Студопедия — Дәрістің қысқаша мазмұны. 1917 ж. 27 ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция жеңіп, патша самодержавиесі құлатылды
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәрістің қысқаша мазмұны. 1917 ж. 27 ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция жеңіп, патша самодержавиесі құлатылды






1917 ж. 27 ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция жеңіп, патша самодержавиесі құлатылды. Барлық жерде, соның ішінде Қазақстанда жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды (1917ж. наурыз-сәуір). Кеңестермен бір сәтте (Бөкей ордасында Орталық Атқару Комитеті құрылды.) Уақытша үкімет органдары жұмыс істеді. Азамат соғысының Қазақстандағы алғашқы ошақтарының бірі 1917 ж. соңында Торғай облысының әкімшілік Орталығы Орынборда пайда болып, онда казак әскерлерінің атаманы Дутов Кеңес өкіметін құлатты. 1917 ж. қарашада Оралда контрреволюция ошағы құрылды. 1918 ж. мамырда Антанта империалистері Чехословак бүлігін ұйымдастырды. Жетісу өлкесі Колчак әскерінің басып алу қаупінде қалды.

Азамат соғысы жылдарында Қызыл армияны құру жүргізілді. БОАК-тің 1918 ж. 29 мамырдағы дектеріне сәйкес әскер құру еріктілігі міндетті әскери парызбен алмастырылды. 1918 ж. күзде Бөкей ордасында алғашқы кеңестік үлгілі қазақ атты әскер жасағы құрылды. Азамат соғысында 8 млн. адам қаза болды. Партизан қозғалысы кең өріс алды. Солтүстік Жетісуда Кеңес өкіметі жолындағы күресте Черкасск қорғанысы (1918 ж. маусым – 1919 ж. қазан) үлкен роль атқарды. 1920 ж. мамырда Қазақстандағы азамат соғысының соңғы майданы – Жетісу майданы жойылды.

РСФСР ХКК-нің 1919 ж. 13 шілдедегі дектерімен Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық Комитет (Қазревком) құрылды. Оның бірінші құрамына С. Пестковский (төраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғаншин, С.Меңдешов, Б.Қаратаев енді. Қазревком 1919 ж. шілдесінен 1920 ж. қазанына дейін 15 ай бойы жұмыс істеді. 1920 ж. 26 тамызда Кеңес үкіметі “Автономиялық Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы” декрет қабылдады.

Бақылау сұрақтары

.1. ХХ ғ. басында отарлау саясатының күшеюі.

2. Алаш қозғалысы және көсемдері.

3. Алаш саяси партиясының құрылуы. 1-ші Жалпықазақ съезі. Партияның бағдарламасы.

4. 2-ші жалпықазақ съезі. Алаш Орданың азамат соғысы жылдарындағы қызметі.

 

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ):

Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы

«Алаш қозғалысы және Алаш Орда» туралы шығармашылық тапсырма дайындаңыз.

 

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы

XX ғасырдың басындағы Қазақстан

1. «Әскери коммунизм» саясатының мәнін жазбаша көрсетіңіз

2.«Қазақ АКСР-нің құрылуы» тақырыбына тірек конспект дайындаңыз

3.Тақырып бойынша он сұрақтан сөзжұмбақ дайындаңыз

[1,2нег.6,9,11 қосымш.]

Глоссарий

Қазақша Орысша Ағылшынша
  Абсолютизм-жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара адамның қолында тұрған мемелекеттік басқарудың түрі. абсолютизм absolutism
  Апотридтер-ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.Олар қай елде тұрса,сол елдің заңына бағынады,бірақ саяси құқықтары болмайды. апотриды stateless
  Декларация-үкіметтен,саяси партияның,халықаралық ұйымның атынан қандай болмасын негізгі қағидалары,мақсат мүдделері жариялайтын мәлімдеме. декларация declaration
  Егемендік -мемелекеттік,халықтың,ұлттың,адамның,саяси тәуелсіздігі. суверенитет sovereignty
  Жекешелендіру - мемелекеттік меншікті жеке меншікке беру немесе сату. приватизировать privatize
  Идеал - саяси салада саясатты жасап оны жүзеге асырушылардың алдына қойған арман-мұрат идеал ideal
  Иерархия - төменгі органдардың,шенділердің жоғарғы органдарға,шенділерге бағыну тәртібі. иерархия hierarchy
  Инновация - жаңалық енгізу жаңарту. инновация Innovation
  Интеграция - мемлекетаралық саяси,экономикалық,әскери және тағы басқа одақтарын құрылуы. интеграция Integration
  Мороторий- ішкі және сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату,үзіліс жариялау. мораторий morotium

Зін-өзі тексеру

 


Жылы Қазан төңкерісі қарсаңындағы халықтан тартып алынған жер көлемі

А) 4 млн десятина

В) 9 млн десятина

С) 17 млн десятина

D) 40 млн десятина

Е) 45 млн десятина

Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы

А)10 бөлімнен

B)11 бөлімнен

C)9 бөлімнен

Д)12 бөлімнен

E)8 бөлімнен

Мұсылмандардың орасан зор манифестациясы өтті

А)Хиуа

В)Қырғыз

С)Қоқан

Д)Түркістан

Е)Орынбор

Бүкілтүркістандық Төтенше IV съезі ашылды

А) 1917ж 23қараша

В) 1918ж 22қазан

С) 1919ж 24қазан

Д)1917ж 22қараша

Е) 1920ж 12қараша

Бүкілтүркістандық Төтенше IV съезді

А)Ә. Бокейханов ашты

В)М.Шоқай ашты

С)М.Тынышпаев ашты

Д)А. Розыбакие ашты

Е) Ж. Бабаев ашты

Ж басында Кеңес үкіметі

А) Ырғыз, Торғайда орнады

В) Жетісуда орнады

С) Верныйда орнады

Д)Ақтөбеде орнады

Е)Оралда орнады







Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 1257. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия