Студопедия — БИЛЕТ № 11
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

БИЛЕТ № 11






1Жарылыс. Екпінді толқыннан қорғану құралдары мен әдістері.

2Төтенше жағдай кезіндегі өндірістік нысандарда пайда болған жағдайларды барлау мен бағалау.

3Химиялық барлау құралдары және олардың жұмыс істеу принциптері

1. Жарылыс - шектеулі көлемде энергияның тым көп мөлшерінің жылдам босатылу процесі. Жарылыс нәтижесінде өте жоғары қысымды қатты ысыған газ түзіледі. Жарылыс кезінде қоршаған ортада жарылыс толқыны пайда болады, қираған жарықшақтар немесе жарылыстың шашыранды өнімдері түрлі объектілерге механикалық әсер етеді. Жарылыс химиялық (көбіне жарылғыш заттар), ішкі ядролык (ядролық жарылыс), электрмагнитті (ұшкын заряды, лазерлі ұшқын), механикалық (жер бетіне метеориттердің түсуі) және басқа энергиялар есебінен жүзеге асырылады. Әскери мақсатта химиялық және ядролық энергиялар жай және ядролық ок-дәрілерде көп қолданылады

Жарылыс кезіндегі жарықтық сәулелену әр түрлі материалдарды балқытады, тұтандырады, түрін өзгертіп, көмірлендіреді. Жанды тіндер әр түрлі дәрежедегі күйіктерге ұшырайды; 1,4 км қашықтықта жасырынған адамдар жарықтық сәулеленуге ұшырайды, 3,5 км-де ауыр дәрежедегі, 3,8 км-де орташа дәрежедегі, 5 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды, 7 км радиуста өрттер шығады.

2 Төтенше жағдайды алдын алудың мақсаты адам денсаулығы мен өмірін қорғау, материалдық шығындар мен қоршаған орта шығындарының мөлшерлерін азайту, сондай-ақ ТЖ шекараларын алдын алу жолдары. Катастрофа мен ірі өндірістік аварияларды, табиғи апаттарды алдын алу дегеніміз: қауіптілік туралы шаруашылық нысандар мен жергілікті халықты ескерту, барлау жүргізу, қиралған орындардың көлемдері мен дәрежесін белгілеу, зақымдалған аймақтардың көлемдерін анықтау, өрт таралуларының, су тасқындары мен су алудың мүмкін шекаралардың болуы мен таралулары, табиғи апат қауіпі бар жергілікті пункт пен нысандарды анықтау; АҚ пен ТЖ құралдары мен жұмылдыру күштерін анықтау, алғашқы көмек көрсету ұйымын құру.

2. Зақымдалған аймақтағы құтқару және тағы басқа шұғыл іске асатын жұмыстардың мақсаты адам өмірін құтқару мен алғашқы көмек көрсету, сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. Олар үш топқа бөлінеді: құтқару, арнайы (неотложные), қосымша.

Құтқару жұмыстары:

- жұмыс аймағы мен қозғалысты барлау;

- жұмыс аймағы мен қозғалыстағы өрт сөндіру мен алдын алу жұмыстары;

- қопарылған үйінділер астынан шұғыл түрде зақымдалған немесе жарақаттанғандарды босату;

- қираған ғимараттарды ашу және астында қалған адамдарды құтқару;

- қираған ғимараттар астына ауа жіберу;

- жарақаттанғандарға алғашқы көмек көрсету және оларды емханаларға жеткізу;

- қауіпті аймақтан халықты көшіру;

Арнайы жұмыстар:

- зақымдалған аймақтың өтпелі жерлеріне белгілер қою;

- газ, энергия, су құбырлары, канализация жүйелеріндегі аварияларды алдын алу;

- коммунал-энергетикалық байланыс жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары;

Қосымша жұмыстар:

- ауданды тазарту;

- техникаларды орнату;

- ескертпе белгілері және бөгеттер орнату;

- жұмыс орындарын жарықтандыру.

3. Барлау жұмыстары:

- ауада;

- жер үсті;

- темір жол;

- суда (өзендер).

АҚ барлау қойылған тапсырмаларды орындалуына байланысты жалпы және арнайы болып бөлінеді. Барлау жұмысының негізгі құжаты болып барлаудың жоспары болып табылады.

4. ТЖ алдын алу бойынша құрамды жасақтау, қалыптастыру оның көлеміне байланысты болады, олардың бейбіт және соғыс уақытында шекараларға байланысты келесі принциптер бойынша анықталады:

- жер сілкінісі болған аймақтарға АҚ құру 1 құтқарушыға 10 адам жергілікті аймақ бойынша;

- өрт, су тасқынымен және басқа қауіптілік түрлерімен зақымданған өндірістік аймақтарда АҚ құру 1 құтқарушыға 15-20 адамнан келеді.

Бейбіт уақытта ТЖ алдын алу АҚ құрудың жүзеге асуы арнайы қалыптасқан топтан құрылады. 1 топта қанша адам болуы керек:

- облыс –150 адам кем емес;

- қала –100 адам кем емес;

- аудан –50 адам кем емес.

3. Химиялық барлау — әскердің орналасқан жерін және жүретін маршруттарын химиялық жолмен барлау арқылы карсыластың уландырғыш заттар қолдану мүмкіндігін анықтау. Химиялық барлаудың міндеті жергілікті жерлерде, ауада әскери техникадағы уландырғыш заттарды тез арада табу, уланған аймақтың шекарасын анықтап бөлімге (бөлімшеге) хабарлау, уландырғыш заттардың түрін анықтап, айналып өту жолдары мен уланған аудандардағы неғұрлым қауіпсіз аймақтарды анықтау. Химиялық барлау барлық бөлімдер мен ротаға дейінгі белімшелерде химиялық әскерлер, сондай-ақ арнайы дайындықтан өткен әр түрлі әскер түрлеріндегі бөлімшелердің, есептердің, экипаждардың көмегімен үнемі үздіксіз жүргізіліп тұрады. Химиялық барлау міндетін орындау үшін химиялық бақылау орындары (постылар), химиялық барлау шолғындары және әскердің козғалуын күзету немесе барлау үшін бөлінген бөлімшелердің құрамындағы арнайы химиялық барлау топтары құралады







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 150. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия