Студопедия — Билет №9. 1. Тәуекел түсінігі: әлеуметтік және жеке тәуекел , тәуекел шегінің анықтамасы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Билет №9. 1. Тәуекел түсінігі: әлеуметтік және жеке тәуекел , тәуекел шегінің анықтамасы






1. Тәуекел түсінігі: әлеуметтік және жеке тәуекел, тәуекел шегінің анықтамасы.
Тәуекел (Риск; фр. risque қауіп) — жүзеге асырмақ іс-шаралардьщ сәтсіз болып шығуының ықтимал қаупі, осындай қауіпке байланысты іс-шаралардың ездері. «Әйтеуір бір сәті болар» дегенге негізделген көзжұмбай тәуекел және әбден ойластырылган, сәтті болады деген сенімге негізделген нартәуекел ден сараланады. «Тәуекел» термині ойындар теориясы мен шешімдер белгілеу теориясында қолданылады.

Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс)..Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.
Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.Тәуекелдің жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің жалпы концептуалды моделі.

2.Антидоттар, протекторлар берілуі және оларды қабылдау реті. Антидоттар (уға қарсы дәрі) - улы заттардың (УЗ) бұзылуына немесе
бейтараптандыруға себепшi болатын препараттар немесе заттар.Антидоттық терапияны тек қана УЗ-ты қолдануын айғақ және оның теңестiруiн растауда өткiзедi. Бұл топқа фосфор-органикалық типті уы өте күшті улағыш заттар жатады (зарин, зоман, VХ). Орталық жүйке жүйесін зақымдайтын улы заттар. Ұрыстық күйі - бу, аэрозоль және сұйық-тамшы. Ағзаға тыныс алу, тері, асқазан-ішек жолы арқылы түседі. ЗАРИН - түссіз, сәл жеміс иісі бар, тұрақсыз сұйық зат. Сумен, органикалық еріткіштермен кез келген қатынаста араласады, майларда жақсы ериді. Ашық су қоймаларын өте ұзақ мерзімге зақымдайды. ЗОМАН - түссіз камфора иісі бар сұйық зат. Улылығы күшті, тұрақты, зариннен улылығы 10 есе жоғары, ауадан 6 есе ауыр, өлім жағдайына ұшырататын улы зат. Суда біршама, ал органикалық еріткіштер мен майда жақсы ериді. VХ (ви-икс) - түссіз сұйық, зариннен улылығы жоғары, өлім жағдайына ұшырататын улы зат. Зақымданудың алғашқы белгілеріне көз қарашығының кішіреюі (миоз), көздің көру қабілетінің төмендеуі, көздің мандайға карай тартып ауруы жатады. Адамның жүрегі айнып, кеуде тұсы ауырады. Тоқтаусыз сілекей бөлінеді. Адам әлсіреп, денесін ұрейлі қорқыныш сезімі билейді. Адамның тынысы тарылып, қатты демігеді (бронхоспазм), кеуде тұсының ауырғаны күшейеді, еріндері көгеріп кетеді, көзі қарауытады, құсады, іші өтеді, жүру координациясы бұзылады. Адам есінен танады. Жекелеген бұлшық еттерінің, бүкіл денесінің қалшылдауы айқын сипат алады. Көп мөлшерде бөлінген сілекей мен сілемейлі сұйық тыныс алу жолдарын бөгеп, адамның ентігуі күшейе түседі. Алғашқы медициналық көмек: • Зақымданған адамға дереу газқағар кигізу. Газқагарды киер алдында бет терісін химияға қарсы қолданылатын жеке пакеттің (ХЖП немесе ИПП - 8) суйығымен ішінара санитарлық өңдеу жүргізу (1- сурет)і; • Антидоттарды (уға қарсы дәрі-дәрмекті) қолдану зақымданудың жеңіл сатысында жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы (АИ-2) тарен таблеткасын қабылдау. Ауыр сатысында шприц-тюбикпен атропин немесе афин жіберу; • Қажет болғанда жасанды түрде тыныс алдыру (химиялық зақымдану ошағында Каллистовтың және басқалардын әдісімен, зақымдану ошағынан тысқары жерде ауыздан ауызға үрлеу әдісімен); • Зақымданғандарды химиялық зақымдану ошағынан жедел шығару.

3. Қорғаныс қаруларының берілуі және рөлі. Халықтың жеке басын қорғау үшін қолданылатын құралдармен қамтамасыз ету. Жеке қорғаныс құралдары, радиоактивтік,улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалды құралдардың организмнің ішіне, теріге және киімге түсуінен,жұғуынан қорғауға арналған. Олар келесілерге бөлінеді:

-дем алу органдарын қорғау тәсілдері

-теріні қорғау тәсілі

Жеке басын қорғау заттарын қолдану -халықты қорғаудағы басты шаралардың бірі. Халықты қорғау республикамыздағы АҚ-ның басты міндеттерінің бірі болып табылады, себебі адамдар -ең жоғарғы құндылық олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ-ның алдын-алу мен әрекеттер бойынша ҚР Мемлекеттік жүйесінің барлық шараларының басты мақсаты.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 201. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия