Студопедия — Билет-12.1.Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Билет-12.1.Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар.






Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар -дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестерінің зақымдануы туғызатын төтенше жағдайлар.

Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.
Зілзала — бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы.
Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.

Жер сілкінісі — бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда, қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сейсмикалық станциялардың көрсетулері – дәл емес.

Сел – тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.
Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді, мұзды өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болады. Тасқындардың басқа түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекеленген толқындар мен 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады.
Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.
Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырайды.
Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық — ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында болып жатады. Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-60 градуспен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын –шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 метр секундке дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін.

Опырмалар – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының тмөен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы жекеленген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы.

Қар басу – табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады.

2. Зиянды заттардың жалпы сипаттамалары.

Зиянды заттар - 1) адам организмімен жанасуы нәтижесінде өндірістік жарақаттануға әкелетін, кәсіптік ауруларды немесе адам денсаулығында қандай да бір ауытқуларды туғыза алатын химиялық қосылыстар; әдетте, мұндай заттардың тізімін құзырлы мемлекеттік арнаулы мекеме бекітеді; 2) организмнің өсуіне, дамуына немесе денсаулығына нұқсан келтіретін химиялық заттар. Бұлардың зиянды әсері бірден білінбейді, кейде мұндай ауытқулар ата-анасында байқалмағанымен, келесі ұрпақтарда білінеді. Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы.Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде – 5500, дәрі –дәрмек – 4000, тұрмыс химиясында – 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.

Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:

өнеркәсіп улы — өндірісте қолданылатын заттар;

улы химикаттар – ауыл шаруашылығында қолданылатын заттар;

дәрі-дәрмектер;

тұрмыс химикаты;

өсімдіктер және жануарларда, саңырауқұлақтарда, құрт-құмырсқаларда болатын заттар;

әскери улаушы заттектер.

Адам организміне әсер ету сипаты бойынша улы заттар төмендегідей болып бөлінеді:

жалпылама улылар – организмді жалпы улайтын, жеке органдарды ауру етіп, істен шығаратын улы заттар;

қоздырғыштар – тыныс жолдарының шырышты (слизистый) қабатын, көзді, өкпені, теріні ауру ететін заттар;

аллергия тудыратын заттар;

мутагендер – генетикалық кодты бұзатын заттар;

канцерогендер – қауіпті ісіктер тудыратын заттар;

бала жасау қызметін жоятындар – қорғасын, сынап, стирол, радиоактивті басқа да заттар.зиянды заттардың әсер етуі және организмге енудің жолдары.Зиянды заттар адам органтзміне тыныс алу жолдары, тері және ас қорыту жолдары арқылы енеді. Көп жағдайда(80-90 пайыз)кәсіпке байланысты ауруларжәне уланулар организмге улы газдардың, булардың, тұмандардың енуіне байланысты болады. Бұл жолмен ауруға шалдығу өте ауыр болуы мүмкін, себебі улы зат бірден қанмен араласып бүкіл денеге тарап кетеді.Улы заттар ішкен тағаммен, сумен, темекімен, қолдың кірімен асқорту жолдары арқылы организмге енеді. Улы заттар ауыз қуысында – ақ сіңіп, қанға өтіп кетуі мүмкін. Ондай заттарға фенол, циянит сияқты улар жатады. Асқазанның қышқылды ортасы улы қосындымен бірігіп, заттың улылығын одан ары арттырып түсуі мүмкін.Улы заттар адам организіміне тері арқылы енеді. Улы булар, сұйық заттар теріге еніп, сол арқылы қанға кетеді. Бұндай заттарға суда, майда жеңіл еритін көмірсутегі, ароматты аминдер, бензол, анелиндер және т.б. жатады. Егер теріде жара немесе сызат болса, организмге енуі жеңілдейді. Улы заттардың әсерінің салдары. Улы, зиянды заттармен жақындасқанда адам организмі тіннің жергілікті зақымдануына және жалпы улануға әкеледі. Жалпы уланудың қанға енуінің нәтижесінде дами бастайды.Удың жергілікті әсері онымен жақындасқан жерінде зақымдану болуы мүмкін: терінің қызарып, қабынуы, күюі.

3.Дезинфекцияға сипаттама беріңіз. Залалсыздандыру, дезинфекция – адам мен жануарларда, өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Залалсыздандыру – жұқпалы аурулардың кең таралып кетуін болдырмау шараларының бірі. Қазақ халқы залалсыздандыру тәсілдерін ерте заманнан бері қолданып келген. Мысалы, ауырған адамның ыдыс-аяғын бөлек ұстап қайнату, науқастан түскен шашты, тырнақты көміп тастау немесе өртеп жіберу; мал шарушылығында – қораларды, көң-қоқысты тазалап отыру, дәнді дақылдарды күнге кептіріп алу, т.б. Қолдану мақсатына қарай залалсыздандыру екі түрге ажыратылады: сақтық (профилактикалық) залалсыздандыру және ошақтық залалсыздандыру (күнделікті немесе ағымдық және қорытынды). Сақтық залалсыздандыру – алдын-ала тағамдық өнімдерді дайындайтын және сақтайтын жерлерді, малдан алынатын шикізат немесе тағамдық заттар сақтайтын мекемелерді, мал қораларын, астық қоймаларын, емхана және ауруханаларды, әжетханалар мен қоқыс жинайтын орындарды арнайы тәсілдер қолданып өңдеу. Ошақтық залалсыздандыру – ауырған адам мен малдың қасында болып, олар сауығып кеткенге дейін күнделікті бақылау жүргізіп отыру,ауруды емдеуге алып кете салысымен және аурудан жазылып кеткеннен кейін немесе ауру (адам не мал) өліп қалғаннан кейін бірден (көп кешікпей) ауру орнын толық өңдеуден өткізу. Механикалық; залалсыздандыруда үй ішін шаңсорғышпен тазалап, сабындап жуып, желдетеді, мал қораны су шашып сыпырады, малдың тұрағының құрал-жабдығын тазартады. Физикалық; залалсыздандыруда ультракүлгін, радиациялық, лазерлік сәулелермен, ультрадыбыспен өңдейді, қайнату, өртеу, бумен немесе ыстық ауамен өңдеу, т.б. пайдаланылады. Химиялық; залалсыздандыруда қышқылдар мен сілтілер, формалин, хлор, хлорлы әк, натрий хлориды, хлорамин, фенол препараттары, тотықтырғыштар, т.б. қолданылады.

 

 

Билет-13.1.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар -өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), қатты әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар. Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар. Олар аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның исі болмайды.Суықта қатпайды. Суда баяу ериді, ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді.Ашық жатқан су көздерін, өте ұзақ уақыт бойы – 6 айға дейін зақымдаушы күшін жоймайды. Адамның терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу арқылы уландырады. Жазды күндері бір жерде -12 тәулік бойы, ал қысты күні 2-3 айға дейін сақталып улайды. Зарин – бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне тез сіңеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке дейін сақталады.Бұл да теріге өтіп және тыныс алу орындарын улайды. Организмге сіңгеннен кейін орталық нерв жүйесіне зардабын тигізеді. Иприт – теріні күйдіріп,іріңдетіп улағыш заттарға жатады. Ол сарымсақтың исі бар сарғыш немес қара қошқыл түсті сұйық. Органикалық ерігіштерде жақсы ериді. Ол адам терісіне сіңу арқылы улайды. Бұл жағдайда адам терісі 2-3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы жазылмайтын жара пайда болады.Адам тыныс жүйесі арқылы уланғанда бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, тұншығып өледі. Синильдік қышқыл. Бұл тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез арада бұға айналып ұшып кетеді. Қату температурасы – 140С, адам синиль қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады. Фозген – бұл тұншықтырғыш улы заттарға жатады. Ол түссіз газ түрінде болады және ауадан 3,5 есе ауыр. Шіріген көптің исі бар. Адамды буланған күйінде тыныс алу органдары арқылы уландырады. Тегіс жерде 30-50 мин, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа дейін өзінің уландыру күшін сақтайды.

2. Улы заттардың ағзаға әсер етуіне қарай жіктелуіне сипаттама беріңіз КАУЗ – бұл онеркасіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын, объектілердегі қираушылык (авариялар) жағдайында атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші кызметкерлер мен иргелес елди ме-кендеги халыкты жаппай закымдауга кабилетти улы химиялык косы-лыстар.

КАУЗ-дин адамдарга асери онеркасип ондириси, сактау мен тасымал-дау, сондай-ак согыс уакытында жаудын химия (мунайхимиясы) му-най ондеу, токыма, кагаз жане онеркасиптин озге салаларын, объекти-лерин, коймалар, куатты тоназыткыштарды жане су тазалау гимарат-тарын, сондай-ак осы салалар мен объектилерде кызмет корсететин колик куралдарын касакана кирату барысында туындайтын авария- лык жагдайда гана ыктимал.

Бул заттар оздеринин касиеттери бойынша ар турли болып келеди. Барлык КАУЗ-ди мынадай топтарга болуге болады:

а) туншыктыргыштык асери басым заттар;

б) жалпы улылык асери басым заттар;

в) туншыктыргыштык жане жалпы улылык асери бар заттар;

г) осип-онуге, жуйке турткисин откизуге жане беруге асер ететин заттар (нейтропты улар);

д) туншыктыргыштык жане нейтроптык асери бар заттар;

е) метаболдык улар;

ж) заттардын алмасуын бузатын заттар.

Туншыктыргыштык асери басым заттарга улы косылыстар (хлор, фосген, хлорпикрин жане баскалар) жатады, олар ушин организмге асер ететин басты объекти тыныс алу жолдары болып табылады. Закым-данудын букил процеси шартты турде 4 кезенге болинеди: затпен байла-ныс кезени, жасырын кезен, окпенин уланудан кабыну кезени жане аскыну кезени. Ар кезеннин созымдылыгы КАУЗ-дин улылык ерекше-лигимен жане экспозициялык дозанын колемимен аныкталады. Кобирек жинакталган биркатар заттардын буынын асери кезинде теринин ашык жерлеринин, килегейли жогары тыныс алу жолдары мен окпенин химия- лык куйигинен туындаган тосын жагдайдан адам каза болуы мумкин.

Жалпы улылык асери басым заттарга энергетикалык алмасудын курт бузылуын тудыруга кабилетти, ауыр жагдайларда закымданушы-нын каза болу себеби болып табылатын косылыстар (комиртеги тотыгы, цианды сутеги жане баскалар) жатады.

Туншыктыргыштык жане жалпы улылык асери бар заттарга ингаляциялык асер кезинде окпени удан кабындыруга, ал сину кезинде энергетикалык алмасуды бузуга кабилетти КАУЗ-дин едауир болиги жа-тады (амил, акрилонитрил, азот кышкылы мен азот тотыгы, кукирттин кос тотыгы, фторлы сутеги жане баскалар) жатады. Осы топтын коп-теген косылыстарынын кушти куйдиргиштик асери бар, бул оз кезегинде алгашкы комекти корсетуди киындатады.

Нейтропты уларга жуйкени реттеу механизми, сондай-ак жуйке жуйесинин уйыстыру куйин бузатын заттар (тетраэтилкоргасын, ку-киртти комиртеги, фосфорорганикалык косылыстар жане баскалар) жатады, осындай арекеттин негизинде олардын синтез, сактау, шыгару, нейромедиаторлар синаптикалык куысындагы белсендиликти томенде-ту процестерине араласу нейромедиаторлар рецепторларымен ыкпал-дасу, козган мембраналардын иондык арналарынын откизушилигин озгерту кабилети жатыр.

Туншыктыргыштык жане нейтроптык асери бар заттарга ингаляциялык закымдану кезинде окпенин удан кабынуын тудыратын косы-лыстар (аммиак, гептил, гидразин жане баскалар) жатады, сонын сал-дарынан жуйке жуйеси катты закымданады.

Метаболдык уларга организмдеги заттардын метаболзимнин назик процестерине араласатын улы косылыстар (этилен тотыгы, дихлорэтан жане баскалар) жатады. Булармен улану уга катты карсылыктын жоктыгымен сипатталады, организм адеттегидей биртиндеп дамиды жане ауыр жагдайда бирнеше куннин бойында олиммен аякталады.

Осы заттармен закымданудын патологиялык процесине коптеген органдар мен организмдер жуйеси, биринши кезекте орталык жуйке жуйеси, улпершикти агзалар, ал кейде кан жуйеси тартылады.

Заттардын алмасуын бузатын заттарга галогенденген ароматты комирсутегилердин тобына жататын улы косылыстар (диоксин, поли- хлорланган бензофурандар жане баскалар) жатады. Осы заттар окпе, ас корыту жолымен тери улпалар аркылы асер ете отыра, оте узакка созылатын ауруды тудыруга кабилетти. Бул жагдайда осы процеске ис жузинде барлык органдар мен организм жуйелери тартылады. Осы заттардын асеринин озиндик ерекшеликтери заттын алмасуын бузу болып табылады, бул акыр аягында типти олимге ушыратуы мумкин.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 255. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия