Студопедия — НДІРІСТІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

НДІРІСТІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ






Кәсіпорынның бас жобасы өндірістік нысандарды жобалаудың өртке қарсы және санитарлық нормаларына жауап беруі керек. Өндірістік кәсіпорын алаңын жобалау кезінде келесі қағидаларды ескеру қажет:

а) бөлінетін зияндылықтар (газ, шаң, түтін, шу т.б.) түрлеріне және атмосфераға лақтырылатын шығарылымдарды тазалау дәрежесіне байланысты технологиялық үрдіс сипаты;

Осыған сәйкес кәсіпорын класы белгіленіп, кәсіпорын мен жақын маңайда орналасқан тұрғын аймақ арасындағы санитарлық қорғаныс алаңының ені таңдалады. Санитарлық қорғаныс аймағының алаңын көгалдандырылу және жайландыру көзделеді.

б) құрылыс алаңы бетінің күйі (орналастыру, көлбеулер, шалағай және сарқынды суларды шығаруды қамтамасыз ету);

в) кәсіпорын алаңында жолдардың орналасуы және адамдардың қауіпсіздігін ұйғару бойынша оларға қойылатын талаптармен қамтамасыз ету;

г) алаң бойына адамдардың жүруі үшін аяқжол ұйымдастыру (аяқжолдардың ені, жабындысы, авто көлік пен темір жол көлігіне қатысты орналасуы);

д) адамдар мен көліктердің жұмыс істеу және қозғалыс алаңдарын жасанды жарықтандыру.

е) кәсіпорын алаңында орналасатын өндірістік ғимараттар, үймереттер, жабық қоймалар және қосалқы ғимараттар арасындағы негізгі өртке қарсы алшақтық (кесте 2);

ж) өндірістік зияндылықтар бөлінетін барлық өндірістік ғимараттар басқа ғимаратттар мен тұрғылықты кварталдарға қатысты алғанда басым желдердің бағытына сәйкес орналастырылуы керек;

з) кәсіпорынның бас жоспарында өртке қарсы іс-шаралар кешеніне кіретін барлық ғимараттар, оның ішінде гидранттардың орналасуымен өртке қарсы су құбырлары да белгіленуі қажет

Өндірістік аймақта әрбір ғимаратқа жоба бойынша бос жатқан аумақ бойымен өрт сөндіруші машиналар кіре алатындай кем дегенде екі жағынан ені 6 м-ден кем емес, ал ауданы 10 гектардан көп ғимараттар үшін барлық жақтарынан да кіре берістер ұйымдастырылуы керек.

Цех ішінде (өндірістік ғимарат ішінде) қондырғыларды орналастыру тәсімдері технологиялық сұлбаның талаптарын ескере отырып, яғни қызметкерлерге арналған өтпелдер мен цехішілік көліктерге арналған өту жолдарының минималды ені ұйымдастырылады.

Жобаланатын технологиялық үрдіс пен қондырғыларды зерттеу негізінде құрамында: айналмалы және қозғалмалы элементтері бар, жұмыстардың биіктікте орындалуымен, жүктердің биіктікте тасымалдануымен сипатталатын, электрлік желісінің жоғары кернеуінде жұмыс істеуімен, жоғары немесе төмеңгі температурадағы элементтері немесе беттік аймақтарымен, бу немесе жоғары температурадағы судың бөліну мүмкіндігі бар аймақтарымен т.б. сипатталатын жарақат қауіпті аймақтар белгіленеді.

Электр тоғымен зақымдалудан қорғану іс-шараларын, электр желілерінде қысқа тұйықталудың нәтижесінде жарылыс пен өрттердің пайда болуынан қорғаныс (арнайы орындалған электр қондырғыларын пайдалану; қауіпсіз кернеулік, күштік және жарықтандырғыш желілердің тоқ өткізгіш бөліктерін оқшаулау; оларды қолмен ұстап қалудан жеткіліксіз жерге орналастыру; блоктауды, ескерту дабылдарын қолдану; қорғаныстық жерсіндіру мен өшіп қалуды; жеке қорғаныс құралдарын пайдалану т.с.с.).

Қысыммен жұмыс атқаратын қондырғыны қарастыру, Мемтехбақылау ұйымының тіркеуіне жататындарын және кәсіпорын әкімшілігінің бақылауында болатындарын анықтау қажет. Қысыммен жұмыс істейтін әр жабдыққа қатысты зиянды және қауіпті факторлар мен мүмкін болатын апат себептерін анықтау қажет.

Қысыммен жұмыс істейтін әр жабдыққа қатысты бақылаушы-өлшегіш аппаратураны, қауіпсіздік жабдықтары мен автоматикасын таңдап, оларды негіздеу қажет. Қысыммен жұмыс істейтін жабдыққа қойылатын қауіпсіздік талаптарын, оны орналастыруға лайықты ғимарат пен қызмет атқаратын жұмысшыларға деген талаптарды негіздеу қажет.

Ғимараттағы шу мен дірілдің пайда болу көздері белгіленеді және ғимараттағы діріл акустикалық активті қондырғыларды есепке ала отырып, жұмыс орындарындағы олардың нақты деңгейлері бағаланады.

Еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілерді аттестациядан өткізу, бұл өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді қауіпсіздікті, зияндылықты, оларда жұмыс істейтін ауырлығы мен қауіпсіздік пен еңбек қорғау облысындағы жүргізілетін іс-әрекеттер.

Өндірістік объектілерді аттестациядан өткізуге кіретіндер:

­ қауіпсіздік пен еңбек қорғау облысындағы нақты нормативтермен сәйкес ұйымдардың жұмыс орындарын аттесттациядан өткізу;

­ қауіпсіздік пен еңбек қорғау облысындағы олардың нормативтерімен сәйкестігі бойынша ұйымдардың өндірістік объектілерін кешенді бағалау:

­ еңбектің қауіптілігі мен зияндылығы дәрежесін бағалау;

­ жарақат қауіпсіздігі дәрежесін бағалау мен ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;

­ жеке қорғаныс құралдарымен жұмыскерлердің қамтамасыз етілуін бағалау.

Өндірістік объектілерді аттестациядан өткізу нәтижесі келесідей мақсаттарда қолданылады:

­ нормативті құқықтық актілердің талаптарымен сәйкес жұмыс орындары үшін еңбек қауіпсіздігі мен жағдайын жақсарту бойынша ұйымдық –техникалық шаралар кешенін өткізу;

­ жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік ортаның нақты жағдайының шарттарын бағалау;

­ жұмыскерлерді қажетті жеке қорғаныс құралдарымен және ұйымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуін анықтау, олардың нақты жұмыс шартымен және оларға қойылатын стандарттар талаптарымен сәйкес келуін анықтау;

­ кәсіби аурулар мен кәсіби аруларға диагноз қоюға қауіп туындаған кезде орындалатын жұмыс пен кәсіпке байланысты аурумен байланыстылығын анықтау үшін қауіпті немесе зиянды жұмыс жағдайында жұмыс фактісін тағайындау, сонымен бірге дау-дамайлы жағдайларды шешу мен басқада жағдайларда сот түрінде шешу кезінде жұмыс фактілерін анықтау қажет;

­ өндірістік объектілерді немесе жабдықтарды пайдалануды (тоқтату), сонымен бірге технологияның өзгеруі туралы шешім қабылдау;

­ еңбек жағдай туралы статистикалық есеп беруді жасау;

­ жұмыскерлердің еңбектік міндеттерін (қызметтерін) орындауы кезінде, жұмыскердің денсаулығы мен өміріне келтірілген зиянына жұмыс берушінің жауаптылығын сақтандыру кезінде сақтандырушының (жұмыс берушінің) сақтандыру тарифін анықтау;

­ Қазақстан Республикасының еңбектік заңнамаларымен қарастырылған, зиянды және қауіпті еңбек жағдайындағы жұмыстарда жұмыскерлерге жеңілдіктер мен жәрдем ақылар төлеуді негіздеу;

­ зиянды өндірістік факторлар мен олардың әсерінен қорғау бойынша жүргізілетін шаралар туралы еңбек қорғау мен қауіпсіздік шарттары туралы жұмыскерлермен нақты ақпарат алу.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 248. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия