Студопедия — Грам оң және грам теріс коклтар (стафило-, стрепто-, энтеро-, пептост-рептококки, нейссерии, моракселлы, вейллонеллы).
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Грам оң және грам теріс коклтар (стафило-, стрепто-, энтеро-, пептост-рептококки, нейссерии, моракселлы, вейллонеллы).






 

ГРАМ – ОҢ ГРАМ – ТЕРІС
факультативтік анаэробтар анаэробтар факультативтік анаэробтар анаэробтар
Коктар
Стоматококтар стрептококктар Пептококтар пептострептококктар Нейссериялар Вейлонеллалар
Таяқшалар
Актиномицеталар Лактобактериялар Коринебактериялар Бифидобактериялар Приопионибактериялар   Бактероидтер Фузобактериялар Лептотрихиялар Порфиромоностар
Ирекгелген микроорганизмдер
    Лептоспиралар Трепонемалар боррелиялар

 

 

Грам теріс факультативті-анаэробты таяқшалар.

Энтеробакткриялар жалпы сипаттамасы. Еntеrobaсteriacеае тұқымдастығы ең көптеген патогенді және шартты-патогенді бактериялардан тұрады, 20-дан астам туыстастықтарға біріктірілген. Энтеробактериялар грам теріс және қозғалмайтын, капсулалары болады немесе болмайды, споралары болмайтын бактериялар. Қарапайым қоректік орталарда 37°С температурада жақсы өседі. Ферменттік белсенділіктері иірсуларға, спирттерге, аминқышқылдарына жоғары. Глюкозаны ферменттеуі, нитраттарды нитриттерге дейін қалпына келтірулері, оксидаза ферментінің жоқтығы энтеробактерияларды, адам патологиясында арлықтай орын алатын, басқа грам теріс таяқша тәрізді бактериялардан ажыратады.

 

Стафилококтар Stарhуlососсus туыстастығына жатады, оған медицинада маңызды үш түрін ажыратады: Stарhуlососсus аurеus, S.еріdеrmіdіs және S.sарrорhуtісus. Бұл грам оң факультативті - анаэробты коктар

Морфологиясы. Стафилококтардың барлық түрлері шар тәрізді, дұрыс пішінді диаметрі 0,5 - 1,5 мкм жасушалар, грам оң боялады, кеңістікте дұрыс емес бөлініп жүзім шоғырына ұқсас шоқтық түзеді (18,19,20- сурет). Жалғыз және қосақталған жасушалар да кездеседі. Спора түзбейді, талшықтары жоқ. Кейбір штамдары капсула түзеді. L-пішін түзуі мүмкін. Көптеген стафилококтар беткей орналасқан капсула түзеді.

Дақылдандыру. Стафилококтар қарапайым ортада (рН 7,0-7,5) өседі және факультативті анаэробтар, органотрофтар. Жоғары осмостық қысымға төзімді, соған байланысты стафилококтар құрамында тұздың жоғары концентрациясы бар элективті қоректік орта - сарыуызды - тұзды агар немесе сүтті -тұзды агарда өсе алады. Құрамында 8-10% NаСІ бар ортада жақсы өседі. Қанды агарда колониялар айналасында гемолиз аймағы пайда болады. Сұйық қоректік ортаны стафилококтар біркелкі лайландырады, кейін кілегейлі тұнба пайда болады.

Антигендік қасиеті. Стафилококтардың антигендік құрылымы өте күрделі және құбылмалы. Ақуыз, пептидогликан, тейхой қышқылынан, капсуласынан тұратын антигендері белгілі.

Бактериофагтарға сезімталдығы (фаготип) тұрақты генетикалық сипаттамасына жатады, олар беткейлі рецепторларға негізделеді. Стафилококтардың көп штамдары лизогенді болып келеді. Экзотоксиннен анатоксин дайындалады.

Резистенттілігі. Стафилококтар қоршаған ортаға тұрақты болғандықтан, санитарлық микробиологияда олар ауаның санитарлық көрсеткіш микроорганизмі болып табылады. Стафилококтар тіруге тұрақты, осы жағдайда вируленттілік қасиеттерін жоймайды, құрғақ ыстық әсерінен екі сағаттан "жойылады, таза этанолға да тұрақты. Басқа антисептиктер және дезинфекциялық ерітінділердің әсеріне сезімтал келеді. Стафилококтар көптеген антибиотиктерге тұрақты болып келеді.

Эпидемиологиясы. Стафилококтар адамның және жануарлардың қалыпты микрофлора өкілдері болып келеді. Соған байланысты ағзаның әртүрлі биотоптарында орналасады, көп мөлшерде теріде мекендейді (S.еріdеrmіdіs).

Таралу көзі - науқас және тасымалдаушылар. Аса эпидемиологиялық қауіп төндіретіндер - медицина қызметкерлері, олар госпиталды стафилококк штамдарының тасымалдаушылары. Халықаралық жіктелуі бойынша тасымалдаушыларды екі топқа бөледі: тұрақтылар - мұрын қуысынан барлық уақытта алтын түсті стафилококтар табылады, тұрақсыз тасымалдаушылар - стафилококтар бір мезгілде табылады немесе анықталмайды.

 

Стрептококтар \Streptococcaceae тұқымдастығы/. Ауыз-жұтқыншақ микрофлорасының 30- 60%-ың вируленттігі шамалы көгерткіш стрептококтар құрайды. Жасушалары шар тәрізді, тізбектеліп орналасады. Көмірсуларды қышқышға дейін ыдыратады. Сахарозадан жасушадан тыс декстран /глюкан/ және леван /фруктан/ деген полисахаридтерді түзеді. Декстран стрептококтардың адгезиялануына, тістің бетінде микробтық тандақтардың түзілуіне әкеледі, ал леван қышқылға дейін ыдырайды. Ұзақ мерзімде тандақтың астында қышқылдың көбеюі тістің қатты тіндерін зақымдап, кейін пародонтта аурулардың дамуына алып келеді Мысалы, S mitis S hominis ұрт эпителийінде, S salivarius - тіл бұртіктерінде, S sanguis S mutans- тістердің бетінде мекен етеді. Стрептококтардың аталған тұрлері әртүрлі сандық қарым-қатынаста кездеседі, ол диетаға, ауыз қуысының гигиеналық жағдайына ж.т.б. факторлардың әсеріне байланысты болады.

Анаэробты грам оң коктар

Пептококтар Рерtососсus туыстастықтарына жатады. Грам - оң анэробты коктар, жүзім тәрізді шоғырланып орналасады. Сахаролитикалық белсенділігі әлсіз байқалады, белсенді түрде пептондарды, амин қышқылдарын ыдыратады. Тіс жегісі, пульпит, пародонтит, бет-жақ аймағындағы абсцесс кезінде фузобактериялар мен спирохеталармен біріккен түрде Рерtососсus niger жиі кездеседі.

Пептострептококтар Рерtоstrерtососсus туыстастықтарына жатады. Жұпталып немесе шынжырланып орналасатын грам-оң анаэробты коктар, хемоорганотрафтылар. Көмірсуларды қышқылға және қышқыл мен газға дейін ыдыратуға мүмкіндігі бар. Кейбір түрлері көмірсусыз пептондық суда газды өндіреді. Сирек жағдайда гемолитикалық қасиетке ие болады. Іріңді инфекция кезінде Рерtоstrерtососсus prevotii бөлінген жағдайлар белгілі.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеу заттары - ірің немесе зақымдалған тін, қан тағы басқаларға; бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі; анаэробтарды анықтау үшін газды сүйықты хроматография, ИФТжәне т.б. қолданылады. Антибиотикограмманы анықтау міндетгі түрде жүргізіледі.

Емдеуі. Көбінесе антибактериалды препараттармен (метранидазол, клиндомицин, цефалоспорин, левомицетин, эритромицин) бірге хирургиялық емдеу жүргізіледі.

Алдын алуы. Арнайы сақтандыруы жоқ.

Нейссериялар \Neisseriaceae тұқымдастығы/. Ауыз қуысының басқа аэробты флорасының арасында екінші орынды алады /5 %/. Грамтеріс. Кофе дәні тәріздес, жұп коктар. Мұрын - жұтқыншақ және тіл үстінде кездеседі. Көбінесе N sicca /45 %/, N perflava /40 %/, N.subflava/7 %/, N cinerea /3 %/, N flavescens, N. тисоsа тұрлері кездеседі. Олар осы тұқымдастықтың патогенді өкілдерінен қарапайым көректік орталарда 22 °С өсуімен, сары тұсті пигмент түзуімен, нитраттарды қалыпына келтіруімен, Н2S түзілуімен ерекшеленеді. Ауыз қуысының гигиенасы толық сақталмаған жағдайда және қабыну үрдістері пайда болғанда олардың саны артады.

Вейлонеллалар / Veillonellaceae тұқымдастығы/. Ұсақ, грам-теріс, қозғалмайтын, анаэробты коктар, жұпталып немесе шынжырланып орналасады. Ауыз қуысында тұрақты мекендейді, көбінесе бадамша бездерде көптеп дақылданады. ДНҚ-ның Г+Ц мөлшері 40-44 мол % құрайды. Өсуіне қолайлы температурасы 30-37 °С, рН - 6,5-8,0. Күрделі қоректік ортаны қажет ететін хемоорганотрофтар.

Таза дақылын бөліп алу үшін құрамына лактат және ванкомицин /7,5 мкг/мл/ қосылған агар орталарын пайдаланады. Вейлонеллалар ванкомициннің 500 мкг/мл канықпасына төзімді болады. Агарда ұсақ /1-3 мм/, беті тегіс, жасымық, ромб немесе жұрекше пішінді, ақшыл-сұр тұсті, майлы колониялар тұзеді.

Көмірсуларды ыдыратпайды, нитраттарды қалыптандырады, қорғасыны бар амин қышқылдарынан Н2S түзеді. Лактатты ацетат, пропионат, СО2 және Н2О дейін ыдыратады. Аталған заттар ортаның рН- ын жоғарылатып басқа микроорганизмдердің өсуіне қарсы әсер етеді. Сілекейдегі вейлонеллалардың саны көгерткіш стрептококтардың санымен тең болады. Көгерткіш стрептококтармен түзелетін сүт қышқылдың катаболизмі арқасында вейлонеллалар тіс жиегіне қарсы әсер етеді







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 736. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия