Студопедия — Дәріс . Әлеуметтік психология пәні, оның ғылым жүйесіндегі орны
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс . Әлеуметтік психология пәні, оның ғылым жүйесіндегі орны






Жоспар:1. Пәннің мақсаты және міндеттері.

2. Қазіргі психология мен әлеуметтану ғылымының әлеуметтік психология пәнін бірге түсіндіру.

3. Қазіргі қоғам және адам мәселесін шешудегі психологияның маңыздылығы мен ролі.

Әлеуметтік психология - бұл адамдардың әлеуметтік, қоғамдық топтарға қосылуынан туындаған мінез-құлық және әрекет заңдылықтарын, осы топтардың психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы болып табылады. Әлеуметтік психология психология және социология ғылымдарының тоғысында пайда болған ілімдер жүйесіндегі ғылым саласы. Әлеуметтік психологияның пәні туралы жалпы қабылданған көзқарастар болмаса да, отандық психология мектебі әлеуметтік психология пәні ретінде-жеке адамдар мен топтардың белгілі бір әлеуметтік қоғамға тиістілігі негізінде, олардың мінез-құлқы, қарым-қатынасы және іс-әрекеттері заңдылықтары мен механизмдерін зерттеу боп танылады. Әлеуметтік психологияның зерттеу пәні туралы ресей ғалымдары өз тұжырымдарын берді. Атап айтсақ, Б.Д.Парыгин әлеуметтік психология:

1) тұлғаның әлеуметтік психологиясын;

2) қоғам мен қарым-қатнынастың әлеуметтік психологиясын;

3) әлеуметтік қатынастарды;

4) рухани әрекеттер түрлерін зерттейді деп көрсетсе, В.Н.Мясищев бойынша, әлеуметтік психология:

1) іс-әрекет барысында байқалатын топтағы адамдардың психикалық әрекеттеріндегі өзгерістерді;

2) топ, топ ерекшеліктерін;

3) қоғамдық процестердің психикалық жақтарын қарастырады. Әлеуметтік психология, белгілі бір жағдайдағы субьектнің (индивид және қоғам) өзара әрекеттестігі нәтижесінде пайда болатын феномен ретіндегі – қарым-қатынас, таптаурын (стереотип), дау-дамай немесе келіспеушілік, өмір сүру бейнесі сияқты әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды зерттейді.

Ең алғашқы дербес әлеуметтік психологиялық теориялар – «халық психологиясы» М.Лацарус және Х.Штейнталь, В.Вундт теориясының арнайылылығы, Г.Тардтың «жұртшылық психологиясы» концепциясы, оның С.Сигель және Г.Лебон жұмыстарында дамуы, У.Макдауголлдың «Әлеуметтік мінез-құлық инстинкттері» теориясы.

ХХ ғасырдағы отандық және шетелдік тәжірибелік психология жетістіктерінің әлеуметтік психологиялық зерттеулердің дамуына әсері. Әлеуметтік психологияның социология, антропология, лингвистика, суицидология т.б. ғылымдармен тығыз байланысы. Г.Мёде және Ф.Олпорт ұсынған тәжірибелік әлеуметтік психологиясын зерттеу бағдарламасы. Әлеуметтік психологиялық зерттеулердің маңызы: үлкен қауымдарды, кіші топтарды зерттеу. Әлеуметтік психологияға психоаналитикалық және психотерапиялық тәжірибелердің ықпалы. Әлеуметтік психологияның қазіргі гуманистік және когнитивті болжамдары.

Әлеуметтік психология теориялық және қолданбалы қызметтер атқарады. Әлеуметтік-психологиялық теорияны – этнопсихология, басқару психологиясы, экономикалық психология, экологиялық психология сияқты пәндер жиынтығы құрайды. Ал, қолданбалы әлеуметтік психологияны әлеуметтік психологиялық диагностика, кеңес беру, әлеуметтік тәжірибедегі психотехнология құрайды. Қолданбалы әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің тәрбие саласында ерекше маңызы бар. Ол оқушылардың өзара және мұғаліммен қарым-қатынастарының қалыптасу заңдылықтарын білу-сынып ұжымының топтасуына себептеседі. Басқару психологиясы-бұл түрлі басқару ісіндегі психологиялық заңдылықтарды зерттейді. Ол басқару жүйесіндегі жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында басқару қызметінің психологиялық жағдайлары мен ерекшеліктеріне талдау жасайды.

Әлеуметтік психология бірнеше тараулардан тұрады:

- адамдардың қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің заңдылықтары, топтардағы әлеуметтік психология;

- тұлғаның әлеуметтік психологиясы;

- қолданбалы салалардағы әлеуметтік психология.

Әлеуметтік психология мақсаты: әлеуметтік-психологиялық құбылыстарға сипаттама беру, олардың даму жағдайын болжау, себептері мен механизмдерін түсіндіру және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету әдістерін ғылыми тұрғыда ашу.

Әлеуметтік психология міндеттері:

-еңбек және оқу ұжымдарындағы жағдайды диагностикалау;

-түрлі әлеуметтік-психологиялық проблемалар бойынша ұжым басшылары мен мүшелеріне ақыл-кеңес беру;

- басқарудағы қарым-қатынас мәдениетін білдіру.

1. Әлеуметтік психология және әлеуметтану.

Әлеуметтік психология және әлеуметтанудың ортақ қызығушылықтары бар, олар адамның өзара қарым-қатынасы және адамдардың топпен қарым-қатынасын қарастырады. Бірақ әлеуметтану көп жағдайда топтарды қарастырады (шағын топтардан бастап үлкен қоғамға дейін). Ал әлеуметтік психология жеке тұлғаны, ол басқалар туралы не ойлайды, олар бір-біріне қалай ықпал етеді, оның басқаларға деген көзқарасы қалай соны қарастырады. Мысалы: ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы. Әлеуметтанудың зерттейтін жағдайы некеге тұрудың, ажырасудың қоғамдағы орнын зерттейді. Ал әлеуметтік психология бұл адамдар бір бірін неліктен ұнатты, олардың өзара қарым қатынасы қандай соны қарастырады.

2. Әлеуметтік психология және тұлға психологиясы.

Әлеуметтік психология және тұлға психологияда зерттеу ортасы индивид тұлғаны зерттеумен айналысатын психологтар өздерінің назарын адамдардың ішкі механизміне және олардың бір бірінен айырмашылығына көңіл бөледі. Адамдардың неге әр түрлі болатынына жауап іздейді. Әлеуметтік психология назарын жалпы адамдар қауымдастығына аударады. Яғни олар бір бірін қалай бағалайды, бір біріне қалай ықпал етеді, олардың қандай көзқараста екенін ғылыми тұрғыда қарастырады. Әлеуметтану, тұлға және әлеуметтік психология бір бірімен байланысқан ғылым.

3. Әлеуметтік психологияның негізгі бағыттары.

1. «Мен – басқа» жүйесіндегі ара қатынас. Әлеуметтану барысында пайда болатын тұлға аралық қатынастарды танып білу адамдардың бір бірін тану мен түсіну механизмдерін зерттеу. Бір адамның екінші адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіншіліктерін айқындау.

2. «Топ – мен» жүйесіндегі ара қатынас. Түрлі әлеуметтік жағдайлардағы адамның мінез құлқы мен, тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді.

3. «Мен – топ» жүйесіндегі ара қатынас. Жеке адамның әлеуметтік жағдайдағы қоршаған ортаға жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам өз өмірін басқа адамдармен топпен қарым қатынаста өткізеді.

Қорытынды:

Яғни, әлеуметтік психологияның негізгі зерттейтін мәселесі - адами ортақтасудың тұлға аралық және топ аралық формаларын танып білу, ортақтасудың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке тұлғаның ортақтасу барысында әлеуметтік психологиялық қасиеттерін қалыптастыруын зерттейді. Ортақтасу (общение) – ортақтасу психологиясы адамдар мен топтардың әлеуметтік, мінез–құлықтық заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Ортақтасу әлеуметтік психологияда маңызды орын алады. Алам өмірін ортақтасусыз, ара қатынассыз елестету қиын.

Адами ортақтасудың жалпы сипаттамасы.

Ортақтасу психологиялық негізгі ұғым. Ортақтасусыз жеке адамның, тұлғаның қалыптасуын, жалпы қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды.

А. М. Андрееваның пікірі бойынша ортақтасу дегеніміз адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі ортақтасудың мынадай формалары бар:

1. Тікелей ортақтасу – табиғи, бетпе-бет, сөздік және бей сөздік (ым, қимыл). Сөздік және құралдар көмегімен жасалатын толық психологиялық контакт (байланыс).

2. Жанама ортақтасу – қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын немесе кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялық байланыс (хат жазу, телефонмен сөйлесу, радио және т.б.).

3. Тұлға аралық ортақтасу – екі немесе құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей байланысы.

Тұлғалық ортақтасудың белгілері:

Психологиялық жақындық бір – бірінің мінез ерекшелігінің білуі, күйзелуі, қуануы, өзара түсінушілігі және т.б.

4. Бұқаралық ортақтасу – бейтаныс адамдардың тікелей немесе жанама контакттары. Мысалы, стадионда, театрда, шерудегі қарым – қатынас бұқаралық тікелей ортақтасуға жатады. Радио, хабар, телеморофон – жанама ортақтасу.

5. Персонал аралық ортақтасу – ортақ іс-әрекет барысында жеке қасиеттерін ашатын белгілі тұлғаның психологиялық контактілері (чемпиондар, ғарышкерлер, атақты өнер адамдары).

6. Рөлдік ортақтасу – белгілі әлеуметтік рөлді орындаушылардың психологиялық контактілері. Мысалы: дәрігер - емдеу, мұғалім – оқыту. Әрбір адам түрлі жағдайда түрлі рөлдерде орындайды. Сол рөлдерге байланысты қоғамдағы өз орнын табады.

Ортақтасу барысында адамдар өзі және басқалар үшін өзіндік психологиялық ерекшеліктерді ашады, көрсетеді, түсінеді. Адамның психологиялық қасиеттері ортақтасу нәтижесінде пайда болады, дамиды, өзгереді. Басқалармен ара қатынас жасағанда адам қоғамдық ережелерді, нұсқауларды білім мен іс–әрекет тәсілін жалпы әлеуметтік тәжірибені өз бойына сіңіреді. Ортақтасу нәтижесінде адам жеке тұлға болып қалыптасады. Ортақтасу – адамның психикалық дамуының және мінезінің алғы шарты және негізі. Яғни, ортақтасу адамның психикалық дамуының факторы. Факторларды үш түрге бөліп қарастыруға болады:

1. Ортақтасу барысында адамдардың басқалардан өзгешелігі қалыптасады. Адам тек қана ортақтасу арқылы адам болады.

2. Ортақтасу арқылы адамның өзге үшін және өзі үшін психикалық қасиеттері ашылады.

3. Ортақтасу барысында жеке адам жалпы адамдық тәжірибені меңгереді.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 751. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия