Студопедия — Баланс активтерінің құрамы мен құрастырылу көздерінің динамикасын талдау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Баланс активтерінің құрамы мен құрастырылу көздерінің динамикасын талдау






 

Осы «Фирма Алтайпромснаб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғысы шаруашылық серіктестіктердің және шағын кәсіпкерлік субъектілердің қызметтеріне сілтеме жасайтын Қазақстан Республикасының 22.04.98 ж. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» және 31.01.2006 ж. «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңдары негізінде сәйкес жасалған. «Фирма Алтайпромснаб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қазақстан Республикасының заңдары бойынша шағын кәсіпкерлік субъект ретінде заңды тұлға болып табылады.

Серіктестіктің заңды мекен – жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, 070000, Өскемен қаласы, Объездное тас жолы, 21.

Серіктестіктердің қызмет түрлері мен мақсаты:

1) Серіктестіктің негізгі қызмет мақсаты пайда түсіру болып табылады.

2) Көрсетілген қызмет мақсатына жету үшін серіктестік заңға қайшы келмейтін келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

- делдалдық қызмет;

- коммерциялық қызмет;

- компьютерлерді жөңдеу және сату жұмыстары;

- жалпы құрылыс жұмыстары;

- құрылыс – монтаждау жұмыстары;

- құрылыс материалдарын шығару;

- ақылы автотұрақ ұйымдастыру;

- автосервис саласында қызмет көрсету;

- металл қалдықтарын, қара және түрлі түсті металлдарды жинау;

- Қазақстан Республикасы заңдарымен тиым салынбаған басқа да қызмет түрлері.

Серіктестіктің қызмет мерзімі шектелмеген.

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Мәліметтер негізінде кәсіпорынның нақты активтерінің өсу қарқынын көруге болады. (Формула 14):

  (НҚжб+ААжб)      

(4.1)

Мұндағы НҚжс – негізгі қорлар (жыл соңы);

ААжс – ағымдағы активтер (жыл соңы);

НҚжб – негізгі қорлар (жыл басы);

ААжб – ағымдағы активтер (жыл басы);

2006ж = (1051433910 + 7741029780/ 1174405610) * 100% - 100 = 42%,

2007-2008 жылдары да бұл көрсеткіш 42% болып қалды. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның нақты активтерінің уақыт мерзімдегі өсу қарқынын көрсетеді.

Егер ағымдағы активтердің үлесі 2006 жылдың басында 5 014 644 690 тг болса, жыл аяғында ол 7 741 029 780 теңгені құрады. 2007 – 2008 жылдары бұл көрсеткіш өзгеріссіз болып отыр. Ал ұзақ мерзімді активтер 2006 жылдың басында 1 174 405 610 теңгені құрады, жыл аяғында 1 051 433 910 теңге болып отыр.

Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу коэффициентінің өсуін анықтау қажет.

Талдау жүргізіліп отырған кәсіпорында бұл коэффициент 2006 жылдың басында 0,64 (501464460: 7880556600), ал жылдың аяғында 0,52 (7741029780: 14785571420). Бұл көрсеткіш 2007 – 2008 жылдары да қалыпты болып қалған.

Кәсіпорын активтерін тартудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады. Берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5 – тен төмен болмауы тиіс.

Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі 2006 жылдың басында 4,27 (5014644690/1174405610) құрап отыр, ал жыл соңында 1,91 (7741029780:4051433910). Осы көрсеткіш 2007-2008 жылдары қалыпты болып қалған. Бұл коэффициент деңгейі мобильді қаражаттардың өсу қарқыны иммобильді қаражаттардың өсу қарқынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. 2006 жылы біріншілері, яғни мобильді қаражаттар 1,54 (7741029780:5014644690), екіншілері – 89,53(1051433910:1174405610*100) өсіп отыр.

Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэффициентінен артық болуы керек.

Кәсіпорынның қызметінің рентабельділігі деп - оның өндіріске немесе саудаға жұмсалған әрбір теңгенің үстінен көрген пайдасын атауға болады.

Кәсіпорынның көрсетілген көрсеткіштері бойынша «Фирма Алтайпромснаб» ЖШС 2006 – 2008 жылдар аралығында табыс таппады деген тұжырымға келуге болады. 2006 жылы -1082690 теңгеге зиян шеккен, ал 2008 жылы бұл көрсеткіш -2969440 теңгеге ұлғайған, яғни 2008 жылы зиян артты деуге болады.

Кәсіпорынның тиімділігін анықтауға бағытталған жалпы табыс коэффициентін есептеуге болады. Ол мына формула арқылы анықталады (Формула 15):

 

Кжт=ЖТ/Түсім (4.2)

мұндағы Кжт-жалпы табыс коэффициенті;

ЖТ-жалпы табыс;

Түсім - өнімді өткізуден түскен табыс.

Осы формула арқылы кәсіпорынның жалпы табыс коэффициентін анықтаймыз.

Кжт 2006 ж=127420:362300=0,35

Кжт 2007 ж= 1569690:2940920=0,53

Кжт 2008 ж=707650:3829270=0,18

Жалпы табыс коэффициентін қолдана отырып, соңғы үш жылдың көрсеткіштерін анықтадық.

Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек.

Кәсіпорын рентабельділігін талдау үшін оның үш жылдағы қаржылық – шаруашылық қызметі туралы нәтижелерін салыстыру және осы үш жылдағы өзгерістерді анықтайды.

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табуымен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы.

Жалпы табыс коэффициенттерінің нәтижелерін график түрінде көрсетуге болады.

 


1 сурет Жалпы табыс коэффициентінің өзгеру динамикасының графигі

 

Бұл сызба қорытындысы бойынша жалпы табыс коэффициенті 2006 жылы 0,35 болса, 2007 жылы бұл көрсеткіш 0,53 – ке дейін күрт өсіп, 2008 жылы 0,18 – ге дейін төмендеп кеткен.

Осы көрсеткіштің төмендеуі кәсіпорынның өнімді өткізуден түскен табысының азайғанын және жалпы қаржы жағдайының төмендеуін көрсетеді. Біздің жағдайда бұл көрсеткіш төмен болып отыр, яғни кәсіпорынның тапқан табысы 2008 жылы азайғанын байқаймыз.

Әрі қарай кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау қажет.

Кәсіпорынның сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражаттарын қаншалықты жұмсай алатынын анықтау үшін, тәуелсіздік (автономия) коэффициентін анықтау керек. Бұл көрсеткіш мына формуламен есептеледі (Формула 16):

 

Ка=МҚ/БҚ≥0,6 (4.3)

мұндағы Ка - тәуелсіздік коэффициенті;

МҚ – меншікті қаражаттары;

БҚ – баланс қорытындысы.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына талдау жүргіздік.

Тәуелсіздік (автономия) коэффициентін анықтау барысында, келесі көрсеткіштер нәтижелері шығарылды:

Ка 2006 ж.б= 4 722 434 690:7 880 556 600=0,60

Ка 2006 ж.с=5381807500:14785571420=0,36

Ка 2007 ж.б=5381807500:14785571420=0,36

Ка 2007 ж.с= 4 722 434 690:7 880 556 600=0,60

Осы көрсеткіштер негізінде автономия коэффициентінің графигін құрдық.

 

 


 

 

2 сурет Автономия коэффициентінің өзгеру динамикасының графигі

 

Бұл көрсеткіштің 2006 – 2007 жылдар аралығындағы өзгерісін көріп отырмыз. 2006 жылдың басында тәуелсіздік коэффициенті нормамен сәйкес келіп тұр, яғни 0,6. Ал жыл соңында, бұл коэффициент 0,36 – ға дейін төмендеген, кәсіпорынның қаржылық тұрғыдан тәуелсіздігінің төмендегенін және қаржылық қиындықтарының тәуекелдігінің өскенін білдіреді. 2006 – 2007 жылдар басында кәсіпорынның меншікті қаражаттарының жеткіліктілігін көреміз.

Икемділік коэффициенті кәсіпорынның меншікті қаражаттарының ішіндегі неғұрлым икемді, яғни бір формадан екінші формаға жеңіл ауысатын, пайдалануға ыңғайлы, кәсіпорынның қолында кез келген уақытта тұратын қаражат үлесін көрсетеді.

Икемділік коэффициентін келесі (17) формула негізінде анықталады:

  МҚ    

(4.4)
мұндағы Ки – икемділік коэффициенті;

МҚ – меншікті қаражаттар;

НҚ –негізгі қорлар;

АТА – айналымнан тыс активтер.

Ки 2006ж.б =472 234 690-(1174405610+1174405610)/472 234 690= -3,97

Ки 2006ж.с =5381807500-(1051433910+1051433910)/5381807500= 0,61

Ки 2007ж.б =472 234 690-(1174405610+1174405610)/472 234 690=-4

Ки 2007ж.с =5381807500-(1051433910+1051433910)/5381807500=0,6

Ки 2008ж.б =472 234 690-(1174405610+1174405610)/472 234 690=-3,9

Ки 2008ж.с =5381807500-(1051433910+1051433910)/5381807500=0,6

Бұл көрсеткіш 2006 жылдың басында -3,97 – ге дейін төмен болған, осы коэффициенттің төмендегені кәсіпорынның икемді қаражаттарының жеткіліксіздігін білдіреді. Ал 2006 жыл соңында 0,61 – ге дейін жоғарылаған. 2008 жылдың соңында 0,6 боды, яғни нормативтен біршама жоғарылағанын көреміз. Бұл көрсеткіштерді анықтап болған соң, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несиеге қабілеттілігін талдау қажет.

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 3405. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия