Студопедия — ТІС науқастарды емдеу принциптері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ТІС науқастарды емдеу принциптері






Емдеу шараларын жүргізу кезінде «негізделген» және эмпириялық терапия әдісі қолданылады. Дәрігерге ең алдымен науқаспен психологиялық байланысты бекіту өте маңызды, олармен психотерапиялық сұқбаттасу жүргізіп, ТІС клинкиалық симптоматикасын психоәлеуметтік және психосоциальді күйзеліспен, үрей және депрессиямен байланыстығын түсіндіріп, лабораторлы-аспапты диагностикалық зерттеу көрсеткіштерінің қалыпты деңгейден ауытқуының жоқтығын құжаттық дәлелдеу қажет. Сонымен қатар тану мінез-қылықтық терапиясын қолдану (cognitive-behaviora therapy), оның мағынасы, анамнезінде стрестік жағдайлар анықталса науқаспен бірге оны болдырмау жолдарын немесе күйзеліске жеке реакциясын моделдеу жүргізіледі.

Психодинамиялық терапия ТІС науқасқа көмектесу мақсатында жеке бас арасындағы ұрыс-керісті (жанұяда, еңбек ұжымында) шешуге көмектесу мақсатында жүргізіледі. Барлық аталған емдеу әдістері ТІС науқастарды пси-хологиялық қолдауға бағытталған (психоәлеуметтік үйреніштік).Емдік тағам-ның белгілі бір маңызы бар. ТІС науқастар толықтырылған диетаны қажет етеді, ол жеке әдеті мен ұнататын әртүрлі тағамды көтере алмайтынын (жеке негативті тәжірибесінің негізінде) ескеруді қажет етеді. Рационға майсыз ірімшік, тұзды емес сыр, жемісті сорпа, гречкалы және сұлылы ботқа, майсыз ет, қайнатпа түрінде дайын тағамға қосылып өсімдік текті маймен (2 ас қасықтан) аз-аздап беріледі. Іш қатуы кезінде тағам талшықтарын (бидай үгінтісі, фибромед, фибропан және т.б.) беру нәтижелі, олар гидрофильді каллоид болып табылады; ал ұйықтар алдында-бал мен су беріледі.

ТІС емдеуінде маңыздысы психо-және гипотерапия.

ТІС фармакотерапиясы. ТІС емдеу кезінде әртүрлі топтағы фармакопрепараттар қолданылады. Олардың біреуі ішек қызметінің реттелу механизімінің әртүрлі деңгейіне әсер етсе, басқалары көбіне жергілікті симптоматикалық зат ретінде әсер етеді және ТІС үш негізгі клиникалық ағым варианттарын ескере отырып салыстырмалы түрде тағайындалады; абдоминальді ауырсынудың және метеоризмнің басымдылығымен, іш қатуы және іш өтуі.

ТІС емдеу кезінде биопсихоәлеуметтік, психосоматикалық процестер соматикалық депрессия, әртүрлі кластардағы заттар: антидепресанттар, анк-сиометиктер, нейролептиктер нәтижесінде өтеді. Солардың ішінде үш цикл-ді антидепресанттар, ең алдымен коаксил (тианептин)- жоғары белсенділігі-мен, жылдам әсерімен, қауіпсіздігімен, жақсы көтере алатындығымен, басқа фармакологиялық заттармен шамалы әрекеттесетіндігімен, ТІС емінде қолда-нылуымен ерекшелінетін.Күрделі препарат коаксил күйзеліске протек-торлы әсер етеді, «дөңгелек психосоматикалық циклді» бұзады, депрессия симптом-дарын, үрейді және психоастенияны басады, науқастың әлемді тану көзқара-сын өзгертеді, оның өмірлік қабілетін жоғарылатады, ТІС ішектен тыс көріні-стерін азайтады.Коаксилдің емдік мөлшері -12,5 мг күніне 3 рет;курсы 1-3 ай.

Коаксилден басқа ТІС емдеуде басқа да антидепресанттарды қолдану ұсыны-лады: ципрамил ( циталоприл ) мөлшері 20 мг/тәул., ол ТІС психопатология-лық және психосоматикалық жиынтықтарын жылдам басады, науқастың КЖ жақсартады; имипрамин (25-50 мг/тәул.) доксепин (75-150 мг/тәул.), амитри-птилин (25-50 мг/тәу).

Анксиолитиктертобының ішінде (үрейге қарсы) полусил, грандаксин (тофизопам) – бензодиазепинді транквилизатор бас миы интегративті қызметін ЛРЖ қоса қалпына келтіруге бейімдейді,; ол психовегетативті синдромға оң әсер етеді, науқастардың өмір сүруін (НӨС) жақсартады. Мөлшері 50-100 мг күніне 2-3 рет. Сонымен қатар мидазолол (7,5-15 мг/тәу), феназепам (1-2 мг/тәу), цезапрамин(50 мг тәулігіне 3 рет) жақсы әсерімен көрінді. Анксиолитиктерді олардың жағымсыз әсеріне байланысты 2-4 аптадан артық тағайындауға болмайды.

ТІС емдеу кезінде эглонил (сульпиридтің) – антипсихотикалық белсенділігі атипті нейролептиктің жоғары нәтижелігі дәлелденген. Эглонил бас миының тригерлік аймағындағы дофаминергиялықрецепторларды басып, вегетореттеуші, соматотұрақтандырушы және прокинетикалық әсер етеді. Сонымен қатар бас миының күйзеліске төзімділігін жоғарылатады, үрейлі депрессивті синдромның көрінісін, көбіне соматоформалық бұзылыстарды басып, тұрақты клиникалық ремиссияға жетуді қамтамасыз етеді. Мөлшері 50-150 мг/тәу; курсы – 3-4 апта.

Симптоматикалық терапия. ТІС ауырсыну варианты, метеоризммен жүргенде миотропты спазмолитиктер, ең алдымен метеоспазмил (1-2 капсуладан күніне 2-3 рет) сонымен қатар дицетил (50 мг тәулігіне 2-3 рет), спазмомен (40 мг 2-3 рет тәул.) дюспаталин (200 мг тәулігіне -2-3 рет), дротаверин (40-80 мг тәул. 2-3 рет) тағайындалады. Ішек қозғалысын реттеушілердің ішінде бастысы болып дебридат (тримебутин) – опиатты рецепторлардың антогонистері, ішектің қызметін реттейтін энкефалинергиялық жүйеге әсер етеді. Ішек қозғалысын қоздыруды және тежеуді реттеушімен ұқсас дебридат ішектің қозғалыс белсенділігіне модулдеуші әсер етіп, оның қызметін іш қатуында да, іш өтуі кезінде де қалпына келтіреді. Мөлшері 100-200 мг күніне 3 рет, курсы 3-4 апта. Бұрын осы әсері туралы көп жазылып, осы түрінде арқа сүйеген үмітті ақтаған болатын. М-холинолитиктердің ішінде (нейротропты спазмолитиктер) бускопан (төртінші амонилық байламы) мөлшері 10 мг тәулігіне 3-4 рет, курсы 2-4 апта тағайындалуы мүмкін.

ТІС іш қатуымен байқалуы кезінде ең бірінші соматикалық әсерлі ішті басататын дәрілер ұсынылады: дюфалак (лактулоза) 30-60 мл сиропын таңертең және форлакс (макракол-4000) 10-20г стақан суда ерітіліп беріледі, ол жұмсақ, жағымсыз әсер етеді. Бұндай науқастарды емдеуде құнды көмекші емдік зат мукофальк (псиллиум), жол желкен тұқымының қабығынан алынған (plantago ovata); ол суды ішектің ішінде ұстап, бактериялардың өсуін қамтамасыз етеді, қысқа тізбекті май қышқылдарының құрамын жоғарылатып, әлсітеркіш әсер етеді. Мөлшері 5 г бір стақан суық суға ерітіп, курсы 3-4 апта тағайындалады.

ТІС іш өтуімен байқалғанда (82% жағдайда) имодиум (лоперамид) – опиатты рецепторлардың агонистері, іш өтуін жылдам басушы әсер ететіндіктен нәтижелі. Мөлшері 2 капсуладан (4 мг) келесі қабылдауда -1 капсуладан (2 мг) әрбір сұйық дәреттен кейін қабылданады. Имодиум – плюс іш желденуін азайтады (құрамында симетикол) бар. Қосымша адсорбенттер (смекта, аттапульгит, эсперосгель), ал холагенді іш өтуінде – холестирамин (12-16 г/тәул. курсы 5-7 күн) тағайындалады.

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 920. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Стресс-лимитирующие факторы Поскольку в каждом реализующем факторе общего адаптацион­ного синдрома при бесконтрольном его развитии заложена потенци­альная опасность появления патогенных преобразований...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия