Студопедия — Су тасу кезінде қандай әрекет жасау керек. Су тасу туралы және эвакуациялау туралы ақпараттың белгісі бойынша, дереу белгілі тәртіппен апатты су басуы мүмкін қауіпті
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Су тасу кезінде қандай әрекет жасау керек. Су тасу туралы және эвакуациялау туралы ақпараттың белгісі бойынша, дереу белгілі тәртіппен апатты су басуы мүмкін қауіпті






Су тасу туралы және эвакуациялау туралы ақпараттың белгісі бойынша, дереу белгілі тәртіппен апатты су басуы мүмкін қауіпті аймақтан белгіленген қауіпсіз аймақтарға немесе биік учаскелерге, жерлерге шығыңыздар, өздеріңізбен бірге құжаттарды, бағалы заттарды, қажетті заттарды және бүлінбейтін азық-түліктердің екі тәулікке жететін қорын ала шығыңыздар. Соңғы эвакуациялау пунктіне тіркеліңіздер. Үйден шығарда электр желісін және газды өшіріңіздер, жылу беретін пештердегі отты сөндіріңіздер, ғимараттан тыс жерлердегі барлық жүзетін заттарды бекітіңіздер, немесе

оларды үй сыртындағы үй-жайларға орналастырыңыздар. Уақыт болған жағдайда, үйдегі бағалы заттарды үйдің жоғарғы қабаттарына немесе 21 шатырдың астына ауыстырыңыздар. Терезелер мен есіктерді жабыңыздар, қажет болған жағдайда және уақыт болса бірінші қабаттың терезелері мен есіктерін тақтайлармен (щиттармен) сыртынан шегелеп тастаңыздар.

Ұйымдасқан эвакуация болмаған жағдайда, көмек келгенше дейін немесе су азайғанша дейін, ғимараттардың жоғарғы қабаттарында және шатырларында, ағаштардың үстінде немесе басқа биік заттардың үстінде болыңыздар. Бұл ретте үнемі апаттық белгі беріп отырыңыздар: күндіз – ағашқа бекітілген жақсы көрінетін орамалды іліп немесе сонымен бұлғап, ал түнгі уақытта – жарық белгісімен немесе анда санда дауыс беріп. Құтқарушылар келген кезде сабыр сақтап, дүрлікпей және әбігерленбей, қауіпсіздік шараларын сақтап, жүзу құралына ауысыңыздар. Бұл ретте құтқарушылардың талаптарын бұлжытпай орындаңыздар, жүзу құралының шамадан тыс ауырлауына жол бермеңіздер. Қозғалыс кезінде белгіленген орыннан кетпеңіздер, бортқа отырмаңыздар, экипаждың талаптарын қатаң сақтаңыздар. Су басып қалған аймақтан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету, су деңгейінің жоғарылауы жалғасқанда, жоғарғы (шатыр астын) қабаттарды су басу қаупі болу сияқты маңызды себептер болғанда ғана өз беттеріңізше шығу ұсынылады. Бұл ретте сенімді жүзу құралы болу және қозғалыс бағытын білу қажет. Өздеріңіз шықан кезде апаттық белгі беруді тоқтатпаңыздар. Суда жүзіп келе жатқан және батып жатқан адамдарға көмек көрсетіңіздер.

3. 3. Қазақстандағы инфекциялық аурулардың шығу ықтималдығы және әсер етуші факторлар.

Инфекциялы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардыңорганизмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды.

Олар: а) ішектің б) жоғарғы тыныс жолдарының; в) қанның; г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.
Ішек ауруларында (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді. Сыртқы қабықтардың аурулары жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі. Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі — баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.

Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.

Антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин және т. б.) — бактерия туғызған белгілі бір ауруларды емдеуге көмектесетін дәрілер. Вирустардан пайда болған салқын тию, тымау, қызылша, мысқыл және т. б. сияқты ауруларға антибиотиктер әсер етпейді. Вирустық инфекцияларды антибиотиктермен емдеуге болмайды. Олар көмектеспейді, тіпті зиянды да болуы мүмкін.

Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін.
Ауру туғызатын микробтар, өдетте, сыртқы ортада тез өледі. Олардың өмір сүріп, көбейетін жері — адам немесе мал ағзасы, сондыктан адам жұқпалы көзі болып табылады. Зооноздардың көпшілігі табиғи-ошактық аурулар туғызады, яғни белгілі бір климаттык географиялык жағдайларда кездеседі, бұл жерде қоздырғыштарды табиғи сақтаушылары жабайы аңдар мен қоздырғыштардың ерекше тасымалдаушылары — жөндіктер мен кенелер өмір сүреді.
Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары паразиттік емір кешеді, белгілі бір уақытка дейін қажетті нөрсемен камтамасыз етіледі, осы уақыт біткеннен кейін қожайынды ауыстыру қажеттілігі туады. Бұл берілудің тиісті механизмі көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жүйелі пайда болып отыратын жөне өзара байланысты жұқпалы (инфекциялы) жағдайдың үздіксіз тізбегі, ол клиникалық айқын немесе жасырын формада көрініп отырады, бұл эпидемиялық процесс деп аталады. Ішек инфекциясына қоздырғыштардың ішекте орнығуы мен соған сөйкес олардың сыртқы ортаға, негізінен, нәжіспен бөлінуі тән. Бұл аурулардың қоздырғыштары сау адамдарға ауыз аркылы азық-түлікпен, ауыз сумен немесе лас қолдармен ағзаға түсуі нәтижесінде жұғады. Оларға — дифтерия, іш сүзек, тырысқақ, ішек уыты жұқпалары жатады.
Тыныс алу жолдарының жұқпасына тыныс алу жолдарының шырышты кабықшаларда өсіп-енетін және сыртқы ортаға жөтелу, түшкіру, қатты сөйлеу, шулы тыныс алу кезіндегі шырышты ұсақ бөліктерімен, кақырықпен бөлінетін қоздырғыштары бар аурулар жатады. Сау адамға, сондай-ақ шырыштың жұкпаға ұшыраған белігінің жоғары тыныс алу жолдарына түсуі нөтижесінде жұғады. Бұл ауруларға — тұмау, табиғи шешек, дифтерия жатады.
Қан жұқпа тобына қоздырғыштары кан ағысына қансорғыш буынаяқтылардың (бүрге, маса) шағуы кезінде түсетін, сөйтіп, негізінен, қанда орнығатын қоздырғыштары бар аурулар жатады. Бұл ауруларға — бөртпе сүзек, безгек, оба жатады.
Сырткы қабат (жамылғыш) жұкпалары—сау адамның шырышты қабыкшасы немесе керісінше ауру тудыратын қоздырғыштардың түсуі нөтижесінде жұғады. Қоздыр-ғыштардың берілу факторлары төсек жайма заттары, киім, ыдыс-аяқ, су, шырышпен, ірумен немесе кабыкпен ластану. Жара жұқпа жарақат нөтижесінде сыртқы жамылғыш қабат тұтастығының бұзылуы төн. Сыртқы жамылғыш қабат жұкпасына — түйнеме, туляремия, саңырауқұлақтық аурулар жатады.
Билет 4.1. Қауіптілік пен қауіпсіздік түсініктері.

Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік тірі организмдер, онын ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес.

 

Міне, сондықтан адамның кез-келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты іс-әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру органы кешенді қорғау шаралары деп түсінуіміз қажет. Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, кешенді қорғану шаралары қажет болады. Кешенді қорғану шаралары мынаны қамтиды құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалык, техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдік шаралар.

 

•Адам іс-әрекеттің қауіпсіздігі-адамның іс-тіршілігі мен қауіп-қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер - әрине, адамнын іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уакытта болғанымен, ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек. Қауіп нақты бар, адам қауіп-қатер аймағында, адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз.

Сонымен, қауіпсіздік-бұл іс-әрекет кезінде қауіптердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Ол үшін үш негізгі міндетті атқару керек:

 

•Бірінші міндет-нақты іс-әрекеттен болатын қауіп - қатерді талдау (идентификация).


Идентификация келесі ретте жүзеге асуы керек. Өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау, қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу. Содан кейін барып қауіптердің идентификациясы жүргізіледі.

Екінші міндет-адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп-қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлеу.

Үшінші міндет-осы іс-әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнату мүмкін емес.

 

•Бұл шаралар қауіп - қатер туындағанда, адамдарды және өмір сүру ортасын қорғау қажеттілігі болғанда қолданылады (зардап шеккендерге бірінші медициналык көмек көрсету, қоғамды қылмыс топтарынан қорғау, ғимараттарды, құрылыстарды бұзу, зардап шеккендерді көлік апатынан босату, ластанған аумақты тазалау тәрізді жұмыстар).
Үшінші міндетті елімізде денсаулык сақтау, Мемлекеттік санитарлық, эпидемиялық бақылау, өрттен қорғау, полиция, прокурорлық бақылау органдары және т.б. жүзеге асырады.
Қауіп-қатер-ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты құбылыс.
Ол белгілі бір жағдайда қоршаған ортаға үлкен залалын тигізуі және зардабын әкелуі мүмкін. Қауіп-қатер осы оқу курсының орталык өзекті түсінігі.

Қауіп-қатердің көздері деп төмендегілерді атауға болады:

•Қауіп-қатердің өзі өте күрделі, көпжақты құбылыс болғандықтан, олардың негізгі белгілері бір-бірімен ұштасып, араласып жатады. Сондықтан оларды дұрыс жіктеу, оның алдын алуға, себебін, сипаттамасын анықтап, шара қолдануға және салдарын жоюға үлкен маңызы бар.
Осы сияқты құбылыстарды жіктеумен және жүйелеумен айналысатын ғылымды таксономия деп атайды. Қазіргі уакытта толыққанды және жетілген таксономия жоқ болғанымен, төменгі 2-суретте келтірілгсн нысан көп қажетке жарары анық,
Қоршаған ортаға үлкен зардабын, тигізетін құбылыс, процесс, уақиға.
Шыққан тегі бойынша:
техногендік әсер ету;
антропогендік;

тұрмыстық;
спорттық;
жол-көліктік.

4.2. Техногендік апаттар мен катастрофа түсініктері.

Техногендік апаттар адамның өндірістік қызметіне байланысты және ол қоршаған ортаның ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін. Қоршаған ортаны ластауы өндіріс орындарының апаты әсерінен радиоактивті химиялық және биологиялық қауіпті заттардың ауаға тасталуына байланысты. Радиоактивті заттарды тастау қаупіне жататын апаттарына атом станцияларындағы ядролық қондырғылардағы, атом кемелеріндегі және тағы басқа апаттары жатады. Химиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға химиялық өндірістер мен обьектілердегі химиялық улану заттар қоймаларындағы апаттар және сол сияқтылар жатады. Биологиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға өндіріс орындары мен зерттеу орталықтарындағы бактериалдық құралдарды даярлау, жасап шығару,өндеу және тасымалдау кездегі апаттар жатады.

Қоршаған ортаға зиянды заттар тастамайтын төтенше жағдайларға жарылыс, өрт, ғимараттардың құлауы және т.б. апаттар жатады.

Техногендік апаттардың пайда болу әсері

Қазіргі кезде қоршаған ортаға және адамға тікелей зияны бар өндіріс орындары көптеп саналады. Бірақ ондағы технологияның деңгейі бақылау және жұмыс жүргізуі, сонымен қатар, орындау тәртібінде талапқа сай емес жағдайлар кездесуде. Оның үстіне бұл жағдайды экономикалық кризиспен экологиялық проблемалар қиындатып жіберді. Өндіріс орында болып жатқан апаттар мен катастрофаны талдап көргенде олардың орнын алатын жағдайлары технологиясы ескі, техникалары өзіндік ресурстарын тауысқан өндіріс орындарында көп кездесетіні анықталық отыр. Сонымен қатар қауыпты өндірістердің мекен жайларға жақын орналасуы да өзінің әсерін беруде.

Катастрофа

(Ежелгі грек Καταστροφή «төңкеріс, өлім».)Катастрофа - өмір жоғалуына немесе объектінің тарихында кез келген орны толмас зардаптарға табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайда туындайтын оқиға.

Катастрофаның жіктелуі

Ғарыш объектілеріндегі катастрофа (галактики, жұлдыз жарылыстар, планеталар)

Геосферадағф катастрофа (Global апат)

Жер қыртысындағы катастрофа (жанартаудың атқылауы, жер сілкінісі)

Гидросферағы катастрофа (цунами, су тасқыны, лимнологической апат)

Атмосферадағы катастрофа (озон жырығы)

Магнитосферадағы катастрофа

Биосферадағы катастрофа (ағзалардың белгілі бір түрлерінің кенеттен жоғалуы), catastrophism.

Әлеуметтік катастрофа(революция, соғыс, терроризм актісі)

техногенді катастрофа

көлік оқиғасы

(мысалы, атом электр стансасын, мұнай құбыры апат) өндірістік апаттар

Адамдардың өміріндегі катастрофа (жеке авария)

4.3.Өте қауіпті инфекциялардың алдын алу және алғашқы көмек.

Инфекциялық аурулар – (жұқпалы аурулар) ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше "миазма" — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Инфекциялық аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. "Іnfесіо" деген латын сөзі "ластану" дегенді білдіреді. Инфекциялық аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет).
Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін.
Ауру туғызатын микробтар, өдетте, сыртқы ортада тез өледі. Олардың өмір сүріп, көбейетін жері — адам немесе мал ағзасы, сондыктан адам жұқпалы көзі болып табылады. Зооноздардың көпшілігі табиғи-ошактық аурулар туғызады, яғни белгілі бір климаттык географиялык жағдайларда кездеседі, бұл жерде қоздырғыштарды табиғи сақтаушылары жабайы аңдар мен қоздырғыштардың ерекше тасымалдаушылары — жөндіктер мен кенелер өмір сүреді.
Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары паразиттік емір кешеді, белгілі бір уақытка дейін қажетті нөрсемен камтамасыз етіледі, осы уақыт біткеннен кейін қожайынды ауыстыру қажеттілігі туады. Бұл берілудің тиісті механизмі көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жүйелі пайда болып отыратын жөне өзара байланысты жұқпалы (инфекциялы) жағдайдың үздіксіз тізбегі, ол клиникалық айқын немесе жасырын формада көрініп отырады, бұл эпидемиялық процесс деп аталады. Эпидемиялық ошақ дегеніміз—инфекция көзінің өзін қоршаған аумақ шегінде нақты жағдайда жұкпалы бастауды беруге қабілетті орны.
Эпидемиялык процестін пайда болуы үшін фактордың өзара қимылы кажет: жұқпа қоздырғышының көзі, жұкпаның берілу механизмі жөне қабылдағыш ағза. Жоғарыда айтқандай, ауру адам немесе жұқпалы (залалданған) жануар жүқпа көзі болса, тағы бір жұкпа кезі — тасушы (бацилло — "таратушы"). Кейбір аурулар кезінде (тырысқак, іш сүзегі) ауру адамның айығуы ағзаның қоздырғыштан босауымен кабаттаса жүреді, яғни клиникалық тұрғыдан сау адам коздырғыштар бөлуі мүмкін, бұл "тасушы" деп аталады.
Қоздырғыштың залалданған ағзадан сау ағзаға өтуі эволюциялық қалыптасқан әдіспен өтеді. Бұл — жұқпа қоздыргыштарыньщ берілу механизмі деп аталады. Ағзада коздырғыштың орналасуы мен жұкпаның берілу механизміне байланысты бар жүқпалы аурулар 4 топқа бөлінеді: ішек жұкпасы, тыныс алу жолдарының жұкпасы, қан жұкпасы жөне сыртқы кабат жұқпасы.
Ішек инфекциясына қоздырғыштардың ішекте орнығуы мен соған сөйкес олардың сыртқы ортаға, негізінен, нәжіспен бөлінуі тән. Бұл аурулардың қоздырғыштары сау адамдарға ауыз аркылы азық-түлікпен, ауыз сумен немесе лас қолдармен ағзаға түсуі нәтижесінде жұғады. Оларға — дифтерия, іш сүзек, тырысқақ, ішек уыты жұқпалары жатады.
Тыныс алу жолдарының жұқпасына тыныс алу жолдарының шырышты кабықшаларда өсіп-енетін және сыртқы ортаға жөтелу, түшкіру, қатты сөйлеу, шулы тыныс алу кезіндегі шырышты ұсақ бөліктерімен, кақырықпен бөлінетін қоздырғыштары бар аурулар жатады. Сау адамға, сондай-ақ шырыштың жұкпаға ұшыраған белігінің жоғары тыныс алу жолдарына түсуі нөтижесінде жұғады. Бұл ауруларға — тұмау, табиғи шешек, дифтерия жатады.
Қан жұқпа тобына қоздырғыштары кан ағысына қансорғыш буынаяқтылардың (бүрге, маса) шағуы кезінде түсетін, сөйтіп, негізінен, қанда орнығатын қоздырғыштары бар аурулар жатады. Бұл ауруларға — бөртпе сүзек, безгек, оба жатады.
Сырткы қабат (жамылғыш) жұкпалары—сау адамның шырышты қабыкшасы немесе керісінше ауру тудыратын қоздырғыштардың түсуі нөтижесінде жұғады. Қоздыр-ғыштардың берілу факторлары төсек жайма заттары, киім, ыдыс-аяқ, су, шырышпен, ірумен немесе кабыкпен ластану. Жара жұқпа жарақат нөтижесінде сыртқы жамылғыш қабат тұтастығының бұзылуы төн. Сыртқы жамылғыш қабат жұкпасына — түйнеме, туляремия, саңырауқұлақтық аурулар жатады.
Өте ауыр өтетін, өлім жағдайы көп кездесетін жөне жүғудың жоғары деңгейімен, яғни адамдар арасында тез тарау кабілеттілігімен (жоғары контагиозды) сипатталатын ауру аса қауіпті жұқпа деп аталады. Бұған: оба, тырысқақ, шешек жатады.
Осы бетте тұмау, А, В, С, Е, Д, G вирусты гепатиттері, кене энцефалитеті жұқпалы аурулары туралы мәліметтер ұсынылған.
Тұмау (грипп) — өте жұқпалы ауру.
Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді.

Билет 5.1. ӨТҚН бойынша заңдылық актілер

Тіршілік қауіпсіздігі - адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық объек- тілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерін зерттейді.Тіршілік қауіпсіздігі — адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашы-лық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кещені.ҚР Азаматтық қорғанысына тікелей басшылық. ТЖ жөнінідегі ҚРагенттігіне жүктеген.ТЖ жөнінідегі ҚР Агенттігі ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін, салааралық уйлеструді, сондай-ақ табиғи және техногендік сипатгағы ТЖ-ны ескерту мен жою, ҚР Азаматгық қорғанысы, өрт қауіпсіздігі өнеркәсіп жұмысының қауіпсіз жүргізілуі және тау-кендік бақылау саласында орталық атқарушы орган болып табылады.Агенттіктің орталық аппараты департаменттер мен құрылымдық бөлімшелерден тұрады./ Департаменттер тізбесін ҚР Үкіметі бекітеді. Департамента директор басқарады. / Қазіргі уақытта Агенттік құрамына мына департаменттер кіреді:

* Төтенше жағдайларды ескерту департаменттері;

I Жедел іс -әрекет департамент!;

*Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер департаменті;

Мемлекеттік өрттен қорғау департаменті;

I ТЖ техникалық және тау-кендік бақылау жөніндегі депар­тамент

5.2. Химиялық қауіпті аймақта,ы апаттар

Химиялық өндіріс халық шаруашылығында кеңінен пайдаланады.Бірақ кейбір кездерде кішігірім апаттар орын алуда.Ол апаттар әсерінен химиялық зиянды заттар атмосфераға тасталынып қоршаған ортаны ластауда.Химиялық өндірістің қауіпсіздігі шикізаттың және өнімнің физика химиялық қасиетіне,қондырғылардың сенімділігіне, технологиялық процестің сипатына, химиялық зиянды заттардың сақталу және тасмалдау шарттарына, бақылау құралдардың деңгейі мен жағдайына, мамандардың профессионалдық біліктігі мен дайындығына және апатқа қарсы құралдардың тиімділігіне байланысты.Химиялық қауіпті заттардың тасталуы химиялық ластануға әкеліп соғады. Химиялық қауіпті заттар адам организміне тыныс алу жүйесі және тері арқылы енеді. Химиялық қауіпті заттар адам организміне жара беттеріне де кіреді. Химиялық қауіпті заттар адам организміне әсер жағынан 4 қауіпті классқа бөлінеді:

Өте қауіпті.

Жоғары қауіпті.

Орта қауіпті.

Қауіптілігі аз.

Химиялық қауіпті обьектілердегі апатты топтау

Химиялық саладағы апаттар 2 категорияға бөлінеді:

жарылыс салдарынан болған апаттан технологиялық тізбектің және инженерлік қондырғының бұзылуы;

апат салдарынан қосымша технологиялық және негізгі қондырғылардың зақымдануы.

Химиялық апаттардың топталуы.

Жеке.

Обьектілі.

Жергілікті.

Регионалды.

Глобальды.

Жеке - зақымдағы улы заттарды атмосфералық ауаға тастамаған апат.

Обьектілі-зияндығы жоғары улы заттардың санитарлық қорғау зонасының радиусынан аспайтын апат.

Жергілікті-зияндылығы жоғары улы заттардың қоймасының қирауынан туындаған апат.

Регианалды-зияндылығы жоғары улы заттардың үлкен көлемді тасталуына алып келген апат.

Глобальді-үлкен химиялық қауіпті өндірістік барлық зияндылығы жоғары улы заттардың барлық қоймаларының толық қирауының салдарынан болатын апат

5.3. Инфекциялық аурулардың түрлері олардың шығу себептері және таралу белгілері

Инфекциялы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардыңорганизмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды.

Олар: а) ішектің; б) жоғарғы тыныс жолдарының; в) қанның; г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.
Ішек ауруларында (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді. Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі. Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі — баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.

Инфекциялы аурулардың түрлері

Инфекциялы аурулар инфекциялық аурулар (лат. іnfectіo–жұқтыру) – 1)тірі организмдерге ауру тудырушы микроорганизмдердің (бактерия, риккетсия, вирус, саңырауқұлақ) енуінен пайда болатын кесел; 2) осы аурулардың белгісі мен даму барысын зерттеп, оның дәл диагнозын қойып, емдейтін клиникалық медицинаның арнайы бір саласы. Жұқпалы аурулар туралы деректер ертеден белгілі болған. Ежелгі грек ғалымы Гиппократ, ортағасырлық ғалым Әбу Әли ибн Сина өз еңбектерінде кейбір аурулардың науқас адамнан, жануарлардан жұғып, тез таралатыны, оған көзге көрінбейтін “миазмалар” себепкер болатыны туралы айтқан. 15 ғасырда жазылған Ө. Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегінің қолжазбасында дерттің пайда болуын адам денесіне құрттардың (көзге көрінетін және көрінбейтін) енуімен түсіндірген. 19 ғасырда бактериология, микробиология және иммунология ғылымдарының дамуы Жұқпалы ауруларды толық зерттеуге мүмкіндік берді. Әсіресе, француз ғалымы Л.Пастер, неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910), орыс ғалымдары И.И. Мечников (1845 – 1916), Н.Ф. Гамалея (1859 – 1949), т.б. еңбектерінің маңызы зор болды. Жұқпалы аурулар пайда болуының үш факторы бар: ауру қоздырғышы (микроб), сыртқы орта және қабылдаушы сезімтал организм. Ауру қоздырғышына әр түрлі патогенді микроорганизмдер (мыс., бактерия, вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, риккетсия, микоплазма, хламидия, т.б.) жатады. Бұлар адам организміне әр түрлі жағдайда енеді. Мысалы, іш сүзегі, паратиф, дизентерия, т.б. – су, тағам, шыбындар арқылы; тұмау, қызылша, дифтерия, т.б. – ауру адамнан; әр түрлі тері дерттері – ауру адам мен жануарлардан; бөртпе сүзек, кене энцефалиті, безгек – сау адамға ауру адамнан (жануарлардан) қан сорғыш буынаяқтылар (мысалы, бит, безгек масасы, кене, т.б.) арқылы; сондай-ақ құрсақтағы анасының қанымен жұғады. Инфекциялы аурулар жасырын (инкубациялық), күмәнді (продромалдық), ауру дамуы және айығу (реконвалесцениттік) кезеңдерінен тұрады. Әрбір кезеңнің өту мерзімі аурудың түріне, организмнің жағдайына байланысты болады. Жалпы Инфекциялы ауруларға шалдыққан адамдарға ортақ белгі: селсоқтанып мазасы кетеді, дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, ұйқысы қашады. Бауыр мен талақтың ісінуі мүмкін. Осындай ерекше белгілеріне қарай іш сүзегін тырысқақтан, безгекті бөрте сүзектен, т.с.с. ажыратуға болады. 20 ғасырда диагноз қою, емдеу және одан сақтану әдістерінің жетілдіруіне байланысты. Инфекциялы аурулардың кейбір түрлері жойылды. Бірақ микроорганизмдердің эвол. даму өзгергіштігінің, әлеуметтік, экология, ғұрып-дәстүрлік, т.б. себептердің нәтижесінде Инфекциялы аурулардың жаңа түрлері пайда болды. Мысалы, жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы, гепатиттің ерекше түрлері, т.б. Инфекциялы аурулардың белгісі білінісімен-ақ санитарлық-эпидемиология стансаларға хабарлануы тиіс. Науқас адам ауруханаға алынып, аурудың түріне қарай емделеді. Инфекциялы аурулар клиникалық медицинаның арнайы бір зерттейтін саласы болғандықтан – бактериология, вирусология, иммунология, эпидемиология, паразитологиямен тығыз байланысты.

Билет 6.1. Жойқын құбылыстар – Төтенше жағдайлардың пайда болу себептері

Тибиғи сипаттағы төтенше жағдай адам тіршілігі басталғаннан бері қауіпін төндіруде. Табиғи катастрофалардың әсерінен жер шары бойынша әр 100000 адам өлуде. Табиғи катастрофалардың қысқа мерзімде үлкен аумақтағы елді мекенді құртып жіберуге дейін мүмкіншілігі бар. Ол өзінің күтпеген жерден болатындығымен қауіпті. Табиғи катастрофаның тағы да бір қауіптілігі – оның болғаннан кейінгі салдары. Табиғи катастрофа болғаннан кейін ол жерде эпидемиялық аурулар, аштық т.б. жағдайлар орын алуы мүмкін.

Табиғи төтенше жағдайдың орын алуына антропогендік әсердің де ықпалын айта кеткен жөн.

Барлық табиғи катастрофалардың бір бірімен байланысы бар. Атап айтқанда, жердің сілкінуі мен цунамидің, тропикалық циклондар мен су тасқындарының. Жердің сілкінуінен өрттер, газдардың атылуы платинаның жарылуы орын алып, ол оқиғалар да өздерінің күшті әсерлерін тигізіп жатады. Вулканның атқылау жайлауды ластап, жан-жануарлардың өлуіне, аштыққа соқтырып жатса, екінші жағынан атмосфералық ауаныда ластайды. Ал көшкіндер (паводок) жер асты суларын ластап, құдықтарды уландырып, инфекциялық ауруларды ұшқындырады. Осыған орай табиғи стихиялық құбылыстардың бір-бірімен байланысын қарастырып көрейік.

Табиғи катастрофадан қорғану әрекеттерін жоспарлай отырып, оның зардабын азайтуға болады.

Табиғи төтенше жағдайдан қорғаудың негізі болып апаттың себебі мен механизмін ғылыми түрде зерттеп, білуге болады. Табиғи апаттың орын алу процессін біле отырып оның қандай мөлшерде, қандай болатын екенін болжауғада болады. Ал уақытылы және дәл болжап, апаттан қорғаудың тиімді жолдарын қарастыруға, шығынды барынша азайтуға мүмкіншілік жасайды.

Табиғи қауіп қатерден қорғау активті және пассивті болып бөлінеді. Активті қорғауға инженерлік техникалық құрылымдар салу, құбылыс механизмін инвентаризациялау, табиғи объектілердегі құрылымдар мен құрылыстарды реконструкция жасау. Пассивті қорғауға панаханаларды пайдалану. Көп жағдайда табиғи апаттан қорғану кезінде активті және пассивті әдістерді бірге пайдаланады.

6.2 Аумақтың зақымдану себептері және қатты әсер ететін улы заттардың құрамы

ҚӘУЗ – бұл өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын, объектілердегі қираушылық (авариялар) жағдайында атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен іргелес елді ме-кендегі халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялық қосы-лыстар.

ҚӘУЗ-дің адамдарға әсері өнеркәсіп өндірісі, сақтау мен тасымал-дау, сондай-ақ соғыс уақытында жаудың химия (мұнайхимиясы) мұ-най өндеу, тоқыма, қағаз және өнеркәсіптің өзге салаларын, объекті-лерін, қоймалар, қуатты тоңазытқыштарды және су тазалау ғимарат-тарын, сондай-ақ осы салалар мен объектілерде қызмет көрсететін көлік құралдарын қасақана қирату барысында туындайтын авария- лық жағдайда ғана ықтимал.

Бұл заттар өздерінің қасиеттері бойынша әр түрлі болып келеді. Барлық ҚӘУЗ-ді мынадай топтарға бөлуге болады:

а) тұншықтырғыштық әсері басым заттар;

б) жалпы улылық әсері басым заттар;

в) тұншықтырғыштық және







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 288. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия