Студопедия — Глоссарий. . 1. Полимер құрамы, полимеризациялық және поликонденсациялық полимерлерді алу әдістері.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Глоссарий. . 1. Полимер құрамы, полимеризациялық және поликонденсациялық полимерлерді алу әдістері.






Термин Пояснение
Полимер Пластмассаларға, оларды өңдеудің белгілі бір кезеңінде иілімділік, яғни қажетті формаға ие болып, оны қысым алынғанша сақтау қабылетін беретін молекулалық массасы жоғары органикалық заттар
Polimere
Пластификатор Пластмассаның құрамына оның жоғары иілімділігін беретін және морт сынғыштығын төмендету үшін қосылатын заттар
Plasticizer
Стабилизаторы Уақыт аралығындағы қасиеті мен құрылымын сақтай отырып күн сәулесі, ауа оттегі, қызу және басқа жағымсыз әсерлерден ерте тозуын тоқтату үшін пластмассаға қосылатын заттар
Тұрақтандырғыш
Stabilizing agent
Термопластичные полимеры Негізгі қасиеттерін сақтай отырып қыздырғанда жұмсарып, салқындатқанда қаайта қатайып отыруға қабылетті полимерлер (термопласттар)
Термопластикалық полимерлер
Thermoplaste
Термореактивные полимеры Қыздырғанда қатты күйден иілімді күйге айналмайтын полимерлер (реактопласттар)
Термореактивтік полимерлер
Reactoplaste
Вальцевание Бір біріне қара-қарсы айналатын қыздырылған біліктер арасындағы саңылаудан массаның үйкеліп өту опреациясы
Біліктеу, жаншып жұқарту
Rolling
Экструзия Қыздырылған пластмассаны мундштук арқылы сығып өткізу жолымен бұйымдарға нақты пішін беру операциясы
Extrusion
Стеклопластик Шыны талшықты немесе шыны матаны термореактивті олигомермен сіңдіріп, қатайту тәсілімен алынған парақша материал
Шыны пластик
Glass-fibre-reinforced plastic

4. СӨЖ-ге тапсырма

1. Полимер құрамы, полимеризациялық және поликонденсациялық полимерлерді алу әдістері.

2. Арнайы әртүрлі полимерлердің түрлері мен синтетикалық каучуктер, құрылыс материалдарын өндірісте қолдану.

3. Полимерлік өңдеу материалдарының түрлері: еденге арналған материалдар, синтетикалық кілем, полимербетондық едендер, еденге арналған тақта; санитарлық-техникалық және погонаждық бұйымдар, полимерлік желімдер мен шайырлар.

5. ОСӨЖ-ге тапсырма

1. Модификацияланған полимерлік материал.

2. Зертханалық жұмысты қорғау

3. Бақылау сұрақтарына жауап беру

6. Әдебиеттер мен оқу-әдістемелік материалдар тізімі

Негізгі әдебиет:

1. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. Тараз, 2007. 1-2 бөлім.

2. Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 б.

3. Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары; қасиеттері және өндірілуі. Оқу құралы. Қызылорда, «Тұмар», 2007.

ж. – 208 б.

 

Қосымша әдебиет:

1. Бисенов Қ.А., Нарманова Р.Ә., Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары мен бұйымдары: Оқу құралы. –

Алматы: «Издат Маркет», 2007. – 224 бет

2. Микульский В.Г. Строительные материалы (материаловедение и технология), уч. пос. - М.: ИАСВ, 2004.

 

ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ

Белсенді үлестірілетін материал

 

Құрылыс материалдары -1 Құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент факультеті
3 кредит 2 - семестр, 2013-2014 оқу жылы
ЛЕКЦИЯ № 13. Арнайы тағайындалатын құрылыс материалдары. Шатырлық, гидроизоляциялық және герметикалық материалдар Ассоциацияланған профессор, т.ғ.к. Ибраимбаева Гульназ Баккыдыровна
  1. Сабақтың қысқаша мазмұны

Битум және қарамай (деготь) байланыстырғыш заттары полимерлер мен органикалық тұтқырлармен қатар органикалық байланыстырғыштар заттар тобын құрайды. Бұл байланыстырғыштар негізінде құрылысқа қажетті көптеген материалдар мен бұйымдар жасалады: асфальтты бетондар және ерітінділер; орамалы шатырлық және гидроизоляциялық материалдар, паста, эмульсия жене кейбір лактар.

Битумды материалдар табиғи түрде тау жыныстарының құрамында немесе бір жерге жиналган түрінде, немесе мұнайды өңдеу арқылы алынған жасанды түрінде болады. Қарамай зауыт жағдайында қатты отын түрлерінен құрғақ айдау арқылы алынған жасанды материалдар.

Битумдардың негізгі құрамы жоғары молекулярлық көмір-сутектерден, метанды, мұнайлы және хош иісті қатарлар және олардың қышқылдық және күкіртті туындыларының қоспасынан тұрады. Бастапқы шикізатқа байланысты битумдарды табиғи және жасанды мұнайлы деп бөледі. Табиғи битум таза күйінде аз кездеседі. Мұнай битумын мұнай өңдеу зауыттарында мұнайды өңдеуден қалған қалдықтардан алады.

Консистенциясына байланысты битумдарды: қатты, жартылай қатты, сұйық деп; ал басым қызметтері бойынша: жолдық, құрылыстық және жабындық болып бөлінеді.

Битумдар негізінен жоғары молекулалы көмір сутегі қоспасынан тұрады. Олар метанды (СпН2п+2) (СпН2п) және оттегі, күкірттегі және азотнегіздерінен тұрады. Барлық битумдардың элементарлық химиялық құрамы келесі: 70...87% көміртегі 15% - ға дейін сутегі 10%- ға дейін оттегі 1,5% күкірт (табиғи битумда 10% дейін) және аз мөлшерде азот қосылыстары бар. Битумдар мұнайдан асфальтогенді қышқылдардан тұрады. Битумның заттық құрамына майлар, смола, асфальтендер мен олардың модификациясы (карбендер мен карбоидтар), асфальтогенді кышқылдар мен олардың ангидридтері жатады.

Битумның негізгі қасиеттері – тұтқырлығы, иілімділігі, жұмсару температурасы.

Битум және қарамай негізіндегі материалдар: асфальтты және қарамай ерітінділері негізіндегі бетондар, жабындық және гидроизоляциялық материалдар, герметиктер.

Гидроизоляциялық материалдар үнемі су әсерінде болады және оған судың құрамындағы қоспаларда әсер етеді. Жабынды материалдарға тән қасиеттерден басқа олар жоғарғы беріктілігімен мен су өткізбейтіндігі, химиялық түрақтылығы мен иілгіштігімен сипатталуы қажет. Бұл қасиеттер болмаса шөгу, температуралық және басқа деформацияның әсерлерінен жекелеген конструкцияларда жарықтар мен сызаттар болуы мүмкін.

Битум және қарамай негізіндегі жабынды және гидроизоляциялық материалдар келесі түрлеге бөлінеді: орамалы, парақшалы және даналы материалдар; сырламалы материалдар — мастикалар, эмульсиялар және пасталар, ал байланыстырғыш түріне байланысты - битумды, қарамайлы, гудрокамды, резиналы битумды және қарамай-полимерлі болып бөлінеді.

Орамалы жабынды және гидроизоляциялық материалдар екі түрлі болады: негізді және негізсіз. Негізі бар жабын материалдары үшін негіз ретінде картон қолданылады. Негізі бар орама материалдарға жатады: рубериод және толь, шыны рубероид пен шыны изол, фолъгоизол, гидроизол. Негізі жоқ орамалы материалдар: изол,бризол.

Полимерлі гидроизоляциялық материалдарға полиэтилен, поливинлхлоридтті, полиизобутиленді полимер негізінде жасалған қабықшалар жатады. Бұл қабықшаларды су алабын, резервуарларды толық гидроизоляциялау үшін бір-бірімен жабыстырылып қалың төсеніш жасалады. Қабықшаның мөлдірлігіне байланысты көшетхананың (парник), жылыжайдың (теплица) қоршау конструкцияларын салу үшін пайдаланылады. Қабықшаны орамалы материалдардың қалыңыдығы 1 мм-ге дейін полимерді экструзия, механикалық, пневмомеханикалық тарту және басқа әдістермен алады.

Полимерлі герметикалық материалдар (герметиктер) пасталар (мастика), иілімді төсеніш пен лента түрінде шығарылады. Паста түріндегі герметиктер полиизобутилен, тиоколды жене силиконды каучук негізінде алынады. Аталған материалдардың бетонға адгезиясы жақсы, суға төзімді және -50...+100°С температура шамасында иілімділігін сақтайды. Паста түріндегі герметиктер қайтып қатайатын емес материалдарға жатады және бастапқы қасиеттерін бүкіл пайдалану уақыт бойына сақтайды. Немесе қайтып қатаятын, яғни резина түрінде арнайы қоспалар-вулканизатор, ауаның оттегісі мен ылғал орта арқасында айналады. Қайтып қатаятын емес мастикаларға - полиизобутиленді, қайтып қатаятын - тиоколды жатады.

Паста түріндегі герметиктер қабырға панельдерінің тік және көлденең жапсарларын герметизациялау үшін, тағы да детальдар мен бетондар, темір, керамика, шыны т.б. арасындағы жіктерді бекіту үшін қолданылады.

Иілімді төсеніштер кеуекті немесе тығыз тілімдер түрінде және сығылған күйінде жіктерге салынады соның өсерінен жіктер герметизацияланады.

 

2. Бақылау сұрақтары

 

А) жазбаша бақылау үшін

1. Негізгі органикалық байланыстырғыш заттар, олардың анықтамасы.

2. Қарамайлар мен битумдардың негізгі қасиеттері.

3. Қатты битумдарды сұйық жағдаға айналдыру тәсілдері.

4. Битумның тұтқырлығы.

5. Битумның жұмсару температурасы мен созылуы қандай құралдармен анықталады және анықтау әдістемесі қандай?

6. Битумның құрамы қандай заттардан тұрады?

7. Асфальтты бетон дегеніміз не?

8. Құрылыстағы битумдар мен полимерлер негізіндегі сұйық гидроизоляциялық материалдар.

9. Органикалық байланыстырғыштар негізіндегі жабындық материалдар.

10.Заманауи жабындық орама, даналық материалдар

11.Герметиктердің құрамы, түрлері және дайындау технологиялары.

12.Рубероид қалай алынады?

Б) компьютерлік тестілеу үшін

1. Құрылыста қолданатын мұнайды айдаудан алынатын материал:

$$ битум

$ олифа

$ нафтенді майлар

$ қара май

 

2. Битум маркасын анықтауға болады:

$$ қаттылығымен, балқу температурасы және созылуы бойынша

$ су және сілтілерге төзімділігі бойынша

$ химиялық төзімділігі және созылуы бойынша

$ органикалық ерітінділерде еруі және деформациясы бойынша

 

3. Асфальтті байланыстырғыш араласпасының құрамы:

$$ мұнай битумы, майда ұнтақталған минералды ұнтақ қосындысы

$ мұнай битумы мен құм араласпасы

$ қара май мен асбест

$ қара май мен саз

 

4. Битум эмульсиясының, пастасының, мастикасының битумға қарағанда артықшылықтары:

$$ оң температурада салқын күйінде қолданылады, байланыстырғыш шығынын азайтады

$ өзіндік құны төмен

$ балқу температурасының төмендігі, созылуының жоғарылығы

$ қолдану аймағы кең

 

4. Гидроизоляциялық қабыршақ материалдарды дайындау әдістері:

$$ экструзия, полимерлерді созу

$ престеу, полимерлерді үрлеу

$ жаншу, біліктеу

$ жағу, құймалау

 

5. Шынырубероид алынады:

$$ битумды байланыстырғышын шыны талшыққа жағу арқылы

$ битум мен шыны сынықтарын араластыру арқылы

$ битумды байланыстырғышты шыныталшықпен араластыру арқылы

$ шыны бетінің екі жағына да битум мастикасын жағу арқылы

 

6. Монтажды көбік – ол:

$$ ауада қатаятын, қысыммен қаныққан сұйық полимер герметик

$ көбікті полимерцементті композициядан тұратын герметик

$ көбікпласттардан тұратын герметик

$ көбіктендіргіш және желім негізіндегі гидроизоляциялық материал

 







Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 1309. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия