Студопедия — N 15 БИЛЕТ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

N 15 БИЛЕТ






1. Липидтердің алмасуында май тканінің ролі.

2. Стеарин қышқылының b-тотығуын жазыңыз. Қанша АТФ түзіледі бұл кезде.

 

 

1.Тақырыбы: Ақуыздардың қорытылуы мен сіңірілуі. Амин қышқылдар алмасуының жалпы жолдары. Кейбір амин қышқылдарының алмасу ерекшеліктері.

2. Мақсаты:1. Студенттердің, белоктардың асқазан-ішек трактінде қорытылуы, шіруі және сіңірілуі жөніндегі білімін қалыптастыру.

2. Студенттерге асқазан сөлін физико-химиялық жолдарымен зерттеу жүргізуді үйрету.

3. Асқазан-ішек трактінің функционалды жағдайын түсіну үшін, алынған

биохимиялық көрсеткіштерді пайдалана білуді үйрету.

3. Оқыту мақсаты:Асқазан-ішек трактісінің функциясы бұзылу кезінде түзілген аурулар - өте көп таралған патология болып табылады. Сол себепті қорытылу, сіңірілу процесстерінің бұзылуына және белоктардың шіру процесстерін медицинада зерттеу үлкен актуальды проблема болып табылады. Биохимиялық лабораторияда асқазан-ішек трактісінің патологиясын анықтау үшін асқазан сөліне анализ жасаймыз.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қалыпты асқазан сөлінің физикалық қасиеттері және патология кезінде өзгеруі.

2. Асқазан сөлінің неорганикалық құрам бөліктері.

3. Асқазан сөліндегі тұз қышқылының ролі.

4. Асқазан сөлінің қышқылдығы, қышқылдық түрлері, өлшем бірлігі, қалыпты мөлшері.

5. Бос тұз қышқылының дебит-сағаты және “Сағаттық зорлану” секрециясы туралы түсінік.

6. Патологиялық жағдайдағы асқазан сөлінің қышқылдығының өзгеруі (гипер-, гипо-, ахлоргидрия және ахилия) туралы түсінік.

7. Асқазан сөлінің органикалық құрам бөліктері.

8. Асқазан сөлінде әртүрлі патологиялық жағдайларда түзілетін өнімдер, олардың түзілу себептері.

9. Асқазан ішек трактісінде белоктардың қорытылуы. Осы процестерге қатысатын ферменттер, олардың сипаттамасы.

10. Белоктардың қорытылуы нәтижесінде түзілген өнімдердің сіңірілуі.

11. Ішекте белоктардың шіруі, шіру нәтижесінде түзілетін улы өнімдер.

12. Белоктың шіруінен түзілген улы өнімдерді усыздандыру.

13. Жануар организміндегі амин қышқылдарының тағдыры (кесте).

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: құзіреттіліктерді меңгеру бойынша тиімді кері байланыс, шағын топтарда оқыту SGL, мәселелерге/есептелген негізделген оқыту TaskBL

6. Әдебиет:

Орыс тілінде:

Негізгі:

1.Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.

2.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М.,2005, 2007.

3.Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005, 2007.

4. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические основы питания с курсом общей биохимии – Алматы, 1998, 2008

Қосымша:

1.Тапбергенов С.О, Тапбергенов Т.С. Медицинская и клиническая биохимия.-Павлодар,2004.

2.Марри Р., Греннер Д., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека. 2003

3.Кольман Я., Рем К-Г. Наглядная биохимия.- М.: Мир, 2004.

4.Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.

5.Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,

проф. С.М. Адекенова. -Астана, 2003.

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1.Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды.-2007.

2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2.Сеитов З.С., Биологиялык химия, 2007

3.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

Қосымша:

1.Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана,2003.

Ағылшын тілінде:

1. Lehninger «Principles of biochemistry», Fourth Edition, David L.Nelson, Michael M. Cox, 2005.

2. Murray R.K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers Biochemistry.1988.

3. Saini A.S., Kaur J., Textbook of biochemistry.- New Delhi,1995.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар

1. Асқазан сөлінің қышқылдылығының түрлерін қалай анықтауға болады.

2. Асқазан сөлінде қанды, сүт қышқылын және өт қышқылдарын қалдықтарын қандай сапалық реакциялар арқылы анықтауға болады

3. Асқазан сөлінің патологиялық құрам бөліктерінің пайда болу себептері.

4. Асқазан сөлінде әр түрлі патологиялық жағдайдағы түзілетін өнімдер, олардың түзілу себептері.

5. Белоктардың шіру процессі мен қорытылу процесстерінің айырмашылығы.

6. Жануар индиканы дегеніміз не?

7. Асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылаған кезде, немесе төмендеген кезде сүт қышқылының мөлшері көбеюі мүмкін бе?

 

Ситуациялық есептер

1. Асқазан сөлін зерттеген кезде, сүт қышқылының көбейгені байқалады. Бұл қай патология кезінде болады.

2. Анализ кезінде асқазан сөлінен күкіртті сутегінің иісі сезілді және тұз қышқылының мүлдем кездеспейтіні анықталды. Науқастың іші өтеді, асқазан аймағында ауыр салмақ сезімі байқалады. Бұл жағдай асқазанның қандай патологиясы екенін білдіреді?

3. Науқас асқазан аймағының ауырсынуына шағымданады. Асқазан сөлін зерттеу барысында асқазан сөлінде қан бар екені және жалпы қышқылдықтың 90-ға тең екені анықталды. Сіздің диагнозыңыз.

4. Асқазан сөлінің жалпы қышқылдылығы энтеральды белсендіруден кейін 85 мм/л, ал бос тұз қышқылы НСІ - 65 мм/л болды. Бұл жағдай қалай аталады және асқазан сөлінде қандай патологиялық құрам бөліктері табылуы мүмкін.

5. Зерттелген зәрде көп мөлшерде индикан бар екені дәлелденді. Бұл өзгеріс қай жағдайда байқалады?

 

Лабораториялық жұмыстар

Бензидин әдісі

Анықтау әдісі: Пробиркаға сүзілмеген асқазан сөлінен 1-2 мл құямыз, оның үстіне 1 тамшы қаныққан бензидин ерітіндісін қосамыз (концентрлі хлор қышқылында немесе 0,2% спирті ерітіндісінде ерітілген бензидин), және 3% сутегінің асқын тотығынан 1тамшы құйып араластырамыз. Сұйықтық жайлап көк түске боялады. Біраз уақыттан соң сұйықтықтың түсі қоңыр түске ауысады.

Химиясы. Гемоглобиннің қатысуымен, бензидин сутегінің асқын тотығымен, тотықсызданып бензидинді көк түсті комплекс түзеді.

Конго-қызыл қағазымен реакция.

Конго-қызыл қағазына (конго-қызыл индикаторына алдын-ала малынып, кептірілген сүзгі қағаз) асқазан сөлінен 1-2 тамшы тамызамыз. Егер асқазан сөлінде бос тұз қышқылы бар болса қағаз көк түске боялады. Егер асқазан сөлінде бос тұз қышқылы болмаса және органикалық қышқылдар мөлшері көп болса қағаз қоңыр түске боялады. Конго-қызыл индикаторының ауысу аймағы 3,0-5,0 тең, сондықтан асқазан сөлінің рН ортасы бос тұз қышқылының әсерінен қышқыл болған жағдайда индикатор қағаздың түсі көк түске өзгереді (рН 3,0 төмен).

 

Асқазан сөлінің қышқылдығын парадиметиламиноазобензолмен анықтау.

Пробиркаға асқазан сөлінен 10 тамшы құйылып, парадиметиламиноазобензолдың 0,5%-ті спирті ерітіндісінен 1 тамшы қосылады. Асқазан сөлінде бос тұз қышқылының болуына байланысты қызыл түс пайда болады.

Асқазан сөлінің қышқылдығын бір сынамада анықтау.

Анықтау әдісі:

Колбаға сүзілген асқазан сөлінен 5мл өлшеп құйылады және парадиметил-аминоазобензолдың 0,5% спиртті ерітіндісінен 2 тамшы, 1% фенолфталеиннің спиртті ерітіндісінен 3 тамшы қосамыз. Содан соң титрлі бюретканы пайдаланып сұйықтықты 0,1н күйдіргіш натрий ерітіндісімен титрлейміз де төменде көрсетілген түстердің пайда болуына жұмсалған күйдіргіш натрийдің (мл) мөлшерін есептейміз:

1) қызыл түстен қызыл-сары түске өткенше қанша натрий гидроксиді жұмсалды (А-көлем);

2) қызыл түстен айқын сары түске дейін (В-көлемі);

3) қызыл түстен ашық қызғылт түске дейін жұмсалған натрий гидроксиді жұмсалады (С-көлемі).

Бұл жерде:

А көлемі дегеніміз - 5 мл асқазан сөліндегі бос тұз қышқылын нейтралдауға жұмсалған 0,1 н күйдіргіш натрий мөлшері (мл);

Ал Ах20 мәні - 100 мл асқазан сөліндегі бос тұз қышқылының мөлшері;

С көлемі дегеніміз - 5 мл асқазан сөліндегі барлық қышқылдық қасиеті бар басқа заттарды нейтралдауға жұмсалған күйдіргіш натрий (0,1 н) мөлшері (мл).

Сх20 асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы.

В+С - 5 мл асқазан сөліндегі тұз қышқылының жалпы мөлшері.

2

- 100 мл асқазан сөліндегі байланысқан тұз қышқылының мөлшері;

Есептеу мысалы:

5 мл асқазан сөлін титірлеуде А көлемі 1,75 мл, В көлемі - 2 мл, С көлемі - 2,5 мл болды дейік. Сонда асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы - С х 20 = 2,5 х 20 = 50;

бос тұз қышқылы - А х 20 = 1,75 х 20 = 35;

байланысқан тұз қышқылы







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 723. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия