Студопедия — ТШҚҰ синдромы. Тамыр ішіндегі шашыранды қан ұю синдромы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ТШҚҰ синдромы. Тамыр ішіндегі шашыранды қан ұю синдромы






I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

А. Этиологиясы

Б. Патогенезі

В. Клиникалық белгілері

Г. Диагностикасы

Д. Емі

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

ТШҚҰ синдромы. Тамыр ішіндегі шашыранды қан ұю синдромы

Қанның тамырішіндегі шашыраңқы қан ұю синдромы – қанның тамыр арнасында шашыраңқы ұюынан ұсақ тамырлардың микробтармен бітелуіне, кейін гипококагуляция мен тромбоцитопенияға әкеліп соқтыратын гемостаздың бейспецификалық патологиясы. Тіндерден тромбопластикалық заттардың босап шығуынан пайда болатын тамырішілік қан ұюының бұзылысы.

ТШҚҰ- синдромы жүре пайда болған коагулопатиялардың ең жиі себебі. Бұл синдром көптеген аурулардың барысын асқындырады. Ешқандай симптомсыз жүруі ықтимал, не болмаса коагулопатия даму түрінде болады. Көп кездері әртүрлі акушерлік патология, әртүрлі шок, ауыр жарақат, бактериальды сепсис кездерінде кездеседі. Ауру өтуіне сәйкес 3-ке бөлінеді:

1. Жіті (жедел)

2. Жеделдеу

3. Созысмалы

М.С.Магабели бойынша ТШҚҰ 4 кезеңін ажыратады:

І кезең. Гиперкоагуляция.

ІІ кезең. Коагуляция.

ІІІ кезең. Фибриноген жоқ болғанға дейін қандағы барлық прокоагулянттардың азаюы.

ІV кезең. Қалпына келу.

Бірінші гиперкоагуляция сатысында қанның ұюы тым артып кетеді. Бұл саты қысқа мерзімде болуы мүмкін және ол көптеген тамырлардың ішінде қан ұйып қалуынан ішкі ағзалардың (өкпе, бүйрек, бауыр, бүйрек үсті безі, жүрек, ми т.б.) майда тамырлары бітеледі. Осыдан гиперкоагуляциялық сілейме дамып, сырқат адам кенеттен жан тапсырады. Кейбір жағдайларда гиперкоагуляция баяу түрде байқалмай өтеді. Гиперкоагуляция тым қарқынды тараған түрде болғанда қан ұю факторлары артық тұтынылып кетуінен артынан олардың жеткіліксіздігі дамиды. Бұл кезде қанда тромбоцитопения, гипофибриногенемия, қан ұюының V, VII т.б. факторларының азаюы байқалады;

Тұтынулық коагулопатия екінші гипокоагулопатия сатысы дамиды. Бұл кезде қан ұюы шектеліп, фибринолизді арттыратын заттардың белсенділігі көтеріледі. Содан тоқтамайтын ауыр қан кетулер болады. Сондықтан ТШҚҰ − синдромын тромбогеморагиялық синдром деп те атайды;

Үшінші сатысында мезгіл − мезгіл толық фибринолиз дамуының қанда фибриноген мүлде жоғалады. Бұны фибриноген жоғалу сатысы дейді;

Төртінші сауығу сатысы делінеді.

ТШҚҰ этиологиясы.

Инфекционды-септикалық;:

· бактериалдық(сепсистің барлық түрлері);

· вирустық(герпес, қызамық, шешек, вирусты гепатит, гемаррагиялық қызба);

· токсикалық-шоктық

Травмалық пен тіннің бұзылуы

· күйік кезінде тіндер мен органдар некрозында(бауырдың токсикалық дистрофиясы, некротикалық панкреатит, миокард инфарктісі)

· жарақаттық операцияларда;

· гематрансфузияларда;

· гемобластозда, промиелоцитарлы лейкозда;

· сәулелі ауруларда;

Акушерлік-генекологиялық;:

· плацентаның ерте түсуі

· жатыр атониясы

· кұрсақтағы ұрықтың өлімі

· эклампсияда

Шоктық (барлық терминалды қалыпта)







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 396. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия