Студопедия — Глоссарилер. Миокард ишемиясы (грек. isсho – тұрып қалу + haemia - қан) – жүрек бұлшық еті қанайналымы бұзылысы және
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Глоссарилер. Миокард ишемиясы (грек. isсho – тұрып қалу + haemia - қан) – жүрек бұлшық еті қанайналымы бұзылысы және






Миокард ишемиясы (грек. isсho – тұрып қалу + haemia - қан) – жүрек бұлшық еті қанайналымы бұзылысы және миокардтың оттегіні қолдану мен кардиомиоциттерге жеткізіу арасындағы сәйкессіздік жағдайы.

Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) – жүрек бұлшықетін ишемиялық зақымдануының (стенокардия, миокард инфаркті, атеросклероздық кардиосклероз) патогенетикалық негізін құрайтын жүректің жедел және созылмалы аурулар тобы.

Стенокардия (angina pectoris)– миокард ишемиясы нәтижесінде пайда болған ауру сезімі (ангинозды ауру сеземі) синдромымен сипатталатын ЖИА бір клиникалық түрі. Әдетте ишемия аймағында пайда болған өзгерістер қайтымды.

Миокард инфаркті (лат. infarcire — «бастау», «ұрғылау»; mio — «бұлшық ет»; card — «жүрек») – коронарлы қанайналымның күрт және ұзақ уақытты азаюына байланысты дамитын жүрек бұлшық етінің анықталған аймағының некрозы.

Резорбциялық-некротикалық синдром - некроздалған миофибриллар құрамындағы заттардың (лактатдегидрогеназалар, креатинфосфокиназалар, аспартатаминотрансферазалар жоғарлауы, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, қызба...). қанағысына түсуімен негізделген және миокард инфарктісінде дамитын синдром.

Миокардтың коронарогенді емес некрозы – коронарлы тамырлармен қан циркуляциясы бұзылысынан емес, миокардтағы зат алмасу бұзылысы нәтижесінде дамыған жүрек бұлшық етінің өлуі.

Кенеттен болған жүрек өлімі – коронарлы жеткіліксіздіктің бірінші симптомдары (ангинозды ауру сезімі, аритмиялар) пайда болуының 1 сағат көлемінде немесе кенеттен болған өлім.

Гибернацияланған («ұйықтайтын») миокард – миокардтың ошақты қайтымды дисфункциясы, ол кездегі ишемиялық өзгерістер қайтымды сипатта. Гибернацияланған миокард – бұл жиырылу қызметі бұзылған және перфузиясы төмендеген миокард, бірақ белснеді метаболизммен, яғни кардиомиоциттердің өмір сүру қабілеттіліг қалған бірақ олар жиырылмайды. ЭКГ-де – ишемия белгілері, клиникасы - миокард инфарктіне ұқсас, бірақ қанда ферменттер жоғарламаған. Коронарлы қанайналымның қалпына келуі кардиомициттер жиырылуының қалпына келуімен қабаттасады.

Станнинг («меңіреу» миокард) – ишемия әері жойылып жәнебастапқы коронарлы қанағыстың калпына келуден кейін (реперфузия) пайда болатын сол қарыншаның жергілікті жиырылуының ауыспалы ишемиядан кейінгі бұзылыстары. «Ишемия-реперфузия» кезеңінен кейінгі миокардтың қалпына келуінің кешігуі станнингке сай. «Меңіреу» миокард – бұл кардиомиоциттердің сақталған перфузиясы мен метаболизмі кезіндегі жиырылу қызметі бұзылған миокард.

Жүректің реперфузиялық зақымдануы – жүректің ишемияланған аймағындағы коронарлы қан ағыстың қайта қалпына келуінен кейін дамитын кардиомиоциттер зақымдануы. Жиырылулық дисфункция сай (жиырылу күшінің төмендеуі және әсіресе диастоликалық босаңсу бұзылыстары), жүрек ырғағының бұзылысы, қалпына келмеген қанағыс феномені.

Кальцилік парадокс – Na+ / Ca2+-тасымалының реоксигенациялық белсенуінен кальци иондарымен кардиомиоциттердің күштемеленуімен сипатталатын миокардтың реперфузиялық зақымдануының бір негізгі тегершіктері; жүрек босаңсу үрдісінің баяулауына әкеледі (реперфузиялық контрактура), жүректің диастоликалық көлемінің төмендеуі мен жүрек лақтырысының азаюымен қабаттасады.

Оттегілік парадокс - ишемияланған миокард аймағындағы коронарлы қан ағыстың қайта қалпына келу кезеңіндегі оттегінің кардиотоксикалық әсерімен қорытындылған миокардтың реперфузиялық зақымдануының бір негізгі тегершіктері; оттегінің бос радикалдары түзілуінің күшеюі, кардиомиоциттердің Са2+ күштемеленуі, жүректің жиырылу қызметінің бұзылуы.

Қалпына келмеген қанағыс феномені (no reflow phenomenon) – миокардтың ишемияланған аймақтарын қоректендіретін тәждік артериялардағы мигистральді қанағыстың қалпына келуінен кейін коронарлы перфузия жеткіліксіздігінің сақталуы.

Жүрек ақаулары — қақпақшалық аппараттың морфологиялық және/немесе қызметтік бұзылыстары негізіндегі (қақапақшалар жармаса, фиброзды сақина, хордалар, емізікше тәрізді бұлшық еттер), қақпақшалар қызметін бұзатын және гемодинамика өзгерістерін шақыратын жағдай.

Митральді тарылу – атриовентрикулярлы тесіктің тарылуынан сол қарыншаға қан келуіне кедергі болып, сол жүрекшедегі қысымның жоғарлауы мен оның гипертрофиялануын қолдайтын жүрек ақауы.

Митральді қақапақшаның жеткіліксіздігі – митральді қақпақшалардың толық емес жабылуынан систола кезінде сол қарыншадан сол жүрекшеге қанның регургитациясымен сипатталатын, олардың қуыстары біртіндеп кеңейетін жүрек ақауы.

Аорта қуысының тарылуы – сол қарыншадан қан кетуінің қиындауымен сипатталатын, нәтижесінде гипертрофия дамыған жүрек ақауы.

Аорта қақпақшасының жеткіліксіздігі – аорталық қақпақшаның бітелу қызметтерінің бұзылысымен сипатталатын жүрек ақауы, нәтижесінде диастола кезінде аортадағы қан сол қарыншаға түсіп оны біртіндеп дилатациялайды және гипертрофияланады.

 

Жүрек қақпақшаларының қозғалыс ұстанымдары: сол жақтан – жармалық, оң жақтан – жартыай тәрізді. Қызыл нұсқа – қан ағысы: жоғарғы жұп суретте қақпақшалар ашық,

төменгі жұпта – жабықзакрыты.

Қақпақшалар жеткіліксіздігі сипатталады жармалардың толық емес жабылуымен және олардың бүрісуінен, қысқаруынан, перфорациясынан және фиброзды қақпақша сақинасының кеңеюімен, деформациясымен немесе хордаларының және емізікше тәрізді бұлшық еттерінің айырылуымен. Кейбір жағдайларда қақпақшалар жеткіліксіздігі қақпақшалық аппараттың яғни, емізікше тәрізді бұлшық еттерінің қызметінің бұзылысы нәтижесінде.

Қақпақшалық тесіктің тарылуы (сужение) қақпашалық жармалардың өсіп бітуімен шақырылады.

Жүректің жүре пайда болған ақауларының жартысынан көбісі митральді қақпақшаға және шамамен 10–20% аортальді қақпақшаның зақымдануына келеді.

Митральді тарылу

Митральді тарылу (сол атрио–вен­три­ку­лярлы тесіктің тарылуы) – сол атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы сол жүрекше (СЖ) босатуының қиындауына және СЖ мен сол қарынша арасындағы диастоликалық қысым градиентінің өсуіне әкеледі. Сол қарыншаның митральді қақпақша деңгейінде қан ағысымен тығындалуы оның дұрыс ашылмауына әкеледі. Митральді тарылумен әйелдер еркектерге қарағанда 2–3 рет жиірек ауырады. Митральді тарылу жүрек ақауларының ішінде ең қолайсызына жатады, себебі балалық шағында хирургиялық коррекцияны талап етеді.







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1028. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия