Студопедия — Этиотропты ем
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Этиотропты ем






Жұқпалы аурулардың этиотропты емінің негізгі әдісі – химиотерапия әр түрлі класқа жататын антимикробты дәрілер (антибиотиктер; сульфаниламидтік препараттар; нитрофуран туындылары, вирустық репликация ингибиторлары т.б.) қолдану.

Антибиотиктерәсер ету механизмі бойынша 3 топқа бөлінеді – микроорганизмнің қабырғасының синтезінің ингибиторлары; микробтық нуклеин қышқылдары мен белоктық синтезінің ингибиторлары; молекулярлы құрылымды және жасуша мембранасының функциясын бұзатын препараттар.

Микробтық клеткаларға әсер етуі бойынша бактерицидтікжэне бактериостатикалық антибиотиктерді ажыратады.

Химиялық құрамы бойынша антибиотиктер бірнеше топқа бөлінеді:

- аминогликозидтер (гентамицин, канамицин, т.б.)

- ансамакролидтер (рифампицин, рифамицин т.б.)

- беталактамдар (пенициллиндер, цефалоспариндер т.б.)

- палиендер (амфотерицин В, нистатин т.б.)

- макролидтер (олеандомицин, эритромицин,т.б)

- полимиксиндер (полимиксин М т.б.)

- тетрациклиндер (доксициклин, тетрациклин, т.б.)

- хлорамфеникол (левомицетин)

- фузирен, т.б.

Табиғи антибиотиктермен қатар синтетикалық және жартылай синтетикалық дәрілер қолданылады. Олардың антимикробты әсері, қышқылдар мен ферменттерге тұрақтылығы жоғары.

Антибиотиктердің микробқа әсерінің спектріне байланысты бірнеше топ ажыратады:

- грам-оң және грам-теріс кокктерге (менингококк, стрепто- және стафилококктар, гонококк, коринобактериялар, клостридиялар) және кейбір грам-оң бактерияларға қарсы эффективті антибиотиктер - бензилпенициллин, бициллин, метициллин, цефалоспориндердің I буыны, макролидтер, линкомицин, ванкомицин,т.б.

- грам-оң және грам-теріс таяқшаларға қарсы кең спектрлі антибиотиктер: жартылай синтетикалық пенициллиндер (ампициллин т.б.), хлорамфеникол, тетрациклиндер, II буынды цефалоспориндер;

- көбінесе грам-теріс таяқшаларға қарсы активтілігі жоғары антибиотиктер: доксициклин, полимиксин, III буынды цефалоспориндер;

- саңырауқұлақтарға қарсы препараттар: леворин, нистатин, амфотерицин В, флуканазол, кетоконазол.

Сонымен қатар, қазіргі кезде әртүрлі химиопрепараттардың да маңыздылығы жоғалған жоқ. Оларға нитрофурандар, 8-оксихинолин және хинолон, сульфаниламидтер және сульфондар,т.б. туындылары жатады.

Нитрофуранды препараттар (фуразолидон, фурадонин, фурагин, фурациллин,т.б.) кең антибактериалді спектрге және қарапайымдыларға қарсы әсерге, жасушаішілік қасиетке ие. Олар ішек және зәр шығару жолдарының жұқпалы ауруларында және жергілікті антисептик ретінде қолданылады.

8-оксихинолин туындылары (мексаза, мексаформ, хлорхинальдон, 5-НОК, т.б.) ішек және урогениталді аурулардың көптеген бактериалді, қарапайымды, саңырауқұлақты аурулардың қоздырғыштарына қарсы эффективті.

Хинолон туындылары, әсіресе фторхинолондар (ломефлоксацин, норфлоксацин, офлоксацин, пефлоксацин, ципрофлоксацин, т.б.) жоғары антибактериалді эффектіне, кең спектрлігіне, жасуша ішіне ену қасиетіне және төмен токсиндік әсеріне, т.б. байланысты қазіргі кезде кең қолданылуда.

Сульфаниламидтер (сульгин, сульфадимезин, сульфаниламидтер, сульфапиридазин, фталазол,т.б,) және сульфон препараттары (диафенилсульфон немесе дансон, т.б.) грам-оң және грам-теріс бактериялармен немесе қарапайымдылармен шақырылған ішек, тыныс жолдары, зәр шығару жолдары ауруларының көптеген ауруларында қолданылады. Бірақ, бұл дәрілерді қолдану әр түрлі асқынулардың пайда болуына әкеліп соғады. Жаңа сульфаниламидтер мен триметопримнің үйлесуі - котримаксазолдың (бактрим, бисептол, гросентол, септрим, т.б,) антибактериальды эффекті жоғары және жанама әсері аз.

Этиотропты терапия мақсатымен паразиттерге қарсы және вирустарға қарсы препараттар да қолданылады. Паразиттерге қарсы препараттар бірнеше топқа бөлінеді: безгек қоздырғышына қарсы (хингамин немесе делагил, хинин, т.б.), амебиаз қоздырғышына қарсы (метронидазол, парамомицин, эмитин, т.б.) және басқа протозойлы инвазияларға қарсы препараттар; гельминттерге қарсы препараттар (альбендазол, левамизол, мебендазол, празиквантель, фенасал.т.б.).

Вирусқа қарсы препараттарвирустардың тіршілік циклінің әр түрлі сатыларына әсер етеді. Клиникалық тәжірибеде вирусқа қарсы препараттар А гриппіне қарсы (амантадин, арбидол, ремантадин, осельтамивир, занамавир т.б.), герпестік инфекцияға қарсы (ацикловир, валацикловир, ганцикловир, полирем, т.б.), В және С вирусты гепатиттерге қарсы (ламивудин, рибавирин, т.б.). АИВ – инфекцияға қарсы (зидовудин, невирапин, саквинавир, эпивир, т.б.) қолданылады. Қазіргі кезде вирусты инфекциялар емінде интерферондар қолданылады (адамның лейкоцитарлы интерфероны, рекомбинантты препараттар – интерлейкин - 2α, интерлейкин - 1β). Олар вирусқа қарсы әсерімен қатар иммуноынталаушы әсерге ие.

Антибактериальды, вирусқа қарсы және паразиттерге қарсы емінің максимальды эффектіне жету үшін бірнеше ережелерді сақтау керек. Қандайда бір белгілі дәрі ауру этиологиясына, науқастан бөлінген қоздырғыш штаммының сезімталдығына, ауру сатысына және науқастың осы дәріге сенсибилизациясы болуына байланысты таңдалынады.

Антибактериальды препараттардың активтілігі басқа дәрілермен өзара іс-әрекетіне байланысты болуы мумкін (мысалы, кальций препараттарының әсерінен тетрациклин эффективтілігі төмендейді; фторхинолондардың антацидті препараттардың әсерінен эффективтілігі төмен, т.б.). Антибиотиктердің өздері де көп дәрілердің әсерін өзгертеді (мысалы, аминогликозидтер миорелаксанттардың әсерін жоғарылатады, левомицетин антикоагулянттың әсерін күшейтеді).







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 7864. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия