Студопедия — Артериялық гипертензиялардың этиологиясы және патогенезі » тақырыбы бойынша тесттік тапсырмалар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Артериялық гипертензиялардың этиологиясы және патогенезі » тақырыбы бойынша тесттік тапсырмалар






1. Орын толықтырушы тамырларға жатады: 1) аорта және серпімді артериялар; 2) капиллярлар және венулалар; 3) ұсақ веналар; 4) артериолалар; 5) лимфалық капиллярлар.

2. Резистивті тамырларға жатады: 1) артериолалар және венулалар; 2) аорта серпімді артериялар; 3) ұсақ веналар; 4) артериолалар; 5) лимфалық жүйенің бастапқы бөлігі.

3. Зат алмасулық тамырларға жатады:1) аорта және серпімді артериялар; 2) ұсақ веналар; 3) капиллярлар және венулалар; 4) артериолалар; 5) лимфалық жүйенің бастапқы бөлігі.

4. Зат алмасулық тамырлардың негізгі қасиеті: 1) өткізгіштік; 2) жиырылғыштық; 3) қарсыласулық; 4) серпімділік; 5) көлемділік.

5. Көлемдік тамырларға жатады: 1) аорта және серпімді артериялар; 2) ұсақ веналар; 3) капиллярлар және венулалар; 4) артериолалар; 5) лимфалық капиллярлар

6. Орын толықтырушы тамырлардың дертіне тән көріністер: 1) атеросклероз; 2)гипертензия; 3)гипотензия; 4)тамырлар өткізгіштігінің төмендеуі; 5)тамырлар өткізгіштігінің жоғарылауы.

7. Резистивті тамырлардың дертіне тән көріністер: 1) гипер - және гипотензия; 2) атеросклероз; 3) тамыр қабырғасы өткізгіштігінің төмендеуі; 4) тамырлар өткізгіштігінің жоғарылауы; 5) гиперемия.

8. Зат алмасулық тамырлардың дертіне тән көріністер: 1) тамыр қабырғасы өткізгіштігінің бұзылуы; 2) атеросклероз; 3) гипертензия; 4) гипотензия; 5) тамырлар қабырғасының гипертрофиясы.

9. Көлемдік тамырлардың дертіне тән көріністер: 1) веналық қысымның жоғарылауы; 2) гипертензия; 3) гипотензия; 4) атеросклероз; 5) эндартериит.

10. Тамырлар тонусының базальді компоненті осыған тәуелді: 1) тамырлардың құрылымдық ерекшеліктеріне; 2) тамыр тарылтатын симпатикалық иннервацяға; 3) тамыр кеңітетін иннервацияға; 4) холинергиялық әсердің күшіне; 5) периваскулярлы кеңістіктің жағдайына.

11. Тамырлар тонусының базальді құрамбөлігін анықтайтын миогенді фактор - бұл: 1) тамырлардың құрылымдық ерекшеліктері; 2) тамыр тарылтатын симпатикалық иннерваця; 3) тамыр кеңітетін иннервация; 4) тамырлар қабырғасының қан толудан созылуына жауап ретінде - жиырылуы; 5) периваскулярлы кеңістіктің жағдайы.

12. Тамырлар тонусының вазомоторлық құрамбөлігі осыған тәуелді: 1) тамырлардың құрылымдық ерекшеліктеріне; 2) тамыр тарылтатын симпатикалық иннервацяға; 3) холинергиялық әсердің күшіне; 4) тамырлар қабырғасындағы простациклин және эндотелин мөлшеріне; 5) тамырлар қабырғасының қан толудан созылуына жауап ретінде - жиырылуына.

13. Қалыпты жағдайда систолалық артериялық қысым (АҚ) тең;: 1) с.б.бойынша 80-140 мм.; 2) с.б.бойынша120-160 мм.; 3) с.б.бойынша100-160 мм.; 4) с.б.бойынша100-140 мм.; 5) с.б.бойынша160-180 мм.

14. Қалыпты жағдайда диастолалық АҚ тең;: 1) с.б.бойынша 60-90 мм; 2) с.б.бойынша 50-100 мм.; 3) с.б.бойынша 70-100 мм.; 4) с.б.бойынша 50-70 мм; 5) с.б.бойынша 40-80 мм.

15. АҚ-ның артериялық гипертензиясы осыған тең;:1) 160/95 мм с.б. жоғары; 2) 140/90 мм с.б. жоғары; 3) 130/90 мм с.б жоғары; 4) 120/90 мм с.б. жоғары; 5) 110/85 мм с.б.жоғары.

16. Аурудың жиі кездесетін түрі:1) кардиоваскулярлы гипертензия; 2) бүйректік гипертензия; 3) гипертониялық ауру; 4) симптоматикалық гипертензия; 5) феохромацитома кезіндегі гипертензия.

17. Біріншілікті гипертензияға жатады:1)кардиоваскулярлы; 2) ренопаренхиматозды; 3) гипертониялық ауру; 4) эндокринді; 5) нейроциркуляторлы.

18. Эссенциальді гипертензия – бұл:1) біріншілікті гипертензия; 2) екіншілікті гипертензия; 3) симптоматикалық гипертензия; 4) бүйректік гипертензия; 5) нейронды гипертензия.

19. Эссенциальді гипертензия кезінде АҚ жоғарылауы:1) тек аурудың белгілері; 2) аурудың біріншілікті және жеке белгісі; 3) аурудың екіншілікті белгісі; 4) ауру патогенезінің басты түйіні; 5) ауру дамуының патогенездік қосымша факторы.

20. Гипертониялық ауру кезіндегі нысана-мүше:1) бүйрек; 2) бауыр; 3) ұйқы безі; 4) көк бауыр; 5) аяқ- қолдар.

21. Гипертониялық ауру кезіндегі нысана-мүше:1) бауыр; 2) жүрек; 3) өкпе; 4) ұйқы безі; 5) көкбауыр.

22. Гипертониалық ауру кезінде нысана-мүше:1) өкпе; 2) бауыр; 3) бас миы; 4) көк бауыр; 5) ұйқы безі.

23. Гипертониялық ауру кезінде жүректің зақымдалуы жиі көрінеді:1) жүрек ақауымен; 2) миокардиопатиялармен; 3) сол жақ қарыншаның гипертрофиясымен; 4) миокардитпен; 5) жүрек өспелерімен.

24. Гипертониялық ауру кезінде жүректің зақымдалуы жиі көрінеді:1) жүрек ақауымен; 2) миокардиопатиялармен; 3) сол жақ қарыншаның гипертрофиясымен; 4) миокардитпен; 5) жүрек өспелерімен.

25.Гипертониялық ауру кезінде бас миының зақымдалуы жиі көрінеді:1) менингитпен; 2) энцефалитпен; 3) инсультпен; 4) Даун ауыруымен; 5) Альцгеймер ауруымен.

26. Гипертониялық ауру кезінде бүйрек зақымдалуы жиі көрінеді:1) циститпен; 2) нефролитиазбен; 3) пиелонефритпен; 4) созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен; 5) нефротикалық синдроммен.

27. Гипертониялық ауру кезінде патологияға ең жиі ұшырайтын тамырлар:1) өкпенің; 2) бауырдың; 3) қаңқа бұлшықеттік; 4) ішектің; 5) көз торының.

28. Орталықты-жүйкелік теорияға сәйкес гипертониялық аурудың этиологиялық факторы:1) зиянды әдеттер; 2) гормональді түзілістер; 3) зат алмасудың бұзылыстары; 4) жүйкелік-психикалық зақымдалулар; 5) жасуша мембранасының ақаулары.

29. Орталықты-жүйкелік теорияға сәйкес гипертониялық ауру патогенезінің негізгі түйіні:1) гипертензиялық қасиеті бар белсенді заттар түзілуінің жоғарылауы; 2) парасимпатикалық жүйке жүйесінің белсендірілуі; 3) тұрақты қозымдылықтың қыртысты-қыртыс асты кешенінің түзілуі; 4) гипоталамустың артқы бөлігінің симпатикалық ядроларының тежелуі; 5) тамырқимылдататын орталықтың және ретикулярлы формацияның адренергиялық құрылымының тежелуі.

30. Жасушалық мембрананың ақауы тек осы кезде ғана анықталады:1) гипертониялық ауру; 2) симпатикалық гипертензия; 3) ренопривті гипертензия; 4) реноваскулярлы гипертензия; 5) гормональді гипертензия.

31. Гипертониялық ауру кезіндегі жасуша мембранасының генетикалық ақауы алып келеді:1) жасуша цитоплазмасында натрийдің жоғарылауына; 2) жасуша мембранасының электрлік потенциалының жоғарылауына; 3) жасуша ішілік құрылымнан кальций босауының тежелуіне; 4) миозиннің АТФ-аздық белсенділігінің тежелуіне; 5) тамырлар тонусының төмендеуіне.

32. Гипертониялық ауру кезіндегі жасуша мембранасының генетикалық ақауы алып келеді:1) жасуша цитоплазмасында кальцийдің жоғарылауына; 2) жасуша мембранасының электрлік потенциалының жоғарылауына; 3) нерв талшықтарының медиаторларды кері қармау жылдамдығының жоғарылауына; 4) миозиннің АТФ-аздық белсенділігінің тежелуіне; 5) тамыр қабырғаларына медиаторлардың әсер ету уақытының азаюына.

33.Климакс кезіндегі әйелдердің АҚ жоғарылауы байланысты:1) жыныс бездернің андрогендік қызметінің жоғарылауымен; 2) жоғары вазомоторлы орталықтардың зорығуымен; 3) бүйрек үсті безі қыртысы қызметінің жоғарылауымен; 4) жас шамасына сәйкес психогендік өзгерістермен; 5) жыныс бездерінің қызметі төмендеуімен.

34.АҚ жоғарылауына осының артық болуы ықпал етеді:1) натрий; 2) калий; 3) кадмий; 4) фтор; 5) амин қышқылдары.

35. Организмде гипернатриемия болуы осыған алып келуі мүмкін:1) айналымдағы сары су көлемінің азаюына; 2) тамыр қабырғасының ісінуіне; 3) гипотензияға; 4) сусыздануға; 5) тамыр сезімталдығының прессорлық механизмдерге төмендеуіне.

36. Ас түзының көп қабылдануы әкеледі:1) АҚ реттеуге қатысатын мидың диэнцефальді құрылымдарының өзгеруіне; 2) қолқа имегі барорецепторларының әсерінің күшеюіне; 3) тамырлар кемерлерінің катехоламиндерге сезімталдығының жоғарылауы; 4) тамыр қабырғасында магний мөлшері жоғарылауына; 5) натрийуретикалық механизмдер белсенділігінің жоғарылауына.

37. Гипернатриемия ағзада осындай өзгерістерге әкеледі:1)судың іркілуі; 2) судың шығарылуының жоғарылауы; 3)қан қысымының төмендеуі; 4) гипоосмолярлы гипергидратация; 5) су тепе-теңдігнің өзгеруі.

38. Алкогольді сусындарды қабылдағанда АҚ жоғарылауы осымен байланысты:1) катехоламиндер өндірілуінің тежелуіне; 2) симпатикалық ганглий қызметінің тежелуіне; 3) АҚ реттеуге қатысатын барорецепторлық механизмдердің сезімталдығының төмендеуіне; 4) жалпы перифериялық қарсыласыудың төмендеуіне; 5) тіке вазодилятациялық әсеріне.

39. Никотинді қолданған кезде АҚ жоғарылауы осымен байланысты:1) катехоламиндер өндірілуінің тежелуіне; 2) тамыр қабырғасында магний мөлшері төмендеуіне; 3) жалпы перифериялық қарсыласыудың төмендеуіне; 4) симпатикалық ганглий қызметінің тежелуіне; 5) тікелей тамыр тарылтатын әсеріне.

40.Гипертониялық ауру патогенезінің орталықты түйіні - бұл:1) ОЖЖ қозу және тежелу үрдістері қатынастарының бұзылуы; 2) ишемия мен жиырылуға бейім ағзалар артерияларының тоникалық тарылуы; 3) прессорлық заттардың өндірілуі және депрессорлық заттардың азаюы; 4) айналымдағы қан көлемінің жоғарылауы; 5) бүйректің құрылымды-қызметтік жұмысының өзгеруі.

41.Гипертониялық ауру патогенезінің гуморальді түйіні-бұл:1) ОЖЖ қозу және тежелу үрдістері қатынастарының бұзылуы; 2) ишемия мен жиырылуға бейім ағзалардың артерияларының тоникалық тарылуы; 3) прессорлық заттардың өндірілуі және депрессорлық заттардың азаюы; 4) айналымдағы қан көлемінің жоғарылауы; 5) бүйректің құрылымды-қызметтік жұмысының өзгеруі.

42. Гипертониялық ауру патогенезінің вазомоторлы түйіні-бұл:1) ОЖЖ қозу және тежелу үрдістері қатынастарының бұзылуы; 2) ишемия мен жиырылуға бейім ағзалар артерияларының тоникалық тарылуы; 3) прессорлық заттардың өндірілуі және депрессорлық заттардың азаюы; 4) айналымдағы қан көлемінің жоғарылауы; 5)депрессорлық механизмдер белсенділігінің төмендеуі.

43. Гипертониялық аурудың тұрақтану кезеңі сипатталады:1) АҚ тұрақты жоғарылауымен; 2) ағзалар мен тіндерде қанайналым бұзылуымен; 3) ішкі ағзалардың зақымдануымен; 4) көпағзалы жеткіліксіздіктің дамуымен; 5) ішкі ағзалардың бүлінбей, қайталанатын АҚ жоғарылауымен.

44. Гипертониялық аурудың тұрақтану кезеңі сипатталады:1) прессорлық механизімдердің белсендіріліп депрессорлық механизімдердің тежелуімен; 2) прессорлық және депресорлық механизімдердің бір мезгілде белсендірілуімен; 3) депрессорлық механизімдердің белсендірілуімен; 4)прессорлық және депресорлық механизімдердің тежелуімен; 5)прессорлық механизімдердің тежеліп депресорлық механизімдердің белсендірілуімен.

45. Гипертониялық аурудың тұрақтану кезеңінде симпатико-адреналинді жүйенің белсенділігі әдетте:1)өзгермейді; 2) төмендейді; 3)жоғарылайды; 4)жасуша мембранасының ақауына байланысты; 5) организмде кальций мен магнийдің мөлшеріне байланысты.

46. Симпатико-адреналинді жүйенің белсенділігі жоғарылаған кезде артериолалардың альфа-адренергиялық белсендірілуі:1) ЖМК жоғарылатады; 2) ПТК жоғарылатады; 3) ЖМК және ПТК бір мезгілде жоғарылатады; 4) ЖМК төмендетеді; 5) ЖПК төмендетеді ал, ПТК жоғарылатады.

47. Симпатикалық белсенділіктің созылмалы жоғарылауы кезінде дамиды:1) артериялық тамырдың тұрақты релаксациясы; 2)артеиолалардың тегіс бұлшықеттік жасушаларының гипертрофиясы; 3) көлемдік тамырлардың дилатациясы; 4) нысана-ағзалардың артериялық гиперемиясы; 5) гипероксия.

48. Симпатико-адреналинды жүйенің белсенділігі жоғарылаған кезде жүректің бета-адренергиялық белсендірілуі:1)ЖМК жоғарылатады; 2) ПТК жоғарылатады; 3) бір мезгілде ЖМК және ПТК жоғарылатады; 4) ЖМК төмендетеді; 5) ЖМК жоғарылатады және ПТК төмендетеді.

49. Гипертониялық аурудың қалыптасу кезеңіндегі симпатикалық жүйкенің венулалармен веналарға ықпалының жоғарылауы:1) көлемдік тамырларды кеңітеді; 2) жүрекке веналық қан ағысты жоғарылатады; 3) ПТК жоғарылатады; 4)минөттік қөлемді азайтады; 5)жүрек ырғағын төмендетеді.

50. Гипертониялық аурудың қалыптасу кезеңіндегі симпатикалық жүйкенің венулалармен веналарға ықпалының жоғарылауы:1) көлемдік тамырлар саңылауын тарылтады; 2) жүрекке веналық қан ағысты азайтады; 3) ЖМК кішірейтеді; 4) минөттік көлемді азайтады; 5) жүрек ырғағын төмендетеді.

51. Гипертониялық ауырудың қалыптасуы кезеңінде қан айналымының гиперкинездік түрі сипатталады:1)ЖМК төмендеуімен, ПТК өсуімен; 2) ЖМК жоғарылауымен және ПТК аз өзгерісімен; 3) ЖМК қалыпты жәнеПТК өсуімен; 4) ЖМК қалыпты жәнеПТК қалыпты болуымен; 5) тек ПТК жоғарылауымен.

52.Гипертониялық аурудың қалыптасу кезеңінде бүйректік прессорлық заттардың жоғары өндірілуі осы жолмен жүреді:1) ренин-ангиотензин механизмі қосылуымен; 2) калликреин-кинин жүйесі қосылуымен; 3) простагландин Е2 түзілуі жоғарылауымен; 4) альдостерон түзілуі төмендеумен; 5) қолқа доғасы барорецепторларының тежелуімен.

53. Ангиотензин – 1:1)тамыр тонусына әсер етпейді; 2)ең күшті прессорлы зат; 3) норадреналин және адреналин босанысуын жоғарылатады; 4)альдостерон түзілуін жоғарылатады; 5)вазопрессин түзілуін жоғарылатады.

54.Айқын вазоконстрикторлық әсері бар:1) ангиотензин-1; 2) ангиотензин – 2; 3) ангиотензин -3; 4) норадреналин; 5) альдостерон.

55. Ангиотензин-2 қасиеті:1) анти-натрийуретикалық әсерде; 2) катехоламиннің босанысуының тежегіш әсерде; 3) тіке вазодилатациялық әсерде; 4) калийді жинақтаушы әсерде; 5) айқын депрессорлық әсерде.

56. Ангиотензин-2 қасиеті: 1) натрийуретикалық әсерде; 2)катехоламиннің босанысуының белсендіргіш әсерде; 3) тіке вазодилатациялық әсерде; 4)тамыр қабырғысына уытты әсерде; 5) айқын депрессорлық әсерде.

57. Ангиотензин-2 қасиеті:1) натрийуретикалық әсерде; 2)катехоламиннің босанысуының белсендіргіш әсерде; 3) тіке вазодилатациялық әсерде; 4)тамыр қабырғысына уытты әсерде; 5) айқын депрессорлық әсерде.

58. Ангиотензин-3 осының бөлінуін жоғарылатады:1) альдостеронның; 2) рениннің; 3) Е2 простагландинін; 4) серотониннің; 5) ацетилхолиннің.

59.Гипертониялық ауру кезінде альдестерон шығарылуының жоғарылауы әкеледі:1) организмнен натрийдің шығарылуына; 2) организмде натрийдің тұрып қалуына; 3)организмде калийдің тұрып қалуына; 4) организмде калий және натрийдің тұрып қалуына; 5) айналымдағы сары судың көлемі төмендеуіне.

60. Альдестеронның гиперпродукциясы осыны шақырады:1) артериолалардың қабырғасында натрийдің іркілуін; 2) тамырлардың тегіс бұлшық еттерінде кернеулікті қысқартады; 3) депрессорлық жүйенің белсенділігін жоғарылатады; 4) ПТК төмендетеді; 5) резистивті тамырлардың тонусын төмендетеді.

61. Вазопрессин түзілуінің жоғарылауы осыған байланысты:1) калликреин-кинин жүйесінің қызметі төмендеуіне; 2) артериолалармен веналардың альфа-және бета-рецепторларының тежелуіне; 3) ренин-ангиотензин жүйесінің белсенділігі төмендеуіне; 4)қолқа доғасының барорецепторының белсенділігіне; 5) вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімінің белсенділігі жоғарылауына.

62. Вазопрессин түзілуінің жоғарылауы осыған байланысты:

1) калликреин-кинин жүйесінің қызметі төмендеуіне; 2)артериолалармен веналардың альфа-және бета-рецепторларының тежелуіне; 3) ренин-ангиотензин жүйесінің белсенділігі төмендеуіне; 4)қолқа доғасының барорецепторының белсенділігіне; 5) вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімінің белсенділігі жоғарылауына.

63. Прессорлы әсері бар заттарға жатады:1) простациклин; 2) эндотелин; 3)оттекті азот; 4) гистамин; 5) ацетилхолин.

64. Гипертониялық ауру қалыптасуы кезеңінде депрессорлы механизмдер:1) тежеледі; 2) белсендіріледі; 3) патогенезге қатыспайды; 4) калликреин-кинин жүйесінің белсенділігіне байланысты; 5) прессорлы механизмге қарағанда ерте белсендіріледі.

65. Депрессорлық жүйеге жатқызады:1) симпато-адренальді жүйе; 2) АПУД-жүйесі; 3) калликреин-кинин жүйесі; 4) комплементті жүйе; 5) вегетативті жүйке жүйесі.

66.Бүйректің милы қабатында келесі депрессорлық заттар өндіріледі:1) простациклин; 2) А, Е2 простагландиндері; 3) эндотелин-1; 4) азот оксиді; 5) минералокортикоидтар.

67. Депрессорлық жүйеге жатқызады:1) вазопрессинді; 2) Е2 простагландинін; 3) ангиотензин-1; 4) гуанозинмонофосфатты; 5) катехоламинді.

68. Депрессорлық әсері бар заттарға жатады:1) эндотелин-1; 2) оттектік азот; 3) ангиотензин-2; 4) вазопрессин; 5) норадреналин.

69. Азот оксидінің әсері жатады: а) тромбоцитердің агрегатциясының жоғарылауы; б)тромбоциттердің агрегатциясының тежелуі;в) артерияның тегіс бұлшықеттерінің босанысуы; г)артерияның тегіс бұлшықеттерінің тарылуы; д)АҚ жоғарылауы:1) а, б, г; 2) а, в, д; 3) б, в, г; 4) б, в; 5) г, д.

70. Артериялардың тонусына азот оксидінің әсері осы жолмен іске асады: а) тегіс бұлшықеттерге кальций кіруі жоғарылағанда; б)тегіс бұлшықеттерге кальций кіруі төмендегенде; в)артерияның тегіс бұлшықеттері босаңсығанда; г)АҚ төмендегенде; д) тегіс бұлшықеттерге натрий кіруі жоғарылағанда:1) а, б, в, д; 2) а, б, г; 3) б, в, д; 4) б, в, г; 5) г, д.

71. Депрессорлық әсері бар заттарға жатады:1) эндотелин-1; 2) ангиотензиназа; 3) ангиотензин -2; 4) альдостерон; 5) глюкокортикоидтар.

72. Тамырлар қабырғасында осы вазодилататор өндіріледі:1) эндотелин-1; 2) простациклин; 3) ренин; 4) серотонин; 5) ангиотензин.

73. Жүрекшелік натрийуретикалық факторға тән:1) гипотензивті қасиет; 2) гипертензивті қасиет; 3) нормотензивті қасиет; 4) перифериялық тамыр тарылтқыш әсер; 5) натрийурезді тежегіш қасиет.

74. Жүрекшелік натрийуретикалық фактордың гипотензивті әсері оның осы қаблетімен байланысты:1) тамырлардың релаксациясын шақырады; 2) натрий және судың бөлінуінің төмендетеді; 3) простагландин Е2-ің бөлінуін төмедетеді; 4)ренин-ангиотензин жүйесінің белсенділігін арттырады; 5)ангиотензиназа өндірілуін күшейтеді.

75. Жүрекшелік натрийуретикалық фактордың гипотензивті әсері оның осы қаблетімен байланысты:1) вазоконстрикцияны шақырады; 2) простагландин Е2-ің бөлінуін төмедетеді; 3)ренин-ангиотензин жүйесінің белсенділігін төмендетеді; 4)натрий және судың бөлінуінің төмендетеді; 5)ангиотензиназа өндірілуін төмендетеді.

76. Жүрекшелік натрийуретикалық фактордың гипотензивті әсері оның осы қаблетімен байланысты:1) вазопрессордың босанысуын белсендіреді; 2) натрий және судың бөлінуінің жоғарылатады; 3)тромбоксан А2-ің бөлінуінің жоғарылатады; 4)ренин-ангиотензин жүйесінің белсенділігін арттырады; 5)ангиотензиназа өндірілуін жоғарылатады.

77. Гипертониялық аурудың қалыптасуы кезеңінде, қолқа доғасының барорецепторлы аппараты мен синокаротидті аймағында:1) АҚ төмендеп прессорлық өзгерістер басталады; 2)АҚ жоғарылап прессорлы өзгерістер басталады; 3) прессорлық серпілістер әлсіреп, депрессорлар күшейеді; 4) прессорлық серпілістер күшейіп, депрессор әлсірейді; 5) ешқандай өзгеріс болмайды.

78. Гипертониялық аурудың қалыптасуы кезеңінде, қолқа доғасының барорецепторларымен синокаротидті аймақтың қайта құрылуы:1) систолалық қысымның кенеттен жоғарылауын алдын алып, гипотензивті жауапты күшейтеді; 2) натрий және судың бөлінуінің төмендетеді; 3)простагландин Е2-ің бөлінуін төмедетеді; 4) ренин-ангиотензин жүйесінің белсенділігін арттырады; 5) ангиотензиназа өндірілуін жоғарылатады.

79. Гипертониялық аурудың қалыптасуы кезеңіндегі, “қысым-диурез” механизмі бағытталған:1) артериялық қысымды жоғарылатуға; 2) артериялық қысымды төмедетуге; 3) орталық веналық қысымды жоғарылатуға; 4) қақпа веналық жүйеде қысымды жоғарылатуға; 5)бас сүйегі ішілік қысымды жоғарылатуға.

80. Гипертониялық аурудың қалыптасуы кезеңіндегі, “қысым-диурез” механизмі осыны күшейтуге бағытталған:1) РААЖ белсенділігін; 2) артериялық қысымның жоғарылауына, бүйрек сезімталдығын; 3) прессорлық агенттерге тамыр рецепторларының сезімталдығын; 4) эндотелин өндірілуін; 5)организмнен натрий және судың шығарылуын.

81. Гипертониялық аурудың қалыптасу кезеңі сипатталады:1)АҚ тұрақты жоғрылауымен; 2)ағза және тіндерде қан айналымдық бұзылыстар болмауымен; 3) нысана-ағзаларда реактивті артериялық гиперемия дамуымен; 4) гипероксия дамуымен; 5) ішкі ағзалардың зақымдануынсыз АҚ жоғарылауының қайталануымен.

82. Гипертониялық аурудың тұрақтану кезеңі сипатталады:1) АҚ транзиторлы жоғрылауымен; 2) ағза және тіндерде қан айналымдық бұзылыстар болмауымен; 3) ағзаларда органикалық өзгерістер дамып, қызметінің бұзылып, көп ағзалық жеткіліксіздіктер дамуымен; 4) гипероксия дамуымен; 5) ішкі ағзалардың зақымдануынсыз АҚ жоғарылауының қайталануымен.

83. Гипертониялық аурудың тұрақтану кезеңінде байқалады:1) прессорлық жүйе белсенділігі жоғарылап депрессорлы жүйенің белсенділігі төмендейді; 2) прессорлы және депрессорлы жүйенің белсенділігі жоғарылайды; 3) прессордың белсенділігі төмендейді және депрессорлы жүйенің белсенділігі жоғарылайды; 4)прессорлы және депрессорлы жүйенің белсенділігі төмендейді; 5)прессорлы және депрессорлы жүйенің қызметі тежеледі.

84. Гипертониялық аурулардың кеш кезеңінде, прессорлы жүйенің белсенеділігі әдетте:1) гипертониялық аурудың тұрақтану кезеңімен салыстырғанда өзгермейді; 2) гипертониялық аурудың тұрақтану кезеңімен салыстырғанда төмендейді; 3)гипертониялық аурудың тұрақтану кезеңімен салыстырғанда жоғарылайды; 4)толық зорығады; 5) қалыпқа келеді.

85. Гипертониялық аурулардың кеш кезеңінде, депрессорлы жүйе: 1) прессорлы жүйе белсенділігі төмендемей жатып, өзінің белсенділігін төмендетеді; 2) прессорлы жүйе белсенділігі төмендеуімен қатар зорығады; 3) прессорлы жүйе белсенділігі төмендеуінен кейін әлсірейді; 4) өзінің белсенділігін күшейтеді; 5) гипертониялық аурудың тұрақтану кезеңімен салыстырғанда өзгермейді.

86. Гипертониялық аурудың тұрақтану кезеңіне тән:1)ЖМК жоғарылауы және ПТК төмендеуі; 2) ЖМК төмендеуі және ПТК жоғарылауы; 3) бір мезгілде ЖМК жәнеПТК жоғарылауы; 4) бір мезгілде ЖМК жәнеПТК төмендеуі; 5) тек ЖМК жоғарылауы.

87. Гипертониялық аурудың тұрақтану кезеңінде көбінесе осы қан айналым типтері байқалады:1) гиперкинездік және эукинетикалық; 2) гиперкинездік және гипокинетикалық; 3) гипокинетикалық және эукинетикалық; 4) гиперкинездік; 5) гипо-гиперкинездік.

88. Гипертониялық аурудың тұрақтану кезеңіне тән:1) қан айналымдағы ангиотензиноген-2 деңгейінің жоғарылауы; 2) жүйелік РААЖ-дың әсерімен салыстырғанда жүректің, бас миының, тамырлардың ошақты РААЖ-нің маңыздылығының басымырақ болуы; 3) калликреин-кининдік жүйе белсенділігінің жоғарылауы; 4) тамыр қабырғаларының азот оксидін өндіруі жоғарылауы; 5) бүйректің милы қабатында А,Е простогландиндерінің өндірілуі жоғарылауы.

89. Гипертониялық аурудың тұрақтану кезеңінің белгілері:1)прессорлы механизмдердің жүйелік реттеуші ықпалының өсуі; 2)жүйелік РААЖ-дың әсерімен салыстырғанда жүректің, бас миының, тамырлардың ошақты РААЖ-нің маңыздылығының басымырақ болуы; 3) калликреин-кининдік жүйе белсенділігінің жоғарылауы; 4) тамырлардың қабырғасының құрлысының гипертрофикалық өзгерісі; 5) спецификалық және бейспецификалық ангиотензиназалар өндірілуінің жоғарылауы.

90. Гипертониялық аурудың тұрақтану кезеңінде, қолқа доғасының барорецепторлары мен синокаротидті аймақтың қайта құрылуы:1) систолалық қысымның кенеттен жоғарылауын алдын алып, гипотензивті жауапты күшейтеді; 2) натрий және судың бөлінуінің жоғарылатады; 3) қозу табалдырығын бірден жоғарылатады; 4) простациклин бөлінуін төмендетеді; 5) азот оксиді түзілуін төмендетеді.

91. Гипертониялық аурудың тұрақтану кезеңіндегі, тамырлар қабырғаларындағы құрылымдық гипертрофикалық өзгерістер осының жоғарылауына алып келеді:1) жүректің соғу көлемінің; 2) ЖМК; 3) ПТК; 4)айналымдағы сары су көлемінің; 5) веналық қысымның.

92. Артериялық гипертензия кезіндегі АҚ жоғары деңгейде болуын ұстап тұрады және бекітеді:1)тамыр рецепторлары; 2) простагландиндер; 3) бүйректер; 4) жоғарылаған ЖМК; 5) азот оксиді.

93. Гипертониялық аурулардың кеш кезеңінде, бүйректің құрылымды-қызметтік бейімделуі осыған байланысты:1) АҚ жоғарылағанда, натрийді көп шығара бастайды; 2) АҚ жоғарылағанда, суды көп шығара бастайды; 3) депрессорлы заттарды көп өндіре бастайды; 4) АҚ жоғарылауына сезімталдық төмендейді; 5) АҚ жоғарылауына сезімталдық жоғарылайды.

94. Гипертониялық аурулардың кеш кезеңінде, бүйректің құрылымды-қызметтік бейімделуінің пайдалы оң әсері:1) АҚ жоғарылауына бүйректің сезімталығының жоғарылауы; 2)бүйректік прессорлы заттар өндірілуінің жоғарылауы; 3) айналымдағы сары су көлемінің жоғарылауы; 4) тұз –су гемостазының сақталуы; 5) АҚ жоғарылауына, доға қолқасы барорецепторларының сезімталдығының қалыпқа келуі.

95. Гипертониялық аурулардың кеш кезеңінде, бүйректің құрылымды-қызметтік бейімделуінің зиянды теріс әсері:1)АҚ жоғарылауына бүйректің сезімталығының төмендеуі; 2) бүйректік прессорлы заттар өндірілуінің төмендеуі; 3) прессорлы механизмдерінің кері байланыс принципі бойынша белсендірілуі салдарынан жоғары қысымының тұрақтануы; 4) тұз –су гемостазының сақталуы; 5) АҚ жоғарылауына, доға қолқасы барорецепторларының сезімталдығының төмендеуі.

96. Гипертониялық ауру дамуының вазоспастикалық нұсқасы сипатталады:1) депрессорлық механизмдердің көрнекті белсендірілуімен; 2) калликреин-кининдік жүйенің көрнекті белсендірілуімен; 3) ПТК жоғарылауымен;4) организмде натрий және судың іркілуіне беймделікпен; 5) айналымдағы сары су көлемінің жоғарылауымен.

97. Гипертониялық аурудың натрий мөлшеріне тәуелді ағымына тән: 1) депрессорлық механизмдердің көрнекті белсендірілуі; 2) калликреин-кининдік жүйенің көрнекті белсендірілуімен; 3) гиперкинездік қанайналымның эу-және гипокинетикалыққа ауысуы; 4) натрийурез және диурездің жоғарылауы; 5) қалыпты ПТК.

98. Гипертониялық аурудың гиперадренергиялық (гиперкинездік) ағымына тән:1) депрессорлық механизмдердің көрнекті белсендірілуі; 2)калликреин-кининдік жүйенің көрнекті белсендірілуі; 3) қан айналымның гиперкинездік түрі; 4) натрийурез және диурездің жоғарылауы; 5) қалыпты ПТК.

99. Гипертониялық аурудың гиперадренергиялық (гиперкинездік) ағымына тән:1) депрессорлық механизмдердің көрнекті белсендірілуі; 2) симпато-адренальді жүйенің көрнекті белсендірілуі; 3) гипокинетикалық қанайналым түрі; 4) жоғарылаған натрийурез және диурез; 5) қалыпты ЖМК.

100. Гипертониялық ауру ағымының гиперадренергиялық (гиперкинездік) нұсқасы жатады:1) систолалық гипертензияға; 2) диастолалық гипертензияға; 3) аралас гипертензияға; 4) систолалық гипотензияға; 5) диастолалық гипотензияға.

101. Біріншілікті гипертензияның патогенездік нұсқасы жатады:1) гипертониялық аурудың қатерсіз ағымына; 2) гипертониялық аурудың гиперренинді түріне; 3) ренопривті артериялық гипертензияға; 4) реноваскулярлы гипертензияға; 5) гипертониялық аурудың жайлы түріне.

102.Гипертониялық аурудың жиі кездесетін патогенездік нұсқасы: 1) гиперренинді түрі; 2) нормаренинді түрі; 3) гипоренинді түрі; 4) аренинді түрі; 5) аралас түрі.

103. Артериялық қысымның ең жоғары деңгейі, әсіресе диастолалық тән:1) гиперренинді түрге; 2) норморенинді түрге; 3) гипоренинді түрге;4) барлық патогенездік түрлерге; 5) аренинді түрге.

104. Өте ауыр өтеді:1) норморенинді түрі; 2) гипоренинді түрі; 3) гиперренинді түрі; 4) аренинді түрі; 5) аралас түрі.

105. Гипертониялық аурудың гипорениді түріндегі АҚ жоғарылауының негізгі патогенездік механизімі:1) айналымдағы сары су көлемінің жоғарылауы; 2) артериолалардың тарылуға бейімділігі; 3)бүйректе депрессорлы өнімдік заттардың төмендеуі; 4) ЖМК жоғарылауы; 5) тамырлардың тонусыны реттеу механизмі орталығының бұзылуы.

106. Гипертониялық аурудың гипоренинді түрінің клиникасында басым көрінеді:1) миокард инфарктісі; 2) күйік; 3) жүрек ырғағының бұзылуы; 4) инсульт; 5) тромбоз.

107. Гипертониялық аурудың норморенинді түрінің клиникасында басым көрінеді:1) миокард инфарктісі; 2) күйік; 3) жүрек ырғағының бұзылуы; 4) инсульттар; 5) тромбоздар.

108. Гипертониялық аурудың норморениді түріне тән:1) ПТК кенеттен жоғарылауы; 2) гиперкинездік қан айналым; 3) өте жоғары диастолалық қысым; 4) жүрек ырғағының азаюы; 5) айналымдағы қан көлемінің төмендеуі.

109. Екіншілікті артериялық гипертензиялар үшін АҚ жоғарылауы:1) тек қана аурудың белгісі; 2) аурудың біріншілікті белгілері; 3) аурудың спецификалық белгілері; 4) аурудың міндетті белгісі; 5) ауру патогенезінің негізгі түйіні.

110. Екіншілікті артериялық гипертензияға жатады:1) эссенциялді гипертензия; 2) реноваскулярлы гипертензия; 3) гипертониялық ауру; 4) нейроциркуляторлы дистония; 5) жайлы артериялық гипертензия.

111.Екіншілікті артериялық гипертензияның ең жиі кездесетіні:1) нейрогенді; 2) эндокринді; 3) дәрілік; 4) кардиоваскулярлы; 5) бүйректік.

113. Ренопаренхиматозды артериялық гипертензия дамиды:1) туылғанда бір бүйректің болмауы кезінде; 2) созылмалы гломерулонефритте; 3) бүйрек артериясы тарылғанда; 4) бір бүйректі алып тастағанда; 5) гипертониялық ауруда.

114.Ренопоаренхиматозды артериялық гипертензияның патагенездегі ең маңызды көрініс:1) қызметтік нефрон санының азаюынан депрессорлы заттардың тапшылығы; 2) гиповолемия; 3) натрийдің кері сорылуының төмендеуі; 4)бүйректе қан ағысының жоғарылауы; 5) брадикинин және каллидин мөлшерінің жоғарылауы.

115. Ренопоаренхиматозды артериялық гипертензияның патагенездегі маңызды көрініс:1) гиперволемия және гипернатриемия; 2) ЖМК жоғарылағандағы ПТК төмендеуі; 3) айналымдағы қан көлемінің азаюы; 4) эндотелин шығарылуының белсендірілуі; 5) азот оксиді түзілуінің белсендірілуі.

116. Реноваскулярлы (вазоренальді) артериялық гипертензия дамиды:1) туылғанда бір бүйректің болмауы кезінде; 2) созылмалы гломерулонефритте; 3) бүйрек артериясы тарылғанда; 4) диабетті нефропатияда; 5) нефролитиазда.

117. Реноваскулярлы (вазоренальді) артериялық гипертензия патогенезінде осының белсендірілуі маңызды:1) калликреин-кининді жүйенің; 2) парасимпатикалық жүйке жүйесінің; 3) ганглидан кейінгі жіпшелерден катехоламиннің босауының; 4) ренин-ангиотензин-альдостерондық жүйенің; 5) бүйректің депрессорлық жүйесінің.

118. Конн синдромындағы АҚ жоғарылауы жатады: 1)нейрогенді артериялық гипертензияға; 2) эндокринді артериялық гипертензияға; 3) дәрілік артериялық гипертензияға; 4) кардиоваскулярлы артериялық гипертензияға; 5) бүйректік артериялық гипертензияға.

119. Конн синдромындағы артериялық гипертензияның патогенезінде осының жоғарылауы маңызды:1) норадреналин; 2) вазопрессин; 3) кортизол; 4) альдостерон; 5) тироксин.

120. Иценко-Кушинг синдромындағы АҚ жоғарылауы жатады: 1)нейрогенді артериялық гипертензияға; 2) эндокринді гипертензияға; 3) дәрілік гипертензияға; 4) кардиоваскулярлы гипертензияға; 5) бүйректік гипертензияға.

121. Иценко-Кушинг синдромындағы артериялық гипертензияның патогенезінде осының жоғарылауы маңызды: 1) норадреналин; 2) вазопрессин; 3) кортизол; 4) альдостерон; 5) тироксин.

122. Феохромоцитомадағы АҚ жоғарылауы жатады:1)нейрогенді артериялық гипертензияға; 2) эндокринді артериялық гипертензияға; 3) дәрілік артериялық гипертензияға; 4) кардиоваскулярлы артериялық гипертензияға; 5) бүйректік артериялық гипертензияға.

123. Феохромоцитомадағы артериялық гипертензияның патогенезінде осының жоғарылауы маңызды:1) катехоламин; 2) тиреоидты гормон; 3) глюкокортикоидтар; 4) минералокортикоидтар; 5) гипофиздің гормондары.

124. Антидуретикалық гормонның артық өндірілуінен дамыған артериялық гипертензияның патогенездегі маңызды көрініс:1) тамыр рецепторларының гипотензивті әсері бар метаболиттерге сезімталдығының жоғарылауы; 2) айналымдағы сары су көлемінің жоғарылауы; 3) жүрек ырғағының төмендеуі; 4) ПТК төмендеуі; 5) артериолалар қабырғалары тегіс бұлшықеттік жасушаларының гормондық рецепторларының тежелуі.

125. Нейрогенді артериялық гипертензияның орталықты түрі дамуы мүмкін:1) адренокортикотропты гормон артық өндірілгенде; 2) ми қарыншаларына қан құйылғанда; 3) жүйкелік бағаналар тітіркендірілгенде; 4) экстеро- және интерорецепторлар созылмалы тітіркендірілгенде; 5) депрессорлы афферентті серпіндер белсендірілгенде.

126. Нейрогенді артериялық гипертензияның центрогенді түрі дамуы мүмкін:1) гиперпитуитризмде; 2)жоғарғы жүйке-жүйесі бұзылғанда; 3) экстеро- және интерорецепторлар созылмалы тітіркендірілгенде;4) кардиовазомоторлы орталық тежелгенде; 5) депрессорлы афферентті серпіндер белсендірілгенде.

127. АҚ көтерілуін шақыратын агенттердің әсерімен қайта-қайта қабаттасатын индифферентті сигналдар осының дамуына ықпал етеді:1) нейрогенді артериялық гипертензияның центрогенді түрі; 2) нейрогенді артериялық гипертензияның шартты рефлекторлы түрі; 3) нейрогенді артериялық гипертензияның шартсыз рефлекторлы түрі; 4) нейрогенді артериялық гипертензияның ағзалық түрі; 5) нейрогенді артериялық гипертензияның қызметтік түрі.

128. Нейрогенді артериялық гипертензияның шартсыз рефлекторлы түрі дамиды:1) бас миының өспелерінде; 2) жоғары жүйке қызметінің бұзылыстарында; 3) экстеро- және интерорецепторлардың созылмалы тітіркендірілуінде; 4) мидың ошақты ишемиялық зақымдалуында; 5) невроздарда.

129. Қолқа коарктациясы кезіндегі артериялық гипертензия жатады: 1)нейрогенді артериялық гипертензияға; 2) эндокринді артериялық гипертензияға; 3) дәрілік артериялық гипертензияға; 4) кардиоваскулярлы артериялық гипертензияға; 5) бүйректік артериялық гипертензияға.

130. Кардиоваскулярлы артериялық гипертензия дамиды:1) феохромоцитомада; 2)гипертиреозда; 3) қолқа доғасының атеросклерозында;4) гломерулонефритте; 5)бүйрек жетіспеушілігінде.

131. Атеросклероз кезінде қолқа доғасы және синокаротидті аймақтың барорецепторларының депрессорлық ықпалы:1)жоғарылайды; 2)төмендейді; 3)өзгермейді; 4) прессорлық әсерден басым влияниями; 5) прессорлармен бірге өзгеріп отырады.

132. Ұзақ қолданғанда дәрілік артериялық гипертензияны шақыратын дәрілік зат:1) адреномиметик; 2) диуретик; 3) бета-блокатор; 4) альфа-блокатор;5) баяу кальций каналының тосқауылдары.

133. Ұзақ қолданғанда дәрілік артериялық гипертензияны шақыратын дәрілік зат:1) ангиотензинге ауысатын ферменттердің ингибиторлары; 2) пероральді контрацептивтер; 3) диуретиктер; 4) бета-блокаторлар; 5) баяу кальций каналының тосқауылдары.

134. Ұзақ қолданғанда дәрілік артериялық гипертензияны шақыратын дәрілік зат:1) спазмолитиктер; 2) нестероидты қабынуға қарсы дәрілер; 3) диуретиктер; 4) альфа-блокаторлар; 5) баяу кальций каналының тосқауылдары.

135. Глюкокортикоидтарды ұзақ мерзімде қабылдау осындай өзгеріске алып келеді:1) ренопривті артериялық гипертензияға; 2) неврогенді артериялық гипертензияға; 3) гемодинамикалық артериялық гипертензияға; 4) экзогенді артериялық гипертензияға; 5) жүрек тамырының гипертензиясына.

Тақырыбы: Жедел және созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:жедел және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі этиологиясын, патогенезің, теңгерілу тегершіктерін және негізгі көріністерін зерттеу.

Оқыту мақсаты:

1. Организмдегі қанайналым бұзылыстарының дамуындағы этиологиялық және патогенетикалық ықпалдарды зерттеу.

2. Жүрек жеткіліксіздігі жіктелуін меңгеру.

3. Жүрек жеткіліксіздігінің теңгерілу және теңгерілмеу тегершіктері жөнінде көзқарасты түзілдіру.

Тақырыптық негізгі сұрақтары:

1. Қанайналым бұзылыстарының жалпы этиологиясы және патогенезі. Қанайналым жеткіліксіздігі анықтамасы: оның түрлері және формалары, жалпы сипаттамасы, негізгі гемодинамикалық көрсеткіштері.

2. Жүрек қызметі бұзылыстарының негізгі ықпалдары (центрогенді, рефлекторлы, тікелей емес).

3. Жүрек жеткіліксіздігі, жіктелуі. Жүрек жеткіліксіздігінің миокардиальді және артық күш түсу түрлеріне жалпы сипаттамасы. Жүрек қуыстарын қанның көлемімен және қысымымен артық күш түсіру.Жүрек жеткіліксіздігінің миокардиальді түрінің дамуындағы балалық шақ жұқпалы ауруларының маңызы.

4. Жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі миокардтың жиырылулы қызметінің төмендеуінің негізгі тегершіктері.

5. Жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі жүрек бұлшық етінің энергетикалық алмасу.

6. Жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі шұғыл және ұзақ уақытты бейімделудің кардиальді және экстракардиальді тегершіктері. Жүректің теңгірілген гиперфункциясы. Миокард гипертрофиясы, Ф.З.Меерсон бойынша даму сатылары. Гипертрофияланған жүрек ерекшеліктері, теңгерілмеу тегершіктері.

7. Жедел жүрек жеткіліксіздігінің негізгі гемодинамикалық өзгерістері және көріністері. Жедел сол қарыншалық жеткіліксіздігінің көрінісі ретінде өкпе ісінуі және кардиогенді сілейме, этиологиясы және па­тогенезі.

8. Созылмалы систоликалық және диастоликалық жүрек жеткіліксіздігінің негізгі көріністерінің патогенезі (цианоз, ісінулер, ентікпе, тахикардия және т.б.). Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі реүлгілеу жөніндегі түсінік.

Жедел және созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктері» тақыры бойынша ақпараттық-дидактикалық блок







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2022. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия