Студопедия — Ауіпсіздік пен еңбек қорғаудың жалпы талаптары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ауіпсіздік пен еңбек қорғаудың жалпы талаптары






Казхром» трансұлттық компаниясы Акционерлік қоғамы

1.1 Химиялық зертханада марганец кенінің үлгісін сынау жүзеге асады.

V разрядты техник – зертханашы марганец кенінің үлгілерін химиялық талдауды жүзеге асырады, химиялық және спектральды талдау нәтижелеріне талаптардың атқаралуын бақылауды жүзеге асырады. Техника зертханашының жұмыс орны кеніштің химиялық зертханасы болып табылады.

1.2 Химиялық зертхана ұжымына қойылатын медициналық талаптар:

а) мамандық бойынша міндеттер орындауға жарамдылығын анықтау мақсатында вахталық әдіспен жұмысқа түсу алдында алдын ала медициналық тексеруден өту;

б) жұмыскерлердің денсаулық күйін динамикалық бақылауды, аурулардың әр түрлі белгілерін мерзімді орнату, жалпы, кәсіби ауруларды ескертуді қамтамасыз ету мақсатында жылына бір рет міндетті медициналық бақылаудан өту;

в) жұмыс ауысымы басталардан 30 минут бұрын ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өту, жұмыс орындауға жарамды деп танылу үшін;

1.3 Техника-зертханашының өздік жұмысына жіберіледі:

а) 18 жасқа толған;

б) алдын ала медициналық тексеруден өткен;

в) кіріспе нұсқаулықтан және жұмыс орнында бірінші ретті нұсқаулықтан өткен;

г) құзырлы органда сәйкес тексеруден өткен және прекурсорлармен жұмысқа рұқсат алған тұлғалар;

д) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезінде техника қауіпсіздігінің ережелері бойынша оқудан өткен және электр қауіпсіздік бойынша екінші топқа емтихан тапсырған.

е) орташа арнайы (техникалық) білімі, химиялық анализ зертханашысы мамандығы бойынша білім туралы куәлігі бар, «химиялық анализ зертханашысы» мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес;

1.3.1 Техник-зертханашы өз қызметінің барысында өту керек:

а) қайталама нұсқаулықтардың арнайы журналында тіркеумен жылына 2 кем емес ЕҚ және ӨҚ бойынша қайталама нұсқаулықтар;

б) мамандық бойынша өндірістік қауіпсіздік біліміне 10- сағаттық бағдарлама бойынша жыл сайын оқудан өту, сонымен қатар мамандық бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша оқудан өту;

в) өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар жүргізу есебінің журналында өртке қарсы қайталама нұсқаулық;

1.3.2 Техник- зертханаы жұмыс орнында ие болу керек:

а)) мамандық бойынша куәлік;

б) өндірістік қауіпсіздік бойынша куәлік;

в) еңбек қорғау бойынша білім тексеру туралы куәлік;

г) II (екінші) топтағы электр қондырғыларында жұмыс нормалар мен ережелер біліміне тексеру туралы куәлік;

д) тұлғалық жетілу жоспары.

1.3.3 Техник- зертханашы келесі жұмыс түрлерін орындайды:

а) химиялық реактивтерді қолдануды сақтау және бақылау:

- химиялық ерітінділер дайындау;

-химреактивтер мен прекурсорлар шығыны бойынша жазба жүргізу;

б)химиялық ыдыс қолдану:

-ішкі және сыртқы бақылауға геологиялық үлгілердің химиялық талдауын алу;

-бөлшекті үлгілер дайындау;

-химиялық ерітінділер дайындау;

в) қышқыл сілтілермен жұмыс:

-химиялық ерітінділер дайындау;

-химреактивтер мен прекурсор шығыны бойынша жазба жазуды бақылау;

г) үлгіні кептіру:

-химиялық талдау жүргізу;

д) электр жабдығымен жұмыс жасау:

-ішкі және сыртқы тексеруге геологиялық үлгілердің химиялық анализін жүргізуді бақылау;

- спектрометрді бөліктеу;

-фотометрлі бөліктеу;

-зертханалық жабдық жұмысын бақылау.

е) химиялық реактивтерді және ерітінділерді қайта қолдану:

-бейтараптандырғыш ерітінділер дайындау;

-бейтараптандыру үрдісін бақылау.

ж) жұмыстар өндірісі кезінде қауіпті факторларды бағалау;

и) зертханалық үлгілерді дайындау сапасын бақылау.

1.4 Техник-зертханашы білу керек:

а) қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нағыз нұсқаулық;

б) ЕҚН-07-25 «Химиялық анализ зертханашысына арналған қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтар» қауіпсіз және еңбекті қорғау нұсқаулығы;

в) ЕҚН-07-62 «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша жалпы ережелер» қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтар;

г) «Казмарганец» КБ еңбек қорғау бойынша алтын ережелері;

д) 6.2-02-02 «Казхром» ТҰК АҚ «Казмарганец» КБ құрылымдық бөлімдері жұмыскерлерінің ішкі еңбек тәртібі туралы» ережелері;

е) ескертуші дыбыс және жарық дабылдарының тізімі;

ж) апатты жою жоспары;

и) КИ-19-01 «Бастапқы кенді, қайта өңдеу өнімдері мен дайын өнімді үлгілеу және химиялық, түйіршікметрикалық құрамын анықтау реті» бақылау нұсқаулығы;

к) КИ-19-02 «Казмарганец КБ аналитикалық жұмыстар сапасын бақылау» бақылау нұсқаулығы;

л) ЕҚМИЖ (еңбек қорғау менеджментінің интегралданған жүйесі) саясаты.

1.5 Техник- зертханашы оқыс оқиғалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын, медициналық дәрі қорабының орналасуын білу керек.

1.5.1 Техник-зертханашы медициналық дәрі қорабынан дәрілер қолдану кезінде «Медициналық дәрі қорабынан алғашқы көмек көрсетуді тіркеу беті» формасын міндетті түрде толтырып, дәрілер қолдану бойынша нұсқаулықтарды қатаң сақтау керек.

1.5.2 Техник-зертханашы медициналық дәрі қорабын жұмыс орнында зауыттық қаптамада сақтап, оған тікелей күн көзі, төмен температура, ылғал, механикалық әсерді болдырмау керек.

1.5.3 Оқыс оқиға немесе апат кезінде автокөлік жөндеу бойынша слеарь (ТНВД) зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жағдай туралы тікелей жетекшіге жеткізіп, егер өмір мен адамдар денсаулығына қауіп тудырмаса, оқиға орнындағы күйді сақтау бойынша шаралар қабылдау қажет.

1.6. Техник-зертханашы ауру немесе шаршаған күйде жұмыс жүргізбеуі керек.

1.6.1 Назар мен реакция жылдамдығын төмендетуші дәрілік препараттар әсерінде жұмыс орындауға тыйым салынады.

1.6.2 Жұмыс алдында техник-зертханашы жүктелген жұмысты қауіпсіз орындауға өзінің тәжірибелік дайындылығын, психофизиологиялық күйін бағалап, ауру кезінде тікелей жетекшіге хабарлау тиіс.

1.6.3 Жұмыс орнында немесе жұмыс уақытында алкоголь сусындарын ішуге, психотропты, токсинді немесе есірткі заттарын қолдануға тыйым салынады. Сонымен қатар вахта мен вахталық елді мекенде болған кезде алгокоголь сусындарын, психотропты немесе токсинді заттар қолданумен пайда болған, масаюдың қалдық құбылыстарымен жұмыс орнында және кәсіпорын аймағында келуге және жүруге болмайды.

1.7 Химиялық анализдің техник – зертханашысы өрт қауіпсіздігінің шараларын сақтау керек:

 

а) арнайы бөлінген жерлерде темекі шегу;

б) жұмыс орнында ашық от қолданбау;

в) өрт сөндіргішті қолдана білу, сонымен қатар ең жақын өрт қалқанынының орналасуын білу;

г) жұмыс орындарында, сонымен қатар тұрғын бөлмелерде өздігінен жасалған электр қыздыру құралдарын қолдануға жол бермеу.

1.8 Өндірістік аймақта техник -зертханашы қолданылатын ескерту белгілері мен жазбаларында айталған әрекеттерді орындауға міндетті, мысалы «Шықпа, өлтіреді!!!», «Қоспа! Адамдар жұмыс жасауда!!!». Сонымен қатар әрекет етуші автокөлік жанындағы дыбыс, жарық дабылдарының талаптары.

1.9 Өндірістік алаңшада болған кезде техник-зертханашы қауіпсіздік белгілерінің талаптарын орындау керек. Қауіпсіздіктің негізгі белгілері келесі топтарға бөлінеді:тыйым салушы белгілер; ескертуші белгілер; өрт қауіпсіздігінің белгілері;жазушы белгілер; эвакуациялық белігелер мен медициналық, санитарлық тағайындалған белгілер, көрсету белгілері.

1.10 Жеке қорғау құралдарын қолдану мерзімі (кейін-ЖҚҚ) автокөлік жөндеу бойынша слесарьға (ТНВД) іс жүзінде берілген күннен бастап есептеледі. ЖҚҚ оның бойына, өлшемдеріне, сонымен қатар орындалатын жұмыс сипаты мен талаптарына сай келу керек.

1.10.1. Ерекше температуралық жағдайларда қолданылатын ЖҚҚ кию мерзімі олардың ұйымдасқан сақталу уақытын қосады. Температураның жыл сайынғы мерзімдік өзгерістерімен түсіндірілетін ерекше температуралық жағдайларда қолдану үшін тағайындалған арнайы киім техник – зертханашыға сәйкес жыл мерзімінің басталуымен беріледі, аяқталған соң келесі мерзімге дейін ұйымдасқан сақтау үшін ТМҚ қоймасына өткізіледі.

1.10.2. Техник - зертханашыға ЖҚҚ беру ЖҚҚ есепке алу – берудің жеке карточкасында белгіленеді.

1.10.3 ЖҚҚ кию мерзімі аяқталған соң ұйымдасқан жою үшін ТМҚ қоймасына қайтарылады.

1.10.4 Техник - зертханашыға байланыссыз себептер бойынша сақтауға бекітілген орында (шкафта) ЖҚҚ бұзылған немесе жоғалған жағдайда жұмыс беруші оған дұрыс ЖҚҚ береді. Жұмыс беруші жұмыскерге тәуелсіз себептер бойынша кию мерзімі аяқталғанға дейін жарамыз болған ЖҚҚ жөндеуін немесе ауыстыруын қамтамасыз етеді.

. 1.10.5 Техник-зертханашы оған берілген жеке қорғау құралдарын зауыт дайындаушы нұсқаулықтарына сай тағайындалу бойынша және дұрыс қолдануға міндетті, егер олар болмаған немесе бұзылған жағдайда бұл туралы тікелей жетекшіге хабарлау.

1.10.6 Техник-зертханашы оған бекітілген ретте жеке қорғау құралсыз, сонымен қатар ластанған арнайы киімде және арнайы киімде, ақаулы жеке қорғау құралдарымен жұмыс орындауға жіберілмейді.

1.10.7 Арнайы киім бос және кең емес, жеңдер түймелену керек:

а) жанғыш бояу заттары сіңген киімде жұмыс жасауға тыйым салынады;

б) жеке қорғау құралдарында жарық көрсетуші жолақтарды жоюға тыйым салынады;

в) ЖҚҚ беру нормаларымен қарастырылған синтетикалық материалдардан жасалған мойын шалғы, киім қолдануға тыйым салынады.

1.10.8 Техник-зертханашыға жұмыс ауысымы (вахта) аяқталғаннан кейін ЖҚҚ-н бөлімше немесе жұмыс орындау аймағынан тыс шығаруға болмайды. Жеке жағдайларда, жұмыс талаптары бойынша (басқа бөлімшеге іс сапар, өндірістік қажеттілікке байланысты) ЖҚҚ бөлімше бұйрығымен аймақтан тыс шығарылады.

1.10.9 Арнайы киім, аяқ киімді қасақана бұзғаны және жоғалтқаны үшін материалдық жауапкершілікке тартылады.

1.10.10 Техник-зертханашы жұмыс уақытынан тыс ЖҚҚ жеке киім (аяқ киім) және арнайы киімді бөлек сақтау үшін шкафта сақталады. Бұл жағдайда жеке қорғау құралдарын сақтауға жауапкершілік техник – зертханашығ жүктеледі.

1.10.11 Сақтау кезінде арнайы киім шаң мен тозаңнан мұқяит тазартылып, кептіріліп, жөнделу керек. Арнайы аяқт киім жиі тазаланады.

1.10.12 Техник-зертханашыға оған берілген жеке қорғау құралдарын басқа тұлғаға беруге тыйым салынады.

1.10.13 Техник-зертханашы бекітілген үлгіде, ұйым логотипі бар арнайы киім киюге міндетті.

1.10.14 Химиялық зертханада техник-зертханашы бас киімде (қалпақ, орамал) болып, шаш бас киім астында болу керек.

1.10.15 Орамал (қалпақ) басты тығыз жауып, жылжымай, көру аймағының өрісін шектемеу тиіс. Бас қорғаудың барлық құралдарын үнемі тазалап, тексеріп отыру керек. Егер орамал (қалпақ) ластанса, оны ауысым соңында шаруашылық сабынмен жуып, келесі ауысымға дейін кептіру қажет.

1.10.16 Көздік қорғау құралдары күн сәулесі мен абразивті материалдардан алыс сақталу керек. Линзаларды жұмсақ матамен жылы сабынды суда тазарту керек. Көзді қорғау құралдары кез келген шаруашылық сабынмен дезинфекциялануы мүмкін.

1.11 Техника-зертханашы үшін арнайы киім мен ЖҚҚ беру нормасы 1 кестеде көрсетілген.

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 214. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия