Студопедия — Диагностика критерилері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Диагностика критерилері







Шағымдар мен анамнез: абдоминалды ауыру сезімдік синдром (диеталық жүктемемен байланысты оң жақ қабырға асты, оң бұғанаға, иық буынына, жауырынға берілумен, диспепсиялық синдром (лоқсу, құсу, ащы кекіру), субфебрильді дене қызуы (сирек).


Физикалық тексеру:кейбір науқастарда нұрлы қабат жəне терінің сарғаюы байқалады. Науқастардың басым көпшілігінде артық дене салмағы анықталады.

Пальпация кезінде өт қабының орналасу айналасында ауырсыну байқалады – іштің оң түзу бұлшықетінің сыртқы шеті оң қабырғалық доғамен қиылысады (Кер симптомы), терең тыныс алу жəне құрсақтың ішке тартылуында өт қабының зонасында ауырсынулар (Мерфи симптомы).


Инструменталдық зерттеулер:УДЗ, КТ (конкременттердің болуы, өт қабы көлемдерінің үлкеюі немесе кішіреюі, қабырғаларының қалыңдауы), рентгенологиялық (пероралды немесе көктамырішілік холецистографияны орындайды).


Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1. Қанның жалпы анализі (6 параметр).

2. Глюкозаны анықтау.

3. Сілтілік фосфатазаны анықтау.

4. Билирубин мен фракцияларды анықтау.

5. Холестеринді анықтау.

6. Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ.

7. Эзофагогастродуоденоскопия.

8. Зəрдің жалпы анализі.

9. Капрологияға нəжісті зерттеу.

10. АЛТ анықтау.

11. АСТ анықтау.

12. С-реактивті ақуызды анықтау.

13. Жалпы ақуызды анықтау.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

1. Қан диастазасын анықтау.

2. Қандағы ақуыз фракцияларын анықтау.

3. Дуоденалдық заттарды зерттеу (зондтаусыз).

4. Биологиялық сұйықтықтарды колонияларды алып себу.

5. Көктамырішілік холангиохолецистография (көрсетімдер бойынша).

6. Пероралдық холецистография (көрсетім бойынша).

7. Мақсатты пункциондық бауыр биопсиясы (көрсетімдер бойынша).

8. Эндоскоптық ретроградтық панкреатохолангиография (көрсетімдер бойынша).

9. Бауырдың, өт қабының компьютерлік томографиясы (көрсетімдер бойынша).


Лабораторлық зерттеулер:дуоденалды зондтау кезінде дискинетикалық бұзылыстарды, сонымен қатар В порциясының микроскопиясы кезінде қабынулық элементтерді жəне паразиттерді, сонымен қатар оны себу кезінде инфекциялық агенттерді анықтау; қанда нейтрофильді лейкоцитоз жəне эритроциттердің тұну жылдамдығының жеделдеуі, олардың реактивті қабынуы кезінде бауыр мен ұйқы безінің функционалды сынамаларының өзгерістері болуы мүмкін.

Емдеу тактикасы
Ем диеталық режиммен қатар антибактериалды, қабынуға қарсы, холеретикалық, спазмолитикалық терапия жүргізуді қарастырады жəне негізгі ауруларға, асқынулардың болуына, жағдай ауырлығына тəуелді.

 

Дəрі-дəрмектік ем:

1. Келесі антибактериалдық препараттардың бірін тағайындайды:
- синтетикалық пенициллиндер (ампицилин* 2 г/тəулігіне - 10 күн);
- макролидтер (эритромицин* 2 г/тəулігіне, кларитромицин* 1 г/тəулігіне, спирамицин* 6 МЕ/тəулігіне -10 күн);
- тетрациклиндер (доксициклин *100-200 мг/тəулігіне -10 күн);
- фторхинолондар (ципрофлоксацин* 1г/тəулігіне - 10 күн);
- цефалоспориндер (цефуроксим*750 мг/тəулігіне, цефтазидим* 1-6 г/тəулігіне - 10 күн).

Лямблиоз болған кезде келесі препараттардың бірі көрсетілген: орнидазол* 1 г/тəулігіне - 5 күн немесе метронидазол * 1 г/тəулігіне – 10 күн.

Таңдау препараттары болып табылады: ко-тримоксазол* - 2 апта, интетрикс.

2. Өттің коллоидты қасиетін қалпына келтіру мақсатында, тиімділігі дəлелденген, урсодезоксихол* қышқылын 500 мг/тəулігіне тағайындайды.

3. Өт қышқылдарын байланыстыру үшін құрамында алюминий бар антацидтер көрсетілген, күніне 15 мл х 4рет тамақтан соң 1,5-2 сағаттан кейін.

4. Өт қабының гипертониялық дискинезиясы кезінде спазмолитиктердің бірін тағайындайды:
- пинавериум бромид* - 100-150 мг/тəулігіне;
- гимекромон 600 мг/тəулігіне;
- бускопан 10 мг х 3 рет;
- галидор* 2,0 мл х 2-3 рет тəулігіне.

5. Гипотониялық дискинезия кезінде холецистокинетиктер көрсетілген:
- домперидон* немесе метоклопрамид* 30-40 мг/тəулігіне;
- магния сульфаты* 10-25%, 2 ас қасықпен тəулігіне 3 рет;
- сорбит* 10% 050,0 х 2-3 рет тəулігіне.

6. Холекинезді күшейтетін препараттар – аллохол* 2 таб. х 3-4 рет тəулігіне, тамақтан соң.

7. Полиферменттік терапия:
- панкреатин*;
- фестал*;
- панзинорм*.

8. Антибактериалды терапия аяқталғаннан соң: пребиотиктер - хилак форте* 60 тамшы х 3 рет- 1 апта, сонан соң 30 тамшыдан х 3 рет - 2 апта, іш қатуларда - лактулоза* 1 – 2 ас қасық х 1 рет тəулігіне.

Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:

1. *Ампициллин 0,25 г, табл.

2. *Урсодезоксихол қышқылы 250 мг, табл.

3. *Құрамында алюминий гидрототығы, магний гидрототығы бар қосылған препараттар 15 мл, ішке қабылдау үшін суспензия.

4. Гимекромон 200 мг, табл.

5. Аллохол.

6. *Домперидон 10 мг, табл.

7. *Панкреатин, таблетка, құрамында 4 500 ЕД кем емес липаза бар капсула.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: *метронидазол 500 мг, табл.

Ем тиімділігінің индикаторлары: өт қабы мен ұлтабар функцияларын қалпына келтіріп, аурудың симптомдық көріністерін жою.

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 366. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия