Студопедия — Митральді тарылу.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Митральді тарылу.






Диастола кезінде сол жүрекшеден сол қарыншаға қанның турбулентті ағысы,

сол жүрекше және оң қарыншаның эксцентрлі гипертрофиясы

Этиологиясы:

· Ревматизмдік эндокардит – митральді тарылудың негізгі себебі. Жүректің ревматизмдік ауруымен ауыратын науқастардың барлығының 40% «таза», жекеленген митральді тарылу кездеседі; ал қалған жағдайларда – митральді қақпақшаның жеткіліксіздігі мен басқа қақпақшалардың зақымдануы жанамаласқан. Митральді қақпақшаның ревматизмдік эндокардитте зақымдануы сипатталады:

ü митральді қақпақша жармақтарының қалыңдауы (қабынулық ісіну фиброзды тіннің дамуымен);

ü комиссураларының бітіп кетуі;

ü қақпақшалар хордаларының бітіп кетуі және қысқаруы;

ü жармақтарда кальциноздыі, фиброзды сақинаның және қақпақша асты құрлымдардың дамуы

· Дәнекер тінінің жүйелі аурулары (ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі)

· Митральді сақинаның к альцификациясы.

 

Гемодинамикалық бұзылыстар. Бұл ақау гемодинамикалық жоспарда қолайлы, себебі барлық күштеме ұзақ уақыт бойында сол жүрекшеге түседі.

1. Сол жүрекшенің гипертрофиясы мен дилатациясы. Қалыпты жағдайда сол жүрекшелік-қарыншалық тесік көлемі 4–6 см2 құрайды. Тесіктің көлемінің 4 см2 дейін азаюы СЖ–ден СҚ–ға диастолалық қан ағысына кедергі жасайды (“бірінші тосқауыл” деп атаймыз), ол тек жүрекшелердегі қысым көтерілген кезінде ғана шығады. Мысалы, егер тесіктің көлемі 1,0–1,5 см2 дейін азайған жағдайда, қалыпты диастолалық ағысты қолдау үшін СЖ қысым 20–25 мм сын. бағ. және одан жоғары болуы тиіс (қалыптыда — шамамен 5–7 мм сын. бағ.). Сж қысымның жоғарлауы оның гипертрофиялануына, одан кейін дилатациясына әкеледі.

 

2. Өкпелік гипертензия. Кіші қан айналымда қанның іркілуі және өкпе артериясында қысым жоғарлауы екі түрлі өкпе гипертензиясының дамуына әкеледі.

· “Веналық” (“пассивті”) өкпелі гипертензия. СЖ біршама қысымның жоғарлауы (25–30 мм сын. бағ. төмен) кіші қан айналымда веналық ағымды қиындатады. Нәтижесінде веналық арнаның толуы жүреді— өкпеде қан іркілуі. Өкпе веналарында қысымның жоғарлауы капиллярлар арқылы өкпелік артерияға беріледі және “веналық”, немесе “пассивті” дейтін өкпелі гипертензия дамиды.

· “Артериалық” (“белсенді”) өкпелі гипертензия. СЖ қысымның шамадан тыс жоғарлауы (25–30 мм сын. бағ. артық) өкпе капиллярларының жыртылуы мен\ немесе өкпенің альвеолярлы ісінуіне қауіп туындатады. Осы асқынуларды алдын алу бағытында қорғаныштық өкпелік артериолалардың рефлекторлы тарылуы (Китаев рефлексі) дамиды, осының нәтижесінде оң қарыншадан (ОҚ) өкпе капиллярлардан қан келуі азаяды, бірақ бір уақытта өкпе артериясында қысым жоғарлайды (өкпелі артериалық, немесе “белсенді”, гипертензия).

Өкпелі гипертензия кіші қан айналым артериолаларында органикалық пролиферативтік және слероздық үрдістердің дамуымен жүреді де, олар біртіндеп бітеледі. Бұл кіші қан айналым тамырларының қайтымсыз өзгерістері өкпе артериясындағы қысымның тұрақты көтерілуін қолдайды, ал ол ақауды хирургиялық коррекциядан кейінде жойылмайды. Қан ағыс жолында “екіншілікті тосқауыл” дамиды.

3. Оң қарыншаның гипертрофиясы және дилатациясы. Өкпелік артериялық гипертензия және ОҚ артық күштемеге қарсыласудың ұзақ уақыт болуынан дамиды. Сонымен қатар оң қарыншада систолалық та, соңғы-диастолалық қысым дамиды. Ары қарай жиырылулық қабілетінің төмендеуінен үлкен қан айналым шеңберінің веналық арнасында қанның іркілуімен оңқарыншалық жеткіліксіздік дамиды. Сонымен митральді тарылудың кеш сатыларында екі қан айналым шеңберінде қан іркілумен және өкпелік гипертензиямен сипатталады.

4. “Бекітілген” соққылық көлем. Тыныштықта сол жүрекшелі-қарыншалы тесіктің біршама тарылуының көп жағдайында қалыпты жүрек лақтырысымен жанасады. Бірақ сау адамдарға қарағанда науқастарда физикалық күштеме кезінде, психоэмоциональді күштемеде немесе тахикардияда соққы көлемінің (СК) өсуінің маңызды төмендеуі байқалады. Айқын тарылуы (яғни “біріншілікті тосқауылы”) бар науқастарда, әсіресе ауқымды өкпелік артериялық гипертензиямен (“екіншілікті тосқауыл”) СК тыныштықта да төмендейді. Физикалық күштеме кезінде ол біршама өседі немесе төмендейді. Сонымен митральді тарылуға жүректің күштемеге жауап ретінде СК ұлғайта алмау қабілеті тән. Бұл феномен келесі атауға ие болды — “бекітілген” СК. Нәтижесінде ағзалар мен тіндердің перфузиясы төмендейді (бас миы, қаңқалық бұлшық еттер, бүйректер және т.б.), олардың қызметі бұзылады.

 

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1189. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия