Студопедия — Е С Е П Т Е У
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Е С Е П Т Е У






1мл 0,005н комплексон ІІІ 0,1мг кальциймен байланысады. ІІІ комплексонның сұйықтықтың титірлеуге кеткен мөлшерін (тәжірибедегі, бақылаудағы пробиркаларға) 0,1 көбейтіп есептейміз. 100мл қан сары суындағы (мг) кальций 400 рет көп түзіледі.

Мысалы: Тәжірибелік сынаманы титірлеуге 0,5мл жұмсалды делік, ал бақылау сынамасына 0,3мл жұмсалды. Сонда 0,5-0,3=0,2мл комплексон ІІІ 0,25мл сары судың кальциймен байланысады. Комплексонның 1 мл-і 0,1 мг кальциймен байланысса комплексонның 0,2мл-і Х мг кальциймен байланысады.

Осыдан Х= 0,2 х 0,1 = 0,02мг.

Сонда қан сары суының 0,25 мл-де 0,02мг кальций бар, ал 100мл-де 0,02 х 400 = 8мг кальций бар.

 

Қан сары суындағы фосфорды анықтау әдісі

Жұмыс принципі:Қан сары суындағы белоктар үшхлорлы сірке қышқылымен тұнбаға түседі. Молибден қышқылымен қан сары суындағы фосфор байланысып комплекс түзеді. Содан соң гидрохинонмен және күкіртті натриймен және аскорбин қышқылымен молибденді көк түсті сұйықтық түзеді. Ең соңғы сұйықтық көк түске боялады, бұл түс фосфорға байланысты (тәуелді).

Жұмыс әдісі:а) белоктың тұнбаға түсуі.

Колбаға 2 мл қан сары суын, 6 мл дистилденген суды құйып араластырамыз. Содан соң 20% үшхлорлы сірке қышқылынан 2 мл қосып және араластырамыз.

Сұйықтықты 10-15минут тыныштықта ұстаймыз, содан соң сүземіз.

б) Түрлі-түсті реакция: Пробиркаларға төмендегі ерітінділерді аламыз.

 

Сұйықтықтар Бақылау Тәжірибе
Белоксыз фильтрат сүзінді. Фосфордың стандартты ерітіндісі (1мг%) Молибден реактиві (2,5%) (молибден қышқылды аммонийдің 5н күкірт қышқылындағы ерітіндісі. 1% гидрохинон сұйықтығымен 20% күкіртті натрий ерітінділері.   —   —    

 

Екі пробиркадағы сұйықтықтарды 10 минуттан соң фотоэлектроколориметрде тығыздығын өлшейміз.

Кст х Ех

Есептеу: Кх =

Ест

Кст - 1 мг%

Ех және Ест -зерттеп отырған сұйықтықтар экстинкциясы.

Кх - фосфордың концентрациясы мг%

Бейорганикалық Р-дың мөлшерін анықтап болған соң мг %-тті милли Моль/литрге ауыстыру үшін төмендегі формулаға салады.

Р бейорг. мг % х 0,3229=Р бейорг мМоль/л

Қан сары суындағы темірдің мөлшерін БИОЛА ТЕСТ

реактивтер көмегімен анықтау.

Әдістің мақсаты.

Батофенантролин екі валентті темір ионымен әрекеттесіп, фотоэлектрокаллориметр арқылы анықтауға болатын комплекс түзеді.

Темірдің қан сары суындағы қалыпты мөлшері.

Ерлерде мкмоль/л - 14,3 – 26,0

Әйелдерде мкмоль/л - 10,7 – 21,5

Жұмыс реагентін дайындау.

Колбаға реактив 3-тен 3 мл тамызамыз және реактив 4-пен белгісіне дейін толықтырамыз. Егер ерітінді бұлыңғырланса тығыз фильтр арқылы сүземіз.

Анализді жүргізу. Үш пробиркаға келесі реактивтер алынады.

Ерітінділер І ІІ ІІІ
Жұмыс ерітіндісі 1,0 0,5 0,5
Қан сары суы 1,0 - -
Реактив 1 - 0,5 -
Дистил. Су - - 0,5
Реактив 2 1,0 1,0 1,0

 

Ерітінділерді араластырып, (5-60) минут аралығында ФЭК-те тығыздығын өлшейміз. Темірдің мөлшерін мына формуламен есептейміз:

А1

Fe 17,90 мкмоль/л

А2

Тест сұрақтары

 

1. Қан плазмасының құрамындағы натрийдің мөлшері:

а) 2-10 ммоль/л г) 10-30 ммоль/л

б) 130-156 ммоль/л д) 15-20 ммоль/л

в) 5-25 ммоль/л

2. Қандағы кальций катионының ролі:

а) БМҚ және майда еритін витаминдерді тасымалдау

б) қанда рН көрсеткішін және осмостық қысымды бір қалыпты ұстау

в) капиллярлар қабырғасын тығыздау және қанның ұюына қатысу

г) қанның ұюына қатысу, гормондардың секрециясына, бұлшық еттің

жиырылуын, нерв импульсының берілуін қамтамасыз етеді

д) қан плазмасындағы ферменттердің активтілігін арттырады

3. Қан плазмасының хлоридтері қатысады:

а) қанның ұюына және газдарды тасымалдауға

б) онкотикалық қысымды реттеуге глобиндердің ерігіштігін арттырады

в) қанның рН көрсеткішін, осмостық қысымын реттеуге, тұз қышқылының

түзілуіне

г) белоктардың ісінуіне және БМҚ-мен липидтерді тасымалдауға

д) қанның буферлік жүйесін түзуге, албуминдердің ерігіштігін арттыруға

4. Бикарбонатты буфер:

а) СО2 газының көзі

б) Nа ионының көзі

в) СО2 газын ткандерден өкпеге тасымалдайды

г) күшті қышқылдармен байланысады

д) аммиакты усыздандырады

5. Қан плазмасының құрамындағы калий ионының концентрациясы:

а) 2-10 ммоль/л г) 3,4-5,3 ммоль/л

б) 5-25 ммоль/л д) 15-20 ммоль/л

в) 130-156 ммоль/л

6. Қан плазмасындағы натрийдың мөлшері жиналады:

а) альдостеронның жеткіліксіз болуынан зәрмен бірге натрийдің және судың

мөлшері жоғары деңгейде бөлінеді, калидің мөлешерінің сыртқа

шығарылуы тежеледі

б) бүйректің өзгеше патологиясы кезінде, паренхиматоздық нефрит кезінде

в) электролиттердің бөлінуі

г) организмнің дегидратациясы кезінде

д) катиондар мен аниондарының санының бірдей болуы кезінде

7. Эритроциттердің құрамында кальцийдің ізі:

а) 2-10 ммоль/л г) 10-20 ммоль/л

б) 2,25-2,75 ммоль/л д) 2-5 ммоль/л

в) 5-10 ммоль/л

8. Плазмадағы магний ионының концентрациясы:

а) 2-10 ммоль/л г) 5-10 ммоль/л

б) 0,8-1,5 ммоль/л д) 6-12 ммоль/л

в) 2-5 ммоль/л

9. Эритроциттердің құрамындағы натрийдің концентрациясы:

а) 13-22 ммоль/л

б) 5-10 ммоль/л

в) 2-5 ммоль/л

г) 5-12 ммоль/л

д) 7-8 ммоль/л

10. Эритроциттердің құрамындағы калий ионының мөлшері:

а) 13-22 ммоль/л

б) 135-156 ммоль/л г) 3,4-5,3 ммоль/л

в) 77-96 ммоль/л д) 2,25-2,75 ммоль/л

11. Қан плазмасындағы темірдің концентрациясы:

а) 0,3-0,5 ммоль/л г) 18,5 ммоль/л

б) 0,02 ммоль/л д) 5 ммоль/л

в) 1 ммоль/л

12. Эритроциттердің құрамында темірдің мөлшері:

а) 10 ммоль/л г) 18,5 ммоль/л

б) 5 ммоль/л д) 30 ммоль/л

в) 20 ммоль/л

13. Гемоглобиннің физиологиялық туындылары:

а) карбгемоглобин және оксигемоглобин

б) метгемоглобин және карбоксигемоглобин

в) метгемоглобин және карбгемоглобин

г) оксигемоглобин және метгемоглобин

д) карбоксигемоглобин және оксигемоглобин

14. Гемоглобиннің патологиялық туындылары:

а) карбгемоглобин және оксигемоглобин

б) метгемоглобин және карбоксигемоглобин

в) метгемоглобин және карбгемоглобин

г) оксигемоглобин және метгемоглобин

д) карбоксигемоглобин және оксигемоглобин

15. Қалыпты жағдайда қанның рН көрсеткіші:

а) 6,37-6,44 г) 9,37-9,44

б) 7,37-7,44 д) 5,37-5,44

в) 8,37-8,44

16. Бикарбонатты буфер жүйесінің концентрациясы:

а) 1% г) 20%

б) 2% д) 30%

в) 10%

17. Организмнің ішкі орта рН көрсеткіші байланысты:

а) буферлік жүйелердің әсерінен

б) рН әсерінен

в) факторлардың әсерінен

г) температураның әсерінен

д) судың әсерінен

18. Фосфорлы буферлі жүйенің мөлшері:

а) 1% в) 10%

б) 2% г) 20%

д) 30%

19. Гемоглобинді буферлі жүйенің мөлшері:

а) 10% в) 50%

б) 15% г) 75%

д) 1%

20. Қанның құрамында фосфордың мөлшері:

а) 1-2 ммоль/л г) 5-10 ммоль/л

б) 4-7 ммоль/л д) 10-12 ммоль/л

в) 3-5 ммоль/л

 

 

1. Тақырыбы: Зәрдің биохимиясы. Қалыпты және патологиялық зәрдің құрам бөліктері. Зәрдің қалыпты және патологиялық құрамын анықтау.

2. Сабақтың мақсаты:

Болашақ стоматолог дәрігерлер үшін қалыпты зәрдің химиялық құрамын, физико-химиялық қасиетерін білу әр-түрлі патологиялық жағдайлардағы зәр құрамының, физико-химиялық қасиеттерінің өзгерістерін талдауда диагностикалық маңызы бар.

3. Оқыту мақсаты:

Студенттердің бүйректің қызметін және зәр туралы түсінігін, зәрдің түзілу жолдары, химиялық құрамы, физико-химиялық қасиеттері, нефронның ролі жөнінде білімін қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қалыпты зәрдің жалпы қасиеттері: мөлдірлігі, түсі, меншікті салмағы, мөлшері және патология кезінде өзгеруі.

2. Қалыпты зәрдің органикалық құрамы, олар түзелетін процестерді атау, формуласын жазу.

3. Мочевинаның түзілетін жері, орнитинді цикл. Мочевинаның химиялық табиғаты және зәрмен бір тәулікте бөліну мөлшері.

4. Креатинин, химиялық табиғаты, тәуліктік мөлшері.

5. Индикан, химиялық табиғаты, түзілетін орны, диагностикалық маңызы.

6. Несеп қышқылы, химиялық табиғаты, тәуліктік бөліну мөлшері, патология кезінде өзгерісі.

7. Қалыпты зәрдің бейорганикалық құрамы, олардың түзілетін процесстерін анықтау.

8. Патологиялық зәрдің құрам бөліктері.

9. Протеинурия, түрлері, түзілу себептері сапалық реакциялары және зәрдегі белоктың мөлшерін анықтаудың диагностикалық маңызы.

10. Глюкозурия, түзілу себептері, сапалық реакция, зәрдегі глюкозаны анықтау.

11. Протеинурия, түрлері, түзілу себептері сапалық реакциялары және зәрдегі белоктың мөлшерін анықтау.

12. Кетонурия, кетон денелерінің түзілуі, кетонурия себептері. Ацетонға сапалық реакция.

13. Гематурия және гемоглобинурия, пайда болу себептері сапалық реакциясы. Гематуриядан гемоглобинурияны қалай ажыратуға болады.

14. Билирубинурия, түзілу себептері. Тікелей билирубиннің химиялық табиғаты. Өт пигменттеріне сапалық реакция.

15. Креатинурия, түзілу себептері жануар организмдегі креатиннің тағдыры.

16. Қышқылды-сілтілі тепе-теңдікте бүйректің қызметі.

17. Су-минерал алмасуы.

18. Гомеостаздың реттелуі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

6. Әдебиет:

Қазақ тілінде

Негізгі:

1. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж. Биологиялық химия Қарағанды.-2007.

2. Тапбергенов С.О Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

3. Сейтембетова А.Ж., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

Қосымша:

1.Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф.С.М. Адекеновтің ред. Басшылығымен.- Астана, 2003

2.Сеитов З.С., Биологиялық химия, 2007.

Орыс тілінде

Негізгі:

1.Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия, - Астана,2001.

2.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.-М., 2005, 2007.

3.Биохимия, под ред.Чл.-корр. РАН, рпроф. Е.С.Сервина.-М., 2005, 2007.

4.Николаев А.Я. Биологическая химия. - М.,2004.

Қосымша:

1. Тапбергенов С.О, Тапбергенов Т.С Медицинская и клиническая биохимия. –Павлодар, 2004.

2. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические основы питания с курсом общей биохимии- Алматы, 1998,2008

3. Марри Р., ГренерД., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека. 2003

4. Кольман Я., Рем К-Г.Наглядная биохимия. М.:Мир, 2004.

5. Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов, под ред. Чл.- корр. РАН, проф. Е.С.Северина.-М.,2005.

6. Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред чл.- корр. НАН РК, д.х.н.,

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар.

1. Гематурияны гемоглобинуриядан қалай ажыратуға болады?

2. Кетон денелерінің түзілу реакцияларын жазыңыз, қай жерде түзіледі. Зәрде қай реакция арқылы оны анықтауға болады? Зәрде қандай жағдайда пайда болады?

3. Қанның құрамында глюкозаның қандай концентрациясы кезінде, зәрде глюкоза пайда болады. Бұл жағдай қалай аталады?

4. Бүйрек арқылы зәрмен сыртқа шығарылатын көмірсу, липид, белок алмасуының соңғы өнімдерінің формуласын жазыңыз.

5. Уремия дегеніміз не? Қай кезде байқалады?

6. Диурезге байланысты қалыпты зәрдің түсінің және тығыздығының өзгеруі.

7. Зәрдің патологиялық құрамын атаңыз.

8. Қай органның зақымдануы кезінде зәрде мочевинаның мүлдем көбейгені байқалады.

9. Анурия дегеніміз не? Түрлері, қай кезде байқалады

10. Сау адамда зәрдің тәуліктік мөлшері?

 

Ситуациялық есептер

1. Зәрде креатиннің анықталуы, қай кезде байқалады және бұндай жағдай қалай аталады?

2. Өт пигменттеріне сапалық реакция оң көрсеткіш көрсетті. Қандай патологиялық жағдай деп ойлауға болады? Зәрде қандай билирубин түзіледі? Оның химиялық табиғатын жазыңыз.

3. Зәрде 0,22г/л белок табылды. Қандай патология деп ойлауға болады? Бұл жағдай қалай аталады? Түзілу себептері.

4. Науқас адамның зәрінің мөлшері 300 мл, тығыздығы 1,006 1 тәулікте. Қандай диагноз. Қандай жағдайды көрсетеді.

5. Науқас адамда зәрінің мөлшері өзгерген, әр тәуліктегі зәрдің тығыздығы өзгермеген. Бұл жағдай қалай аталады? Бүйректің қай функциясы бұзылғандығы байқалады?

6. Жаңадан бөлінген зәр бұлыңғыр түске айналды. Не себепті? Түсіндіріңіз

7. Пробиркадағы зәрді қатты шайқаған кезде сары түсті көпірік пайда болды. Бұл жағдай нені айтады?

Лабораториялық жұмыс

Зәрдің құрамындағы белокты анықтау

Белок: Зәрдегі белоктың сандық мөлшерін және сапасын анықтау тәсілдері негізінен олардың коагуляциялануына негізделген. Белоктың коагуляциясы зәрдің өзінде немесе зәр мен қышқылдық шекарасында жүруі мүмкін.

1. Сульфосалицил қышқыл пробасын анықтау жолы.

Екі пробиркаға 3 мл-ден сүзілген зәр құйып, тәжірибе жүргізетін, пробиркаға 6-8 тамшы реактив тамызып қара қағазды жанына ұстап екі пробирканы қарасақ, тәжірибе жүргізген пробирканың қоюланғаны байқалады. Бұл зәрде белок бар деген сөз. Проба оң деп саналады.

Реактив: 20%-ттік сульфосалицил қышқылы.

2. Унифицирленген Брандберг-Робертсстольников тәсілі.

Химизмі: Жұмыс Геллердің сақиналы пробасына негізделген, азот қышқылы мен зәрдің шекарасында (егер зәрде белок болса) белок коагуляцияланып, ақ сақина пайда болады.

 

Анықтау жолы.

Пробиркаға 1-2 мл азот қышқылын (немесе Ларинова реактивін) абайлап құяды да, 1-2 мл сүзілген зәрді пробирка қабырғасы арқылы жайлап, қышқылмен араласып кетпейтіндей етіп құяды.Осы екі сұйықтықтың шекарасында жіңішке ақ сақина пайда болады. Бұл құбылыс 2-3 минут арасында байқалса зәрдегі белоктың концентрациясы шамамен 0,033 г/л. Егер сақина екі минуттан ерте пайда болса, зәрді сумен сұйылтып тәжірибені қайталау қажет. Пайда болған сақинаның жуан, жіңішкелігіне қарай, зәрді сұйылтуға болады. Егер жіңішке жіп тәрізді тұнба 2 минуттан ерте пайда болса зәрдегі 2 есе, ал сақина жалпақ болса 4 есе, ал тығыз болса 8 есе сұйылту қажет. Белоктың концентрациясын анықтау үшін 0,033 сұйылту дәрежесіне көбейтіп граммен есептейді (1 л).

Лабораториялық жұмыс

Зәрдегі глюкозаны анықтау

 

1. Ниландер реакциясы (жұмысты қараңыз).

2.Фелинг реакциясы (жұмысты қараңыз).

Лабораториялық жұмыс

Зәрдегі ацетонды анықтау

Натрий нитропруссидімен реакция

Жұмыс барысы:1. Пробиркаға 10 тамшы зәр аламыз, содан соң жаңа дайындалған 10% натрий нитропруссиді ерітіндісімен 3 тамшы және 10% натрий гидроксидінен 5 тамшы алынады. Ацетон немесе ацетосірке қышқылының қатысуымен қызыл боялған ерітінді пайда болады, концентрлі сірке қышқылының қосқанда шие түсті қызыл түске ауысады.

Химизмі:Ацетон сілтілі ортада, натрий нитропруссидімен әрекеттесіп сары қызыл түс береді, ол ерітіндіге сірке қышқылын қосқанда шие түсті қызыл түс пайда болады.

2. Пробиркаға 10 тамшы зәр, 5 тамшы концентрлі сірке қышқылын, 3 тамшы жаңа дайындалған 10% натрий нитропруссидінің сулы ерітіндісінен аламыз, жақсылап араластырып, пробирканың қабырғасымен жайлап 10 тамшы аммиак ерітіндісін қосамыз. Ацетон немесе ацетон сірке қышқылының қатысуымен пробиркадағы ерітінділер арасында күлгін түсті сақина пайда болады.

3. Пробиркаға 10-15 тамшы зәр аламыз және күкірт қышқылды аммони ұнтағын ерітінді қаныққанша қосамыз. Алынған сұйықтыққа жаңа дайындалған 10% натрий нитропруссидінен 2 тамшы қосып араластырамыз да пробирканың қабырғасы бойымен абайлап 10 тамшы аммиак ерітіндісін қосамыз. Ацетонның қатысуымен күлгін түсті сақина пайда болады. Араластырғанда бүкіл ерітінді күлгін түске боялады.

Лабораториялық жұмыс

Зәрдегі қанды анықтау

1. Бензидин әдісі: құрамында қаны бар зәрге бензидин сынамасын жасаймыз (218 жұмысты қараңыз).

2. Геллер реакциясы: бұл реакция зәрдегі қанды ғана анықтайды.

Жұмыс барысы: пробиркаға 10-15 тамшы зәр, 10% NаОН ерітіндісінен 5 тамшы алып, қайнатамыз. Қоңыр-қызыл түсті тұнба түзіледі.

Химизмі: сілтілі ортада түзілген фосфаттар тұнбасы гемохромогенмен қызыл-қоңыр түске боялады (гемоглобиннің бұзылғандағы өнімі).

3. Пирамидонмен реакция.

Жұмыс барысы: Пробиркаға 10 тамшы зәр, 5% пирамидон ерітіндісінен 10 тамшы, мұздатылған сірке қышқылынан 2 тамшы, 3% сутегінің асқын тотығының 2-3 тамшы алып, жақсылап араластырамыз. Күлгін түс пайда болады.

 

Лабораториялық жұмыс

Зәрдегі өт пигменттерін және өт қышқылдарын анықтау

1. Гмелин реакциясы.

Жұмыс барысы: Пробиркаға концентрлі азот қышқылынан 10 тамшы аламыз және пробирканың қабырғасымен абайлап зәр ерітіндісін құямыз. Ерітінділер арасында бірнеше түрлі түсті сақина пайда болады, ал өт пигменттеріне жасыл түсті сақина тән.

Химизмі: Зәрдегі билирубин азот қышқылымен әрекеттесіп бір қатар пигменттерге дейін тотығады, оның ішінде биливердин жасыл түске ие.

2. Розенбах реакциясы.

Жұмыс барысы: зерттелетін зәрді бірнеше рет сүземіз де концентірлі азот қышқылынан 1 тамшы құямыз. Бірнеше түрлі-түсті сақина пайда болады, жасыл түсті сақина сыртында орналасады.

Химизмі: Бірнеше рет фильтрациялағанда билирубиннің біразы фильтрде қалып қояды да кейінірек тотығып, бір қатар өнімдеріне соның ішінде биливердинге айналады.

3. Розин реакциясы.

Жұмыс барысы: Пробиркаға 10 тамшы зәр аламыз және пробирканың қабырғасымен абайлап бірдей көлемде 10% иодтың спирті ерітіндісін қосамыз. 1-2 минуттан соң жасыл түсті сақина пайда болады.

4. Өт қышқылдарына Петтенкофер реакциясы: зәрдегі өт қышқылдарын 232 жұмыс сияқты анықталады.

 

Зәрдегі индикан.

Индикан - индоксилкүкірт қышқылының натрийлі және калийлі тұзы.

Ішек микрофлорасының қатысуымен триптофаннан индол түзіледі. Индол қан арқылы бауырға тасымалданады да организмнен зәр арқылы индикан түрінде шығарылады. Индоксил күкірт қышқылының бөлінуінің күшеюі ішектегі белоктардың шіру процессі күшейгенде, іш қату кезінде, ішек түйілгенде және де іріңді процесстер кезінде байқалады.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 643. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия