Студопедия — Бап. Шаруашылық және өзге де объектiлердi жобалауға қойылатын экологиялық талаптар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бап. Шаруашылық және өзге де объектiлердi жобалауға қойылатын экологиялық талаптар






1. Кәсiпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды, өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы объектiлерiн, сумен жабдықтау жүйелерiн, кәрiздердi, гидротехникалық құрылыстарды, көлiк және байланыс объектiлерiн, технологиялық процестердi, бұйымдар мен жабдықтарды, басқа да объектiлердi жобалау кезiнде:
1) қоршаған орта сапа нормативтерiнiң сақталуы;
2) қауiптi қалдықтардың залалсыздандырылуы және кәдеге жаратылуы;
3) қалдығы аз және қалдықсыз технологиялардың пайдаланылуы;
4) қоршаған ортаны ластаудың алдын алудың тиiмдi шараларының қолданылуы;
5) табиғи ресурстарды молайту және ұтымды пайдалану көзделуi тиiс.
2. Мыналар:
1) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың;
2) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объект жобаланған жағдайда санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындылары жоқ жобаларды қаржыландыруға және iске асыруға тыйым салынады.
Ескерту. 198-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Бап. Жалпы экологиялық талаптар және табиғат пайдаланушылардың шаруашылық және өзге де объектiлердi пайдалануға беру мен пайдалану кезiндегi жауапкершiлiгi

1. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi пайдалануға беру жобада көзделген барлық экологиялық талаптар толық көлемде орындалған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қатысуымен құрылатын қабылдау комиссиясының актiсi бойынша жүргiзiледi.
2. Қауiптi қалдықтарды, шығарындыларды, төгiндiлердi залалсыздандыру және кәдеге жарату жөнiндегi қоршаған ортаны қорғау нормативтерiн қамтамасыз ететiн жабдықтарды орнатпай, сондай-ақ жердi рекультивациялау, табиғи ресурстарды молайту мен ұтымды пайдалану жөнiндегi жобада көзделген жұмыстарды аяқтамай кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi пайдалануға тыйым салынады.
3. Шаруашылық және өзге де объектiлердi пайдалануды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы:
1) өзiне бөлiнген аумақта жұмысты экологиялық қауiпсiздiк талаптарын сақтай отырып жүргiзу;
2) қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi белгiленген құжаттаманы жүргiзу және бүкiл қызметi бойынша мемлекеттiк органдарға белгiленген есептiлiктi беру;
3) мемлекеттiк бақылаушы органдар инспекцияларының жұмысына жәрдемдесу және заңды нұсқамаларды белгiленген мерзiмде орындау үшiн жауаптылықта болады.
4. Табиғат пайдаланушы әрбiр объектiде:
1) өндiрiстiк экологиялық бақылауды ұйымдастыруға, жүргiзуге және бақылаушы органдармен өзара iс-қимыл жасауға жауап беретiн арнайы бөлiмше құруға не қызметкердi тағайындауға;
2) қызметкерлердiң денсаулығы мен өмiрiн, қоршаған ортаны және мүлiктi қорғау мақсатында барлық операцияларды неғұрлым қауiпсiз тәсiлмен жүргiзуге және жабдықтарды қауiпсiз жай-күйде ұстауға;
3) барлық қызмет түрлерi бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарымен келiсiлген, кемiнде бес жылда бiр рет қайта қаралатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлеп, бекiтуге тиiс. Нормативтiк-техникалық құжаттар жаңа үлгiлiк ережелер мен нормаларды, жаңа технологиялық процестердi, қондырғыларды, машиналар мен аппаратураларды енгiзу кезiнде де қайта қаралуға тиiс;
4) жұмыс учаскелерiнде (объектiлерiнде) табиғат пайдаланушының жауапты лауазымды адамдары анықталған кемшiлiктердi жоюдың мерзiмдерiн көрсетiп, техникалық және экологиялық қауiпсiздiктiң жай-күйiн жазатын тексеру журналдарын жүргiзуге тиiс.
5. Экологиялық қауiптi объектiлердегi жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбi табиғат пайдаланушы әзiрлеген арнайы ережеде белгiленуге тиiс.
6. Табиғат пайдаланушыда Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуының, дүлей зiлзалалар мен табиғи катаклизмдердiң нәтижесiнде туындаған авариялық жағдайларды жою немесе оқшаулау жөнiндегi iс-қимылдар жоспары болуға тиiс.
7. Экологиялық талаптардың, нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтардың бұзылуын немесе адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндіретiн қауіпті, сондай-ақ қоршаған ортаның ластану мүмкiндiгiн анықтаған қызметкер туындаған жағдайды жою немесе оқшаулау жөнiндегi шамасы жететiн барлық шараларды дереу қабылдауға және ол жөнiнде диспетчерге немесе басшылыққа хабарлауға мiндеттi.
8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, сондай-ақ шаруашылық және өзге де объектiлердi пайдалануды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы анықталған кемшiлiктердiң белгiленген мерзiмдерде жойылуын бақылауға тиiс.
9. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларға және экологиялық зардаптарға әкеп соқпаған авариялар жазатайым оқиғаларға және экологиялық зардаптарға әкеп соқпаған аварияларды техникалық тексеру және есепке алу жөнiндегi нұсқаулықтарға сәйкес тексерiледi. Ерекше жағдайларда iрi техникалық аварияларды және экологиялық зардаптарды, сондай-ақ топтық жазатайым оқиғаларды тексеру үшiн комиссия тағайындалады.
10. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға ластаушы заттар шығарылған және төгілген авариялар туралы ол анықталған кезден бастап екi сағат iшiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
Ескерту. 199-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 531. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия