Студопедия — Естің негізгі процестері және олардың ағымдарының заңдылықтары.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Естің негізгі процестері және олардың ағымдарының заңдылықтары.






Еске қалдыру – бұл ақпараты сақтау процесі. Есте қалдыруға әркез мақсат қойып отыру зор орын алады. Оқу материалын жақсы меңгеру үшін – оған қатты зейін қою жеткіліксіз, ол үшін алға айқын, анық мақсат қойылу керек. Есте қалдырудың қоғамдық –тәжрибелік мәні адамның қажетіне де байланысты болады. Есте сақтау – адам есте қалдырғанды біршама уақыт аралығында жадта сақтап тұру қабілетіне ие. Есте сақату ес процесінің құрылымдық бөлігі ретінде өз заңдылықтарына бағынады. Есте сақтау динамикалық;және статикалық;түрде көрінуі мүмкін. Динамикалық есте сақтау мехетті қызметтік есте орын иелеп, ал статикалық – ұзақ мерзімді есте әрекетке келеді. Динамикалық есте сақтауда жатталған материал өзгеріске түсе бермейді, ал тұрақты есте, керісінше, қайта құрылып өңделеді. Қайта жаңғыртудың;танудан танудан өзгешелігі: ол танудан соң іске асады немесе тіпті тікелей танусыз-ақ, одан тыс жүзеге келуі мүмкін. Сондықтан-да бұрынғыны қайта жаңғырту процесі танудан көрі күрделірек келеді. Қайта жаңғырту материал бөліктерінөз кезегімен еске түсіру арқылы жүргізіледі, бұл жағыдайда іске белсенді еріктік әрекет қосылады. Қайта жаңғырту тікелей және жанама болып бөлінеді Тікелей қайта жаңғыртуда аралық байланыстрды еске түсірудің қажеті болмайды. Жанама қайта жаңғыртуда адам байланыстырушы аралық тетіктерді пайдаланады, олардың ішінде жаңғыртылуы тиіс марериалға қатысы бар тірек сөздер, бейнелер, сезімдер мен әрекеттер кіреді. Ұмыту – процесі еске түсіре алмау немесе тану мен қайталап айтып берудегі қателесуде көрінеді. Ұмытудың физиологиялық негізі – уақытша жүйке байланыстарын жандандыруға кедергі етуші ми қабығындағы тежелу әрекеттері. Көбінесе бұл жағыдай материалды еске сақтап тұруға ниеттелген қайталаулардың уақытылы болмауынан туындайтын, ойда қалдырғанды бірте-бірте сөндіріп барушы тежелу процесіне байланысты.

Зейіннің анықтамасы. Зейіннің физиологиялық механизмі.Зейіннің түрлері: ырықты, ырықсыз және үйреншікті.

Зейін дегеніміз – адам санасының белгілі бір затқа бағытта тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Зейін арабтың «зайын» сөзінен шыққан, қазақша көңіл қою деген мағынаны білдіреді. Зейіннің физиологиялық негізін Павлов ашқан, ол индукциязаңына байланысты түсіндірген. Егер ми қабығының бір бөлігінде қозу пайда болса, қалған бөлігінде тежелу пайда болады. Бұны теріс индукция заңы деп атады. Ухтомский зейіннің физиологиясын доминанта теориясы бойынша анықтаған. Қоршаған ортаның көптеген тітіркендіргіштердің ішінде біреуі миға көп әсер етеді. Ол мидың бір алабын қаттырақ қоздырады. Осы алапты доминанта деп атады. Зейіннің физиологиялық негізі өте күрделі. Психологиялық әдебиеттерде оның негізгі екі топ механизмін көрсетеді: перифериялықжәнеорталық.

Перифериялық механизге органдардың күйін келтіру жатады. Адам әлсіз дыбысты естіген кезде, оған құлақ түреді, соның нәтижесінде сезімталдық артады. Қатты дыбыста жарғағы босатылады да ол инфорация орталық құлаққа жіберуде жиілігі әлсірейді. Д.Е.Бродбенттің атуынша, зейін – информацияны кіре берісте талдаушы, өткізгіш (фильтр) яғни ол периферия бөлімінде болады. Оның тәжірибесінде дәлелденгені адам әртүрлі информацияны бір мезгілде екі құлаққа айтқан кезде, адамның сол құлағы информацияны жақсы қабылдап, оң жақ құлағы информацияны толық теріске шығарған. Кейін дәлелденгені перифериялық бөлім информацияны физикалық механизміне қарай талдап алған. У.Нейсер бұны зейіннің алды деп атады, оны информацияны өңдеуші, фигураны фоннан бөліп алу деді.

Орталық механизм – жүйке орталықтарының біреуінің қозу, екіншілерінің тежелуімен сипатталады. Жүйкенің қозу күші, ішкі тітіркендіргіштердің күшіне байланысты. Қатты қозу, төменгі қозуда болады, өктемділік, басымдылық жүргізеді.

Зейіннің физиологиялық негіздерін әйгілі физиолог ғалым, академик А.А.Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы (доминанта – латынның доминанс деген сөзі, қазақша үстемдік ету деген мағынада) бойынша да жақсы түсінуге болады. Cыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын, каттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы онан бетер күшейеді. Мысалы, адам қызық кітапты беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасмайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі.

Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан жүйке процесітерінің өзара индукция заңына байланысты түсінцге болады.

И.П.Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен бвйланысты қаоған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығн айтқан. Мәселен, бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Ос кезде мидың бір алабында күшті қозу процесі болып жатады да, айналасын дағы алаптарда тежелу болады (бір мезгілдік индукция) немесе басқа бөлігінде тежелу болса, екінші бөлігінде қозу болады (бірізділік индукция). И.П.Павловтың оптимальдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді. Иррадияция пайда болғаннан кейін мидың бөлігі – қозудың оптимальдық жағдайларына негізделеді. Сондықтан да бұнда дифференцировка жеңіл орнайды, жаңа шартты белгілер пайда болады. Мидың басқа бөлігі адамның санасыз, автоматтанған әрекеттерде көрінеді. Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды «оптимальдық жағдай» жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап – ми қабығының шығармашылық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі.

Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас жиі кездеседі. Адамның өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алады. Қызығу – ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске зейініміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті.

Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді.

Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Зейіннің бұл түрі адам еркімен тығыз байланыста болып, оның еңбектік күш салуларының нәтижесінде пайда болады. Сондықтан-да ырықты зейін ерікті, белсенді, ниеттелген деп ситатталады. Қандай-да бір шешімді қабылдай отырып, біз іске кірісеміз, сол іс біз үшін тап сол мезетте ұнамаса да оған саналы зейін қойып, оны орындауға өзімізді мәжбүрлейміз. Ырықты зейіннің басты қызметі – психикалық процесс ағымын белсенді түрде реттеп бару.

Үйреншікті зейін адамға табиғи сіңісіп кеткен,арнайы күш жұмсамай ақ орындалатын зейін.Мысалы бала оқуға төселсе бұл оның тұрақты әрекетіне айналса,зейіні үйреншікті бола бастады.

25. Зейіннің негізгі қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінушілігі, ауысуы, көлемі. Зейіннің алаңдаушылығы және шашыраңқылық;

Зейін сананың белгілі нысанмен байланысын байқатып, оған бағытталуын білдіреді. Осы бағытталу ерекшеліктері зейін қасиетерін айқындайды. Бұл қасиеттер тобына зейіннің тұрақтылығы және шоғырлануы, ауысуы, бөлінуі, көлемі кіреді.

Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Мысалы хирург дәрігердің жұмысын осыған жатқызуға болады.

Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтай алу арқасында адам істеп отырған ісін тереңнен түсініп, оның әртүрлі байланыстарын анықтай алады. Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеге алудың басты белгісі болып табылады.

Зейіннің шоғырлануы – оның белгілі бір нысанға бағытталып, онда топталу күші мен дәрежесі, яғни психикалық немесе саналы іс-әрекеттің толығымен қажетті нүктеге шөгуі. Шоғырлану ми қабығындағы қозу ошағының доминанттық қызметімен тікелей байланысты(Н.А.Ухтомский).

Зейіннің ауысуы деп бір объектіден екінші объектіге саналы және байыпты өтуін айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе жүйке процестерінің өзгермелілігіне байланысты.

Адам санасының бір мезгілде бірнеше қызметті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі-үш нәрсеге бөле алады.

Зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатынын арнаулы зерттеулер көрсетіп отыр. Мысалы, студенттер бір мезгіл ішінде дәріс тыңдайды, түсінгенін жазып отырады., кітап оқып отырып, конспект жазады.

Зейіннің көлем деп бір уақыттың ішінде оның қамтитын объектілерінің санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжрибелер тахитаскоп деген аспаппен тексеріледі. Адам бір мезгілде орта есеппен әр түрлі 5-9 әріпті қамти алатынын, 12-14 әріптен тұратын мағыналы сөзді де осы мерзімде қамтитыны көрініп тұр.

Бірден біраз нәрсені қамти алатын зейінді көлемі кең зейін дейді де, объектілерді жөндеп қамти алмайтын зейінді көлемі тар зейін дейді.

Зейіннің алаңдушылығы – бұл зейіннің бір нысанан екіншісіне ырықсыз ауысуы. Мұндай ауысу қандай да іспен шұғылданып отырған адамға тыс тітіркендіргіш әсерлердің ықпал етуінен туындайды. Алаңдау сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

Зейіннің шашыраңқылығы – деп адамның ұзақ уақыт аралығында өз зейіні мен назарын нақты затқа бағыттай алмауын айтамыз.

Шашыраңқылықтың екі түрі белгілі: жалған жане шын







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 267. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия