Студопедия — Тақырып 1. Мұнай мен газдың әлемдік қоры. Қазақстанның негізгі мұнай – газды аймақтары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып 1. Мұнай мен газдың әлемдік қоры. Қазақстанның негізгі мұнай – газды аймақтары






Әр түрлі бағалаулар бойынша дәлелденген мұнайдың әлемдік қоры 143,4 млрд. тоннаға (немесе 1035 млрд. баррельге) жетеді; оның ішінде шамамен Таяу Шығысқа – 91,2, Орталық және Оңтүстік Америкаға – 13,0, Солтүстік Америкаға – 11,5, Африкаға – 10,1, Ресейге – 6,7, Еуропаға – 2,7, ал қалған елдерге -8,2 млрд тоннадан келеді. Әлемдегі мұнайдың ең ірі қоры (-260 млрд баррель) – Сауд Арабиясында.

Табиғи газдың әлемдік қорлары елдер бойынша былайша таралған (%): Ресей -38,4, Иран – 15,8, Қатар – 5,8, Сауд Арабиясы – 4,8, Әбу – Дәби – 3,8, АҚШ – 3,2, Алжир – 3,1, Венесуэла – 2,8, Нигерия – 2,4, Ирак – 2,1, басқа елдерде – 18,6. Газдардың барлау жасаған қорлары бойынша Ресей әлемдегі бірінші орынды алады (әлемдік қордың 38,4%- ы) және қазіргі уақытта әлемдік өндірудің 30% - ын қамтамасыз етеді.

Қазақстан комірсутектік шикізіаттың мол қоры бар 15 мемелекеттің қатарына кіреді. Теңіздегі кен орындарының есептемегеннің өзінде еліміздің терреториясында мұнай мен газ конденсатының қоры – 2,9 млрд тонна, газдың қоры – 1,8трлн м3. Қазақстанның жер қойнауында есептеліп дәлелденген көмірсутектердің әлемдік қорының 2% - ы бар.

Қазақстанның құрлықтағы және Каспий шельфіндегі мұнай мен конденсаттың болжамдық қоры 12-13 млрд тонна деңгейінде деп бағаланады.

Республикамыздың мұнай – газды аймақтарында орналасқан көмірсутектердің 210 – ға жуық кен орындары (100 мұнайды, 67 мұнай – газды, 22 газды және 11 конденсатты) 1,7 млн км2- ге жуық ауданды алып жатыр (Қазақстан аумағының шамамен 62% - ы). Оның ішінде 5кен орындарының үлесіне елімізде өндірілетін көмірсутектер қорының 2/3 бөлігі сәйкес келеді (жартысынан астамы – Теңіз қоры, қалған көлемі құрлықтағы басқа 4 ірі мұнай – газды аудандарға сәйкес келеді – Өзен және Қарашығанақ, Жаңажол және Құмкөл кен орындары топтары).

Бұл кен орындары Қазақстанның 14 облысының алтауында орналасқан: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. Оның ішінде көмірсутектердің шамамен 70% - Қазақстанның батысында шоғырланған.

Мұнайдың барланған қорының көпшілігі Атырау облысында, оның үлесіне Қазақстанда барланған сұйық көмірсутектердің үштен бірінен көбі сәйкес келеді. Облыстың ең ірі кен орны – Теңіз (республиканың барланған мұнайының шамамен үштен бірі осында).

Маңғыстау облысының аумағында елімізде өндірілетін мұнай қорының төрттен бірі шоғырланған. Мұнда 70 кен орны ашылған, олардың ең ірілері – Өзен, Жетібай, Қаламқас, Қаражамбас. Бұлардың ішіндегі Өзен кен орны республикадағы Теңізден кейінгі екінші орында, оның үлесіне Қазақстанның құрлықтан өндірілетін қорының 10% - ынан астамы сәйкес келеді.

Көмірсутектердің 15 – ке жуық кен орындары Батыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Олардың ең ірісі – Қарашығанақ мұнай – газ конденсатты кен орны, ол республикамыздың ең ірі үш кен орнының бірі болып табылады.

Ақтөбе облыысында көмірсутектердің 25 кен орны ашылған, оның ең ірісі – Жаңажол кен орындарыныңтобы, одан алынатын мұнай мен конденсаттың қоры шамамен – 170млн тонна.

Қызылорда мен Қарағанды облыстары шекарасында Қазақстанның маңызы бойынша бесінші мұнай –газды провинциясы – Құмкөл кен орындарының тобы.

Қазақстан газының барланған қорының 95% - ы еліміздің батысында шоғырланған (Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары).

Газдың өнеркәсіптік қоры ең алдымен мұнай, мұнай – газ және мұнайгазконденсаттық кен орындарымен байланысты, ең алдымен, олардың төрт ең ірілері – Қарашығанақ мұнайгазконденсат, Теңіз мұнай, Имашев мұнайгазконденсат кен орындарымен байланысты. Көпшілігі кіщі категориялы болып келетін таза газ кен орындарының жиынтық қоры 1,5% -дан аспайды.

Жақын жылдары газдар қорының Каспий теңізі айдынында жаңа газ кен орындары қорының есебінен 1,5 – 2,0 есе өсуі көзделіп отыр. Болжам бойынша Каспийдің солтүстігіндегі Қашаған кен орнындағы газдың қоры 3,0 трлн м3 астамды құрайды.

Мұнай өндіретін елдердің ішінен Қазақстан қазіргі уақытта мұнай өндіру көлемі бойынша 23 – орынды алады. 2002 жылы республикада 45млн тонна сұйық көмірсутектер және 13 млрд м3 – ден астам газ өндірілген. 2005 жылы мұнайды өндіруді 60 млн тоннаға дейін, газды 20,5 млрд м3 - ге дейін, ал 2010 жылы мұнайды 100 млн тоннаға, газды 35 млрд м3 – ге дейін арттыру жоспарланып отыр.

НӘ /1, 2/, ҚӘ /1/

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстанның ең ірі кен орны қай облыстарда орналасқан?

2. 4 ірі мұнай – газды аудандарды атаңыздар

3. Облыстың ең ірі кен орнын атаңыздар

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 3463. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия