Студопедия — Р.Мертон, Н.Смелзер еңбектеріндегі нақты тарихи мәселелер мен оларды әлеуметтанулық талдау.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Р.Мертон, Н.Смелзер еңбектеріндегі нақты тарихи мәселелер мен оларды әлеуметтанулық талдау.






Н.Смелсер: «Әлеуметтану бұл қоғам мен әлеуметтік қатынастың ғылыми зерттеуі. Ол берілген фактілерге немесе әлем шындығына сүйене отырып, ғылыми түсініктемелерді қолдана отырып, игеруге тырысады”. Анықтамалардың елеулі бөлігі бұл пәннің «тәртіптік» түсініктемесімен байланысты. Сонымен қатар, кейінгі жылдары бірқатар авторлар әлеуметтану пәніне қоғам, әлеуметтік құрылым мен жүйе жөнінде, ғылым ретінде қыр-сырын кеңінен ашуға тырысады. Әр анықтама ғылым негізін түсінуге өз айрықша үлесін қосады.

Р.Мертон- американ социологы, функционалдық талдаудың теориялық негізін қалыптастырған ғалым. Р.Мертон негізгі еңбектері:” Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым”, "Функционалдық талдаудың парадигмалары”, "Социологиядағы құрылымдық талдау”.

Ол "Орта деңгейлі” теорияны қалыптастырып енгізу керек деген өте маңызды ғылыми ұсыныс жасады. Оның айтуынша мұндай теория арнайы теориялар аралығында орналаса отырып, әлеуметтік әдет-ғұрыптардың, әлеуметтік ұйымдар мен әлеуметтік өзгерістердің түрлерін түсіндіруге бағытталады. Бұл теорияның негізінде функционалдық жатыр. Р.Мертон функционалдық талдаудың 3 жолын көрсетті: функционалдық бірліктің қағидасы-қоғамды теориялық тұрғыдан қарастырудың бірлігі әлеуметтік деректердің тереңдігінде. 2. Функционалдықтың жан-жақтылық қағидасы-мәдениеттің барлық түрлері өзіндік функционалдық қасиеттерге ие болады. Р.Мертонның айтуы бойынша оларды аналитикалық тұрғыдан талдау қажет. 3. "мәжбүрлік қағидасы”-функциялардың мәжбүрлілікке ие болмай қоймайтындығын көрсетеді.

Р.Мертонның айтуынша функционалдық объект ретінде қайталанып отыратын және стеоротипті әлеуметтк құбылыстарды(әлеуметтік рольдер, әлеуметтік процестер, әлеуметтік құрылым т.б) алуға болады. Әлеуметтік нақтылық жеке адамнан жоғары бола алмайды. Р.Мертон әлеуметтік құрылым өзіне адамдарды не олардың іс-әрекетін біріктіре отырып, олардың қарапайым жиынтығы емес екендігін көрсетті. Оның айтуынша әлеуметтік құрылым дегеніміз-қоғамдағы барлық мүшелер мен топтар қатысатын әлеуметтік қатынастардың ұйымдасқан жүйесі.

Этникалық топ дегеніміз мүшелері өздерін бірыңғай мәдени құрылымға жатқызатын адамдар ұжымы. Олардың әлеуметтік өмірі, іс-әрекет аймағы тегі мен мәдениетінің бірлігінен айқындалады.

Этникалық топ түсінігін жан-жақты зерттеген социологтардың бірі М.Уингер. Оның зерттеулері негізінен үш бағытта дамиды:

1) бір этникалық топ басқалардан төмендегі параметрлер бойынша ерекшеленеді: тілі, діни сенімі, нәсілдік белгісі және шыққан елі;

2) этникалық топ мүшелері өз қауымы мен жалпы қоғам не адамзат арасында айырмашылық бар екенін сезініп, өз іс-әрекеттерін осы сезімге сәйкес ұйымдастырады;

3) этникалық топ мүшелері өз текті дәстүрлері негізінде бірігеді, мысалы, дәстүрлі мейрамдарын атап өтеді, қонаққа «өзінікіне» барғанды ұнатады және т.б.

Әдетте, қоғамның әлеуметтік өміріндегі билік, байлық, бедел және т.б. әлеуметтік артықшылықтар көптеген жағдайларда этникалық текке тәуелді. Мысалы, американдық социолог Н.Смелзер пікірінше демократия үлгісі болып табылатын Американың өзінде негрлер, азиялықтар мен латын американдықтар еуропалықтарға қарағанда аз табыс табады, ең төменгі беделді қызметтерді иеленеді және ең аз жеке бас құрметіне ие.

 

Н.Смелзердің жазуынша, адамзат тарихындағы нәсілшілдіктің ең айқын көріністері мыналар:

- Еуропа мемлекеттерінің XIX-XX ғ.ғ. үшінші дүние елдерін аяусыз қанауы;

- Америка құрлығында үндістерді жою;

- Қара американдықтарды құлдыққа салу;

- Фашистік Германияның алты миллион еврейді жоюы.

 

 

Қорытынды:

Әр ғылым басқа ғылымдардан өзінің зерттеу пәнімен ажыратылады. Барлық ғылымдар түрлі құбылыстар мен үрдістердің объективті шындығын зерттейді. Бірақ әр ғылымның зерттеу нысанына, біріншіден, объективті шындықтың белгілі жағы мен саласы, екіншіден, тек берілген ғылымға ғана тән арнайы даму зандылықтары мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар мен заңдылықтардың әрекет механизімдері мен айқындалуының ерекше формалары жатады. Сондықтан, ғылымның объектісі мен пәні ажыратылады: объектісіне зерттеу үрдісінің бағыты, ал пәніне зерттеу объектісін құрайтын, байланыстар мен қатынастар жатады. Әлеуметтанудың объектісіне қазіргі қоғам жатқызылады. Тек жай қоғам емес, таным үрдісі бағытталған әлеуметтік шындық саласы: әлеуметтік институттар, әлеуметтік қатынастар мен үрдістер, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қоғам, әлеуметтік роль, әлеуметтік бақылау және т.б. жатады. Әлеуметтік зерттеу объектісіне ғылыми анализға жататын, әлеуметтік қарама-қайшылық жатқызылады. Социологиялық зерттеудің пәні объект қасиеті мен мәселе сипатымен айқындалады. Әлеуметтік танымның пәнің белгілеу үрдісінде шешуші әлеуметтік құбылыстар адам өзара әрекеті, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауым мен үрдістер және т.б. жатады. Белгілі қатынастар қандай да бір әлеуметтік құбылыспен белгіленген, белгілі заңдылықтардың немесе тенденциялардың әрекетіне тәуелді. Олар әлеуметтанудың негізгі пәнін құрайды.

Әлеуметтану ғылымының маңызы жайлы белгілі ғалымдар былай деййді:

Әр елдің әлеуметтанушыларымен сирек бір жерден шығатын пікір айтылады. Соңғы жылдары АҚШ пен Англияда басылып шығарылған әлеуметтану оқулықтарындағы өзгешеліктерді мысалға келтірейік.

С.Курт, С.Хастингс, Д.Харрис: «Әлеуметтану – бұл адамзаттың өзара әрекет үлгісінің ғылыми зерттеуі”. Кр. Дуб. «Әлеуметтану – бұл адам тәртібі және осы тәртіпке әсер ететін, адамның әлеуметтік ортасын ғылыми зерттеуі”.

Ст. Мур, Б. Хендри: «Әлеуметтану – бұл адам тәртібін зерттейтін әдістер жөніндегі ғылым ”.

Дж. Херд: «Әлеуметтану – бұл адам қауымын зерттейтін ең нақты, негізгі жол ”.

М. Тейлор, Л. Рин, С. Розенталь, К. Догби: «Әлеуметтану-бұл әлеуметтік топты және олардың адам тәртібіне әсері жөнінде оқыту”.

Н.Смелсер: «Әлеуметтану бұл қоғам мен әлеуметтік қатынастың ғылыми зерттеуі. Ол берілген фактілерге немесе әлем шындығына сүйене отырып, ғылыми түсініктемелерді қолдана отырып, игеруге тырысады”. Анықтамалардың елеулі бөлігі бұл пәннің «тәртіптік» түсініктемесімен байланысты. Сонымен қатар, кейінгі жылдары бірқатар авторлар әлеуметтану пәніне қоғам, әлеуметтік құрылым мен жүйе жөнінде, ғылым ретінде қыр-сырын кеңінен ашуға тырысады. Әр анықтама ғылым негізін түсінуге өз айрықша үлесін қосады.

 

Қолданылатын әдебитеттер:

1. Әбсаттаров, Дәкенов Әлеуметтану. Алматы, 2007

2. Икенов Д., Жүсіпова И. Әлеуметтану негіздері, Алматы, 2004ж.

3. Тажин М., Аяғанов Б. Социология негіздері. А. - 1993

4. Тұрғынбеков А. Социология. Алматы, 2002ж.

5. Google- ғаламтор желісі

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 481. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия