Студопедия — ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ






Қан айналымның жеткіліксіздігі – қан айналымның организм тіндеріне қажетті қоректі заттарды әкеле алмайтын және зат алмасу өнімдерін тіндерден керекті деңгейде алып кете алмайтын жағдай.

Жүрек жеткіліксіздігі - тыныштық жағдайда және жұмыс істеген кезде жүректің қан айналымды тұрақты ұстап тұра алмайтын жағдайы.

Жүрек жеткіліксіздігінің миокардиалді түрі – метаболизм субстраттарының дефициті және физикалық, химиялық, биологиялық ықпалдардың жүрек бұлшық етін біріншілікті зақымдануына негізделген жүрек жеткіліксіздігі.

Жүрек жеткіліксіздігінің күштемелік түрі – жүрек камералары жолдарындағы артық қысым (қарсыласу, қысыммен күштеме) немесе ұлғайған көлемдегі қанмен жүрек күштемесі (көлеммен күштеме) барысында дамитын жүрек жеткіліксіздігі.

Жеткіліксіз диастола синдромы – кальций насосының жұмысы бұзылуынан диастола кезінде қарыншаларға қан толуының және систолиялық көлемнің төмендеуіне әкелетін миокардтың жеткіліксіз босаңсуы.

Франк-Старлинг заңы- қан көлемі тым артық болғанда миокардтың созылуына жауап ретінде жүректе пайда болған зорығуды жоғарлататын орын толтырудың гетерометриялық тегершік.

Бейнбридж рефлексі – күре атмырларда және оң жүрекшеде қан қысымы көтеріліп созылуы нәтижесіндегі жүрек жиырылу жиілігінің жоғарлауы; қанның минөттік көлемінің ұлғаюына бағытталған.

Бецольд-Яриш рефлексі – сол қарыншадан күштемені алып тастауға бағытталған, қарыншалар мен жүрекшелерде орналасқан механо- және хеморецепторлардың тітіркенуіне жауап ретінде үлкен қан айналым шеңберінің артериоласының рефлекторлы кеңеюі.

Жүректің теңгерліген гиперфункциясы – жүректің сыртқы жұмысын ұлғайтуға бағытталып, жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі жүрек қызметінің интракардиальді теңгеру тегершігі.

Миокард гипертрофиясы – кардиомиоциттер көлемінің ұлғаюынан жүрек салмағының ұлғаюы.

Жүрек дилатациясы (лат. dilatatio - кеңею) – қан мөлшері ұлғаюынан жүрек қуыстарының кеңеюі.

Тоногенді дилатация - соғу көлемінің жоғарлауымен өтетін жүрек қуыстарының кеңеюі.

Миогенді дилатация- миокард созылуымен, қанның соңғы диастолалық көлемнің көбеюімен және жүрек жиырылу күшінің төмендеуімен сипатталатын жүрек қуыстарының кеңеюі.

Миокард контрактурасы – кардиомиоциттер босаңсымайтыннан дамыған жағдай. Миокард жасушаларының ишемиясы кезіндегі кальцилі күшетемелерден дамыған. Коронарлы қанағыс бұзылысын тереңдететін және коронарлы тамырлырадың басылуына алып келетін тіндік керілудің жоғарлауымен қабаттасатын асистолия аймағы зонасы.

ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ

Тақырыбы: Жүректің қақпақшалы аппаратының зақымдануы.

Атеросклероз. Коронарлы жеткіліксіздіктің патофизиологиясы.

Сабақтың мақсаты:жүрек ақауларының этиологисы мен патогенезін зерттеу.

Оқыту мақсаты:

1. Жүректің аортальді және митральді қақпақшаларының зақымдануының даму тегершіктерін және себептерін зерттеу.

2. Атеросклероз дамуының этиологиялық және патогенетикалық ықпалдарын меңгеру.

3. Коронарлы жеткіліксіздік синдромы себептерін, даму тегершіктерін және көріністерін зерттеу.

Тақырыптық негізгі сұрақтары:

1. Жүректің қақпақшалы аппаратының зақымдануы: аортальді және митральді қақпақшаларының жеткіліксіздігі мен тарылуының себептері және даму тегершіктері. Ақаулардың гемодинамикасы. Балардағы ерекшеліктер.

2. Атеросклероз: қауіп ықпалдары, атерогенез сатылары, патогенезінің негізгі теориялары.

3. Коронарлы жеткіліксіздік: түрлері, коронарлы қан ағыстың қайтымды және қайтымсыз бұзылыстарының жалпы сипаттамасы.

4. Коронарлы жеткіліксіздік, себептері, патогенезі, жедел және созылмалы коронарлы жеткіліксіздігі кезіндегі жүректің негізгі қызметтік көрсеткіштерінің өзгеруі.

5. Жүректің ишемиялық аурулары, оның түрлері. Стенокардия. Миокард инфарктісі, миокард ишемиясы және одан тыс аймақтарының электрогенді және жиырылулы қасиеттерінің, метаболизмінің бұзылыстары. Стенокардия және миокрад инфарктінің асқынулары және нәтижелері.

6. Ишемия және миокрд инфарктінің электрокардиогрфиялық белгілерінің патофизиология тұрғысынан түсіндіру.

7. Миокардтың реперфузиялық зақымдануы. Жүректің реперфузиялық жиырулылық дисфункциясы, кальцилі оттегілік парадоксы, жүрек ырғағының реперфузиялық бұзылыстары, қалпына келмеген қан ағысы феномені.

6. Іскерлік ойын: «ЖИА патофизиологиялық негізі ретінде коронарлы тамырлардың атеросклероздық зақымдануы».

 

Жүректің қақпақшалы аппаратының зақымдануы. Атеросклероз. Коронарлы жеткіліксіздіктің патофизиологиясы.» тақырыбы бойынша ақпараттық-дидактикалық бөлім.







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1533. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия