстың негізгі формасы жерді бірлесіп өңдеу және шөп серіктестігі болды. Ұжымдастыру қарсаңында жерді бірлесіп өңдеу серіктестерінің саны 294 болды. 1935ж. ауылшаруашылық артелінің жаңа үлгідегі жарғысы қабылданды. 1928-1929жылдары астықты дайындау науқаны кезінде 56 мыңнан астам шаруа жауапкершілікке тартыльш,оның 31 мыңнан астамы (33 мың) сотталды, 177 шаруа атылды.

1931-1933ж.ж. аштықтан Республикадағы 6,2 млн. халыктың 2,1-ы қырылды. (1 млн.750 мыңы қазақ; өзге ұлттардың шығыны 0,4 млн.). 1930-1932ж.ж. аштықтан, түрлі індеттерден халыктың 40% қырылды (казақтардың осы жылдардағы саны тек 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келген еді).

І932ж. аштыққа байланысты Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауилин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев («Бесеудің хаты») Голощекинге ашық хат жазды.1933ж. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасынын орынбасары Т.Рысқұлов Сталинге хат жазып, қазақ халқын аштықтан кұтқаруды өтінді.

Күштеп ұжымдастыруға қарсы Қазақстанда қарулы көтерілістер 1929-1931ж.ж. аралығында болды. Ұжымдастыру жылдары республика аумағында 372 толқулар мен көтерілістер болып, оған 80 мың адам катысқан. Голощекиннің 1931ж. Сталинге жазған хатында Қазақстандагы ең ірі 15 көтеріліс туралы айтылды.

1930ж. Голощекиннін тапсырмасымен құрамына Жангелдин, Мүсірепов, Сейфуллин, Юсупов кірген комиссия Қарақұм көтерілісшілерімен келіссөз жүргізді. Қаракұмдағы көтерілісшілер саны 5000-ға жетті. Қарақұм көтерілісін Орынборда орналасқан 8 дивизия басып тастады. Қарақұм көтерілісіне қатысқаны үшін 175 адам атылды.

Ұжымдастыру жылдарындағы халық көтерілістері кезінде Созақтағы көтерілісшілер аудан орталығын басып алып, қала басшысы Жүнісбековты өлтірді. 1930ж. Созақ көтерілісінде С.Шолақов хан болып сайланып, Созақ көтерілісін басқарды. Созақтағы көтеріліс басшыларының бірі Жақыпов болды.

Семей округі халық наразылығының ірі ошағына айналды. Ұжымдастыру кезінде көтеріліске шыққан Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау аудандарының шаруалары түгелдей қырып тасталды.

Маңғыстау мен Ойыл аудандарында шоғырланған көтерілісшілер Иран мен Ауғанстанға көшіп кетсе, Жетісудағы Алматы округінің Балқаш, Шоқпар, Іле, Еңбекшіқазақ, Биен-Ақсу, Сарқант, Жаркент, Бөрібаев аудандарының халқы Кытайға көшіп кетуге мәжбүр болған болатын.

1930ж. Ырғыздағы көтерілісті Айжарқын Қанаев басқарды.

1929 жылы 1-қарашада Қостанай округінде (Торғайда) басталған Батпаққара көтерілісі бандиттік-басмашылар қозғалысы деп бағаланып, бүкіл Республикаға әсер етті.

Ұжымдастыруға қарсы «көтеріліс бандалары» деп аталған қылмыстық істерді соттан тыс «үштіктер (Ф.Голощекин, І.Құрамысов, Г.Рощаль)қарады. Ұжымдастырудың сталиндік үлгісі іс жүзінде жоңғар шапқыншылығы кезіндегі апаттың кеңестік нұсқасы болып шықты.

1938ж. Қазақстанға Қиыр Шығыстан 100 мыңнан астам (102 мың) корейлер көшіріліп әкелінді. Қоныс аударушы корейлер Алматы мсн Қызылорда облыстарына қоныстандырылып, олардың 57 ұжымшары құрылды. Ал, Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға Еділ бойынан немістер көшіріліп әкелінді.

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 3799. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия