Студопедия — Жер сілкіну себептері, пайда болуының жиілігі.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жер сілкіну себептері, пайда болуының жиілігі.






Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болган қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтықты таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. / Жер сілкінісі - дүлей зілзаланың ең жойқындағыш түрі. Ол экономикалық шығын бойынша, сондай-ақ жарақаттанып және қаза тапқандар саны бойынша бірінші орынды алады.Жыл сайын дүние жүзінде 100 000 жер сілкінісі болады, олардың көбісі әлсіз, оларды тек сейсмограф қүралы арқылы ғана байқауға болады. Жер сілкінісі жер қыртысында немесе жер мантиясында болады. Жер сілкінісінің төрт түрі бар. / Тектоникалық жер сілкінісі - жер қабаты мен литосфера тақтасының қозғалуынан болады. / Жанартаулық жер сілкінісі - жанаргаулардың атқылауы басталу кезінде, оларға жақын жерде, жанартау каналымен магманың қозғалуынан болады. / Опырылма жер сілкінісі - жердің опырлуынан, қопарылуынан болады. / Техногендік жер сілкінісі - адамдардың су қоймаларын жасауынан, мұнайды, газды, жер асты суларын шығаруынан, күшті жарылыстардан болады. / Қатты дүмпудің ұзақтығы - орташа жер сілкіністерінде 2 секундтан 5 секундтқа дейін, ал күшті жер сілкіністерінде 20-дан 90 секундтқа дейін болуы мүмкін. / Жер сілкіну ауданының радиусы - орташа жер сілкіністерінде 5-15 км, ал күшті жер сілкіністерінде 50-160 кмболады.    

2.Төтенше жағдайдың бағасы – бағалау әдісі және бақылау құралдары. Барлау АҚ күштерінің табысты әрекеттерін қамтамасыз ету түрлерінің бірі болып табылады.Ол үздіксіз және белсенді жүргізіледі, оның мәліметтері нақты болуы керек.Барланған мәліметтердің нақтылығы басқа деректерден алынған мәліметтермен салыстыру және жинақтау, мұқият зерделеу жолдары арқылы анықталады. Қайшы мәліметтер болған жағдайда ең бірінші кезекте радиациялық, химиялық, өрт, инженерлік, медициналық едәуір қиын ахуалды аудандарда қайта тексеру және қайта барлау жұмыстары ұйымдастырылады.Барлау алға қойылған міндеттердің сипатына байланысты жалпы және арнаулы болып бөлінеді.Жалпы барлауды әскери бөлімдердің барлаушы бөлімшелері, байқау және лабораториялық бақылау пункттері, барлау ұшақтары мен тікұшақтары, өзен (теңіз) барлауының барлаушы буындары, темір жол көлігі, аудан, қала және халық шаруашылық объектілерінің барлаушы топтары жүргізеді.
Арнаулы барлауды радиациялық, химиялық, өрт сөндіру, инженерлік, медициналық және эпидемиологиялық барлау топтары жүргізеді.
Мәліметтерді іздеп табу тәсілдеріне байланысты барлау әуеден, өзеннен (теңізден) және жер үстінен барлау болып бөлінеді.Радиациялық және химиялық бақылау постары объекті аумағы мен оған жақын жерлердегі әуе және жер үсті ахуалдарының өзгеріп отыруына, сондай-ақ қаланың сыртқы аймағында жұмысшылар мен қызметшілердің орналастыру орындарын да қадағалап отырады. Сонымен бірге, постарға зілзала апаттары болған аудандарда, ірі өндірістік апаттар мен опаттар болған орындардағы жағдайдың өзгеріп отыруына бақылау жасау жүктеледі.

3.Жеке қорғаныс құралдарының түрлері және оны қолдану уақыты. Қорғаныс аймағы — инженерлік құрылыстармен жабдықталған жергілікті жер ауданы. Қорғаныс аймағы құрамалар (бірлестіктер) ұрыстық ретке (операцияға тізілу) жайылып, қорғаныс ұрысын (шайқасын) жүргізеді. Ұлы Отан соғысы жылдары мен соғыстан кейінгі кезенде қорғаныс аймағы тактикалык және оперативтік болып бөлінген. Қорғаныс ауданы — қорғаныстағы бөлімшелердің, бөлімдердің, батальондардың және полктердің жаудың шабуылын қорғаныстың алдыңғы шебіне жеткізбей тоқтатып, тойтарыс беретін немесе қарсылас сыналап кірген жағдайда оны атыспен және қарсы шабуылға шығу арқылы қуып шығып, қорғаныстың бастапқы қалпын сақтап қалу үшін қолданылатын қорғаныс аймағы. Қорғаныс белсенділігі — қорғаныстағы әскерлердің қарсыласқа көрсететін үздіксіз әсері; қорғанысты ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын негізгі бір талап. Қорғаныс жолағы — қорғауға арналған және бірлестік немесе құрамалар қорғайтын жер жолағы. Ол қарсыластың шабуылына тойтарыс беру және аумақты сақтау мақсатында құрылады. Қорғанысқа күні бұрын көшу кезінде бірінші қорғаныс шебінің алдында, кейде тереңдегі қорғаныс шебінің алдында қамтамасыз ету жолағы құрылуы мүмкін. Қорғаныс қоршауы — белгілі бір объектінің немесе оның маңайының периметрі бойынша орналасқан бекініс желісі. Қорғаныс қоршауы болған, олардың әрқайсысы қорғаныс жолағы (шебі) ретінде жабдықталған.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 195. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия