Студопедия — Глоссарий. . 1. Олифтің түрлері мен басты пигменттер, бояулардың құрамында қолдану
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Глоссарий. . 1. Олифтің түрлері мен басты пигменттер, бояулардың құрамында қолдану

Термин Пояснение
Отделочные материалы Құрылыстық конструкцияны қоршаған орта әсерінен қорғау, оған сәулеттік беру, ерекше тазалық жағдайларын беру, тозаңдануды, ластануды, ылғалдануды азайту, шудан, радиациялық сәулеленуден қорғау үшін қолданылатын материалдар
Әрлеулік материалдар
Disengage materials
Красочные материалы Металл, темірбетон, ағаш, кірпіш негізіндегі құрылыс материалдарының бетіне жұқалап жағылатын көпкомпонентті тұтқыр-сұйық құрамдар
Бояушы материалдар
Colorific materials
Олифа Ауа оттегімен тотығу арқылы кебетін, өсімдік майларын қайта өңдеу жолымен алынған табиғи байланыстырғыш
Drying oil
Лак Органикалық ерітінділердегі синтетикалық және табиғи шайырлардан тұратын қабыршақтандыратын ерітінді
Varnish, lacquer
Эмаль Пигментің лактағы суспензиясы
Жалтыр бояу
Enamel colour
Светостойкость Пигменттің ультракүлгін сәулелер әсерінене өз түсін жоғалтпай сақтау қабылеті
Жарыққа төзімділік
Fastness to light

4. СӨЖ-ге тапсырма

1. Олифтің түрлері мен басты пигменттер, бояулардың құрамында қолдану

2. Сулы бояудың құрамы: әкті, желімді, силикатты және т.б, олардың қасиеттері мен қолданылуы.

3. Табиғи және жасанды тастарды өңдегіш материалдар ретінде қолдану.

5. ОСӨЖ-ге тапсырма

1. Материалдар түрлерін ғимараттардың сыртқы және ішкі бөлімдерінде қолдану.

2. Бояулардың құрамы туралы түсінік: классификациясы, арнайы түрлері, шикізат компоненттерін алу

3. Зертханалық жұмысты қорғау

 

6. Әдебиеттер мен оқу-әдістемелік материалдар тізімі

1. Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 бет.

2. Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары; қасиеттері және өндірілуі. Оқу құралы. Қызылорда, «Тұмар», 2007.

ж. – 208 бет.

3. Жақыпбеков Ш.Қ., Ибраимбаева Г.Б. Әрлеу материалдарының технологиясы. Оқу құралы. – Алматы: ҚазБСҚА, 2012. – 188 б.

Қосымша әдебиет:

1. Бисенов Қ.А., Нарманова Р.Ә., Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары мен бұйымдары: Оқу құралы. –

Алматы: «Издат Маркет», 2007. – 224 бет

2. Кулибаев А.А. Құрылыстағы әрлеу материалдары: Оқу құралы. – Алматы: Триумф «Т», 2007. – 448 б.

3. Темірқұлов Т.Т., Қуатбаев Қ.Қ. Әрлеу, жылу мен су оқшаулайтын материалдар технологиясының негізі. Оқу құралы. – Шымкент, 1997. – 152 б.

Глоссарий

Термин Түсініктеме
Материаловедение Құрылыс материалдарының құрамы, құрылымы және қасиеттерін және олардың өзара байланысын, физико-химиялық, физикалық, механикалық әсерлерден өзгеру заңдылықтарын зерттейтін ғылым
Материалтану
Стойкость Материалдың ортаның физикалық және химиялық әсерлеріне қарсыласу қабілеті: ауа, булар, сулар, температура мен ылғалдық, аяз бен судың, қышқылдар мен сілтілердің, т.б.
Төзімділік
Firmness, steadiness
Состав Материалды құрастыратын заттардың немесе дайын бұйымның сапалық және сандық сипаттамасы
Құрам
Composition
Вещественный состав Заттарды құрайтын химиялық элементтер жиынтығы
Заттық құрам
Matter composition
Химический состав Заттарды құрайтын тотықтар жиынтығы
Химиялық құрам
Chemical composition
Минералогический состав Табиғи немесе жасанды (химиялық) қосылыстар (минералдар) жиынтығы
Минералдық құрам
Mineral composition

4. СӨЖ-ге тапсырма

1.Кристаллдық және аморфтық денелер туралы түсінік. Материалдың макроқұрылымы. Конгломерат және композит туралы түсінік.

2. Құрылыс материалдарының стандартизациясы: ГОСТ, ОСТ, ТУ, СНиП- тердің мазмұны мен қолданылуы.

3. Шартты түрде композицияларға жататын құрылыс материалдары

5. ОСӨЖ-ге тапсырма

1. Құрылыс материалдарының құрамы, құрылысы, жалпы қасиеті.

2. Зертханалық жұмысты қорғау

3. Бақылау сұрақтарына жауап беру

6. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет:

1. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. - Тараз, 2007.- 1-2 бөлім

2. Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 бет.

3. Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары; қасиеттері және өндірілуі. Оқу құралы. Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. –

208 бет.

 

Қосымша әдебиет:

1. Бисенов Қ.А., Нарманова Р.Ә., Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары мен бұйымдары: Оқу құралы. – Алматы:

«Издат Маркет», 2007. – 224 бет

2. Белов В.В,. Петропавловская В.Г., Шлапаков Ю.А. Лабораторные определения свойств строительных

материалов. - М.: ИАСВ, 2004

3. Микульский В.Г. и др. Строительные материалы (материаловедение и технология), уч. пос.-М.: ИАСВ, 2004

4. Горбунов Г.И. Основы строительного материаловедения: - М.: ИАСВ, 2002№

 

ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ

Белсенді үлестірілетін материал

 

Құрылыс материалдары -1 Құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент факультеті
3 кредит 3 - семестр, 2013-2014 оқу жылы
ЛЕКЦИЯ № 2. Табиғи тас материалдар және құрылыс материалдарын өндіруге арналған тау жыныстарынан алынатын шикізаттық материалдар Ассоциацияланған профессор, т.ғ.к. Ибраимбаева Гульназ Баккыдыровна

1. Сабақтың қысқаша мазмұны

 

Тау жыныстары құрылыс материалары өндірісіндегі негізгі шикізат қоры болып табылады, оларды керамика, әйнек, металл, жылу-, гидроизоляциялық және басқа материалдар дайындау үшін, сондай-ақ бейорганикалық байланыстырғыш заттар – цемент, әк және гипс дайындау үшін қолданады. Құм, гравий және щебень бетондар мен ерітінділер үшін толтырғыштар ретінде пайдаланылады.

Пайда болу жағдайы бойынша тау жыныстары үш генетикалық топқа бөлінеді: магмалық, метаморфтық және шөгінді.

Табиғи тас материалдары өте берік, ұзаққа төзімді, өртке шыдамды болу мүмкін. Өңделуі бойынша түрлері: дөрекі өңделген (шой тас, кесек тас, шығыршық тас, қиыршық тас, гравий, құм), бұйымдар мен пішінделген бөлшектер; даналық тастар мен дұрыс формадағы блоктар (қабырғалар қалау үшін); беттері өңделген тақталар (әсемдік қабырғалар үшін, едендік, т.б.): пішінделген бөлшектер (баспалдақтар, табаншалар, белдемшелер, т.б.); жол құрылысына арналған бұйымдар (шой тас, брусчатка). Дайындалу тәсілі бойынша – араланған және жарылған. Беріктік көрсеткіштері бойынша табиғи тастар жеңіл (тығыздығы 1,8 кг/м3- аспайды) және ауыр (тығыздығы 1,8 кг/м3-дан жоғары) болып бөлінеді. Үлгілерді құрғақ күйінде сынағандағы сығым беріктігі бойынша маркалары (МПа): 0,4, 0,7; 1,5; 2,5; 3,5; 7,5; 10; 12,5; 15;20; 30; 40; 50; 60; 80 және 100. 0,4 -ден 20-ға дейінгі маркалар жеңіл тастарға тән. Аязға төзімділігі бойынша маркалары– 10; 15; 35; 100; 150; 200; 300 және 500.

 

2. Бақылау сұрақтары

А) жазбаша бақылау үшін

1. Табиғи тасты өңдеу жолдары.

2. Құрылыста қолданылатын табиғи тас материалдардың түрлері

3. Магмалық жыныстардың жыныс түзуші минералдары.

5. Шөгінді жыныстардың жыныс түзуші минералдары.

6. Метаморфтық тау жыныстарының негізгі түрлері.

7.Кеуекті және тығыз тас материалдарды пайдалану ерекшеліктері.

8. Тас материалдарды коррозиядан қорғау.

 

Б) компьютерлік тестілеу үшін

1. Тау жыныстары пайда болуы бойынша топтарға бөлінеді:

$$ магмалық, шөгілме, метаморфтық

$ ақтарылған, сынған, химиялық тұнба

$ магмалық, төгілмелі, цементтелген

$ ақтарылған, жанартау шөгінділері, органогендік

 

2. Ыстыққа төзімді табиғи тас материалдары мен бұйымдарын алады:

$$ базальттан, жанартау туфынан

$ гипстен, әктасынан, вермикулиттан

$ граниттен, кварциттен

$ доломиттен, ангидриттен, бордан

 

3. Табиғи тас материалдарының сығым беріктіктері:

$$ М0,4…М100

$ М15…М50

$ М200…М600

$ М500…М1000

 

4. Табиғи тас материалдарының аязға төзімділігі бойынша маркалары:

$$ F10…F500

$ F30…F50

$ М30…М125

$ М150...М300

5. Түрпілі өңдеумен алынатын фактура:

$$ қырналған, тегістелген, жылтыратылған

$ араланған, бұдырланған, айғыздалған

$ «жар тас», қайралған, тегістелген

$ шақпақталған, жонылған, бұдырланған

 

6. Дайындалу әдісі бойынша табиғи тас материалдары мен бұйымдары түрлерге бөлінеді:

$$ араланған және шақпақталған

$ фрезерленген және шақпақталған

$ түрпіленген және бұдырланған

$ қырналған және жылтыратылған




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Глоссарий. . 1. Минералдық бұйымдардың түрлері, өнімдері, ағаш шикізаттарын алу; оларды құрылыста қолдану. | 

Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 981. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия