Студопедия — Билет-22.1. Тіршілік қауіпсіздігі түсінігі. Негізгі терминдері мен түсініктері.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Билет-22.1. Тіршілік қауіпсіздігі түсінігі. Негізгі терминдері мен түсініктері.






Тіршілік қауіпсіздігі - адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық объек- тілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерін зерттейді.Тіршілік қауіпсіздігі — адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашы-лық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кещені.ҚР Азаматтық қорғанысына тікелей басшылық. ТЖ жөнінідегі ҚР агенттігіне жүктеген.ТЖ жөнінідегі ҚР Агенттігі ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін, салааралық уйлеструді, сондай-ақ табиғи және техногендік сипатгағы ТЖ-ны ескерту мен жою, ҚР Азаматгық қорғанысы, өрт қауіпсіздігі өнеркәсіп жұмысының қауіпсіз жүргізілуі және тау-кендік бақылау саласында орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттіктің орталық аппараты департаменттер мен құрылымдық бөлімшелерден тұрады./ Департаменттер тізбесін ҚР Үкіметі бекітеді. Департамента директор басқарады. / Қазіргі уақытта Агенттік құрамына мына департаменттер кіреді:

* Төтенше жағдайларды ескерту департаменттері;

I Жедел іс -әрекет департамент!;

*Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер департаменті;

Мемлекеттік өрттен қорғау департаменті;

I ТЖ техникалық және тау-кендік бақылау жөніндегі депар­тамент. 2.Зілзала дегеніміз не? Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.
Зілзала — бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы.Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігібар.Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% — тропикалық циклондары, 15% — жер сілкінісінің, ал қалған 25% —зілзаланың басқа түрлері.Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздауына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады. Зілзала-төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс;Апат-аймақтық және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс / 3. Қар көшкіндері дегеніміз не, ҚР қар көшкіндерінің қауіптілігі? Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырайды.Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық — ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында болып жатады. Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-60 градуспен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын –шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 метр секундке дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін.Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты, қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, ал биік тауда – қазан-мамыр.Тауда болған кез-келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді, сақтандыру шараларын білуге міндетті.Жай адамдар көшкіндерге қыстың суық мезгілінде тауда болса тап болуы мүмкін. Ал альпенистер мен тауға шығуды әдет қылған туристер бұған жыл бойы әзір болуға тиіс. Тау әуезқойларымен болатын барлық бақытсыз оқиғалардың 25% -на жуығы көшкіннің еншісінде. Ол әдетте бағыт пен қозғалыс уақытын дұрыс таңдай алмаудан, көшкін қауіпі бар беткейлерден ебдейсіз өтуден, көшкіннің пайда болу табиғаты туралы білмеуден, тәртіп бұзудан болады.
Тауда болған кезде қоршаған ортаға мұқият қарап, кездескен жабайы хайуанаттардың мінезін зерделеген жөн (тау ешкілері қар көшкінінің ықтимал лықсуын алдын ала сезіп қауіпті аймақтан кетеді), сондай-ақ беткейдегі қардың төзімділігін қолда бар қауіпсіз әдістермен тексеру қажет.

 

 

Билет-23.1.Адам тіршілігіне әсер етуші факторлар.Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор. Баска ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға кабілетті. Жер бетінде өмір сүрген ежелгі адамдар басқа ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті. дамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді. Адам денсаулығының басты үш көрсеткіші бар. Олар: біріншіден - адам ағзасының орта жағдайларына бейімделуінің жоғары дәрежеде болуы. Ол ағзадағы барлық мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің үйлесімді жұмыс аткаруы аркылы байқалады. Екіншіден - адамның психикалық көңіл күйінің калыпты дамуы арқылы айқындалады, ойлау, есте сактау, зейін, дарындылық және т. б. қабілеттіліктерді қоғамның қажетіне жұмсай білу. Үшіншіден - жеке тұлғаның қоғамдағы өз орнын білуімен, жауапкершілігін сезінумен айқындалады. Бұл адамдардың бірімен-бірінің қарым-қатынасы аркылы білінеді. /

2.ҚР төтенше жағдайлар саласындағы нормативтік актілер мен құжаттар.ТЖ жөнінідегі ҚР Агенттігі ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін, салааралық уйлеструді, сондай-ақ табиғи және техногендік сипатгағы ТЖ-ны ескерту мен жою, ҚР Азаматгық қорғанысы, өрт қауіпсіздігі өнеркәсіп жұмысының қауіпсіз жүргізілуі және тау-кендік бақылау саласында орталық атқарушы орган болып табылады.Агенттіктің орталық аппараты департаменттер мен құрылымдық бөлімшелерден тұрады.Департаменттер тізбесін ҚР Үкіметі бекітеді. Департамента директор басқарады.

Қазіргі уақытта Агенттік құрамына мына департаменттер кіреді:

Төтенше жағдайларды ескерту департаменттері;

I Жедел іс -әрекет департамент!;

Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер департаменті;

Мемлекеттік өрттен қорғау департаменті;

I ТЖ техникалық және тау-кендік бақылау жөніндегі депар­тамент.

Агенттіктің аумақтық органдарының басшыларын, олардың орынбасарларын /аумақ бойынша бас мемлекеттік инспекторлар/ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдерімен келісе отыра Агенттік төрағасы тағайындайды.

Агентгікте төраға, оның орынбасарлары, департамент дирек- торлары, Агенттік пен оның ведомствовалық бағыныстағы кәсіп- орындар мен ұйымдардың басшылары құрамындағы алқа құрылады. Ғыдыіуги кеңес құрылады./ 3. Жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер. Жер сілікінісі кезінде ғимарат ішіндегі кез келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін дүмпуді алдын ала күте тұруға болатын, салыстырмалы қауіпсіз орынды білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек.Тұтас ішкі қабырғалардың ойықтары, қабырғалардың бұрыштары, есік жақтауының ортасы, мықты үстел, белағаш өтетін жер ең қауіпсіз орындар болып табылады.Спитактағы жер сілкінісі кезінде (07.12.88ж.) ванна ішіндегі 6 адам тірі қалған.Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың шыныланған ойықтары, соңғы қабаттардағы шеткі бөлмелер, лифтілер, саты алаңы мен балкондар жатады.Зілзала кезінде ғимараттан ешбір кедергісіз жылдам шығу үшін дәліздерді, өтетін жерлерді, баспалдақ торларын, ішкі және сыртқы есік ойықтарын аса қажетсіз дүние — мүлікпен ыбырсытпау керек.Егер сіз ғимараттың 1-2 қабатында болып, одан шыққыңыз келсе, онда алғашқы дүмпу кезінде дабырасыз жылдам қимылдаңыз. Бірінші қабаттан тез шығу үшін терезені немесе балконды пайдалануға болады.Ғимараттың жоғарғы қабатындағы адамдар бастарын қолға түскен затпен (түк табылмаса қолмен) жауып, дүмпуді салыстырмалы қауіпсіз орнында тоса тұрулары қажет. Ғимараттан арқаны қабырғаға тірей отырып шығу керек, ал қабырға жалаң болса оны айналып өткен жөн.Жеке үйдің иелері қажетті жағдайда оны сейсмолық тұрғыдан күшейтуі кажет. Ұйымның бүкіл қызметкерлері ғимараттың сейсмо төзімділік дәрежесін білуге тиіс.Бүкіл құрылымдық бөлімдерге негізгі шыға беріс жолын, қозғалыс бағытын, ғимарат пен аумақтағы қауіпсіз алаңдарды бекітіп берген жөн.Жұмыс істейтін барлық қызметкерлер жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер баяндалған жаднама-буклеттерді оқуға тиіс.Қазақстан аумағының сейсмо қауіпті аймағында жер сілкінісінің жиілігі әртүрлі. Қазіргі ғылым алапат сейсмикалық құбылыстың уақыты мен кіндігін әзірше дәл болжай алмайды. Сондықтан да жер сілкінісі кезіндегі әзірлік шараларына даярлануды, іс-әрекеттер тәртібін алдын ала білуге тиіс. Сейсможаттығу адамдардың жер сілкінісі кезіндегі дұрыс іс-әрекеттерге дағдылануына үлкен септігін тигізеді.Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің «Төтенше жағдайларды ескерту және іс-өрекеттер бойынша халық пен мамандарды оқыту жүйесін құру жөніндегі шаралар туралы» 1993 жылғы 30 қыркүйектегі №969 Қауылысында сейсмо қауіпті аймақта орналасқан барлық объектілерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда тоқсан сайын сейсможаттығу өткізу белгіленген.

 

 

Билет-24.1.Зақымдалған ғимараттардағы ережелерге сипаттама беріңіз. Заманауи зақымдау құралдары қолданылған ошақтарда құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізудің бірнеше қатар ерекшеліктері бар. Олар бір-бірінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жүргізілетін жұмыстар түрлеріне қарай ерекшеленеді. Жетекші оқытылатындарға ҚБҚЖ жүргізу кезіндегі басты рольді АҚ құралымдарының атқаратынын ескерген жөн. Олардың негізгі міндеттері адамдар мен материалдық құндылықтарды сақтау болып табылады. АҚ құрылымдары әрекеттерінің сипаты мен тәртібі бұл міндеттерді орындау кезінде ЗЗҚ түріне, қалыптасқан жағдайға, күштер мен құралдардың саны мен дайындық деңгейіне, жыл мезгілі мен тәулік уақытына, ауа-райы жағдайы мен басқа да факторларға байланысты болады. Көп жағдайда ҚБҚЖ жүргізу кезіндегі жетістіктер жетекші құрамның шеберлігіне байланысты болады. ҚБҚЖ жүргізу кезінде тиімді жетекшілік ету үшін бұл жұмыстардың сипаты мен көлемі, ШО аумақтарындағы күштер мен құралдарды дұрыс қолдануына қарай объектінің ерекшеліктері, жобасы мен құрылыстарының сипаттары, қорғаныс имараттары, сонымен қатар көлік магистральдары ескеріле отырып анықталады.

2. ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңына түсініктеме беріңіз.Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортағажәне шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бүзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай./Табиғи сипатгағы төтенше жағдайлар — дүлей зілзала (жер сілкі- нісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғы- затын төтенше жағдайлар;/Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсіп, көлік ава- риялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті эсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тара- татын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенетген қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр- энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыс- тарындағы авария туғызатын төтенше жағдайлар;/Авария - технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, в жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы зілзала-төтенше жағдайдың пайда болуъша әкеліп соққан жой- қын құбылыс; Дүлей зілзала — төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан зілзала; Лпат — аймақтық және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда бо­луына әкеліп соққан жойқын құбылыс;

Төтенше жағдайлардың алдын алу — алдын ала жүргізілетін және төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азай- туға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, задал мен матери- алдық шығын мөлшерін кемітуге бағытгалған шаралар кешені.

 

Төтенше жағдайларды жою — төтенше жағдайлар пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығың қор- ғауға, задал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағының одан әрі таралмауына бағытгалған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар./ 3.Жер сілкіну кезінде не істеу керек? Қазіргі кезде сейсмологтардың алдында тұрған зор міндет жер сілкінуді болдырмау немесе халықты алдын ала сақтандыра білу болып табылады.Жер сілкіну апатына қарсы тұруда қолдан келетін шаралардың бірі, жоғарыда айтылғандай, сейсмикалық аудан-дастыру карталарын жасау. Мұндай карталарды жасау — жер сілкінну әрекеттерін алдын ала болжау мақсатында жүргізілетін зерттеу жұмыстарының алғашқы кезеңі деуге болады Аудандастыру карталарын жасау жұмыстары біздің елімізде 1968—1978 ж. ж. жүргізіліп, соның нәтижесінде дүмпу күші VII балдан жоғары қауіпті аймақтар айқын-далды. “Жер сілкінулер атласы” басылып шықты. Жер сілкінуге дейін не істеу керек Үйде батареямен жұмыс істейтін радиоқабылдағыш, калта шам (электрлік фонарь), от сөндіргіш баллон және дәрі-дәрмектер сауыты (аптечка) болуға тиісті. Жарақаттанған кісілерге алғашқы көмек беру ережелерін алдын ала үйреніп, қажетті жағдайда көмек бере білу керек (дәрігерлік жедел көмек келгенше); электр энергиясынын, көзін және су мен газ крандарын қауіпті жағдайда жауып тастау үшін, олардың орналасқан нүктелерін алдын ала білу қажет; шкафтар мен этажеркаларды және стеллаждарды үй қабырғасына жақсылап бекітіп, жоғарғы полкаларда орналасқан ауыр заттар болса, оларды төмен түсіру керек. Осы тәрізді сақтану шараларын қызмет орындарында, мектептерде және т. б. мекемелерде де жүзеге асыру қажет.Егер сіз аласа үйде (бірінші-үшінші қабатта) болсаңыз сыртқа шығып кетіңіз, ал көп этажды биік үйлерде болсаңыз үйде қалған жөн. Сіріңке тұтату немесе май шам жағу өте қауіпті. Өйткені газ аралас ауа тез тұтанып, өрт шығуы немесе қопарылыс болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, үйден сыртқа қашып шығуға мәжбүр болсаңыз, лифт арқылы емес кәдімгі баспалдақтарды пайдалану керек.Ең алдымен электр жүйесін, су мен газ крандарын қайта тексеріп, жауып тастау керек. Үй ішінде газдың исі болса есік пен терезелерді ашып желдету керек. Мүмкіндік болса, авариялық қызмет орындарына хабар беріп, үйден тез кету керек. Құлап жатқан үйге қайта кіруге болмайды. Өйткені, жер сілкінуден кейінгі алғашқы сағаттар өте қауіпті, себебі қайталай сілкінуі әрекеттері (афтершоктар) көпке дейін (2—3 тәулік) сақталады. Барлық жағдайда аспай-саспай, басқаларға үлгі бола білу керек. Көбінесе паникаға бой берген адамдар көп зардап шегеді немесе апатқа ұшырайды

 

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 259. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Стресс-лимитирующие факторы Поскольку в каждом реализующем факторе общего адаптацион­ного синдрома при бесконтрольном его развитии заложена потенци­альная опасность появления патогенных преобразований...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия