Студопедия — VIII. Сандарды салыстыру.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

VIII. Сандарды салыстыру.






Балаларды салыстыруға үйретуде шартты түрде 3 кезеңнен өтеміз:

1 - кезең;: көрнекі құралдарды қолдану арқылы сандарды салыстырамыз (бумалар мен таяқшалар, брусоктар және кубиктер, жолақшалар мен квадраттар қолдана отырып). Разряд бойынша салыстыруды үйретеміз, салыстыруды ондықтар разрядынан бастаймыз.

2 - кезеңде көрнекілікті ауыстырамыз: разрядтық кестені сүйеніп салыстыру.

3-кезеңде көрнекі-дидактикалық материалдарды қолданбай, натурал сандардың сандық қатардағы қасиетіне сүйенеміз.

-2б-

100 шамасындағы сандардың номерленуін оқыту әдістемесі.

100 шамасындағы сандардың номерленуін оқытудың кезектілігі:

1. 10 және 20 шамасындағы сандардың номерленуін қайталау.

2. Толық ондықтарды номерлеуін оқыту.

3. 21-ден 99-ға дейін сандардың номерлеуін оқыту:

 

а. 20 – дан 30 - ға дейін. г. 50 - ден 60-қа дейін. ж. 80-нен 90-ға дейін.

б. 30 – дан 40 - ға дейін. д. 60 - тан 70-ке дейін. з. 90-нан 100-ге дейін.

в. 40 - тан 50-ге дейін. е. 70-тен 80-ге дейін.

3-сыныптың 1-тоқсанының бәрі қайталауға кетеді.

100 шамасындағы сандардың номерленуін оқытуда 20 шамасындағы сандардың номерленуін оқытуда қарастырылған әдістемелік кезеңдер қарастырылады.

Толық ондықтардың номерленуін оқытуға 3-4 сабақ беріледі.

21-ден 99-ға дейінгі сандардың номерленуін оқытқанда М.Н.Перова алдымен екі таңбалы санның аталу қағидасын көрсетуді ұсынады, мысалы, оқушыларға тапсырма беріледі:

- 2 бума және 6 таяқша қойыңдар.

- Неше таяқша қойдыңдар?

- Біз 26 санын құрдық. Санның аталуы екі сөзден тұрады: жиырма және алты (қатар санның жазылған карточканы көрсету керек).

 

- Қалай жазылған?

- Алдымен ондықтар, содан кейін бірліктер.

- Сандардың жазылуын да бірге үйрету керек.

Арнайыі мектеп оқушыларын сандардың жазылуының әртүрлі формаларымен таныстырған жөн, мысалы:

3 ондық 6 бірлік.

36 = 30+6;

36.

Оқушыларды 100 шамасындағы сандардың номерлеуін оқытқанда «разряд» ұғымымен таныстырады, бірліктер бірінші разрядқа жатады және санды жазғанда оң жақтан бірінші жазылады, ондық - екінші разрядқа жатады, оң жақтан екінші жазылатындығын айтады, жүздіктер - үшінші разрядқа жатады, оң жақтан үшінші болып орналасқан.

 

 

-3-

20 және 100 шамасындағы сандармен арифметикалық амалдар қосу және алуды орындауды оқыту әдістемесі

20 және 100 шамасындағы сандармен қосу және алу амалдарын оқытудың кезектілігі есептің қиындық деңгейіне байланысты.

«+» және «-» амалдарын қатар оқытылады.

«+» және «-» амалдарын оқыту кезектілігі

20 шамасындағы 100 шамасындағы
1. «+» және «-» мысалдары, санның ондық құрамына негізделген 10+3, 13-3, 13-10 және сандық қатардың қасиетіне негізделген: 13 + 1, 14 -1 1. «+» және «-» толық ондықтар: 30+20; 50-20;
2. «+» және «-» разрядтан өтпей  
а) екі таңбалы санға бір таңбалы және екі таңбалы саннан қосу; екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту: 5+2; 17-2. а) екі таңбалы санға бір таңбалы және екі таңбалы санды қосу санды; екі таңбалы саннан бір таңбалы және екі таңбалы санды азайту: 30+5,35-5,35-30 30+26, 56-30, 56-26 47-2, 47-45 45+32, 77-32, 77-45
б) сомма толық ондық шығады, толық ондықтан азайту  
15+5, 20-5 12+8, 20-8 35+5, 40-5 35+45, 40-23=40-20-3
в) «-» екі таңбалы саннан екітаңбалы санды азайту: 18-3, 16-14  
3. Разрядтан өтіп қосу, алу  
а) бір таңбалы сандарды қосу 7 + 5 = 5 = 3 + 2 7+3 = 10 10+2=12 а) екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосу27+5
б) екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту 12 - 5 = 72 - 5 =  
  в) екі таңбалы санды екі таңбалы санға қосу 47 + 28
  в) екі таңбалы санды екі таңбалы саннан алу 72 + 25

 

 

Тақырып: Арифметикалық есептерді шығаруды оқыту әдістемесі және маңызы.

Мақсаты: Арнайы мектеп оқушыларына арифметикалық есептерді оқытудың әдістемесі мен маңызын ашу.

Жоспары:

1.Арнайы мектеп оқушыларының мәтіндік арифметикалық есептерді шығаруға үйретудің маңызы.

2.Арнайы мектеп оқушыларының арифметикалық есептерді түсіну ерекшеліктері.

3. Қарапайым арифметикалық есептердің классификациясы.

4. Арифметикалық есептерді шешуге үйретудің дайындық жұмысы. Көрнекілік қолдану. Қарапайым есепті шешуден құрама есепті шешуге өтудің әдістемесі.

5. «Есеп» ұғымын түсіндіруге дайындық жұмысы. Арифметикалық есепті шығаруға қажетті біліктілік пен дағды. «Есеп» және есептің құрам компоненттері:шарты, сұрақ, шешімі, есептің жауабы түсініктерімен таныстыру әдістемесі.

6. Құрама есеппен жұмыс жүргізу әдістемесі. Қиындықтың себептері және оны жеңудің жолдары. Математика сабағында есептің жоспарын құру және есепті шығару тәсілдері.

 

-1-

Арифметикалық есептермен көмекші мектеп оқушылары бірінші сыныпта танысады. Математикалық оқу материалының 50 пайызға жуығын арифметикалық есептер орын алады, өйткені зияты бұзылған балалардың мәтіндік есептерді шешуге үйрету маңыздылығы өте зор. Арифметикалық мәтінді есептерді шешуге үйрету әдістемесімен келесі ғалымдар айналысқан: М.Ф. Кузьмина- Сыромятникова, М.И. Кузьмицкая, М.Н. Перова, А.А. Хилько, Р.А. Исенбаева, Р.А. Сүлейменова және т.б.

Зияты бұзылған оқушыларды арифметикалық есептерді шешуді үйретудің маңыздылығы:

1. Білім беру маңыздылығы: арифметикалық амалдардың (қосу, алу, көбейту, бөлу) мәнің ашуға, көмектеседі; математикалық түсініктердің, қарама-қатыстарын, заңдылықтарын, байланыстарын түсіндіруге мүмкіндік беред; санау тәсілдерін бекітеді.

2. Коррекциялық;: арифметикалық есептерді шешу барысында барлық ойлау процестері бірігіп қызмет атқарады (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау); бүкіл таным процестері бірігіп жұмыс істейді (ес, есте сақтау, сөйлеу, қиял, зейін, бақылаушылық); өз білімдерін жаңа жағдайда қолдануды үйретеді.

3. Тәрбиелік: бастаған жұмысты аяқтау, ұжымда бірігіп жұмыс істеу, қабілеттерін қалыптастырады; математикаға қызығушылық, баланың күш жігерін тәрбиелейді.

4. Тәжірибелік: есептерді шешу, математика пәнің өмірмен байланысын көрсетеді. Мысалы: метр, килограмм т.б. өлшемімен таныстыруда осы ұғымдармен байланысты мәтінді есептер шешу.

 

-2-

Аталған материалды көмекші мектеп оқушылардың меңгеру қиындықтары мен ерешеліктері:

1. Есептің құрам компоненттерін ажырата алмайды: есептің шарты, сұрағы, шешімі, жауабы.

2. Сөз қорының жетіспеушілігіне байланысты есепте кездесетін сөздердің мағынасын түсінбейді, мысалы, барлығы бірге, көбейді, азайды және т.б.

3. Себеп-салдарының ажырата алмайтындықтан, бақылаушылығының төмендігінен есепте болаған өзгерістерінің нәтижесін шығара алмайды (ұшып келді – көбейді, жұлып алдық – азайды).

4. Күрделі есептің басты сұрағын бөліп ала алмайды.

5. Өмірлік тәжірибенің жетіспеушілігіне байланысты есеп мазмұның, көптеген терминдердің, сөздердің мазмұның түсінбейді.

6. Логикалық ойлауы жетіспеушілігіне байланысты есепте берілген сандардың, сандар мен сұрақтың қарым-қатынасын, байланысын анықтай алмайды.

7. Есеп барысында сандарды цифрмен емес сөзбен жазғанда оны мәтін ішінен ажырата алмайды.

 

 

-3-

Барлық арифметикалық есептерді 2 үлкен топқа бөлеміз;

1.Қарапайым, бір амалмен орындалатын.

2. Күрделі, екі немесе одан көп амалмен орындалатын.

Қарапайым арифметикалық есептердің әдістемелік әдебиеттерінде көптеген топтастырулар ұсынылады. М.Н.Перова ұсынған есептердің топтастыруы:

Қарапайым есеттердің топтастыруы

 

Есептің түрі Есептің мысал-мәтіні Сынып
І –топ: Қосындының, азайтудың, көбейтіндінің, бөлудің мәнің табуға бағытталған есептер    
Қосындының мәнің табуға бағытталған есептер Санияда 2 алма, Мұратта 3 алма. Барлығы қанша? 1 сынып
Айырманың мәнің табуға бағытталған есептер Дәуренде 5 дәптер, бір дәптерді досына сыйлады. Дәуренде қанша дәптер қалды?  

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 155. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия